VІІІ САПА МЕНЕНДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ҚҰЖАТТАМАСЫ

8.1 Сапа мененджменті жүйесінің құрылымы және иерархиясы

 

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы - сапа жүйесiнiң тиiстi жұмыс жасаулары және өнім сапасын қамтамасыз етуі үшiн қажеттi құжаттардың жиынтығы.

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы:

- сапа саласындағы саясат және мақсаттар туралы құжатталып рәсімделген өтініштерден;

- сапа жөніндегі жетекшіліктен;

- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін құжатталған процедуралардан;

- жұмыс және оның процестерін басқаруды тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету үшін ұйымға қажетті құжаттардан;

- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін жазбалардан тұруы керек.

СМЖ құжаттамасының негізгі мақсаттары: ақпараттандыру, сәйкестік дәлелдері, білімдермен алмасу.

Бұл құжаттамалардың құрамына кіретін негізгі құжаттар:

- СМЖ құжаттарының тізбесі;

- Сапа саласындағы саясат;

- Сапа бойынша басшылық; құжатталған үрдістер;

- Жұмысшы, қызметтік нұмқаулар, бөлімшелер туралы ережелер.

- Жұмысты жоспарлау тиімділігін қамтамасыз ету және сапа туралы білімді, процестерді бақылау үшін құжаттар.

ИСО 9001 стандарты келесі міндетті құжаттардың 6 процедуралары барын белгілейді:

- құжаттарды басқару;

- жазбаларды басқару;

- ішкі аудиттер;

- сәйкессіз өнімдерді басқару;

- түзетуші әрекеттер;

- ескертуші әрекеттер.

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына негізгі талаптар 4.1 суретте келтірілген.

 

8.1-сурет. Сапа менеджмент жүйесіне негізгі талаптар

 

 

Қарастырылған талаптардың біреуі орындалмаған жағдайда сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасының тиімділігін төмендетеді.

СМЖ құжаттамсының құрамын және құрылымын анықтау – құжаттаудың негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды 5 деңгейге бөлуге болады (4.2 сурет). Бұл схема құжат түрлерін көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ СМЖ құжаттамасын құрастыруды анықтайтын олардың арамсындағы өзара байланысын көрсетеді.

8.2-сурет. Сапаны басқару жүйесі құжаттарының құрылымы

 

Бірінші этапта сапа менеджментін құруды регламенттейтін құжаттар әзірленеді. Бұл құжаттаманы базалық құжат ретінде қарастыру керек. Базалық құжаттама сапа бойынша жалпы жетекшіліктен, сондай-ақ сапа менеджмент жүйесінің жеке элементтеріне қатысты жалпы ұйымдық және жалпы әдістемелік құжаттардан тұрады. Сапа бойынша басшылық сапа менеджмент жүйесінің негізін қалайтын құжат ролін ойнайды, және оның жұмысшы жағдайында анықтамалық материал қызметін атқарады.

 








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 3016;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.