Басшылық жауапкершілігі
Жоғарғы басшылық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде, сондай-ақ оның нәтижелігін
‒ Техникалық реттеу және метрология комитетіне тұтынушылар талаптарының, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптардың маңыздылығын жеткізу;
‒ Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында саясатты әзірлеу;
‒ Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
‒ басшылық тарапынан талдаулар жүргізу;
‒ қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы тұрақты жақсарту бойынша өзінің міндеттерін растауды қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық тұтынушылардың қанағаттандырылуын көтеру мақсатында олардың талаптарының анықталуы мен орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың:
‒ ұйымға мақсаттарына сәйкес болуын;
‒ сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және нәтижелігін ұдайы жақсартуға арналған міндеттердің болуын;
‒ сапа саласында мақсаттарды белгілеу және талдауға арналған негіздерді құруын;
‒ ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және оған түсінікті болуын;
‒ жарамдылыққа ұдайы талдануын қамтамасыз етуі қажет.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің жоғарғы басшылығы, өнімге қойылатын талаптарды орындау үшін қажетті мақсаттарды қоса сапа саласындағы мақсаттар ұйымның сәйкес бөлімшелерінде және сәйкес деңгейлерінде белгіленуін қамтамасыз етуі қажет. Сапа саласындағы мақсаттар өлшене алатын және сапа саласындағы саясатпен сәйкестендіріле алуы керек.
Жоғарғы басшылық:
‒ СМЖ талаптарын орындау үшін, сондай-ақ сапа саласында мақсаттарға жету үшін сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлауды;
‒ сапа менеджменті жүйесін жоспарлау және оған өзгерістер енгізуде тұтастығы сақталынуын қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық жауаптылықтың және уәкілеттіліктің анықталуын және ұйым қызметкерлеріне жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы басшылық ұйым басшылығы құрамынан басқа міндеттеріне қарамастан, мыналарға таралатын жауапкершілік жүктелетін және өкілеттілік берілетін өкіл тағайындауға тиіс:
‒ СМЖ талап ететін процестердің әзірленуін, енгізілуі және жұмысшы қалыпта ұсталуын қамтамасыз етуге;
‒ сапа менеджменті жүйесінің қызметі және оны жақсартудың кез келген қажеттігі туралы жоғарғы басшылыққа есептер ұсынуға;
‒ барлық ұйым бойынша тұтынушылар талаптарын түсінуді таратуды қамтамасыз етуге жауапты және уәкілеттерге ие болуы керек.
Жоғарғы басшылық ұйымда СМЖ-нің тиімділігі мәселелері бойынша ақпарат алмасу мен коммуникациялардың сәйкес процестерін белгілеуді қамтамасыз етуі қажет.
Жоғарғы басшылық жоспарланған аралықтар сайын ұйымның сапа менеджменті жүйесінің үнемі жарамдығын, барабарлығын және нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында оны талдауы керек. Талдауға ұйымның СМЖ-н, оның ішінде сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жақсарту мүмкіндіктері мен өзгерістер енгізу қажеттіктерін бағалауды қосу керек.
Басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер мына ақпараттардан тұруы керек:
‒ аудит нәтижелері;
‒ тұтынушымен кері байланыс;
‒ процестер қызметі және өнім сәйкестігі;
‒ ескертетін және түзететін әрекеттер мәртебесі;
‒ басшылық тарапынан алдыңғы талдаудан шығатын кейінгі әрекеттер;
‒ СМЖ-ге әсер етуі мүмкін өзгерістер;
‒ жақсарту жөніндегі ұсыныстар.
Басшылық тарапынан талдаудың шығыс деректері:
‒ СМЖ және оның процестерінің тиімділігін арттыруға;
‒ өнімді тұтынушылар талаптарына сәйкес жақсартуға;
‒ ресурстардың қажеттігіне қатысты барлық шешімдер мен әрекеттерді қамтуы керек.
Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 2188;