Азақстанда президент институтының қалыптасу ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасында президент институтының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеген бірнеше бағыттар қалыптасты:
· Басшизм,түрікмен басшы С. Ниязов титулына байланысты ресейлік ғалымдар еңбектерінде кездесетін ғылыми тұрғы;
· Саяси жетекшінің институттануы/Ж.Х.Жүнісова/ концепциясы арқылы Қазақстан президенті моделіндегі демократиялық басымдылықтың нақтылануы;
· Авторитарлы/Н.Масанов, Н.Әмірқұлов/, Қазақстандағы президент институтының конституциялық-құқықтық статусын зерттей отырып, оның дамуында авторитарлы үрдіс басымдылығын атап айтады.
· Суперпрезиденттік,яғни қазақстандық ғалымдар /Қазақстан даму институты/ президенттік басқару формасының конституциялық дамуында “президенттік басқарудың кең жүйесі” қалыптасқан деп есептейді.
· Харизматикалық,ресейлік ғалым А.А.Куртов Қазақстанда президент институтының қалыптасу ерекшелігін зерттей келе, онда Н.Ә.Назарбаевтың харизматикалық имеджі ықпалы басымдылығын айтады.
·
·
·
Лекция № 9
Тақырып:Саяси элита және саяси топ бастаушылық..
Жоспар:
Саяси элита түсінігі мен негізгі қызметі.
Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы.
Саяси жетекшілік.
1.Саяси элита түсінігі мен негізгі қызметі.“Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген , таңдалған деген мағынаны білдіреді.XVIII ғ . бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы,Конфуций (б.з.б.551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші – философтарға,әскерлерге,егіншілер мен кәсіпкерлерге ажыратты. Алайда элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ.басында италия ғалымдары Г.Моска,В.Паретто, неміс Р.Михельс және т.б.қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарушыларға бөлінеді деді.Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті,байлықты,діни дәрежені(мәртебені жатқызады. Осы үш қасиет,оның ойынша,адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
“Элита”терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға” бірдей социология трактатында (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады.Ол бойынша элита билік басында алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді.Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар бір элита екіншіні алмастырып,жаңарып қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) “Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды. Оның ойынша,бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді..Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды.Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппаратыпайда болады.Ол көпшілікпен біртіндеп алшақтайды,қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды.Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынаншығармай,сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек,шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі,билігі дегеннің бәрі бос қиял.”Огархияның темірдей заңы “ осы дейді..Р.Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) “Билеуші элита” атты еңбегінде АҚШ-тың ХХ ғ ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды.Оның ойынша қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар.Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.
Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер “Абсолюттік құқық” деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден,жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады,мемлекетті билейді,ірі коорпорациялар мен банктерді басқарады.
Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?
Оларға мыналар жатады:1) қоғамға арнайы білімі,тәжірбиесі қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу тәрбие, барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады; 4) бұқара халықты саяси енжарлығы,селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады.).
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді,өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдында қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Сонымен саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы қаражатты бөлуге байланысты және т.б. Саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар.Ол элиталардың қалыптасу жағдайын,оның қағамдағы рөлін,әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.
2.Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы.Саясиэлиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды.Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі-- саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ,принципсіз,ұрыншақ,авантюрист адамдардың билікбасына келуі.Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап,пішіп болмайды.Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар,саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяуболса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі ,адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі,партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың,топтың, тектің,партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек.Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді,билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр. Оның артықшылығы-- саясаткерлердің болашақ іс- әрекетін алдын-ала болжауға,соған орай шара қолдануға болады.Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдардың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз,кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.Орыс филосовы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды.Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі.Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.
Саяси элита әр түрлі келеді.Сондықтан ол жіктеледі,топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие , маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап,олқылықтарын тауып,қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды..
Саяси элитаның жаңару,қайта жасақталу тәсәләне сай ашық және жабық элита деп бөлінеді. Ашық элиталарда барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық.Жабық элитада ол белгілі бір таптан тектен шыққандармен ғана толықтырылады.Мысалы,гильдия жүйесі.
Индия саясаттанушысы П.Шарин билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі.Дәстүрлі элитаға дін, салт,жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді.Оған жоғары дін басыларын,ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады.Қазіргі элитаға, заңға, формалды ережелерге сүйенушілерге жатқызып,оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғары элита;2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер,ведомствалар,комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар( жоғарықызметкерлер,менеджерлер,ғалымдар,зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы,кәсіби мәртебесі,білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргинарлық) жағдайдағы адамдар.
Қоғамның толыққанды өркендеп,қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп,күреспей,қудаламай, шектеулер қойып,шеңберін тарылтпай,зиялы зерделі қауымның,дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп,халыққа,еліне қызмет етуіне жағдай жасап,сапасын арттыра түскен абзал. Біздің Қазақстандағы элитаға келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағанна кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп,атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек,оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы,орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Олардың арасында тиімді несиелер алып,бизнеспен айналысып,байығандар баршылық..Олар қаржа-қаражат,экономикалық қорлар,қажетті мағлұматтарға иелік етеді.
Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.
Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса,келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарына ол “ сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы.Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп,жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай,тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында,зерделі,білімді,білікті,еліне,халқына шынайы жаны ашып,қызмет ететін азаматтардан таңдаған жөн.
3.Саяси жетекшілік.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндіреді.Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға ,қозғалысқа,мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар,әдетте мынадай қызметтерді атқарады:қоғамныңтүбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп,мүдделерін үйлестіру,топтастыру;халықтың,топтардың қажеттіліктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау;қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінайқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен әр түрлі ұйымдар,топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің,заңдылықтың,тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар оқиғалар кездеседі.Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады.Сонымен қатар топ бастаушы өзін- өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндіктерболуға тиіс.Оған пікір еркіндігі,көппартиялық,парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру,тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси айының таласы,бәсекесі толассыз жүріп жатады.Ал тотолитарлық және аворитарлық жағдайда саяси көсемдер емес,диктатура,номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен,жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес,қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем ) болудың 2жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.
Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.
Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады,мансап құрады. Өйткені көпшілік,әдетте,жасампаздықтан гөрі қиратып,бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.
Өмір дәлелдегендей,кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз басының іскерлігі,абыройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уақытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан.
Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуі, егемендік алған республикалардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұранысты көбейтті.Оның үстіне бұрын орнаған байланыстардың үзілуі,нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білметтік және т.б. себептер өндірістің құлдырауына,халықтың әл-ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырады. Мұның бәрі жұртшылықтың наразылығын тудырда.Соның нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бұл шынайы өмірді және қолда қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.
ТМД елдеріндегі ереуілдер көрсеткендей, саяси бастаушы болу оңай да, сенімсіз де. Себебі “сүйікті” деп тауып, қолпаштап көтерген жұрт егер айтқанын істеп,дегеніне жүрмесе немесе өзіндік бөлек іс- әрекет жасаса,сырт айналуы оп-оңай.
Саяси көсемді саяси бастаушыдан (көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес.Оның негізгі ерекшелігі- саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.
ХIХ ғасыр аяғында ақ саясаткерлердің арасында бұл туралы пікірлер айтылған.Егер халық көсемінің идеяларын толығымен түсініп,қабылдаса, онда оның керегі не? Мұндай жағдайда ол не халық арасында сіңіп кетуі керек немесе жаңа идеялар ұсынып және оның жүзеге асу тетіктерін көрсетіп,өзінің алдыңғы қатарлы рөлін әрқашан дәледеп отыруы керек.Яғни саяси көсем халықтың мақсат-мүддесін жай ғана біліп, жинап құптап қана қоймай, оларды жаңаша ұғынып,дамытып дәлелдеп,түзетіп отыруы керек.
Саясаткерлердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, аяси сенімде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.
Саяси тұғырнаманың жаңашыл, бәсекелестікке тойтарыс бере аларлықтай “күшті” болуы үшін мынадай талаптарға жауап беруі керек.Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің басын қосып,олардың қолдауын қамтамасыз ететін,бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, қойған мақсатқа жетудің терең талданған тетігі, нақтылы жолдары көрсетілуі тиіс.Үшіншіден, егер бағдарламада көрсетілген мақсаттар орындалғанжағдайда ол әрбір сайлаушыға,отбасына,ұжымға қандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.
Лекция: 10
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 4310;