АҒЫНДЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ӨЗГЕРІСІН МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР БОЙЫНША БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Бұл әдістерді қолдану кезінде гидрологиялық режимді қалыптыстыратын метеорологиялық факторлар (жауын-шашын, ауа температурасы, ылғалдылық және т.б.) шаруашылық іс-әрекеттің әсерінен өзгеріске ұшырамайды деп есептеледі. Өзен алаптары үшін, әсіресе кіші және орташа өзен алаптары үшін бұл ұйғарым дұрыс болады, ал ылғал айналым коэффициенті өте ірі өзен алаптары үшін метеорологиялық факторлардың антропогендік килігудің әсерінен болатын өзгерісін есепке алмауға болмайды.
МГИ-дің зертеулері көрсеткендей бұрынғы Кеңес үкіметінің еуропалық бөлігінің орманды дала және дала зоналары және Солтүстік Қазақстанның аудандары үшін (топырақтың ылғалдылығы және тоңдану тереңдігі жөніндегі деректер жоқ болған жағдайда), көктемгі ағынды көлемін қалпына келтіру үшін төменде келтірілген тәуелділіктерді қолданған өте тиімді:
(1)
мұндағы - көктемгі кезеңдегі ең мол қардағы су қоры;
- алаптың күзгі кезеңде ылғалдану сипаттамасы (өткен жылдың қазан-қараша айларында алапқа түскен жауын-шашын);
- жазғы кезең үшін алап бойынша орташаланған ауа ылғалдылығының тапшылығы;
- қар еру кезінде бақыланған ауаның орташа температурасы.
Жоғарыдағы (1) тәуелділіктегі айнымалылардың жазылу реті, жалпы алғанда олардың регрессия теңдеуіне қосатын үлесіне сәйкес берілген. Барлық су жинау алаптары үшін, әдетте, бірінші құраушы қардағы ең мол су қоры басым мәнге ие. Көп жағдайда теңдеудің оң жағында берілген алғашқы үш құраушыны қарастырумен шектелуге болады. Ал қыста жылымық болып тұратын аудандар үшін, мысалы, қысқы кезең үшін ауа температурасының көрсеткішін қосу арқылы жиі қайталанып отыратын жылымықты есепке алуға болады.
Ағындының метеорологиялық факторларға тәуелділігін айқындауға қажетті, алап бойынша орташаланған гидрометеорологиялық сипаттамаларды анықтау баяндалған қарапайым әдістер бойынша жүзеге асырылады.
Тәуелділіктің түрлері
(2)
(3)
(4)
- көктемгі ағынды көлемі;
- көктем шығар алдындағы қардағы су қоры;
- көктемгі су тасыған кезде жауған жауын-шашын;
- су жинау алабы топырағының ылғалдылығы;
- су жинау алабы топырағының тоңдану тереңдігі.
Жоғарыда келтірілген (1)-(4) тәуелділіктердің параметрлерін айқындау және солардың көмегімен тұйықтаушы тұстамадағы көктемгі ағындыны қалпына келтіру, шаруашылық іс-әрекеттің әсерінен ағындының өзгеруін бағалау 4 лекцияда баяндалған нұсқауға сәйкес жүргізіледі.
Антропогендік фактордың ағындыға тигізетін әсерін оның метеорологиялық факторлармен байланысын іздеу арқылы зерттеу алыс-жақын шет елдерде кең қолданысқа ие, бірақ бұл жол барлық жағдайда бірдей сенімді сандық бағалауға қол жеткізбейді. Әсіресе корреляция коэффициенті жоғары тәуелділіктерді алу және уақыт бойынша, кеңістік бойынша тұрақты регрессия коэффициенттері алу өте қиынға соғатын ылғалдылығы жеткіліксіз аудандарда бұл әдіс көп жағдайда жақсы нәтиже бермейді.
Оның үстіне көптік корреляция коэффициенті әдісін қолдануға негізделген бағалау амалдары айтарлықтай күрделі, бастапқы материалдарды жинау, ауқымды даярлық жұмысын, әрбір жыл үшін көптеген метеорологиялық станциялар бойынша деректер жинауды қажет етеді. Сонымен қатар көп жағдайда тұйықтаушы тұстама үшін ағынды сипаттамаларының көп жылдық кезең бойынша орташаланған шамаларының антропогендік фактордың әсерінен өзгеруін жуықтап бағалау талап етіледі. Мұндай міндетті шешу үшін ағындының орташаланған мәндерін және негізгі ағынды қалыптастырушы факторлардың орташаланған мәндерін шаруашылық іс-әрекеттің даму деңгейі әртүрлі кезеңдер бойынша салыстыруға негізделген амалдарды қолдануға болады.
Бұл амалдарды ылғалдылығы жеткіліксіз аудандарда қолдану үлкен қиыншылықтар туғызады, өйткені екі кезеңнің ағынды мәндері бір метерологиялық фактормен емес, бірден үйлесімі әртүрлі болуы мүмкін бірнеше метеорологиялық факторлармен салыстырылуы керек. Мұндай жағдайларда табиғи ағындының орташа сипаттамаларын қалпына келтіру үшін және жуықтап антропогендік факторлардың ағындыға әсерін бағалау үшін төменде баяндалған әдісті пайдалануға ұсынуға болады.
Орманды дала және дала зоналарында орналасқан, көпжылдық бақылау қатары бар кезкелген су жинау алабы үшін екі табиғи және бұзылған кезеңді бөліп қарастыруға болатын болса, онда осы екі кезең үшін ағындының және негізгі ағынды қалыптастырушы метеорологиялық факторлардың орташаланған мәндерін табу онша қиынға соқпайды. Оларды төмендегідей белгілейік:
І – кезең (табиғи) ;
ІІ-кезең (бұзылған)
Ағынды мен оны анықтаушы факторлардың арасында ( және тура пропорционал, ал кері пропорционал) сызықтық байланыс бар болған жағдайда ағындының шаруашылық іс-әрекеттің ықпалынан болған ІІ кезеңдегі өзгерісін жуықтап төмендегі формула бойынша анықтауға болады:
(5)
мұнда - ағындының оны айқындаушы факторларға қатысты алынған көптік регрессия теңдеуіне тиісінше меторологиялық факторлардың енгізетін үлесінің бөлшегі. Г.А. Алексеевтің нұсқауы бойынша келесі формуламен анықталады
(6)
мұнда - айнымалылары;
- ағынды мен айнымалы -дің арасындағы байланысты сипаттайтын жұп корреляция коэффициенті;
- ағындының метеорологиялық факторларға қатысты алынған регрессия теңдеуінің коэффициенттері;
және - айнымалылардың өздерінің орташа мәнінен орташа квадраттық ауытқуы;
- көптік корреляция коэффициенті.
Өзен алаптарының физикалық-географиялық жағдайларына қарай, шамасы едәуір аралықта өзгереді. Жуықтап есептелетін есептеулер үшін Солтүстік Қазақстанның орманды дала және дала зоналарында деп қабылдауға болады.
Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1544;