І САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Ф. 7.03-20

 

Сарсенбай С.Ө., Тулекбаева А.К., Ешанкулов А.А., Нуридинова А.Е.

 

 

 

 

«Сапа менеджмент жүйесі»

пәнінен

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

ШЫМКЕНТ, 2016 ж

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

 

 

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы

 

Сарсенбай С.Ө., Тулекбаева А.К., Ешанкулов А.А., Нуридинова А.Е.

 

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

пәнінен

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 

 

5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология»

мамандығының студенттері үшін

 

 

Шымкент, 2016

УДК 389.6 (574)

 

Сарсенбай С.Ө., Тулекбаева А.К., Ешанкулов А.А., Нуридинова А.Е. «Сапа менеджмент жүйесі» пәнінен оқу құралы. -Шымкент: М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚМУ, 2016 ж. _107_бет

 

ISBN ______________

(номері)

 

 

Оқу құралы «Сапа менеджмент жүйесі» пәнінің типтік бағдарламасының тәртібі және оқу жоспарының талаптарына сәйкес құрылған, курстағы дәріс бойынша барлық қажетті мәліметтер қарастырылған.

«Сапа менеджмент жүйесі» пәні еліміздегі сапа менеджмент жүйесінің негізгі элементтерін, даму перспективаларын, басқару элементтерін, принциптерін, өнімді бағалауда сапаның қолданылып жүрген жүйелерін талдауды, СМЖ әзірлеуді қалай жүргізу керектігін, СМЖ ендіру кезіндегі шешімдер әзірлеу және қабылдау жайлы мәселелерді қарастырады.

 

Оқу құралы 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттеріне арналған

 

 

Рецензенттер:

Бекибаев Н.С.. – т.ғ.д., М.Әуезов ат. ОҚМУ «С және С» кафедрасының профессоры

Ортаев А.Е.. – х.ғ.к., М.Әуезов ат. ОҚМУ «С және С» кафедрасының доценті

 

 

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының мәжілісінде талқыланған» (хаттама №7 « 24 » _02__2016 ж.).

 

 

«Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің әдістемелік кеңесімен талқыланған және ұсынылған» (хаттама № « __ » ___ 2016 ж.).

 

Оқу құралын баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған хаттама №___ «___»_______2016 ж.

 

ISBN номері © М.Ауезов атындағы Оңтүстік

Қазақстан Мемлекеттік университеті

Мазмұны

 

 

  Кіріспе
І САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 7
ІІ TQM (ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ) ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕРІ
ІІІ 9000 СЕРИЯЛЫ ISO БОЙЫНША САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ІV САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ, ЕНДІРУ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ КЕЗІНДЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТӘРТІБІ
V САПА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМНЫҢ САЯСАТЫ
САПА БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
VІІ САПА БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ
VІІІ САПА МЕНЕНДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ҚҰЖАТТАМАСЫ
ІХ ПРОЦЕССТІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ АМАЛ
Х САПА ЖҮЙЕЛЕРІН АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - CALS, ARIS – ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ХІ ҰЙЫМ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ШОҒЫРЛАНҒАН ЖҮЙЕСІНДЕГІ САПА ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ РОЛІ
ХІІ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ХІІІ САПА ЖҮЙЕСІНІҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТІ 80
  Қолданылатын әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Пәннің мақсатары мен міндеттері; пәннің құрылымдық-логикалық сұлбасы, оның жоғары математика, информатика, жүйелер және автореттеу, метрология, стандарттау және сертификаттау, өнім сапасын бақылау мен басқарудың статистикалық әдістері, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету сияқты пәндермен байланысты; пән аралық байланыстар, атап айтқанда: сапа менеджменті жүйесінің квалеметрия және сапаны басқару сияқты пәнмен байланысты. Сапа туралы ойлау эволюциясы: сапаны тексеру, сынау, бақылау, вапаны қамтамасыз ету жүйелері, сапа экономикасы, сынау, бақылау, сапаны қамтамасыз ету жүйелері, сапа экономикасы, сынау, бақылау, сапаны қамтамасыз ету жүйелері, сапа экономикасы, сапаны басқару әдістері мен құралдары, сапаны жалпыға ортақ басқару (ТQМ), сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелері; негізгі терминдер мен анықтамалар: сапа, сапа саясатының тұжырымдамасы, процесс тұжырымдамасы, сұраныстар мен күтулер, үнемі жетілдіруге ұмтылудан Деминг сапа жүйесінің философиясы, үнемі жақсарту, стратегияны таңдау; менеджмент, ұйымдастыру, ұйымдастыру құрылымы, процесс, өнім, сипаттамалар, сәйкестіктер, құжаттама, бағалау, сыртқы және ішкі аудит, процестер мен өлшемдер сапасы, сапа менеджментінің қазіргі циклі, кезендердің жүйелігі. Өнім сапасына әсер ететін факторлар. Жүйелі ыңғайдың пайда болуы. Сапа жүйелері: БИП, КАНАРСПИ, НОРМ, КСУКП жетістіктері мен кемшіліктері.

 

 

І САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 

 

Сапаны басқару сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер. Сапаны басқару процесі мен сапа ілмегінің белгілі бір сатысында қанағаттандырылмаған қызмет ету себептерін жоюға бірдей бағытталған әдістер мен шапшаң сипаттағы қызмет түрлерін қамтиды.

Сапаны басқарудың қазіргі заманғы концепцияларына СМЖ, TQM, TQC, CWQC, ИСО негізгі түрлері жатады.

TQC- деңгейі жоғары экономикалық тиімді және тұтынушының талаптарын толық қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру, қолдау және жақсартуды ұйымдастыру кезінде адамдардың әр түрлі топтарының үйлескен әрекеттері қамтамасыз ететін тиімді жүйе.

CWQC- жүйесі фирманың әр бір бөлімінде әрбір қызметкердің сапаны басқаруды іс жүзінде оқып игеруін және оған қатысуын қамтиды. Бұл жүйе TQC жүйесіне қатысты кезеңдерді өзінің құрамына ендіреді.

TQM- бұл кәсіпорын қызметінің барлық шеңберінде барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылықтың қатысуымен және техникалық мүмкіншіліктерді ұтымды пайдалану кезінде зерттеулер мен жасап дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін сапаны басқару жүйелері мен әдістерін әр жақты бағытталған және тиімді үйлестірілген пайдалануды қарастыратын тұжырымдама.

TQM- бұл теориялық пән емес, үш құрамдас бөліктен тұратын сапаны арттыру процесін басқару технологиясы:

Түбірлік жүйе талдау және зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұл әдістерде бақылау статистикалық ыңғайға, белгілі математикалық аппараттарға негізделген, сол себептен барлық кәсіпорындарда пайдаланылады.

Техникалық қамтамасыздандыру жүйесі. Бұл қызметкерлерді осы құралдарды және оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуді қамтамасыз ететін тәсілдер мен бағдарламалар. Бұл жүйе әр бір кәсіпорынның орналасқан елінің ерекшеліктерін белгілейді, осы елдің ұлттық мәдениетімен және дәстүрімен байланысты.

Сапаны жалпы басқаруды жетілдіру және даму жүйесі әр ел үшін өте ерекше болып табылады, оған ұлттық ерекшеліктер, экономикалық заңнамалар өте қатты әсер етеді.

СМЖ- бұл тікелей немеске жанама ықпал ететін компания қызметінің аспектісін басқару жүйесі.

СМЖ- ИСО халықаралық ұйымының стандартарының формулаларымен жасалнады.

СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады. Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек. СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек. СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.

СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы. Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі.

Жақсару әрекеті:

Қалыптасқан жағдайды бағалау және анализдеу

Жақсартудың мақсаты және анықтау сферасы

Қойылған мақсатқа жету шешімін табу және оның ішінде оптималдысын таңдау

Таңдалынған шешімді орындау

Таңдалынған шешім орындағаннан кейін оны бағалау және анализдеу.

Процесті және процедурадағы өзгерістерді әзірлеу

Бұл принциптерді іске асырудың басты объектісі болып барлық бөлек процестің жиынтығы болуы керек. Іске асыру жетістіктері басқа принципті қолдану болады. Ол сапа менеджменті жұмыскерлерді еліктіру. Олар үшін менеджмент өндірісінде барлық жағдайлар жасалнуы керек.








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 3347;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.015 сек.