Жоғарғы басшылықтың сапа менеджменті жүйесіндегі рөлі
Жетекшілік жəне нақты əрекеттер көмегімен жоғарғы басшылық қызметкерлерді толық қызықтыратын жəне сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмысына əсер ететін жағдай туғыза алады. Сапа менеджментінің принциптерін жоғарғы басшылық мыналарда өзінің рөлін орындауға негіз ретінде қолдана алады.
a) сапа саласында ұйым саясаты жəне мақсаттарын əзірлеу жəне қолдау;
b) барлық ұйымда қызметкерлердің майталмандығын, қолдау жəне қызықтыруды арттыру мақсатында сапа саласындағы саясат жəне мақсаттарды əйгілеу;
c) барлық ұйымда тұтынушылар талаптарына бейімделуді қамтамасыз ету;
d) тұтынушылар жəне мүдделі тараптар талаптарын орындауға мүмкіндік беретін сəйкес процестерді енгізуді қамтамасыз ету жəне сапа саласында мақсаттарға жету;
e) сапа саласында осы мақсаттарға жету үшін сапа менеджментінің тиімді жүйесін əзірлеу, енгізу жəне жұмысшы қалыпта ұстауды қамтамасыз ету;
f) қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
g) сапа менеджменті жүйесіне кезеңдік талдау жүргізу;
h) сапа саласындағы саясат жəне мақсаттарға қатысты шешімдер қабылдау;
i) сапа менеджменті жүйесін жетілдіру шаралары бойынша шешімдер қабылдау.
Жаттама
Құжаттама мағыналары
Құжаттама іс-əрекеттер мəні мен дəйектілігін жеткізуге мүмкіндік береді. Оны қолдану:
a) тұтынушылар талаптарына сəйкестікке жəне сапаны жақсартуға қол жеткізуге;
b) мамандардың сəйкес даярлығын қамтамасыз етуге;
c) қайталанымпаздық жəне бірізділікке;
d) объективті куəліктерді қамтамасыз етуге; жəне
e) сапа менеджметі жүйесінің тиімділігін жəне үнемі жарамдылығын бағалауға көмектеседі.
Құжаттаманы əзірлеу өзіндік мақсат емес, құндылық қосуы керек.
Сапа менеджменті жүйелерінде мынадай құжат түрлері қолданылады:
a) ұйымның сапа менеджменті жүйесі туралы келісілген ішкі, сондай-ақ сыртқы ақпаратты білдіретін құжаттар; бұндай құжаттарға сапа жөніндегі нұсқаулық жатады;
b) сапа менеджменті жүйесінің нақты өнімге, жобаға немесе шартқа қалай қолданылатынын суреттейтін құжаттар; бұндай құжаттарға сапа жоспары жатады;
c) талаптарды белгілейтін құжаттар, бұндай құжаттарға техникалық шарттар жатады;
d) кепілдемелер немесе ұсыныстардан тұратын құжаттар, бұндай құжаттарға жетекші сілтемелер немесе нормативтер жатады;
e) іс-əрекеттер мен процестерді қалай біртіндеп орындауды мазмұндайтын ақпараттан тұратын құжаттар; бұндай құжаттарға құжатталған процедуралар немесе əдістемелер, жұмысшы нұсқаулар жəне сызбалар жатуы мүмкін;
f) орындалған іс-əрекеттер немесе қол жеткізілген нəтижелерге объективті куəліктері бар құжаттар; бұндай құжаттарға жазбалар жатады.
Əрбір ұйым керекті құжаттардың көлемдері жəне оларды жеткізушілерді анықтайды. Бұл ұйым түрі жəне көлемі; процестердің күрделілігі жəне өзара əрекеттілігі; өнім күрделілігі; тұтынушы талаптары; қолданылатын міндетті талаптар; көрсетілген қызметкерлер қабілеттері; сондай-ақ сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын растау қажет деңгейі сияқты факторларға байланысты болады.
Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 1954;