Саясатты тұжырымдау

 

Сапа менеджмент жүйесі саясат және мақсаттар ұйым үшін бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал, нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді.

ИСО 8402 стандартында мынадай: «Сапа саласындағы саясат – жоғары басшылықпен ресми қалыптастырылған сапа саласындағы негізгі бағыттар мен мақсаттарды ұйымдастыру» деген анықтама берілген.

Анықтаманың ескертуінде сапа саласындағы саясат жалпы саясат элементтері болып табылады деп айтылып, жоғары басшылықпен бекітіледі.

Саясаттың осыған ұқсас анықтамасы СЕҰ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) сөздігінде не келтірілген.

Сапа саяатын анықтау кезінде кездесетін бірінші мәселелері кәсіпорын қызметінде оның рөлін және орнын анықтау және кәсіпорын сапа саясаты мен стратегиясы ара қтынастары болып табылады.

Сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар: өткізу рыногындағы жағдай, кәсіпорынның ішкі жағдайы (технологиялық мүмкіндіктер мен персонал), кәсіпорынның қабылдаған стратегиясы және жалпы саясаты, экономиканың жалпы жағдайы және инвестициялардың тартылуы, ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестердің жетістіктері болып табылады.

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясатындағы негізгі бағыты болып сапа саласында бәсекелестерді басып озу екендігі белгілі.

Сапа саясаты тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет. ИСО 9001:2001 стандартында мынадай талаптар келтірілген:

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясатын:

– ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;

– сапа менеджмент жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға міндеттердің болуы;

– сапа саласындағы мақсаттарды қою және талдауға негіздерді құруды;

– ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және түсінікті болуы;

– үнемі қажеттілігіне ұдайы талдауының қамтамасыз етуі қажет.

«Фудмастер» АҚ үшін ИСО 9000 стандарттар талаптарына сәйкес сапа саласындағы саясат және мақсаттар төмендегідей үлгіде болады.

 

«Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттары.

«Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның барлық жұмысшылары мен жетекшіліктің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, стратегиялық маңызы бәсекеге қабілеттілігі мен өндірісті кеңейту мақсатымен барлық шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау, жоғрылату және ұстап тұруды үнемі жақсартуға негізделген.

Тамақ өндірісі соның ішінде сүт өндірісіне қатысты және «Фудмастер» АҚ-да қолданылуы мүмкін ИСО 9000 бөлімдерін ескере отырып, тұтынушы талаптары мен қажеттіліктерін толқ қанағаттандыра алу үшін сапа концепциясын бекіту және кеңейту жоспарлануда.

Сонымен, «Фудмастер» АҚ өзінің негізгі мақсаты ретінде өз өнімі мен қызмет көрсетулер сапасын кәсіпорынның барлық персоналын бұл поцеске ынталандыру арқылы үнемі жақсартуды көрсетеді.

Қазір біз МЕСТ, ТШ және басқа да нормативті-техникалық құжаттар талабына сәйкесөнім шғарамыз. Сапа менеджмент жүйесін ендіру, біздің кәсіпорында оны функцияналдау біздің тұтынушыларымыздың жеткізілетін өнім орнатылған талаптарға сәйкес болатындығына үлкен сенімділігін тудырады.

Біздің сапа саласындағы саясат біздің тұтынушылардың күтулерін толық қанағаттандыратын өнім шығару болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындағы әрбір қызметкер сапаға жауап беретін және әрбір қызметкер сапаны жетілдіруге және біздің өнімді шығаруда өнімділікті арттыруда қатысу қажет.

Біздің кәсіпорын әрекетінің негізгі принципі: сапа барлығынан да жоғары.

Бұл мақсатқа жету үшін біздің кәсіпорында 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сәйкес шығарылатын барлық өнімге сапаны қамтамасыз ету жүйесі дайындалады.

Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін ендірудің қортынды мақсаты шығарылатын өнімге халықаралық сапа сертификатын алу және басқару моделдерін жақсарту болып табылады, өйткені орнатылған басқару жүйесін барлық деңгейде тиімдендіру кәсіпорында көптеген проблемаларды шешуен жаға сапалы деңгейге шығруға мүмкіндік береді: өнім сапасы, персонал жұмысының сапасы, соңында халықаралық деңгейде біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Персонал жұмысының сапасы ИСО сапа менеджментінің сегіз прниципін нақты орындаумен қамтамасыз етіледі:

1. Тұтынушыға бейімделу.

2. Басшылық жетекшілігі.

3. Қызметкерлерді қызықтыру.

4. Үрдістік келісім.

5. Менеджментке жүйелі келісім.

6. Ұдайы жақсарту.

7. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.

8. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.

«Фудмастер» АҚ-ның президенті А.Т.Ж

«Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы мақсаттары.

1. Шығарылатын өнім сапасына тұтынушылар талаптарын максималды қанағаттандыру.

2. Қалыпты жоғары сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету.

3. Шығарылатын өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету.

4. Сарымай өндірісіне сапа менеджмент жүйесі құжаттамасын дайындау.

5. Сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудит жүргізу бойынша екі маманды оқыту.

6. Алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша сарымайдың 0,2 сәйкессіз өнім деңгейін төмендету.

7. Сарымай тұтынушыларымен ұдайы кері байланысты ұстап тұру.

8. Сапа менеджмент жүйесін ұдайы жақсарту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

9. «Фудмастер» АҚ-ның басқарушы персоналын МС ИСО 9001:2000 бойынша оқытуды жүргізу.

10. Насосты қазіргі ең соңғы жаңа түріне ауыстыру.

 

VІ САПА БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 1705;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.