Тақырып 15. Аға кондуктордың міндеттері мен заңды құқықтары
Пайдалану бөлімінің аға кондукторы әкімшілік тұрғыдан пайдалану бөлімінің бастығына, ал шұғыл жұмыс әрекеттер бойынша автоколонна бастығына бағынады.
Аға кондукторды пайдалану бөлімінің бастығының ұсынысымен автокөлік мекемесінің директоры тағайындайды немесе жұмыстан босатады.
Аға кондуктор жұмыс барысында кәсіпорынның қолданыстағы бұйрықтары мен жалпы ережелеріне бағынады.
Аға кондуктордың қызметтік міндеттері:
1. Аға кондуктордың негізгі жұмыс мақсаты кондукторлардың жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін, жолаушыларды тасымалдаудың тәуліктік жоспарын орындауын, автокөліктің ақпараттық жапсырмалары мен ішкі тазалық жағдайын үнемі тексеру арқылы өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын тұрақты кондукторлардың тобын жасақтау.
2. Кондукторлардан жолаушыларға қызмет етудің жоғарғы мәдениетін көрсетуді талап ету және тәртіп бұзушылықты анықтау.
3. Жұмысқа шығатын кондукторлардың бір реттік тапсырма парағын (разнарядка) құрастыру.
4. Автобустардың кондукторсыз қалмауы үшін кондукторларды өз уақытында ауыстырып отыру және басқа автоколонналармен келісе отырып автобустың желіге кондуктормен шығуын қамтамасыз ету.
5. Кондукторлардан тәуліктік жоспар бойынша ақша түсімінің орындалуын талап ету және кассаға тапсырылуын қадағалау. Ақша түсімін тапсырмаған жағдайда автоколонна басшысы мен бөлімдерге хабарлау.
6. Кондукторлардың желіде жұмыс істеу уақыттарына есеп жүргізу, артық немесе сағаттардың кем болып қалмауына жол бермеу.
7. Кондукторлар мен олардың топ жетекшілерімен жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеті, еңбек тәртібінің сақталуы, автобустардың санитарлық жағдайы мен ақпараттық жапсырмалары (экипировка) туралы нұсқаулықтар жүргізу.
8. Топ жетекшілерімен бірге жарамсыз жол жүру құжаттарын, жұмыс киімдері және ондағы мәліметтік жапсырмалардың, автобус ішінің санитарлық жағдайының талапқа сай болмауын анықтау, сонымен қатар билетсіз және билет дұрыс берілмеген жолаушыларды анықтау, жолаушылардың билеттік есеп парағына сәйкестілігін және бақылау парақтарының жүргізілуін бақылау бойынша кезекті тексерістер өткізу.
9. Тексерістердің нәтижесі туралы есеп беру және бақылаушылардың баяндамасында қабылданған шаралар туралы дәл уақытында есеп беру.
10. Кондукторлардың жарамсыз деп тартып алған жол жүру құжаттары мен билеттерін олардың өз қолдарымен куәландырып қабылдап алу және келесі күнгі сағат 1600- ге дейін бақылаушыға өз қолымен растап тапсыру, сонымен қатар маршруттар мен кондукторларға тексеру жүргізу бойынша қатаң есеп жүргізу.
11. Ақша түсімінің жоспарының орындалуы мен орындалмауының себептері бойынша кондукторлардың жұмыс нәтижелеріне сараптама жасау.
12. Автоколоннаның жүргізушілері мен кондукторларының жұмыс киімдері және олардың шартты жапсырмалары туралы есеп жүргізу.
13. Қолдан жасалған жол жүру құжаттары мен билеттерді ажырата білу жөнінде кондукторлармен сабақтар өткізу.
14. Ақша түсімінің мүмкін болатын жоспарын бекітуге ұсыныс жасау және оның ескерілуі бойынша шаралар қабылдау.
15. Жолаушыларға билет беру, билеттік есеп парағы бойынша желідегі маршруттарға жеке тексеру жүргізу және тәртіп бұзушылықты анықтап, оны жою бойынша ұсыныстар жасау.
Аға кондуктордың құқықтары:
1. Кондукторлардың еңбек демалысының кезегін құрастырады.
2. Жұмысты жақсы істеген кондукторларды жоғарылатуға және көліктік желінің тәртібін бұзған кондукторларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға қатынаса алады.
3. Үздік жұмыс жасаған кондукторлардың арасынан топ басшысын тағайындауға.
4. Қызметтік нұсқаулықтарды бұзған тұлғалардан түсініктеме талап етуге және оны жауапқа тарту бойынша ұсыныстар жасауға құқылы.
Жауапкершілігі:
1. Қызметтік міндеттерінің өз уақытында дұрыс орындалмауы мен сапасыздығы үшін жауапқа тартылады.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2263;