Тақырып 19. Кондуктордың қызметтік нұсқаулығы

Үнемі жүретін маршрутты автобустың кондукторы пайдалану бөлімінің жұмысшысы болып саналады. Кондуктор әкімшілік есеп пен іс қағаздары бойынша аға кондукторға, шұғыл басқару шаралары бойынша диспетчерге бағынады.

Жеке еңбек келісімшарты бойынша кондукторға келесі міндеттер жүктеледі:

- жолаушыларға жоғары мәдениетті қызмет көрсетуі керек;

- желіге шығар алдында және қайтып оралғанда ішімдікке қарсы арнайы дәрігерлік тексерістен өтуі керек;

- бекітілген тарифке сәйкес жолақысы мен қол жүгіне төлемақы алуы керек;

- қоғамдық көлікте жеңілдікпен және тегін жүру құқын беретін жолақы билеттері мен құжаттардың жолаушыларда болуын және де олардың заңдылығын тексеруі керек;

- жол жүру құжаттарының жалғандығына нақтылы күдік болған жағдайда оны тәркілеп, жолаушыларға оның себебін түсіндіріп тәркілеу актісін беру және тариф бойынша жолақы төлеуді талап етуі керек (тәркіленген құжаттарды аға кондукторға немесе диспетчерге сол күні өз қолымен куәландырып тапсырады);

- кассадан билеттік есеп парағына сәйкес билеттерді алуы керек;

- билеттік есеп парағы мен жолақысының құнына сәйкес жолаушыларға билет таратуы керек;

- желідегі айналымның басында және соңында бақылау парақшасына орамадағы соңғы билеттің нөмерін белгілеп отыруы керек;

- күнделікті ақша түсімінің бекітілген жоспарын орындап, жұмыс ауысымының соңында ақша жиынын кассаға тапсыруы керек;

- аялдамалардың атын атап отыруы керек;

- автобус ішінің таза болуын қамтамасыз етіп, жазғы уақытта 2 рет сумен сүртіп тазалауы және ауысым соңында автобус ішіне толық тазалық жүргізуі керек;

- кондуктордың жұмыс киімі мен мәліметтік жапсырмаларына қатысты жұмыс берушінің талаптарын сақтауы керек;

- автобустың ішінде жарылғыш заттарды, кесіп, тіліп кетуі мүмкін және шайқалатын, ластайтын заттардың сонымен қатар тұмылдырығы мен қарғыбауы жоқ иттердің тасымалдануына жол бермеуі керек;

- «Автокөлік туралы» заң мен автокөлікте жолаушылар мен қол жүгін тасымалдау ережелерінің шарттарын сақтау және оны жолаушылардан да талап ету;

- автоколонна кондукторларының жұмысқа шығуын көрсететін бір реттік тапсырма парағымен күнделікті танысып, оның шарттарын орындауы керек;

- алмастырушы қосалқы кондукторлар автоколоннада таңғы сағат 530-нан, ал орталық диспетчерлік бекетте 1000-1800 сағат аралығында диспетчердің қарамағында болады;

- автобустың желіден шығып қалуы кезінде диспетчердің талабын орындап, ұсынылған басқа автобусқа ауысып маршруттағы жұмысын жалғастырады;

- автобус маршруттан шығып қалған жағдайда бірден автоколонна диспетчеріне хабарлап, ары қарай диспетчердің бұйрығын орындауы керек.

 

Кондукторлар білуі керек:

- қалаішілік маршруттың сұлбасын білуі керек;

- жол ақысы мен қол жүгін тасымалдаудың қолданыстағы тарифін білуі керек;

- ішкі тәртіп ережелерін білуі керек;

- техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі және өндірістік тазалық ережелерін;

- автокөлікте жолаушылар мен қол жүгін тасымалдау ережелерін білуі керек;

- автокөлік мекемесінің нормативті актілерін білуі керек;

- жалған жолақы құжаттары (студенттік, оқушы, әлеуметтік) мен билеттерін дәл ажырата білуі керек;

- автобус қызметін пайдаланылған адамдармен есеп жүргізуге арналған билеттерге санақ жүргізу тәртібін білуі керек;

- кондукторлардың еңбекақысын төлеу туралы қаулылар мен кондукторлардың жұмысына қатысты автокөлік мекемесінің басқа да нормативті актілерін білуі керек.

 

 









Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2306;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.