СУАРМАЛАУДЫҢ ӨЗЕН АҒЫНДЫСЫНА ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

 

Суармалау шараларының әсерінен кіші өзендер ағындысының өзгеруін есепке алу суғармалы жерлер мен оларға іргелес жатқан аумақтардың су теңдестігі құраушыларының өзгерісін есептеуге негізделген дифференциалдық бағалау әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Алғашқы жуықтап есептеу кезінде ағындының өзгерісін есепке алуды өзен алаптарының тұйықтаушы тұстамаларында өткен жылдарда жүргізілген бақылау материалдары бойынша ұқсас-алапта жүргізілген бақылау деректерін, гидрометеорологиялық және су шаруашылығы ақпараттарын пайдалана отырып немесе есептік су жинау алабының уақытша ағынды қатарын талдау жолымен интегралдық бағалау әдістер тобын пайдалану арқылы орындауға болады.

Өзен ағындысының өзгерісін бағалау және есепке алу әрбір нақты жағдай үшін сурмалау жүйесін сумен қамту және су әкету жағдайының сипатына және топырақтың су режимін реттеудің типіне сәйкес орындалуы тиіс.

Нұсқауларда топырақтың су режимін реттеудің үш тәсілі қарастырылады:

- тұрақты суармалау, вегетациялық суармалаудың көмегімен ауылшаруашылығы өсімдіктерінің өніп-өсу кезеңінің барлық мерзімі ішінде топырақтың белсенді қабатының бойында оңтайлы ылғал қорын үзбей сақтап отырады;

- топырақты ылғалға қандыра суару (соның ішінде көлдете сурмалау немесе көлтабандап суармалау) – топырақ грунтты бір рет барынша ылғалдандырып суару;

- атыздар бойынша (күріш атыздары) суармалау – топырақ грунттың толық ылғал сыйымдылығына сәйкес келетін ылғалды ұстап тұру.

Сурмалау жақсы дамыған өзен алабының жылдық ағындысының және вегетациялық кезең ағындысының өзгерісі келесі формула бойынша анықталады

 

, (1)

 

мұндағы - жылдық немесе вегетациялық ағындының өзгерісі, млн м3;

- суармалау көздерінен (өзен, бөген) алынатын жиынтық су алу (брутто), көлемі суармалаудың түрі және суармалау жүйесінің техникалық параметрлері, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің су тұтыну тапшылығымен анықталады;

- Yқ – суармалаудан кейін өзеннің тұйықтаушы тұстамасына дейін жеткен қайтпа сулар ағындысы, млн м3;

- - суармалы жерлердің жабайы өсімдіктерін ауылшаруашылығы дақылдарымен алмастырудың әсерінен болған су жинау алабындағы буланудың өзгерісі, мм;

- суармалы жердің ауданы, га.

Басқа өзеннің алабын сумен қамтамасыз ететін өзеннің ағындысы алынған судың көлеміне азаяды (млн м3):

 

. (2)

 

Суармалау мақсатында басқа өзен алабының немесе осы су жинау алабындағы тұйық көлдердің суы, сондай-ақ артезиан сулар пайдаланылған жағдайда өзен ағындысы қайтпа судың көлеміне ұлғаяды (млн м3):

 

. (3)

 

Сумен аралас қамту кезінде, қарастырылып отырған алапта суармалау үшін жергілікті және басқа өзендердің алабынан әкелінген ағынды пайдаланылған жағдайда, ағынды өзгерісін бағалау (1) формула бойынша жүзеге асырылады. Мұнда су алу көлемі тек жергілікті жердің суын құрайды, ал меншікті қайтпа сумен сырттыан келген судың жиынтығын құрайды.

(1) формуласының құраушысы суармалы жерлердің жабайы өсімдіктерін ауылшаруашылығы дақылдарымен алмастыру кезінде немесе ауылшаруашылығы мәдени дақылдарды алмастыру кезінде орын алады. Ол олардан буланатын су көлемінің табиғи ылғалдылығы жағдайында буланатын су кһлемінің айырымына тең. Егер су жинау алабында ылғал сүйгіш өсімдіктердің кең таралғаны жөнінде мәлімет бар болса және осы жамылғы беттен булану мәдени дақылдардан болатын булану шамасынан анағұрлым үлкен болса, онда шамасы (1) формуласына теріс таңбамен енгізіледі.

Сонымен, (1) – (3) формулаларына кіретін құраушыларды анықтау үшін көпжылдық бақылау деректері және анағұрлым тиімді есептеу әдістемелері қолданылады. Әрбір нақты жағдай үшін әдістемені таңдау өзеннің су режимінің ерекшеліктеріне, суғарылатын егістік топырағының су режимінің типіне, суармалау жүйесінің техникалық сипаттамаларына және бастапқы ақпараттың бар-жоқтығына қарай таңдалады.

Құраушыларды анықтауға қолданылатын есептік әдістемелер жариаланған ғылыми мақалаларда, әдістемелік нұсқауларда кеңінен баяндалған. Оқу құралында әдістемелік нұсқауларда, нормативтік құжаттарда баяндалған әдістердің негізгі ережелері қысқаша көрініс тапқан және осы әдебиет көздеріне сілтеме жасалған.








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1106;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.