TQM принциптері және ISO 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесімен (СМЖ) өзара байланысы
Бүгінгі күні ИСО-ның 9000 сериялы стандарттарын әлемнің барлық елдері танып отыр, ұлттық стандарттар есебін қабылдап отыр және көптеген фирмалар іске енгізіп отыр. Сапа жүйесінде сертификаттаудың жоқтығы, сыртқы нарық кеңістігіне шығуға басты кедергі болып отыр. Трансұлттық компаниялар судпоставщиктерінен өз кәсіпорындарында 9000 сериялы стандарттарды міндетті түрде енгізуді талап етіп отыр.
Аталған стандарттардың әлемге тарау деңгейін төмендегі цифрлардан көруге болады: 1993 – 750000 сапа жүйелері сертификатталды, 1995ж.–100000, ал 1997ж. басында - 250000.
ИСО тарапынан в 1987ж. қабылданып және 1994ж. жаңартылған ИСО 9000 – 9004 халықаралық стандарттарының пакетінде сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі шоғырланған және жинақталған.
ИСО 9000 стандарттарында фирманың қызметіндегі нақты жағдайға байланысты (сәйкес) стандарттарды таңдау және пайдалану туралы басшылық нұсқаулар келтірілген.
ИСО 9004 стандарты – кәсіпорында (фирмада) сапаға сәйкес жалпы басшылық жасау үшін әдістемелік нұсқаулар. ИСО 9001-9003 стандарттары – өндірістік процестің әртүрлі стадияларында сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің модельдері.
ИСО 9000-де атап көрсететіндей, фирма немесе кәсіпорынның ішінде сапаны қамтамасыз ету – жалпы басшылықтың тірлігі.
Контракт түзілетін кезде, экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы контракт тарапында оған көрсетілетінін сенім шамасы болып табылады, әріптесінің сенімділігінің белгісі болып табылады.
Осыған байланысты контрактта экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ИСО 9001-9003 стандарттарының бәріне сәйкес келуін бағалау қарастырылуы мүмкін. Бағалауды импортер немесе екі жақтың өзара келісімі бойынша бейтарап ұйым жүргізе алады. Егер жүйе сертификатталған болып, контрагент сай келу сертификатын мақұлдаса, бағалау процесі жүргізілмейді.
Сапалы тауар нарық кеңістігін комплексті зерттеп отырған жағдайда ғана өндірілуі мүмкін.
Сапаны басқарудың осы заманғы жүйесінің ерекшелігі, ИСО 9000 стандарттарнан туындайтындай, нақты өнімнің сапасын қамтамасыз етуге бағытталуында. Өнімнің бірнеше түрлерін өндіретін кәсіпорында түрлі элементерімен өзгешеленетін бірнеше жүйелер болуы тиіс. Мысалы, Финляндияның «Нокия» фирмасының сапаны қамтамасыз ететін бірнеше дербес жүйелері бар («кабелдер, тұрмыс, электроника» және т.б.).
Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы мүмкін:
– сапаны қамтамасыз ету;
– сапаны басқару;
– сапаны жақсарту.
Cапаны қамтасыз ету – өнімнің сапасына қойылған талаптарға сай келтіру мақсатында «сапа тұзағының» әрбір этапын орындау үшін қажетті жағдайларда тудыратын шараларды жоспарлау және жүйелі түрде жүзеге асыру.
Жоспарланатын шаралар, әдетте, сапаны қамтамасыз ету бағдарламасына кіреді. (мысалы, өнім сапасын жоғарылатудың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалары).
Сапаны қамтамасыз ету бойынша жүйелі жүргізілетін шаралар кәсіпорынның күнделікті немесе мерзімді түрде атқаратын жұмыстарын қамтиды (нарық кеңістігін зерттеу, қызметкерлердің квалификациясын көтеру, персоналды үздіксіз біліммен қамту және т.б.).
ИСО 9004 стандартындағы сапа «философиясы» сапаны қамтамасыз ету жүйесі туындайтын мәселелерді, олар пайда болғаннан кейін айқындасттындай емес, олардың алдын алатындай (ескертетіндей) болып жұмыс істеуі тиіс. Алдын алу (ескерту) шаралары болып табылатындар: инструменттерді дер кезінде жаңалап отыру; жабдықтарды жоспарлы түрде жөңдеу; жұмыс орындарында тиісті құжаттардың болуы және т.б.
Сапаны басқару – оперативтік сипатқа ие қызмет.
Бұл процестерге әсер ету, «сапа тұзағының» әрбір стадияларында сәйкессіздіктерді анықтау және оларды жою, және де сол ауытқулардың себептерін жою жөніндегі әрекеттер.
Сапаны жақсарту – техникалық деңгейді және өнім өндіру сапасын көтеру, өндірістік жағдайларды жақсарту, сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті тұрақты атқарылатын жұмыстар.
Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 4557;