Тақырып 16. Көлікті техникалық бақылап-тексеру кезіндегі механиктің нұсқаулығы
Жалпы ережелер
Жолаушы тасымалдаушы автокөлік мекемесінің механигі автокөлік жабдықтарының техникалық жағдайына бақылау жүргізеді. Тексеру барысында «Жол қозғалыс ережесінің» талаптарынан ауытқушылықтар болса, ол автобусты жұмысқа шығармайды. Механик техникалық бақылау бөлімінің бастығына бағынады.
2. Міндеттері:
Жолаушы тасымалына арналған автокөлік мекемесінің механигі келесі шараларды білуге міндетті:
· Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамдардың құрылымын, автокөліктің техникалық жағдайына қойылатын талаптарды және оны тексеру тәсілдері мен әдістерін, қозғалыс қауіпсіздігін айқындайтын приборлар мен техникалық параметрлердің шекті мәндерін білуі керек.
· Кәсіпорынға қайтып оралған көліктің техникалық жағдайын бақылайды. Сыртқы көрінісі қанағаттанарлықсыз, жапсырмалары жоқ, санитарлық талаптарға сай келмейтін және спидометрінде ақаулығы бар, пломбы қойылмаған сонымен қатар «Техникалық пайдалану ережесі мен жол қозғалыс ережесінің» және «Көліктерді бақылап-тексеру бекетіндегі тексеру жұмыстарының тізімінің» шартты талаптарына сай келмейтін автокөліктерді желіге шығармайды.
· Желіден оралған автокөлік жабдығының техникалық жағдайына сәйкес оларды тұрақтарға немесе техникалық жөндеу алаңына жібереді және қажетті құжаттарды толтырады.
· Автокөліктің техникалық жағдайына және спидометріне күнделікті бақылау жасайды. Жол-көлік оқиғасына жол ашуы мүмкін сынған, бүлінген жерлер анықталса баяндау хат жазып автокөлік мекемесінің әкімшілігіне хабарлайды.
· Техникалық біліктілік деңгейін және мәдениеттілігін жоғарылатады.
3. Заңды құқықтары:
Кезекші механиктің келесілерге құқығы бар:
Ø «Жол қозғалыс ережелері» мен «Көліктерді бақылап-тексеру бекетіндегі тексеру жұмыстарының тізімінің» шартты талаптарына сәйкес техникалық ақаулығы анықталған жылжымалы құрамның жұмысқа шығуына тыйым салуға;
Ø Жүргізуші ауырып тұрса немесе масаң күйде болса жол парақшасына қол қоймауға;
Ø Өрт және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауды талап етуге;
Ø Бақылап-тексеру бекетіне көлігін үнемі техникалық ақауымен және санитарлық шартты талаптарды сақтамай өткізетін жүргізушілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өзінің бастығына ұсыныс жасауға;
Ø Автокөлік жабдықтарын техникалық тексеруді жақсарту бағытында шаралар өткізуге және ұсыныстар енгізуге.
Жауапкершілігі
Кезекші механик келесілер бойынша жауапкершілікке тартылады:
· «Техникалық пайдалану ережесі мен жол қозғалыс ережесінің» және «Көліктерді бақылап-тексеру бекетіндегі тексеру жұмыстарының тізімінің» шартты талаптарына сай келмейтін, ақаулығы бар көлік жабдықтарын желіге шығарғаны үшін;
· Жұмыс алдындағы дәрігерлік тексерістен өтпеген және оның өту тәртібін бұзған жүргізуші автокөліктерін желіге шығарғаны үшін;
· Көліктерді техникалық бақылау жұмыстарын орындау кезінде өрт қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігінің талаптарын сақтамағаны үшін.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3013;