V САПА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМНЫҢ САЯСАТЫ

 

Саясатты әзірлеу кезінде ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері. СМЖ әзірлеу және ендіру бойынша өзінің міндеттемесін қамтамасыз ету

 

Сапа саласындағы саясаттың жүзеге асуы жүйелі сапа арқылы жүзеге асады, оның басты қызметі сапа басқару болып табылады. Өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен мақсатты бағытта ықпал ету және жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдану өнім сапасын басқаруды білдіреді. Сонымен қоса, өнім сапасын басқару бұл өнімді тұтыну кезінде жүргізілетін іс-әрекет. Сапаны басқару – сапа жағынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін күнделікті іс-әрекет пен оның әдістері. Соңғы кездері кәсіпорындарда сапа мәселесін шешуде кезінде нарықтық қажеттілік есепке алынбай, өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталады.

Қазіргі уақытта сапаны басқару кәсіпорынды басқарудың маңызды аспектісі болып табылады. Мәселе мынада, сапаны басқаруды бірінші орынға қою шетелдік компанияларға тән, өкінішке орай Қазақстанның нарықтық экономикасы үшін ол үшін әлі өсу керек. Өнім сапасын көтеру өнімнің ғылыми сйымдылығын арттыру алдыңғы қатарлы озық фирмалардың басты мақсаты. Өнім сапасы бағалы емес бәсекеде, өнім сапасының артықшылығы мен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес фирмалар арасында жеңіске жетуді қамтамасыз етеді.

Отандық және шетелдік кәсіпорындардың сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның жалпы саясатымен байланысты. Техникалық, экономикалық, әлеуметтік саясат сапа мәселесін сәтті шешудің нақты нәтижесі болып табылады. Бұндай мақсаттарға жататындар:

‒ жаңа нарықтарды жаулап алу;

‒ өнімнің техникалық деңгейіне жету;

‒ өнім сапасының маңызды көрсеткіштеріне жету,

‒ шығарылатын өнімнің бұзылуын төмендету;

‒ сервистік қызметтер жүйесін дамыту;

‒ шығарылатын өнімге кепілдік мерзімін ұзарту

Бұл мақсаттардың жүзеге асуы үшін басты бағыттарды ерекшелеу керек. Сапа саласындағы бағыт даму стратегиясы болып табылады, оны әзірлеу жоспарлардың жүзеге асу мүмкіндігін береді. Сапа саласындағы саясат құжаттық түрде бекітіледі. Сапа саясаты:

1. тұтынушыларда сенімділік шараларын құру;

2. сапаны жоғарлатуда басшылар сенімінің дәлелдігі;

3. технологиялық процестер, шикізат пен жұмыстардың барлық қатысушыларының міндетті түрде барлық МСТ-қа сәйкес келуі.

Сапа саясаты сапаға деген қызығушылық пен талаптарды бес топқа бөледі: сатып алушылар, штат, акционеры, жеткізушілер мен жалпы қоғам оларды барлық топтар бойынша бейнелейді.

Кәсіпорын тарапынан нақты сапа деңгейіне жетуде екі бағыт бар. Біріншісі, берілген сапа деңгейінде цикл, периодқа жету мүмкіндігі. Екіншісі, бұл мақсаттарға қаржыларды жинақтау есебінен сапа деңгейін жоғарлатуды қаржыландыру. Бірінші бағыттың жүзеге асуы болжау мен көп уақыттың керектігін анықтайды. Соңғы жылдары бірінші бағыт басым артықшылықтарға ие болғандықтан, актуалды болып табылады. Біріншіден, өнім өңдеу мен жобалаудың барлық сатыларында үлкен орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұл бағыт әлемдік сапа деңгейіне кәсіпорынды жылжытады. Осыған байланысты, кәсіпорын глобальді интеграцияның барлық артықшылықтарымен қолданылуы мүмкін:

‒ халықаралық еңбек бөлінісі қолданумен байланысты шығындарды төмендету;

‒ нарыққа ену мерзімдерін жылдамдату;

‒ ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі;

‒ шикізатқа қол жеткізу;

‒ алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану.

Үшіншіден, сапа деңгейіне жетеді, ол кәсіпорынды жоғары артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Ірі фирмалар глобальді қызмет ете отырып, аралас стратегияны қолдануы мүмкін. Мемлекеттік деңгейде несиелеу мен қаржыландыру жоғары тиімді жобаларды таңдауға, прогрессивті өнімдерді игеруге, оларды игеру кезінде кәсіпорындарға жеңілдіктер ұсынуға бағытталады.

Сапаны басқару өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Сапаға тұрақты талаптың өсуі сапаны басқарудың одан ары дамуын анықтады. Сапа саласында отандық және шетелдік компаниялардың қазіргі заман саясаты кәсіпорынның жалпы саясатына негізделеді. Сапа саласында саясаттың жүзеге асуы жүйелі сапа арқылы жүзеге асады, оның басты қызметі – сапа басқару болып табылады.

Өнім көлемін жоғарлату мен оны шығару мерзімдерін қысқарту көбіне сапаның төмендеуіне, ал сапаны жоғарлату қосымша шығындарды және өндіріс жұмысының төмендеуне әкеледі.

Өнім сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:

‒ өнім сапасын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

‒ тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

‒ өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

‒ жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

‒ өнім көлемін және оны сататын нарықты табу;

‒ жоғары бағамен сататын өнімді көбейту мүмкіндігін қарастыру;

‒ өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржылық жағдайының тұрақтылығы жөніндегі мәселелерді шешу.

Сапаны басқару жүйесінің ұйымдық қаматамасыз етілуі сапаны басқару жүйесін басқарудың ұйымдық құрылымы арқылы жүзеге асады. Ол кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымы шегінде белгіленеді және басқару қызметтері сияқты сапаны жалпы басқару, қамтамасыз ету және сапаны жоғарлату қызметтерін тікелей орындаушылардың да құқығы мен міндеттемелерін бөлу болып табылады.

Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорын сәтті дами түседі, егер де өнім сапасын жүйелі басқаруды енгізсе. Өнім сапасын басқару мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталады:

‒ ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде арттыру;

‒ заттық сапасы ескірген өнімді уақытылы алып тастау;

‒ шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны бәсекеге қабілетті топқа көтеру;

‒ өндірістің жалпы көлемінде категориялы сапалы өнімнің, яғни бәсекеге қабілетті өнімнің үлестік салмағын арттыру;

ең жақсы әлемдік жетістіктерге сай өнімнің жаңа, жоғары сапалы түрлерін жасау мен игеру.

 








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 3409;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.