Сапа бойынша басшылықтың құрылымы
Сапа бойынша басшылық - бұл ұйымның ерекшелігі туралы көрсетілім беретін концептуальды құжат. Ұйымның визиткалы карточкасы сияқты және ол мыналарды кірістіреді:
- лицензиялауға жататын қызметтердің барлық түріне ұйымның лицензиялар тізімі;
- ұйымдық құрылым;
- СМЖ-нің толық сипаттамасы және оның әрекеттерінің жерлердегі қолдану аймағы.
Сапа бойынша басшылық электронды, қағаз жүзінде немесе типографиялық әдіспен алынған бірыңғай құжат сияқты бекітілуі мүмкін. Бөлімдерді бекіту кезінде оның элементтерінің ИСО 9001:2009 стандарты негізіне сай екендігін қадағалау қажет. Сапа бойынша басшылық ИСО 9001 стандарты элементерінің бірі болып табылады.
Корона ЖШС СМЖ-сін ендіруде ең маңызды қызметкерлердің бірі жауапты басшы болып саналады. Жауапты басшы іс - әрекетіне қарай кәсіпорынның алға қарай жылжуы, оның дамуы және нарықтағы бәсекеге қабілеттілгі айқын болады.
Сапа бойынша басшылық Техникалық реттеу және метрология комитетінің Сапа менеджмент жүйесінің қолдану саласын, сонымен қатар Сапа менеджмент жүйесі процестері арасындағы байланыстар қарым қатынасын, СМЖ саласында өңделген құжатталған процедураларға сілтемелерді сипаттайды.
Сапа бойынша басшылық келесі құжаттамалардан тұрады:
1. Жалпы ережелер.
2. Нормативті сілтемелер.
3. Терминдер мен қысқартулар.
4. Сапа менеджмент жүйесі.
4.1 Жалпы талаптар.
4.2 Құжаттамаларға талаптар.
5. Басшылық жауапкершілігі.
5.1 Басшылық міндеттемесі.
5.2 Тұтынушыға жобалау.
5.3 Сапа саласындағы саясат.
5.4 Жоспарлау.
5.5 Жауапкершілік және ақпарат алмасу.
5.6 Басшылық тарапынан сараптау.
6. Ресурстар менеджменті.
6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету.
6.2 Адам ресурстары.
6.3 Инфрақұрылым.
6.4 Өндірістік орта.
7. Өнімнің өмірлік циклінің процестері.
7.1 Өнімнің өмірлік циклінің процестерін жоспарлау.
7.2 Тұтынушалрмен байланысты процестер.
7.3 Сатып алу.
7.4 Кәсіпорын және қызмет көрсету.
8. Өлшеу, анализ және жақсарту.
8.1 Жалпы ережелер.
8.2 Мониторинг және өлшеу.
8.3 Сәйкес келмейтін өнімді басқару.
8.4 Ақпараттарды сараптау.
8.5 Жақсарту.
Кесте 6.1 Сапа бойынша басшылықтың ұсынылып отырған тұрғызылуы
Сапа бойынша басшылық бөлімі | Бөлімнің қысқаша мазмұны | СТ ҚР ИСО 9001-2009 Пунктілері |
Мазмұны | Сәйкес бөлімдермен қарастырылатын жетекшіліктің барлық бөлімдерінің тізімдері беттері мен бірге келтіріледі. | |
Сапа саласындағы саясат | Кәсіпорынның сапа саласындағы Саясаты жазылады | 5.1-5.3 |
Сапа бойынша жетекшілікті тарату және қолдану облысы | Ұйымда және сыртқы пайдаланушылар үшін сапа бойынша жетекшіліктің қолданылу және таратылу саласы туралы мәліметтер келтіріледі. | 4.2.2 |
Кіріспе | Ұйым, өнім, сапа бойынша жетекшілік туралы жалпы мәліметтер келтіріледі | 4.2.2 |
Нормативтік сілтемелер | Сапа бойынша жетекшілікте сілтемелер келтірілген құжаттамалар белгіленулері мен тізімінен тұрады. | |
Терминдер, анықта малар, қысқартулар мен шартты белгіленулер | Қолданылған қысқартулар және шартты белгіленулердің терминдермен бірге анықтамалары келтіріледі. | |
Органиграмма | Сапа менеджменті жүй есінің органиграммасы келтіріледі. | |
Сапа менеджмент жүйесі | Ажыратулардың қажеттілігін негіздеу және жүйенің құжаттамаланған негізі және құрылымы, процестердің тізбектілігі және өзара әрекетін қоса алғандағы СМЖ көлемінің және әрекет ету саласының суреттемесі келтіріледі. | Бөлім 4 |
Жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы | Сапа саласындағы мақсаттар және саясаттар құрылымдануы үшін жауапкершілік және олардың процеске дейінгі жазылуы келтіріледі. Сапа саласындағы жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы келтіріледі. Жетекшілік өкілінің жауапкершілігі келтіріледі, олар төмендегілер: - сапа менеджмент процестерпін ұстап тұру және ұстап тұруға; - жоғарғы жетекшілікке есептерді ұсынуға; - тұтынушылар талаптарын ұйым персоналына дейін жеткізуге; - сыртқы ұйымдармен байланысты ұстап тұруға (қажет болған жағдайда) | 5.1; 5.3; 5.4.1 5.1; 5.3; 5.4.1 5.5.1; 5.5.3; 5.1-5.4; 5.5.2 |
Процестер | Сапа саласындағы мақсаттарды жоспарлау, ұйымда СМЖ құру және оны дамытуды жоспарлау. Жетекшілік тарапынан талдау Процестердің қысқаша суреттемесі және оларды суреттеуші құжаттамаларға сілтемелер | 5.4.2 5.6 6-8 бөлімдер |
Процедуралар | 6 бөлімде келтірілген міндетті процедураларға (процестерді суреттеу кезінде мүмкін), сонымен қатар басқа да құжаттамаланған процедураларға сілтемелер келтіру және қысқаша суреттеу | Бөлімдер 4-8 |
Қосымшалар | Кәсіпорынның ұйымдастырушы лық құрылымы, СМЖ басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорындағы сапа қызметінің құрылымдың схемасы, құжаттамаланған процедураларда көрсетілген процестерге және іс әрекеттерге жауапкершіліктерді бөлу матрицасы, сонымен қатар СМЖ құжаттамаларының тізімі, (егер кәсіпорында мұндай тізім болмаса жеке құжаттама түрінде) келтіріледі. |
Сапа бойынша басшылық құрылымы қағида бойынша ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты құрылымына ұқсас болады, ол сапа жүйесін сертификаттау кезінде сыртқы аудиторлардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сапа бойынша жетекшілікте кәсіпорында қандай жолмен ҚР СТ ИСО 9001-2001 барлық талаптарына сәйкестігі жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Жетекшіліктің артық көлемінен қашу мақсатында онда бекітілген және пайдаланылып жүрген құжаттамаларға сілтемелер келтіріледі (стандарттар, процедуралар, процестерді суреттеу, әдістемелер, нұсқаулар, сапа бағдарламалары және т.б.).
Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 2298;