Тақырып 11. Жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша автоколонна бастығының қызметтік міндеттері
Жылжымалы құрамалардың техникалық жағдайына және ұйымдастыру жұмыстарында жіберілген қателіктер мен қызметкерлердің өз жұмыстарына толықтай жауапкершілік таныта алмауының салдарына жол-көлік оқиғалары болып тұрады. Автокөлік мекемесіне экономикалық шығын мен оның бәсеке нарығындағы беделіне нұқсан келтіретін жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін автокөлік мекемесінде әртүрлі ұйымдастыру, тексеріп бақылау жұмыстары жүргізіліп, автоколонна бастығына төмендегідей міндеттер жүктеледі:
1. Жол қозғалыс ережелерін бұзған жүргізушілер мен олар жасаған жол-көлік оқиғалары туралы есеп жүргізу.
2. Жол-көлік оқиғалары болған жерлерге барып сараптама жасау және ондай себептерді болдырмау бойынша жұмыстар жүргізу.
3. Жолаушы көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған анықтамалыққа сәйкес жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша жүргізушілерге нұсқаулықтар жүргізу.
4. Жүргізушілердің бекітілген уақытта кезекті дәрігерлік тексерістен өтуін қамтамасыз ету.
5. Жүргізушілерді күнделікті дәрігерлік бақылаудан өткізетін дәрігермен бірлесіп жұмыс жасау.
6. Жұмысқа орналасқан жүргізушінің тәжірбиелік шеберліктен өтуі кезінде оның тәжірбие жүзіндегі көлік жүргізу шеберлігіне бақылау жасау, көлік жүргізуден қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайтадан тәжірбиеден өтуге жіберу.
7. Жолдар мен көпірлерді зерттеу, автобустардың жүріс жылдамдықтарын бақылау жұмыстарына қатынасу.
8. Автобустарды техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуын анықтау және оның алдын алу бойынша басшылыққа ұсыныс жасау.
9. Жүргізуші жұмысының ақпараттық - профилактикалық тақтасына жол апатын жасамаған жүргізушілер мен Жол қозғалыс ережелерінде қателіктер жіберіп, жол-көлік оқиғаларын жасаған жүргізушілер туралы көрнекі мәліметтер беру жұмыстарын жүргізу.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша автоколонна бастығы жүргізетін құжаттар:
1. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жүргізуші нұсқаулығының журналы.
2. Жолдар мен аялдама бекеттерінің жағдайы туралы жүргізушілердің ұсыныстары мен ескертпелеріне арналған журнал.
3. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жүргізушінің кезектен тыс нұсқаулығының журналы
Тақырып 12. Бас инженердің қызметтік нұсқаулығы
I. Жалпы ережелер
1. Бас иеженер қызметіне жоғары кәсіптік техникалық білімі бар және осы сала бойынша кәсіпорынның басшылық қызметінде кем дегенде 5 жыл жұмыс істеген тұлға тағайындалады.
2. Бас инженерді қызметке тағайындау және оны орнынан босату кәсіпорын директорының бұйрығымен жүзеге асады.
3. Бас инженер тікелей кәсіпорын директорына бағынады.
4. Бас инженер кәсіпорынның техникалық қызметіне жетекшілік жасайды.
5. Бас инженер жұмыста болмаған кезде (еңбек демалысы, ауырып қалу, іс сапарда болу т.б.) оның міндетін орынбасары атқарады, егер орынбасар болмаса осы заңды құқықтар мен жауапкершілікті атқара алатын адам арнайы тағайындалады.
6. Бас инженер білуі керек:
6.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңды және нормативті құқықтық актілерді;
6.2 Кәсіпорынның жұмыс істеу бағытын және басқару құрылымдарының ерешеліктерін;
6.3 Кәсіпорынның бизнес жоспары мен оның барлық саласының болашақтағы техникалық, экономикалық және әлеуметтік бағытта дамуын;
6.4 Кәсіпорынды басқарудың нарықтық әдістемелерін;
6.5 Шаруашылық және қаржылық келісімшарттарға отыру мен толтыру тәртіптерін;
6.6 Жұмыс көрсеткіштері жоғары кәсіпорындардың тәжірбиесі мен ғылыми-техникалық жетістіктерді;
6.7 Экология және еңбек заңдарының негіздерін;
6.8 Еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен шарттарын, техника және өрт қауіпсіздігінің ережелерін.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2810;