Тақырып 46. Жол инфроқұрлымын жетілдіру

 

Жол инфроқұрлымына жол бойындағы техникалық жабдықтар, жолаушылар мен көліктерге қызмет көрсету бекеттері (уақытша тынығу, аялдау тұрақтары, қонақ үйлер, көліктерге техникалық қызмет көрсету, жанармай құю бекеттері), жарықтандыру жүйесі, мәліметтік жобалар, жол төсеніші жатады.

Жол инфроқұрылымының сапасын арттыру, жаңа техникалық жабдықтарды енгізу мен жол қатынасының сапалық көрсеткіштерін жетілдіру автокөлік тасымалын дамытудың негізгі бағыттары болып саналады.

Бүгінгі таңда ел аумағындағы жолдардың инфроқұрылымдық даму деңгейі өте төмен. Тәуелсіз сарапшылардың бағасы бойынша 1990-шы жылдардың екінші жартысында жол – көлік инфроқұрылымының дамымай қалуының салдарынан ел экономикасына келтірілетін зиян жалпы ішкі өнімнің 4%-на жетті. Жалпы жол инфроқұрылымының дамымай қалуының негізгі себептері:

Жаңадан салынған жолдар мен қайтадан жөнделген жолдардың сапасының өте төмен болуы;

Мемлекеттік бақылау және қаржыландыру жұмыстарының деңгейінің өте төмен болуы;

Жолдарды салу, жөндеу кезінде жаңа жетілдірілген техникалық құрал-жабдықтардың қолданылмауы және жергілікті климаттық жағдай мен жер қабатының құрамына зерттеу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі;

Жолдарды салу және жол бойына техникалық жабдықтар мен қызмет көрсету нысандарын салу кезінде шартты нормативтер мен стандарттардың сақталынбауы;

Жолаушылар мен көліктерге қызмет көрсету нысандарының жеткіліксіздігі және олардың жол ұзындығына сәйкес саны мен көлік түрлері бойынша қызмет көрсету түрлерінің және оның сапасының қажетті талаптарға сәйкес келмеуі;

Кейбір аймақтардағы халық санының тығыздығының және халықтың тұтыну деңгейінің төмендігіне байланысты көп жолдардың оның инфроқұрылымының бақылаусыз назардан тыс қалуы;

Жол инфроқұрылымының сапалық көрсеткіштерін бақылайтын заңды нормативтік құқықтық базаның төмендігі.

Ел аумағындағы жолдардың, әсіресе халықаралық жолдардың инфроқұрылымдарының сандық және сапалық көрсеткіштерінің төмен болуының салдарынан көптеген мәселелер тудырады. Олардың негізгілерін атап өтсек:

Жолдардың сапасының төмен болуы себепті жол-көлік оқиғалары көбейеді, отын – майлау материалдары мен жылжымалы құрамдарды жөндеу, қызмет көрсету шығындары артады;

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жылдамдығы мен өз уақытында жеткізу сенімділігінің төмендеуінің салдарынан жолдарды пайдалану көрсеткіші төмендейді. Яғни, автокөлік тасымалынан түсетін табыс көлемі азаяды;

Халықаралық тарнзитті жолдардың өткізгіштік қабілеттілігін төмендетеді;

Басқа көлік түрлерімен өзара бәсекелестікте жол қашықтығы мен «есіктен есікке» дейін жеткізу тәрізді артықшылықтарын толық пайдалануына кедергі келтіреді;

Техникалық сервистік қызметтер, жол бойындағы техникалық жабдықтар мен мәліметтік жазбалардың жеткіліксіздігі салдарынан ең қысқа жол бағыттарын шұғыл анықтау және оның инфроқұрылымының деңгейіне байланысты таңдау мүмкіншілігінің шектеулі болуы.

Жол инфроқұрылымын жетілдіру мәселесі мемлекеттің қаржылық мүмкіншілігіне тікелей тәуелді. Сондықтан дамыған елдерде кеңінен қолданылатын жолдардың қаржылық қорын құруды жетілдіру және мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы жолдардың қызмет көрсету сапасын арттыруға, тұрақты ұстап тұруға болады. Кейбір батыс европалық елдерде жолдарды пайдаланғаны үшін салықтардан түсетін табыс, жолдарға жұмсалатын шығындардан артық болғандықтан жол инфроқұрылымын жетілдіру мүмкіншіліктері әлдеқайда жоғары.

Жолдардың қаржылық қорын толықтыру мақсатымен кейбір елдерде ақылы жолдарды енгізу тәсілдері қолданылады. Бірақ, ақылы жолдар халықтардың қоныстану тығыздығы мен көлік қарқындылығының шамасына (тәулігіне 15000 көлік) және халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына тәуелді болғандықтан шектеулі сипат алады. Мысалы, жалпы жол желісінің 5 % шамасындай болуы мүмкін.

Жол инфроқұрылымының сапасын жетілдіру ғылыми-техникалық прогресспен тікелей байланысты. Қазіргі таңда жолдарды жобалауға компьютерлік технологиялар кеңінен қолданылады. Бүкіл әлемде геоақпараттық технологиялар, инженерлік іздестіру деректерін зертханалық өңдеу жұмыстарын автоматтандыру, жоғарғы тоқты электронды және лазерлік геодезиялық аспаптар пайдаланылады.

Ресей ғалымдары лазерлік технологияларды пайдалану арқылы жол жамылғысының тегістігін бақылайтын зертхана жасап шығарды.

Жол құрылысын жақсартуға арналған материалдар мен топырақ қоспаларын іздестіру жұмыстары бойынша АҚШ-та жасалынған «пермазайм» қоспасының маңыздылығын атап өту керек. «Пермазайм» су ертіндісін топыраққа сіңіріп тегістеген кезде, топырақ бірігіп цементтеліп ұзақ мерзімге шыдамды жол табанын жасайды. Ресейде жасалынған «сларри сил» үлгісіндегі құйма эмульсиялық қоспаның да маңыздылығы зор.

Жол инфроқұрылымын жетілдірудің негізгі бағыттары:

Жолдарды салу кезінде үнемді конструкциялар мен ғылыми-техникалық прогрессивті технологияларды және жетілдірілген сапалы материалдарды пайдалану;

Мемлекеттік бақылау мен қаржыландыру жүйесін күшейту;

Жолдардың жекелей жергілікті қаржылық қорын құру арқылы жөндеу, техникалық сервисті дамыту шараларын жүйелендіру;

Жолдардың сапасы мен шартты талаптарын халықаралық шарттарға сәйкестендіру арқылы жолдарды пайдалану көрсеткішін арттыру;

Құқықтық нормативті актілерді жетілдіру;

Кеден бекеттерінің жұмыстарын автоматтандыру арқылы көліктерді өткізу мүмкіншілігін арттыру;

Қызмет көрсету бекеттерінің жұмысын жан-жақты дамыту.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 1974;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.