Ресурстар менеджменті
Ресуртармен қамтамасыз ету
Ұйым:
‒ сапа менеджменті жүйесін енгізу және оны жұмысшы қалыпта ұстау, сондай-ақ оның нәтижелігін ұдайы арттыру;
‒ тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы олардың қанағаттандырылуын арттыру үшін қажетті ресуртарды анықтауы және олармен қамтамасыз етуі қажет.
Ұйым сапа саласындағы мәселелер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін керекті ресуртарды анықтауға және қамтамасыз етуге міндетті, сонымен қатар өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін, үрдістердің орындалуының тиімділігі мен нәтижелілігі үшін, сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымдауы үшін, тұтынушылар мен басқа да қызығушылық танытқан тараптардың талаптарын қанағаттандыруы үшін де міндетті.
Анықтау кезінде ресурстардың барлық түрлері ескеріледі, мыналарды қоса:
‒ адам ресурстары;
‒ инфрақұрылым;
‒ өндіріс ортасы;
‒ қаржылық құрамы.
‒ Ресурстарды басқаруда негізгі көңілге алатындар:
‒ кәсіпорын мүмкіншілігін ескере отырып, рационалды және өз уақытында ресурстармен қамтамасыз ету;
‒ материалды ресурстарды тиімді басқару, сонымен қатар өнімді өндіруге арналған құрал-жабдықтарды және оның техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуін қоса;
‒ материалды емес ресурстарды басқару, дайындау, қолдану және интеллектуалды жекеменшікті қорғауды қоса;
‒ жаңа шешімдерді енгізудегі ықпал жасайтын механизмдерді дайындау;
‒ кәсіпорын құрылымының жақсаруы;
‒ ақпараттық қамтамасыз етуді басқару;
‒ дайындау, оқыту жолдарымен мамандардың компетенттілігін жоғарлату және бағалау;
‒ қоршаған ортаға зиян әкелмейтін өндірістің табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігін және ұйымдастыруын талдау.
Ресурстармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қолда бар ресурстарға талдау жүргізуге, ресурстардың барлық түрлері бойынша кәсіпорын талаптарын анқытау және жоспарлауға тиіс.
Керекті ресурстарды анықтау кезінде кәсіпорынның ұйымдастырушы – техникалық дамуы және шығарылатын өнімнің талаптары жорамалданады.
Адам ресурстары
Өнімнің ұсынылған талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персонал алған бөліміне, даярлығына, дағдысы мен тәжірибесіне сәйкес білікті болуға тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: өнімнің талаптарға тура немесе жанама сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесі шеңберінде кез келген жұмысты орындайтын персонал әсер етуі мүмкін.
Біліктілік, даярлық және хабардар болуы
Ұйым:
‒ өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың қажетті біліктілігін анықтау керек;
‒ қолданылатын жерде, қажетті біліктілік деңгейіне қол жеткізу үшін, дайындықты қамтамасыз ету немесе басқа әрекеттер қолдану керек;
‒ қабылданған шаралардың нәтижесін бағалауы;
‒ өз қызметкерлерінің әрекетінің өзектілігі мен маңыздылығын және сапа саласында мақсаттарға жетуге үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуі;
‒ білімі, даярлығы, әдеттері және тәжірибелері туралы сәйкес жазбаларды жұмысшы қалыпта ұстауы керек.
Кәсіпорында жұмыс істейтін персонал сапа саласында кәсіпорын мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлардың бірі болып келеді. Сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейлерде компетенцияны қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу, оқытуды, квалификациялауды жүргізу керек.
Кәсіпорын сапаға әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың талаптарын анықтау керек.
Нім өндірісі
Техникалық реттеу және метрология комитеті қызмет көрсетуді басқару жағдайында ұстауды жоспарлауы және қамтамасыз етуі керек. Басқару жағдайлары егер бұл мақсатқа сай келсе:
‒ өнім сипаттамасын суреттейтін ақпараттың болуынан;
‒ қажет жағдайда жұмысшы нұсқауларының болуынан;
‒ сәйкес жабдықты қоданудан;
‒ бақылау және өлшеу құралдарының болуы және оларды қолданудан;
‒ мониторинг және өлшеуді орындаудан;
‒ өнімді өндіру, жеткізу және жеткізілгеннен кейінгі әрекеттерді жүзеге асырудан тұруы керек.
Өнімді өндіру түріне байланысты ұйым қажетті өндірілілетін өнімнің құрамын және операция жүйелілігін анықтауы тиіс.
Ұйым өнім өндірісін нақты операция талаптарымен үйлестіріп немесе тұтынушы сұранысына сай шығарылған өнімге кепілді қамтамасыз ету қызметін көрсету.
Ұйым нәтижесін кезекті мониторинг немесе өлшеу арқылы тексеруге болмайтын өндіру және қызмет көрсетудің барлық процестерін растауға тиіс, соның салдарынан олардың кемшіліктері өнімді пайдалануды басқарғаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін ғана анық болады.
Валидтеу бұл процестердің жоспарланған нәтижелерге жете алу қабілетін көрсетуі тиіс.
Ұйым, егер бұл қолданылса, осы процестер бойынша шараларды әзірлеуі керек:
‒ процестерді талдау және бекіту үшін анықталған критерийлер;
‒ сйкес жабдықтар және қызметкерлер біліктіліктерін бекіту;
‒ нақты әдістер мен процедураларды қолдану;
‒ жазбаларға қойылатын талаптар;
‒ қайталама валидтеу.
Қажет жерде ұйым, өнімді оның барлық өмірлік циклінің кезеңдеріне сәйкес құралдар көмегімен сәйкестендіруі керек.
Ұйым өнім өндіру барысында мониторинг және өлшеу талаптарына қатысы бойынша өнімнің мәртебесін бірдейлендіруге тиіс.
Егер бақылап отыру талап болып табылатын болса, онда ұйым өнімді арнайы бірдейлендіруді және басқаруға жазбаларды жұмыстық күйінде сақтауға тиіс.
Егер тұтынушының меншігі жоғалған, бүлінген немесе пайдалану үшін жарамсыз болса, ұйым бұл жөнінде тұтынушыны хабардар етуге және жазбаны жұмыстық күйінде ұстауға тиіс.
Ұйым ішкі өңдеу барысында және арналған орнына жеткізу процесінде өнімді талаптарға сәйкестігін ұстап тұру мақсатында сақтауға тиіс. Егер бұны қолдануға болса, сақтауға сондай-ақ бірдейлендіру, тиеу - түсіру жұмыстары, буып - түю, сақтау және қорғау енуге тиіс. Сақтау өнімнің құрамына, бөліктеріне қолдануға тиіс.
Өнімді өлшеу және бақылау
Әдістемені жасау, жоспарлау және өнімді өлшеуді жүргізу келесі жағдайларда талап етіледі:
‒ жеткізушімен жеткізілген өнімді өлшеу және тексеру үшін;
‒ өмір циклының барлық сатысы бойынша өз өнімінің орнатылған талапқа сәйкестігін тексеру және өлшеу;
Өнімді өлшеуді жүргізуді жоспарлау үшін мыналарды анықтау талап етіледі:
‒ дайындау процесінде әрбір нүктенің орналасуы және өлшеу про цесінің бірізділігі;
‒ әр нүктеде өлшеуге жататын сипаттамалар;
‒ қолданылатын қабылдағыш критерийлері және өлшеуге жататын нормалаушы көрсеткіштер орнатылған құжаттама;
‒ өлшеуге қолданылатын қажетті құралдар және жабдықтар;
‒ тұтынушы тексеруіне жататын өнімнің таңдалған сипаттамалары;
‒ тапсырыс берушінің қатысуымен орындалатын немесе орнатылған заңнамамен немесе нормативтік құжаттармен орган жүзеге асыратын сынау немесе бақылау;
‒ егер заңнамамен немесе регламенттейтін органмен немесе жүргізу үшін тұтынушылармен талап етілсе, үшінші жақты Тарту;
‒ типін сынау;
‒ процесс барысында сынау немесе бақылау;
‒ өнімнің тексерілуі;
‒ өнімнің бекітілуі;
‒ өнімді өлшеуді жүргізу кезінде қолданылатын сапа менеджмент жүйесі немесе жұмысшылардың біліктілігі немесе процесте, өнімге, материалға сәйкес қажеттілік;
‒ сынауды бітіру жән қабылдау және барлық орнатылған бақылау түрлері бекіту мақсатында дайын өнім бақылауын жүргізу реті мен көлемі;
‒ өнімді өлшеу процесінің шығу мәліметтеріне талаптар.
Өнімнің өлшеу және бақылау нәтижелерін тіркеу үшін қолдануға болады:
‒ бақылау және сынау протоколдары;
‒ нәтижелерді тіркеу үшін журналдар;
‒ орнатылған формалар (кестелер, бақылау парақтары және т.б);
‒ шығаруға рұқсат;
‒ материалдардың шығарылуы туралы шешім;
‒ қажет болған жағдайда сертификаттар.
Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 2932;