Алыптасу зонасынан келетін табиғи ағынды сипаттамалары бойынша бағалау әдістері

Қарастырылып отырған әдістер, шаруашылық іс-әрекеттің, алаптарында ағынды қалыптасу және ағындыны пайдалану зоналарын ажырату қиынға соқпайтын өзендердің жылдық және маусымдық ағындыларына тигізетін ықпалын бағалау үшін пайдаланылады. Өзендердің бұл категориясына мына өзендер жатады:

- ағынды қалыптасу зонасы алаптың таулы бөлігі болып табылатын және ағындысы шаруашылық іс-әрекеттің әсеріне ұшырамаған, ал ағындының пайдаланылу зонасы алаптың жазықтық бөлігінде орналасқан Орталық Азия, Оңтүстік Қазақстан және Кавказ тауынан бастау алатын өзендер жатады. Бұл өзендердің пайдаланылу зонасында алаптағы жиынтық су ресурсы шаруашылық қажетін өтеуге және булануға қарқынды шығындалады;

- ағындысы басым жағдайда антропогендік факторлар су режиміне айтарлықтай әсерін тигізбейтін ылғалдылығы жеткілікті орман зонасында қалыптасатын, ал шаруашылық қажеттілігін өтеуге қажетті қайтарымсыз ағынды шығыны оңтүстік орманды дала және алаптың дала зоналарында орын алатын жазықтық аудандардың үлкен өзендері жатады.

Адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан болатын ағынды өзгерісін бағалау үшін практикада келесі тәуелділіктер қолданылады:

 

; (7)

 

; (8)

 

(9)

 

мұндағы - қалыптасу зонасынан келетін жиынтық ағындының сипаттамасы;

- қалыптасу зонасында орналасқан индикатор өзендердің жылдық (маусымдық) ағындысы;

- пайдаланылу зонасына түскен жылдық (маусымдық) жауын-шашын және сол зонаның ауа температурасының сипаттамалары;

- өзен алабында шаруашылық қажеттілігін өтеуге жұмсалатын ағынды шығынын сипаттайтын кешенді антропогендік фактор.

шамасы қалыптасу зонасында орналасқан бекеттерде жүргізілген өлшеу жұмыстарының деректері бойынша анықталған басты өзен және оның салаларының жылдық (маусымдық) су өтімдерін қосу арқылы есептеледі.

Ал -шамалары ағындының пайдаланылу зонасында орналасқан бекеттердің деректері бойынша орташа арифметикалық шама ретінде анықталады. Жауын-шашын қатары біртекті болуы тиіс.

шамасы алаптағы су шаруашылығы жағдайды талдаудың негізінде айқындалады. Нақты жағдайларға байланысты іс жүзінде шамасы ретінде суғармалы жерлердің ауданы, құрғатылған жерлердің ауданы, алынған су көлемі және т.б алынуы мүмкін.

Ағындының антропогендік өзгерісін тәуелділіктің көмегімен есептеудің тәртібі мынадай:

1) тұйықтаушы тұстамада және индикатор-алаптарда ағындыға қатар жүргізілген бақылау қатарының мейлінше ұзын болуы шартының орындалуына орай барынша көп индикатор-алаптар таңдау; екі индикатор-өзен алынған жағдайда индикатор-өзендер мен зерттелетін өзенде табиғи кезеңде қатар жүргізілген бақылау қатары 20 жылдан кем болмауы тиіс, ал үш индикатор-өзен алынғанда 30 жылдан кем емес;

2) барлық бақылау жүргізілген кезең үшін индикатор-алаптың гидрологиялық режимінің стационарлылығын және бұзылмағандығын тексеру;

3) тұйықтаушы тұстамада антропогендік факторлардың әсерінен гидрологиялық режимнің қай жылдан бастап бұзылғандығын анықтау;

4) табиғи кезең үшін регрессия теңдеуін өрнектеу;

5) бастапқы ақпараттың көлеміне қарай ағындының антропогендік өзгерісін бағалау жөнінде жасалған шешімнің тұрақтылығын сараптау;

6) ағындының антропогендік өзгерісін бағалау нұсқаларының ішінен ең оңтайлы бағалауды таңдау;

7) басқа әдістер бойынша алынған бағаны оңтайлы бағалау нұсқасымен салыстыру және ақырғы бағалау нұсқасын таңдау.

Жылдық және маусымдық ағындының тәуелділігі түріндегі тәуелділіктер бойынша есепетеу ЭЕМ-да әртүрлі кезеңдер үшін және түрлі комбинациялар мен айнымалылардың орнын ауыстыра отырып көп рет жүргізіледі. Әрбір алынған көптік регессия теңдеуінің нұсқасы бойынша бұзылған кезең үшін ағынды сипаттамалары қалпына келтіріледі және бақыланған және қалпына келтірілген ағынды шамаларының айырымы бойынша шаруашылық іс-әрекеттің барлық факторлар кешенінің әсерінен болған ағынды өзгерісі есептеледі.

Тәуелділік барлық бақылау кезеңі бойынша ағындыны қалпына келтіру және ағындының антропогендік өзгерісін бағалау үшін пайдаланылады. Есептеулер келесі кезектілікпен орындалады:

Бақылау кезеңі үшін қарастырылып отырған тұстамада бақыланған ағындының негізгі табиғи және антропогендік факторларға регрессиялық тәуелділігі анықталады

 

, (10)

 

мұндағы - регрессия коэффициенттері, - бос мүше.

Инструменталдық бақылау жүргізу басталған сәттегі алаптың шаруашылық мақсатта игерілу деңгейіне сәйкес келетін ағынды келесі теңдеу бойынша қалпына келтіріледі:

 

, (11)

 

мұндағы қарастырылып отрған кезеңнің алдындағы кешенді антропогендік факторлардың мәні (суғармалы жерлердің ауданы, құрғатылған жерлердің ауданы, алынған су көлемі және т.б).

Өлшенген және қалпына келтірілген ағындылардың айырымы бойынша ағындының шаруашылық іс-әрекет кешенінің әсерінен болған өзгерісі анықталады.

 








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1270;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.