Леуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білудің мәні зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын , қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылым оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілермен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы ( неқатыспауы), қоғамдық еңбек бөлісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасына, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы ролі, еңбектің мазмұны мен сипаты), кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топдейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с. Өзінің қоғамдағы орынына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды.

Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері,әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады.Оған әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.с. ие болу мүмкіншіліктері жатады.

Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субьектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді..Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай қоғам құрылымының негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік-демографиялық (жынысы мен жасына қарай әлеуметтік топқа бөлу) , әлеуметтік-таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады.

Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымның негізгі түрі деп қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады.

В.И.Ленин “Ұлы бастама” деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама береді: “Таптар деп адамдардың үлкен топтарын қоғамдық өндірістің тарихи белгілері бір жүйесінде олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп, қалыптасқан) қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын айтады”.Мұнда таптың негізгі белгісі ретінде өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастың бірдей болмауы көрсетілді. Қалған белгілердің бәрі соған байланысты дейді.Ол адамның қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнын және оның жалпы әлеуметтік жіктелуге басқа дабелгілер шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік мәртебесі т.с.с Ал оларды адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық өндіріс жүйесінен әрқашан тікелей туады деп айту қиын. Әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік стратификациялану деген ұғым кіргізілді.”Страт” латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылады.

Әлеуметтік жіктелуге (стратификациялауға) қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюнтаризм (ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді (топтарды( қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Әлеуметтік жіктелу теориясы, міне осы талаптарға сай келетін әдістемелік және теориялық құрал. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынадай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктелу болады.

Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұтынушы ретінде де қарастырады.Ол билік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара алатын обьектісінің (өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының) аумағы мен түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан- жақта зерттеп білуге мүмкіндік береді.

Қоғам үздіксіз дамып, өзгеріп отырады ғой. Марксистік тапқа бөлу теориясына ол өзгерісті байқап, көрсетуге икемсіз болатын. Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, біріншіден, бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете білді. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді.

Шетелде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға жуық табысты пайдаланылып келеді.

 

2. Әлеуметтік жіктелу.

Біз егеменді ел болдық. Бірақ оған көп болған жоқ. Мұндай аз уақыттың ішінде әлеуметтік құрылыс жылдам өзгере қоймайтыны белгілі. Оның тамыры әріде.

Әлеуметтік жағдайларды зерттеуде елеулі еңбек еткен белгілі әлеуметтанушы-- Т. И. Заславская. Ол1991 жылы әлеуметтік құрылымды 3 топқа бөліп қарастырды. Ол жоғарғы тап, төменгі тап және оларды бөліп тұрған жік деп бөліп көрсетті. Жоғары таптың негізін партияның, әскери, мемлекеттік және шаруашылық бюрократиясының біріктіретін номенклатура ( жоғарғы партиялық, өкімет органдарының шешімі бойынша басқарушы қызметті атқаратын қызметкерлер( құрайды. Ол ұлттық байлықтың, меншіктің иесі болды және оның көпшілігін өз мақсатына пайдаланды. Өйткені номенклатуралық қызметкерлер жоғары еңбек ақы алумен қатар қосымша игіліктерге ие еді. Олардың қызметтік машинасы мен жүргізушісі, жабдықталған пәтер, қала сыртындағы үйлері, соларға ғана қызмет ететін жабық дүкендері мен ательелері, емханалары, демалыс орындары және т.с.с. болды.

Төменгі тапқа Заславская мемлекеттің жалдамалы еңбеккерлерін: жұмысшыларды, шаруаларды, зиялыларды жатқызады. Олардың меншігі мен саяси құқықтары жоқ. Бұл таптың өмір салты жеткіліксіз табыспен, ішіп жеу, тұтыну құрамының мардымсыздығымен, үй-жайының тарлығымен, дәрәгерлік қызмет көрсету дәрежесінің шамалылығымен, нашар денсаулығымен сипатталады.

Жоғары және төменгі таптардың арасындағы әлеуметтік жіккке номенклатураға қызмет ететін орта деңгейдегі басшылар идеология қызметкерлері, партиялық журналистер, арнаулы емханалардың дәрігерлері, жазушылар, артистер, дипломаттар, КГБ,МВД-ның қызметкерлері, әскер мен флоттың командирлері және т.б.кіргізеді. Сырттай қарағанда бұл жік шетелдердегі орташа тап сияқты болып көрінеді.Ал шын мәнәнде, олай емес.Себебі, Батыста орташа таптың негізін саяси және әлеуметтік тәуелсіздікті қамтамасыз ететін жеке меншік құрайды. Ал біздің қызмет көрсетуші жіктің жеке меншігі болған жоқ, ол қоғамдық меншікті басқарып, оған иелік еткен жоқ.Сондықтан ол жоғарғы таптан толық тәуелді болатын.

Біздің Қазақстанға келсек, еліміздің егемендігін алғаннан кейінгі кезеңде меншік иесі жоғары тап пайда болды.Оның негізін баяғы партиялық кеңестік номенклатура қалайды. Олар экономикалық реформа басталар кезде экономикада, саясатта, мәдениетте басты қызметтерді атқарады. Сондықтан кәсіпорындарды жекешелендіру, жеке меншікке айналдыру олар үшін өте қолайлы болып шыға келді.Бұл тапқа солармен қатар қатар көлеңкелі экономиканың пысықтары, алыпсатарлықпен айналысып байыған қулар және т.с.с. кіреді. Бұл таптың өкілдері халықтың 1-3 пайызын құрайды.








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 2609;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.