Лемдік нозоареал эволюциясының жалпы шарттары және инфекциялардың таралуы

Қазіргі уақыт өнімді жануарлардың жұқпалы ауруларының 600, шамамен алғанда 400 үй етқоректілерінің, адамда 1400 астам тірі қоздырушы-патоген түрлерінің идентифицирленгендігімен ерекшеленеді. Осы топтарда 60-тан 90% дейінгі қоздырушылар полипатогенді, яғни табиғи жағдайларда түрлі жануарлар мен адамдар арасында аурулар тудыра алады. Шамамен алғанда жүз шақты жұқпалы аурулар эмерджентті аурулар тобын құрайды, олар әлемде соңғы жылдары пайда болып, тарала бастаған (ХЭБ/ФАО/БДҰ деректері бойынша).

Қазіргі заманғы жағдайда инфекциялардың аумақтық-географиялық бөлініп таралуы бірқатар обьективті белгілерге байланысты өтеді, яғни негіз етеді, оларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады – жануарлардың тіршілік етуінің табиғи-климаттық жағдайы, өңірлер дамуының зоографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлары.

Табиғи-климаттық жағдайлар ең алдымен табиғи-ошақтық инфекциялар мен энзоотиялардың әлемдлік тұрғыдан бөілініп таралуын айқындйды. Маңызды трансмиссивтік инфекциялардың полярлық бөлініп таралуы толығымен олардың жанды тасымалдаушылары мен резервуарларының (маса, кене т.б. инфекциялар, төменде келтірілетін ЛДР, ЛЗН, КЛО мәліметтерін қараңыз) таралу ареалы мен биологиялық циклдарына тәуелді. Сол себептен көптеген трансмиссивтік инфекциялар үшін орташа ендіктерде өздерінің телімді тасымалдаушыларының (атап айтқанда жылқылардың африкалық обасы, қойлардың катаралды қызбасы, ЛДР) «қыстап шығу» мүмкін болмауына орай нозоареалдың экзотикалық шоғырлануымен байланысты болады. Жалпы алғанда бұл ереже трансмиссивті емес физикалық географияның басқа факторларына, мысалы су көздеріне (жануарлардың су-су маңы кешені аурулары, кеміргіштер инфекциялары) байланысты жұқпалы ауруларына да қатысты. Бұл факторлар тобының ауылшаруашылығының ғаламдық мәселелеріне қатысты айтарлықтай практикалық маңызы бар. Мәселен, Африкада потенциалды ауылшаруашылық жерлерінің 8 млрд га жартысынан көбі зоонозды аурулар (малярия, трипаносомоз, онхоцеркоз, шистосомоз) таралуына орай пайдаланылмайды. Тек жалғыз трипаносомоз (ұйқыбасу ауруы) салдарынан ауылшаруашылығы өндірісінен ауданы бойынша АҚШ аумағына тең аумақ алынып тасталынған (В.П.Сергиев, 2000). Бұл шошқалардың африкалық обасына да қатысты мәлімет.

Зоографиялық факторлар жабайы, сондай-ақ, әсіресе өнімді жануарлардың ғаламдық тұрғыда бөлініп таралуы (немесе ғаламдық зоогеография) нақтылы айқындалған өңірлік вариабелдік байқатуымен байланысты өрбиді. Атап айтқанда, шошқалардың әсіресе жоғары зоографиялық тығыз орнығуы Қытайға (бұл жерде олардың әлемдік көлемінің жартысынан астамы шоғырланған), құстар –Оңтүстік-Шығыс Азияға, қойлар – Австралияға, ІҚМ – Латын Америкасына және басталуы (Орталық Азиядан Аравия түбегін қоса алғандағы Шығыс-жерортатеңіз бассейніне дейінгі кеңістікті қамтитын) «Еуроазиялық күйіс қайыратындар дәлізіне» (Eurasian ruminant street) тән. Үй жануарларының өте тығыз орналасуы құрлықтық Еуропа мен Ұлыбритания елдеріне тән көрініс.

Бұл факторлар жекелеген елдер мен континенттердің телімді патологияларына қатысты нозоареалдары мен нозологиялық профилдерінің өзіне тән тұрғыда өтуін байқатады. Осыған қатысты аса маңызды инфекциялық патологияларға жататындар қатарында шығу орталықтарының орнығуы мен эмердженттік патогендер, сонымен қатар аурулардың өздерінің эволюциясы үшін статистикалық алғышарттар құрылатын (сезімтал жануарлар популяцияларында қоздырушылардың кең ауқымды пассирленуі үшін болжауға келмейтін жағдайлар байқалу ықтималдығы) зоографиялық жағдайлар қалыптасады немесе үй және жабайы жануарлардың ареалдары жабылып қалады. Осыған жататын инфекциялық патологиялар құбылыстары ішінде, шығу орталықтарының шоғырлануы мен таралу векторларын атауға болады. Міне осы арқылы Оңтүстік шығыс Азия өңірінде жоғары эпидемиялық және эпизоотиялық тұмау вирусының көптеп таралуын түсіндіруге болады, бұл жерлерде құстардың жоғары тығыз орнығуы мен құстардың (үйректердің), шошқалардың, адамдардың жиі байланыста болуы қоздырушының экологиялық дербес нұсқаларының түрлі қабылдау сезімділігіндегі үй қожайындарына бейімделінген генетикалық реассортациясын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар негізгі, таралған, ең көп кездесетін жұқпалы жануар ауруларының қазіргі заманғы нозоареалдарын анықтаудағы айтарлықтай маңызды және динамикалық алғышарты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда әлем үш ғаламдық геоветеринариялық кешенге бөлінеді, олардың нозогеографиялық статусының өзіндік ерекшеліктері бар:

- үшінші елдер деген атауға ие нашар дамыған елдер, экономикалық тұрғыдан алғанда Африканың, Азияның және Латын Америкасының кедей мемлекеттері;

- ауыспалы экономикалы дамушы елдер, оған ТМД елдері, біршама Шығыс Еуропа елдері мен Қытай жатады;

- өндірістік тұрғыдан дамыған батыс Еуропа елдері мен Солтүстік Америка мемелекеті.

Бірінші топқа жатқызылған елдер үшін экономикалық (кейде табиғи-климаттық) себептерге байланысты, аса қауіпті және ауыр ағымдағы санатқа жатқызылатын жұқпалы аурулар тән - жедел, эпизоотиялық, экзотикалық, трансшекаралық, конвенционды, эмерджентті, тіптен қайшылықты сипаттағы аурулар. Оларға "қалдықты әлемдік патологиялар" тән (оба мен ІҚМ контагиозды плевропневмониясы, қой шешегі). Эпизоотиялық үдеріс үздіксіз ауру байқалулары мен ошақтылық, кезеңдік, көбінесе ауыр және эксплозивті эпизоотиялар, дәстүрлі нозоареалдар мен екінші және үшінші сау топтарының аумағына инвазияның аумағынан шығып кетуі түрінде білінеді. Эпизоотияға қарсы қарекет паллиативтерге, басым түрде, телімді профилактикаға (жүйелі түрдегі вакцинациялаулар) негізделеді. Эпизоотиялық жағдай даму заңдылығы циклды түрде өтуімен (кезеңділігімен) сипатталады.

Үшінші топқа енгізілген елдерде бұған қарама-қарсы түрде негізінен индигенді созылмалы, баяу дамитын инфекциялар, сапроноздар, өндірістік малшаруашылығының факторлық аурулары тіркелінеді. Жедел эпизоотиялық инфекциялар экзотикалық сипатта болады, болжанбаған ауру енуілері, эмерджентті жағдайлар және түрлі ауқымдағы ауру орын алуы байқалуы ықтимал [мысалы, Бельгия мен Голландиядағы ШАО (1985) мен Ну құс тұмауы (2003), Ұлыбританиядағы аусыл (2001)]. Бұл жағдайларда вакцинация жасауға тыйым салынады да қатаң, радикалды шаралар қолданылады (депопуляция). Тіптен индигенді патология кезінде бақылау стемпинг аутке межеленген, белсенді телімді профилактика эксквизитті саналады. Эпизоотиялық үдерістің байқалуы – спорадиялық ауру оқиғаларынан эпизоотиялық таралған ауруларға дейін эпизоотиялық жағдайдың тұрақталуы немесе сауығуы сипатында аяқталып жатады. "Эпизоотологиялық өрнек": күшті экономика, инфекция енуінен қорғанудың және ем қолданудың радикалды принциптері, ол негізінен стемпинг аут пен депопуляция, вакцинация қолданылмайды, маңызды делінген инфекциялар бойынша тұрақты эпизоотиялық саулықты сақтау.

Макроэволюцияның және эпизоотиялық үдеріс бой алуының жалпы тенденциялары.Екінші және үшінші топ елдері үшін И.В. Давыдовский бойынша жұқпалы аурулар макроэволюциясының әділ ағымы тән – жалпы алғанда жедел эпидемиялық аурудан созылмалыға, эндогенді, факторлық инфекциялық патологияға дейін. Бұл объективті негізгі және альтернативасыз вектор әлемнің экономикасы дамыған, индустриялық тұрғыдан қамтамасыз етілген қоғамының дамуы үшін ғылыми-техникалық, әлеуметтік, менталдық т.б. прогресстің қайтымсыз дамуын білдіріп соған орай өтеді. Шын мәнінде бұл жерлерде жаппай аурулар жойылған немесе қатаң бақылауда ұсталынатын аурулар санатына енгізілген.

Эксплозивті (бірден таралу, жедел ағым білдіру) сипаттағы эпизоотиялар кең ауқымдарды қамтып, үздіксіз өрбіп панзоотияға дейін ауыса алатын аурулар ең кем дегенде жиырма жыл аралығында байқалмай отыр; канондық тұрғысынан алғандағы ең соңғы ауыр панзоотия – қояндардың вирусты геморрагиялық ауруы, ол өткен ғасырдың 80 жж. екінші жартысында Қытайдан бастап Шығыс және Батыс Еуропаны толық қамтып, Орталық Америкаға дейін таралған. Мұндай жағдай (эпизоотия мен панзоотия) бірінші топ елдерінде инфекцияның табиғи түрінде сақталынған, мұнда эпизоотиялық ахуалдың қауырттылығы белгілеріне сәйкес бірқатар қауіпті инфекциялық аурулардың ауқымды энзоотиялары бар, кезеңді түрде шошқалардың африкалық обасы, Рифт даласы қызбасы, қойлардың катаралды қызбасы эпизоотиялары, аусыл панзоотиялары байқалып отырады.

Осындай жолмен эволюцияланатын инфекциялық патологиялар – абстрактты догма (қатып қалған ұғым) емес, прогрессивті түрде өзгеріп отыратын практикалық мазмұнға толы эпидемиология мен эпизоотология салалары. Мұндай жағдайларда даму механизмдері мен эпизоотиялық үдерістің бой алуы радикалды өзгереді: яғни оның басты да маңызды ерекшелігі Л.В.Громашевскийдің МПИ туралы іліміндегі «кезеңімен жұқтырылудың үздіксіз тізбегі және барлық жұқпалы аурулардың табиғатта табиғи тіршілік етуінің бір формасы түріндегі жаңа инфекция оқиғаларын ұдайы қайталануы» емес кенеттен байқалу сипаты.

Жұқпалы аурудың кенеттен бой алуы (ағыл. outbreak) – бір немесе бірнеше жануарлардың ауруы, әдетте бірмезгілде ауруға шалдыққан жануарлардың шағын топтары. Мал шаруашылықтарында жануарлардың тұрақтық ұстау жүйесінде бұл терминмен жекелеген ферма белгіленеді. Жануарларды бос ұстаған кезде ХЭБ ұсынысы бойынша аурудың бой алуы көлемі 50 кв км дейінгі нақтылы көлеммен айқындалына алады.

Ал, «қоздырушы түрінің табиғатта сақталып қалуына ықпал ететін бір-біріне әсер етіп отыратын үздіксіз, сонымен қатар кез-келген инфекциялық ауру кезіндегі үздіксіз ағымда болуын білдіретін тізбек» ретінде диффузды эпизоотиялық үдеріспен салыстырғанда бұл нақтылы жағдайда бәрі керісінше – ешқандай сезіліп білінетін үздіксіз тізбек байқалмайды, эпизоотиялық үдеріс үзілмелі, дискретті, шоғырланған сипатта өтеді. Әрбір ауру байқалуы дербес сипатта, шектелінген болады (салыстыру үшін ағысы жақсы өзен мен ағыссыз су көзін елестетуге болады). Бұл Л.В.Громашевский бойынша "антиғылыми мәлімдемелер" емес, нақты факттер. Эпизоотиялық үдерістің табиғи тарихымыздағы кенеттен, ешбір альтернативаларсыз байқалу сипаты, индигенді, сондай-ақ эмерджентті инфекциялар үшін, атап айтқанда құс тұмауына, экзотикалық аусылға, шошқалардың классикалық обасына, жас жануарлардың, шошқалардың, құстардың көптеген жедел инфекциялық ауруларына қатысты айқын көрініс беретін құбылыстар деуге негіз бар.

Мұндай өзгерістер жаңа міндеттер қойып, заманауи эпизоотология алдына оның барлық төрт - ауру құрылымдануының ғылыми негіздері, әдіснамалары, ұйымдастырылуы, індетке қарсы әрекеттер практикасы сынды негізгі бағыттары бойынша радикалды талаптар қояды. Бұл жағдайда «ошақтылық эпидемияға қарсы» және «эрадикация вакцинацияға қарсы» заманауи концепциялар қолданған жөн тәрізді (Макаров В.В., 2009).

Эпизоотологиядағы эмердженттілік.Қабылданған анықтамаға сәйкес эмердженттілік термині (emergency) болжамдалмаған жағдай, шектен шығу, төтенше жағдайлар туындалуы, қиын жағдайдың орын алуы т.с.с білдіреді. Осыдан эмердженттік инфекциялар – кенеттен пайда болған немесе байқалған және әдетте, өте қиын да төтенше жағдайлар тудыратын аурулар (қоздырушылар). Оларды зерттеу және олармен жұмыс жасау – заманауи эпизоотологияның түбегейлі жаңа ерекшелігі мен 20 ғасыр соңы мен 21 ғасыр басындағы инфекциялық патологиялардың жаңа бағыты. Оның зерттеу нысаны ретінде үш санаттағы құбылыстарды атауға болады:

- жаңа, бұрындары аттары ғылымға мәлім болмаған инфекциялар;

- эпидемиологиялық стереотиптің, жаңа, өзгерген түрдегі байқалуы мен ағымы жаңа, сезімтал жануарлардың жаңа түрлеріне ауысқан немесе жаңа өзіне тән емес танымал ауруларының байқалуы;

- ескі, бұрындары емделінген және бақылауға алынған және қайтадан күтпеген жерден қайта тарала бастаған аурулар.

Тарихи мысалдар эпизоотологиядағы айқын эмердженттілік ветеринария үшін жаңа шошқалардың везикулярлы экзантемасы сынды ауру өткен ғасырдың 50 жж АҚШ пайда болуынан басталды, ол залалсызданбаған тағам қалдықтарын жаппай азықтандыру салдарынан теңіз сүтқоректілерінің калицивирустарының басқа жаңа жануар түріне түраралық траффиктенуі (ауысу) есебінен. Үндіқытайда да өткен ғасырдың 70 жж осыған ұқсас ауру - шошқалардың везикулярлы ауруы адамның жоғары контагиозды энтеровирусы Коксаки В5 жаңа жануар түріне траффигі (ауысуы) есебінен осыған ұқсас сипатта дамыған болуы керек деген болжам бар.

Өткен ғасырдың 80 жж бастау алған Байкал, Каспий және Солтүстік теңіздердегі мыңдаған жануарлар өліміне себепші болған итбалықтардың морбилливирусты обасына қатысты жаппай қырылу сипатындағы эпизоотиялар олардың арасында қоршаған (су) ортаға техногенді поллютант-ксенобиотиктердің көп мөлшерде болуынан орын алған иммунтапшылығы салдарынан сүтқоректілер обасының таралуы себеп болғаны анықталған.

Қояндардың вирусты геморрагиялық ауруы - эксплозивті панзоотиялық инфекция (қоздырушысы – Зайцевтардың жаңа калицивирусы), ол да өткен ғасырдың 80 жж соңына таман Шығыс Азияда белгісіз көзден пайда болған да тым жоғары контагиоздығы есебінен жылдам тарала бастаған. Жаңа, бұқа прионының (PrPbse) кенеттен пайда болуы Ұлыбританияда 80 жж ІҚМ кеуек тәрізді энцефалопатия ауруы мен тағы үш жаңа прионды күйіс қайыратын малдардың, мысықтардың, адамдардың (зоопарк күйіс қайыратын жануарлары мен мысықтардың ГЭ, Крейцфельдт-Якоб ауруының жаңа нұсқасы) ауруларының байқалып, таралуына әкеліп соқтырды.

Эмердженттілікке ғылым үшін жаңа аурулардың пайда болып, таралуы жатады: шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромы, Австралия мен Малайзияда Хендр/Менейнджел (Hendra/Menangel) мен Нипай (Nipah) жарғаққанаттылардың парамиксовирустары тудыратын жылқылар мен шошқалардың жоғары леталды инфекцияларының бой алуы мен эпизоотиялары, Еуропадағы түлкі экотипінің классикалық құтырықтан табиғи-ошақтық инфекциясына эволюциялануы, Рифт даласы экзотикалық қызбасы, Шмалленберг ауруының жаңа нозареалдарда кезеңді түрде таралуы.

Жақын аралықтағы эмердженттік оқиғалардың демонстрациялауға тұрарлық мысалы ретінде Оңтүстік Шығыс Азияда 2002-2003 жж. «атипті пневмония» ауруының пайда болып жойылуы оқиғаларын, Батыс Еуропаға қойлардың катаралды қызбасының енгізіліп, таралып шығын келтіре отырып жойылғанын (2006), Грузияға африкалық обаның енгізіліп, таралып жойылу оқиғасын (2007) атауға болады.

Эмерджентті аурулардың пайда болуының нақтылы, практикалық маңызды себебі ретінде қожайын-патоген-орта жүйесіндегі болжауға келмейтін өзара байланыстар мен өзара қатынастардың өзгеруін жатқызу керек, бұл ең алдымен қалыптасқан паразитарлық және өзге табиғи инфекциялық жүйелерге жаңа сезімтал контингенттердің (антропургиялық тарапқа жатқызылатын жануарлардың және адамдардың) енгізілуін атау керек, соның салдарынан қоздырушылардың табиғи резервуарлардан - "зоонотикалық пулдардан" таралуы және олардың жаңа қожайындарға ауысуы (траффик) байқалады. Экзотикалық инфекцияларды жаңа елдерге енгізумен қатар, жалпы алғанда эмердженттік аурулардың пайда болу себебі мен таралуы үш топқа біріктіріледі.

Биологиялық табиғат факторлары - өзгергіштік (мутациялар, рекомбинациялар, реассортациялар) пен адаптацияның генетикалық механизмдері – териозооантропоноздар мен жабайы фаунамен ассоцияцидағы [wildlife associated diseases (мысалы, жоғары патогенді құс тұмауы)] өзге патогендер қоздырушыларының жаңа нұсқаларының сальтистік пайда болуын, олардың трансгосталды траффикін {теңіз сүтқоректілері үй шошқалары = везикулярлы экзантема, етқоректілер-теңіз сүтқоректілері=морбилливирусты итбалық обасы, виверралар - адам = ТОРС), инфекциялардың және экотоптардың {урбоценоздардағы иттердің көшелік құтырығы, түлкілердің табиғи-ошақтық құтырығы, Батыс Ніл қызбасы) жаңа экотиптердің құрылымдануын.білдіреді.

Бұл тұрғыдан алғанда кейбір этиологиялық кешендер айтарлықтай қатер төндіреді, мысалы, парамиксовирусты этиологиядағы инфекциялар, соның ішінде өткен ғасырдың 90 жж. аралығында бес жаңа қауіпті эмерджентті инфекциялар байқалған: итбалықтардың морбилливирусты обасы, Австралиядағы Хендр/Менейнджел парамиксовирусты инфекциясы және Малайзиядағы Нипай, ал, «көк көз» деген атау алған энцефалитпен, торайлар өлімімен немесе ересек шошқалардың репродуктивтік бұзылыстарымен сипатталатын ауру Мексикада тіркелген.

Факторлық тұрғыдағы себептерге табиғи орта өзгерулері жатады, олар сандық жағына, паразитарлық жүйенің, резервуарлардың, тасымалдаушылардың, түрлік және туыстастық құрамына, патогендік сапрофиттердің көбеюіне әсерін тигізеді. Бұл санатқа алуан түрлі антропогендік кірігулер немесе күрт, кенеттен байқалатын табиғи құбылыстар жатады, олардың салдары экожүйелерді өзгертіп, түбегейлі тұрғыда жұқпалы аурулардың эволюциясына әсерін тигізеді – бөгеттер мен ірі суқоймаларының құрылысына дейінгі ирригациялық шаралар, фауналық тепе-теңдіктің бұзылуы және табиғатты қорғау шараларын ұстанбау, табиғи және экологиялық апаттар, ерекше климаттық құбылыстар. Олардың ең алдымен эпизоотологиялық тұрғыдан алғанда маңыздысы резервуарлар, амплификаторлар санын ұлғайту, инфекция тасымалдаушыларының немесе жануарлардың түрлік құрамының өзгеруі, нәтижесінде эволюциялық үдерістердің және эпизоотиялық үдерістің қозғаушы күштерінің статистикалық белсенділігіне әкеліп соғады. Мұндай эпизоотологиялық себеп-салдардағы экологиялық қайта түрлендірудің нақты себептері ішіндегі маңыздысы ретінде келесі факторларды атауға болады:

- түрлі су қоймаларын құру (күріш алқаптарын, суқоймаларын, мелиорациялық суқұбырларын), бұл су-су маңы кешенінде жануарлар мен құстар санының едәуір көбеюіне, трансмиссивтік инфекциялардың тасымалдаушыларының көбеюіне, лептоспиралардың дамуына, өзге «сусүйгіш» (water-associated) патогендердің көбейуіне және олардың таралу механизмдерінің белсенуіне (Рифт даласының қызбасы, лептоспироздар) әкеліп соғады;

- жануарларды сақтап қалу, өсіру немесе интродукциялау бойынша негізсіз фауналық шаралар (legislation and regulation enforcement), олар табиғаттың өзіне тән кейіпін, құрамын, табиғи тепе-теңдігін бұзады, сезімтал жануар санының көбейуіне, қожайын-жануар түрлерінің ауысып өзгеруіне, биологиялық резервуарлардың, тасымалдаушылардың, амплификаторлар өзгеруіне, соның салдарынан эпизоотиялық үдерістің белсенуіне әкеліп соқтырады [кене инфекциялары (боррелиоз, бабезиоз, риккетсиоздар), көптеген гельминтоздар];

- кезеңді түрдегі жауын-шашындар, астық тұқымдас өзге дақылдардың өнімі, тағам өнімдерінің ұлғаюына ықпал ететін өзге табиғи құбылыстар, тағамдық тізбектердің белсенуі жекелеген экожүйелерде жабайы жануарлардың-тікелей-резервуарлардың, амплификаторлардың және табиғи-ошақтық инфекциялардың [мысалы, көптеген "кеміргіштік" инфекциялардың (rodent borne)], сондай-ақ жабайы етқоректілердің тағамдары (туляремия, хантавирусты инфекциялар) санының артуы.

Эмерджентті қоздырушылар мен инфекциялардың осы топтардың факторлық себептері есебінен білінетін өзіндік мысалы ретінде Рифт даласы қызбасының, құтырықтың тізбекті түрде эпидемиялық байқалуын атауға болады.

Осылайша, 20 ғасырдың екінші жартысында құтырық эволюциясына болжау жасағанда солтүстік өңірлерде түлкілер арасында эпизоотиялық шыңыраулар көп жылдық, сондай-ақ жылдық динамикада байқалып отырған, мұны рабикалық инфекцияның табиғатитағы жабайы етқоректілер резервуарларының тағамдық тізбектерінің белсенділігімен, олардың негізгі қорек көзі тышқан тәріздес кеміргіштердің көптеп қатап кетуімен қиылыстыруға болады. Осы факторға өнеркәсіптік аңшылық көзі ретінде түлкі аулауының («аңшылық пресс») тежелуін де жатқызу керек.

Эпидемиялар мен эпизоотиялардың факторлық эмердженттілігінің ең бір иллюстрациялық механизмі ретінде себептік оқиғалардың әмбебап тізбектік байланысын атай аламыз, олар: «ауа-райлық (экологиялық) паттерннің өзгеруі» қоздырушылардың жануар-резервуарларының тағамдық базасын жақсартуға арналған қолайлы жағдайлар, олардың санын арттыру ("өмір толқыны"), табиғи ошақтарда эпизоотиялық үдерісті белсендіру, эпизоотиялық және эпидемиялық аурулар байқалуы мен таралуы.

Мысал ретінде, АҚШ 1994 ж. көктем-күз мерзімі аралығында жоғары латентті өкпе дистрессінің хантавирусының эмерджентті байқалуын тудырған құбылыстардың жақсы зерттелген жылдам ағымды кезектілікте өткен оқиғаны атауға болады: "көп байқалған жауын-шашындар, соның салдарынан ғылым үшін жаңа хантавирус Син-номбре резервуары бұғы атжалманының (Tragulus) басты қорек көзі жержаңғақ шығымының ұлғаюы, осы жануарлар санының артуына, биологиялық циклдың белсене түсуіне әкеліп соқты, аталған вирус адам үшін жоғары инфекциялы, патогенді болып шыққан, ауыр инфекцияның эпидемиясы жоғары латенттілікте өрбіген, сосын инфекцияның табиғи ошағының белсенділігі төмендегеннен кейін экологиялық белсенділік те түсе бастаған ".

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы себептер адамдар мен жануарлардың қозғалысымен, сауда-саттықпен (movement/trade associated diseases), өнімдерді тұтынып, пайдаға асыру үдерісімен (food-borne diseases), әлеуметтік мәдениетпен (cultural related diseases), шаруашылық әрекеттерді, мал шаруашылығын жүргізу ерекшеліктерімен, жануар текті өнімдерді өндіру және өңдеу практикасымен және өзге техногендік сипаттағы факторлармен (production system related diseases) ассоцияцияланады. Бұған эмерджентті тағамдық зооноздар тобын мысал етуге болады (сальмонеллездер, листериоз, иерсиниоз, кампилобактериоз, эшерихиоздар), олар 20 ғасыр соңындағы ветеринариялық-эпидемиологиялық мәселеге айналған, бұлардың қатарына технологиялық тектегі жануарлардың азықтық инфекциялары жатады, мәселен шошқалардың везикулярлық экзантемас мен ІҚМ ГЭ. Бұлардың қатарына тағамдану дәстүрі мен салтынан туындалатын адамдардың "атиптік пневмониясын" және құс тұмауын жатқызу керек.

Соңғы топ себептерін айқындауға әлеуметтік, саяси, техникалық прогресске ықпалын тигізетін алуан түрлі кең ауқымды инновациялар әсерін тигізеді, мысалы, құс шаруашылығының (Оңтүстік-шығыс Азия өңірі) және малшаруашылығының («Күйіс қайыратын жануарлардың еуразиялық дәлізі») аса қарқынды дамуы (интенсификациясы), жалпы алғанда ауылшаруашылығын жүргізудің практикасы мен технологиялары, урбанизация, ғаламдану, климаттың ұзақ мерзімдік өзгерістері.

Төтенше жағдайлар мен эпизоотиялар.Табиғи, экологиялық, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (disasters) – қазіргі заманға сай жағдайлар. Жер сілкіністері, су тасқындары, тайфундар, орман өрттері, жаппай эпидемиялар, эпизоотиялар мен эпифитотиялар, соғыс кикілжіңдері (конфликттері), терроризм акттері мен биотерроризм, ірі өндірісітік апаттар, өзге қирау сипатындағы құбылыстар әлемнің әр нүктелерінде кезеңді түрде бой алып отырады. Олардың ауқымы, әлеуметтік, экономикалық тіптен саяси салдары ұлттық деңгейде азық-түлік немесе басқа сипаттағы қауіптер төндіріп отырады. Төтенше жағдайлар мен шарттар қатарында геофизикалық бұзылыстарға қатысты екі топың маңызы зор (қауіпті метеорологиялық, гидрологиялық, геологиялық құбылыстар) және эпидемиялар/эпизоотиялар. Қазіргі жағдайда, сондай-ақ болашақта нақты осы факторлар эмердженттілікке қатысты өздерінің маңыздылығын сақтап қала береді, әрі олар қиылысқан сипатта маңызды. Оның шынайы дәлелі ретінде белгілі факттар мен оқиғалар аталады (ХЭБ /ФАО/БДҰ деректері бойынша).

1970 ж. Батыс Бенгалияда (Үндістан) циклон салдарынан 250 мың бас ІҚМ мен буйволдар өлген немесе істен шығарылған, жыртылатын жерлердің ауданы үш реттен астам, балық шаруашылығы - 90% қысқарған. 1991 ж. Оңтүстік Американың оңтүстігінде вулкан жарылысы салдарынан мыңдаған қой өлген. 1992 ж. Зимбабведегі құрғақшылық аграрлық сектордың катастрофиялық бұзылуына әкеліп соқтырған, осы кезде ұлттық экономиканың 12% шығын келген. 1996 ж. қысында Қытайда қолайсыз ауа-райы салдарынан 700 мың бас ІҚМ мен қодастар өлген, бұл да ауқымды жер телімдерін өңдеу мүмкіндігі болмауынан орын алған факт. 1996 ж. Сальвадордағы су тасқыны кесірінен 20 мың бас ІҚМ суға кеткен. 1998 ж. қыс айларында Қытай Тибетінде төменгі температуралар мен азықтар болмауы салдарынан 10 млн. астам қой мен буйволодар қырылған.

ХІХ ғасырдың соңында Африка континентінде таралған ІҚМ обасы эпизоотиясы жалпы саны 10 млн. үй жануарларына зардабын тигізген, жабайы сезімтал жануарлардың басым бөлігі де айтарлықтай дәрежеде өлімге ұшыраған, бұл малшаруашылығына айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық, ал жабайы табиғатқа экологиялық шығын болып тиген. Солтүстік Пәкістанның бұрындары сау деп танылған таулы аймақтарында 1994ж ауру орын алуы 40 000 астам ІҚМ мен қодастардың өлімге ұшырауына әкеліп соқтырған. 1995 ж. Ботсванада контагиозды плевропневмония эпизоотиясы салдарынан 320 мың бас ІҚМ жойылған. Шошқалардың африкалық обасының эпизоотиясы кезеңінде жекелеген елдерде барлық ұлттық шошқа шаруашылығы депопуляцияға ұшыраған (Мальта, Доминикан Республикасы). Жоғары патогенді құс тұмауы таралуы кезінде депопуляция бейзальтернативті шара болып қалғанда ондаған миллион үй құстары жойылғаны баршаға мәлім.

Геофизикалық және эпидемиологиялық сипаттағы қиылысқан немесе өзара бірлесе байқалатын төтенше жағдайлар аса өзекті де маңызды деп танылып жатады. Мәселен, Оңтүстік және Орталық Америкада кезеңді түрде байқалып жататын "Эль-Ниньо" циклоны күшті су тасқындарын тудыруымен қатар, аусыл, лептоспироз, құтырық, өкпе обасы ошақтарының байқалуымен де білініп жататыны мәлім Африканың солтүстік-шығысындағы 1998 ж. толассыз жауындар ірі эмердженттік эпидемия Рифт даласы қызбасының пайда болуын тудырған. Ресей Федерациясының жекелеген өңірлерінде (Дағыстан) 2002 ж. гидрологиялық катастрофа мен жануарлардың қауырт көшуі кезінде бруцеллез бойынша эпидемиялық ахуалдың нашарлауы орын алған. Төтенше қайшылық жағдайлар сонымен қатар, ірі ауқымдағы, әсіресе технологиялық сипаттағы инновациялар есебінен туындалуы да мүмкін.

Бұған мысал ретінде Еуроодақ елдерінде негізсіз малшаруашылығын акселерациялау тәсілдерінің «прогрессивтік» әдістерін енгізу кесірінен ІҚМ ГЭ (BSE crisis) кризисін, барлық әлем бойынша прионды этиологиядағы (ІҚМ кеуек тәрізді энцефалопатиясы, Крейцфельдт-Якоб ауруның жаңа нұсқасы) аурулар таралуын атауға болады, олар жаңа эпидемиялық техникалық, медициналық, фармацевтикалық, ятрогендік, тұтынушылық т.с.с сипатындағы қауіпті факторлардың қатерлі тұрғыда өсуін тудырды.

Биотерроризм – лаңкестік (террористік) мақсатта биологиялық (бактериологиялық) тектегі жапапай қырып-жою құралдарын қолданылу қатері. Бұл – жаңа әлемдік тәртіп сақталуының атрибуты, дәстүрлік түсініктегі биологиялық соғыс альтернативасы. Бұл әлемдік ғылым мен практиканың назарын өзіне аударатын мәселе, осы тақырыпқа халықаралық деңгейдегі арнайы ғылыми-техникалық шаралар арналады. Осы феноменнің жалпы мәні мен өзектілігі жайында нақты биотерроризмнің, атап айтқанда баспа көздерінде кең жарияланған прецеденттер – 1979 ж. Свердловск қ. маңында орын алған сібір жарасының байқалуы және АҚШ тұрғындарына қарсы сібір жарасы қоздырушысын 2001 ж. қолданылуы жайлы ушыққан оқиғалар мысал бола алады.

Жасанды эпидемиялық прецеденттер құрылуы биодиверсиялық қолданысты білдіреді, ол алдымен ғылым мен практикаға жақсы мәлім зоонотиялық патогендер (сібір жарасы, туляремия, оба, геморрагиялық қызба т.б. қоздырушылары). Биотеррор (мен оның ықтимал құрамдас бөлігі - агротеррордың) жүзеге асырылуының шарттары мен факторлары ретінде соғыс қимылдары мен ортодоксалды қасақана әрекеттерді, сонымен қатар антиәлеуметтік, қаскүнемдік, маниакалды т.с.с. пиғылдардағы микробиология саласы қызметкерлерінің әрекеттері де танылады.

Биологиялық қауіпсіздіктің классикалық агенттеріне қатысты {Bacillus anthracis, Brucella melitensis және Francisella tularensis) эпидемиологиялық нүктелердле анықталынған потенциалды экономикалық шығындар 100 000 зардап тартқандарға қатысты 26 дан 480 млн $ дейінгі шаманы құрайды (Kaufmann, 1997). Қазіргі уақытта экологиялық және экономикалық катастрофалар тудыра алатын объективті және нақтылы әлеуметтік алғышарттар мен жануарлар инфекциялары бар. Оларға, ең алдымен жатқызылатындар, аса қауіпті және трансшекаралық инфекциялар, олардың экономикалық шығындары, экологиялық және эпидемиологиялық потенциал тұрғысында тигізетін залалы үлкен қауіп тудырып отыр.

Халықаралық сауда-саттық пен байланыстар.Халықаралық өмірдің осы екіаспекттері ХХ ғасырдың соңында күтпеген әрі болжанбаған шынайы эпизоотологиялық мәнге ие болды, көптеген елдердің, қауымдастықтардың, ірі өңірлердің ветеринариялық қызметтерінде алдыңғы жеткеші орындарға шықты. Бұл Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінің ауылшаруашылығы секторындағы айтарлықтай прогреске жетуімен, әсіресе малшаруашылығы өнімдерін өндіру саласында кейбір жаңа халықаралық мекемелер қызметінің, атап айтқанда Еуроодақ пен Бүкіләлемдік сауда ұйымының, сонымен қатар өмірлік маңызды стандарттардың айтарлықтай өзгеруі, зоомәдениеттің белсенді дамуы мен ұсақ үй жануарлары-компаньондарын өсіру ісінің алға басуымен түсіндірілетін жайттар. Халықаралық сауда-саттық пен алуан түрлі байланыстар ғаламдық эпизоотологиялық тәуекелділіктің маңызды факторларына, барлық санаттағы эмердженттік инфекциялар пайда болуының себебі, олардың жаңа аумақтарға инвазиялануының, жаңа аумақтық-табиғи кешендерде жойылуының себебіне айналды.

Міне сол себептен БДҰ/ФАО ұсыныстары бойынша инфекциялардың дәстүрлік емес категориялары ажыратылады – орын ауыстырумен, сауда-сматтықпен байланысты аурулар {movement/trade associated diseases), мәдени ерекшеліктерге байланысты аурулар {cultural related diseases) немесе жануар текті өнімдерді өндіру мен өңдеуге қатысты байқалатын аурулар {production system related diseases), сонымен қaтар сауда-экономикалық байланыстарға қатысты аурулар, бұлардың бәрі жануарлардың маңызды, трансшекаралық {transboundry diseases) инфекцияларын айырудың аса маңызды әрі өзекті мәселелері саналады.

Жануар текті өнімдер өндірісі мен сауда-саттығын ұйымдастыру ісінде халықаралық кооперация қазіргі жағдайда бірқатар көрсеткішті жағдайлар легімен сипатталады. Осылайынша, жекелеген елдер үшін ет пен сүт өндірісі, жануарларды көбейту мен экспорт (мысалы, шошқа мен шошқа етінің Голландия, Бельгия және Даниядағы, сиыр етінің Ирландиядағы өндірілуі) ұлттық экономиканың маңызды секторы болып табылады, осыған орай олар мұны сақтау және дамыту үшін кез-келген эпизоотологиялық, экономикалық, әлеуметтік тіптен саяси шараларға баруға дайын.

Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия, Франция, Бельгия) және АҚШ сынды дамыған елдергі малшаруашылығы өнімдерін қарқынды түрде дамыту мен экспорттау түріндегі бәсекелестіктің жоғары деңгейі еуропалық елдер арасында және Еуроодақ пен АҚШ арасында қауыртты да ұзақ мерзімді конфликті жағдайлар туындалуына әкеліп соғады, олар кейбір әлеуметтік, тіптен саяси оқиғалардан да маңызды болып жатады (мысалы, ІҚМ кеуек тәрізді энцефалопатиясына қатысты, өсу гормонын пайдалану арқылы алынған азық-түліктер, генетикалық өзгертілінген көздерден алынған өнімдер мен азықтарға қатысты мәселелер).

Еуроодақ елдерінде ХХ ғасырдың 80 жылдарында малшаруашылығын интенсификациялаудың басты факторы барлық жерлерде жануар текті өнімдердің ет-сүйек ұны және басқа қалдықты өнімдерін өсімдік текті өнімдерге альтернатива ретінде және азықтық протеиннің болашақтық алмастырушысы ретінде пайдалану орын алған, осылай ету бірмезгілде екі мәселені – орасан көп қалдықтарды өтелдеу және малшаруашылығының тиімді прогрессін шешу мүмкіндігін берген (Еуроодақ елдеріндегі жыл сайынғы қалдықтар көлемі соңғы жылдары 10 млн тоннаға дейін жетіп отыр) Ал, осы ет-сүйек ұнының Ұлыбританияда, сосын басқа еуропа елдерінде ІҚМ ГЭ пайда болып, таралуының қайшылық факторы болып табылғандығы барлық Еуроодақ аясында малшаруашылығының саулығын күмәнді ете түседі.

Мұнымен қатар халықаралық сауда жүргізу ережелері аса қатал ветеринариялық талаптар қоятыны да мәлім. Ең алдымен малшаруашылығы өнімдерін өндіруші және экспорттаушы елдер үшін эпизоотиялық инфекцияларды қадағалау кезінде дәстүрлік вакцинациялау жасалмайды, тек келісілген радикалды шаралар жасалуы керек, өйткені барлық вакцинацияланған жануарлар жасырын түрде инфекцияларға қатысты экспозирленген және потенциалды сау емес деп танылады.

Өндіріс пен сауда кезінде эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ХХ ғасыр соңында ірі де қымбат тұратын эпизоотияға қарсы халықаралық кампаниялар қарастырылғаны белгілі – Еуроодақ елдерінде жүйелі түрде аусылға қарсы вакцина пайдалану ісіне тосқауыл қоятын, аусылды бақылауға алу тұрғысында "вакцинацияға қарсы эрадикация" принципін жүзеге асыру, вакцинацияны инфекциядан айыру мүмкіндігін беретін Еуропа мен АҚШ маркерленген вакциналарды қолдана отырып Ауески ауруын бақылау бойынша ДИВА-стратегиясы, классикалық обаны эрадикациялау мақсатында Голландия мен Бельгияда шошқа бастарының депопуляциясы, сиыр етін өндіруші-елдерде (Ұлыбритания және Ирландия) ІҚМ кеуек тәрізді энцефалопатиясын бақылауға алудың күрделі жүйесі.

Зоомәдениет пен жануар-компаньондарын көбейту бағытындағы халықаралық байланыстар алуан түрлі әрі бақылауға әрең алынатын іс. Сондықтан, нашар бақыланатын көрмелер, байқаулар, асылдандыру мақсатында түрлі экзоттардың, жаңа тұқымдардың, жануар бағыттарының әкелінуі, компаньондар ішіндегі ең көп саналатын мысықтар мен иттердің тасымалдануы қазіргі таңда көп таралған деп саналатын парвовирусты энтерит, ит бруцеллезі, панлейкопения, инфекциялық перитонит, мысықтардың калицивирозы сынды ауыр эпизоотиялық инфекциялар, инфекциялардың енгізілу факторы болып табылған..

 

3.2 Әлемде және Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық жағдай талдауы

 

Инфекциялық аурулар жоғары контагиозды бола отырып жылдам әрі кеңінен таралу қауіпінде болады, жануар бастарының сақталып, ұлғаюына, алынатын өнім сапасының жоғарылауы мен жақсаруына, саланы дамыту үшін заманауи әдістердің ендірілуіне айтарлықтай кедергілер келтіреді, көбіне адамдарды да зақымдап жатады.

Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) мәліметтері бойынша шет елдердегі жануарлар мен құстар ауруларының географиясы 2 кестеде келтірілген.

Қазіргі уақытта ғалымдар қауымдастығы жануарлардың көптеген ауруларымен күресудің алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын құрастырып, ұсынған. Алайда инфекциялық аурулар пайда болу қауіпі бірқатар себептерге орай (қоздырушылардың тыстан енуі, аурулардың пайда болып, таралуы т.с.с.) әлі де болса сақталып келеді.

Осыған орай еліміздің аумағында ХЭБ сарапшыларының ұсыныстарын ескере отырып эпизоотологиялық мониторинглеу жүйесін жетілдіру керектігі күмән тудырмайды, ол жұмыстарды ауруларды бақылауында ұстау үшін, сондай-ақ олардың уақыт аралығындағы динамикасын, әр жерлердегі, жануарлар арасындағы қимыл-әрекеттерін бақылап отыру үшін де қажет.

 

 

Кесте 2 – Әлемдегі 2006-2012 жж. аралығындағы аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай.

 

Ел Ауру тіркелу мерзімі Жануар түрі Жалпы ошақтар саны Ауру тіркелуінің жабылу мерзімі
Жылқылардың африкалық обасы
Свазиленд 01/03/12 Жылқылар 02/05/12
Шошқалардың африкалық обасы
Ресей 11/09/09 Шошқалар (2011) жалғасып келеді
Шошқалар (2012)
Жабайы шошқалар (2011)
Жабайы шошқалар (2012)
Танзания 03/12/10 Шошқалар (2011) 16/01/12
Украина 30/07/12 Шошқалар (2012) жалғасып келеді
ОртАфр.Респ 01/06/10 Финал 31/12/10
ОАР 03/01/12 Шошқалар (2012) 22/05/12
Орт.Афр.Респ 28/02/12 Шошқалар (2012) жалғасып келеді
Құтырық
Албания 09/06/12 ІҚМ, иттер, мысықтар, жылқылар, қой/ешкілер(2012) 16/07/12
Боливия 09/09/11 Финал Мерзімі көрсетілмеген
Гондурас 19/08/11 Финал 12/04/12
Македония 26/07/11 Жабайы түлкілер (2011) 31/12/11
Македония 02/03/12 иттер, мысықтар (2012) 09/04/12
Нидерланды 15/02/12 иттер, мысықтар (2012) 15/08/12    
Блютанг (КЛО)
2 кестенің жалғасы
Германия 06/07/07 Финал 17/11/09
Грекия 22/12/11 ІҚМ, қойлар (2011) жалғасып келеді
ІҚМ, қойлар, ешкілер (2012)
Кипр 20/10/11 Финал 07/11/11
Марокко   10/07/10 Финал 16/02/12
Финал 16/02/12
Нидерланды 25/07/07 Қойлар, ІҚМ (2007-2008) 31/12/08
Ресей 26/12/11 ІҚМ, қойлар, ешкілер (2011) жалғасып келеді
Тунис 03/10/11 Финал 13/02/12
Швейцария 26/10/07 қойлар, ешкілер, ІҚМ (2008-2010) 27/03/10
Ньюкасл ауруы
Австралия 18/08/11 Жабайы құстар (2012) жалғасып келеді
Израиль 22/09/11 үй құстары (2011) 13/06/12
үй құстары (2012)
26/08/12 үй құстары. (2012) жалғасып келеді
Италия 31/01/12 а/ш құстары (2012) 31/03/12
27/04/12 а/ш құстары (2012) 31/07/12
Швейцария 24/11/11 Финал 03/12/11
04/01/12 құстар (2012) 15/02/12
Визикулярлық стоматит
Белиз 07/12/11 ІҚМ 13/01/12
АҚШ 18/04/12 жылқылар жалғасып келеді
Жоғары патогенді құс тұмауы
Бангладеш 05/02/11 құстар (2011) жалғасып келеді
құстар (2012)
Бутан 30/12/11 құстар (2011) жалғасып келеді
құстар (2012)
           
2 кестенің жалғасы
Вьетнам 07/12/06 құстар (2012) жалғасып келеді
Гонконг 17/12/11 жабайы құстар (2011)   жалғасып келеді
жабайы құстар (2012)
қаз (2012)
Израиль 07/03/12 құстар (2012) 25/03/12
13/03/12 құстар (2012) 21/03/12
Үндістан 03/01/12 құстар (2012) 13/08/12
30/10/11 жабайы құстар (2011) 03/02/12
жабайы құстар (2012)
Иран 13/09/11 Финал 18/01/12
Камбоджа 27/05/12 құстар (2012) 11/06/12
Қытай 02/12/11 құстар (2012) 01/08/12
Мексика 13/06/12 құстар (2012) жалғасып келеді
Мьянма 20/02/12 құстар (2012) 27/07/12
Непал 10/11/11 құстар (2012) 30/03/12
жабайы құстар (2012)
Тайвань 07/02/12 құстар (2012) 07/08/12
07/07/12 құстар (2012) 07/07/12
ОАР 19/12/11 құстар (2011) жалғасып келеді
01/02/11 құстар (2012) жалғасып келеді
Қойлар мен ешкілер шешегі
Қазақстан 28/12/11 Қойлар 2011 30/01/12
Қырғызстан 17/02/12 қой/ ешкі 2012 жалғасып келеді
Ресей 12/11/11 Финал 13/01/12
Аусыл
Ботсвана 27/05/11 Финал 06/06/12
       
23/05/12 ІҚМ, қой/ ешкі (2012) жалғасып келеді
Мысыр 18/02/12 ІҚМ, буйволдар (2012) жалғасып келеді
2 кестенің жалғасы
Замбия 24/01/12 ІҚМ (2012) 02/04/12
Зимбабве 28/05/10 Финал 26/05/11
Израиль 18/03/12 Қой (2012) 03/04/12
Қазақстан 11/08/11 Қой, ІҚМ (2011) жалғасып келеді
21/05/11 Финал 26/07/12
15/02/12 ІҚМ, қой (2012) 14/03/12
Қытай 22/02/11 Шошқалар (2011) 09/01/12
19/02/12 ІҚМ (2012) 2+1 жалғасып келеді
Ливия 18/12/11 ІҚМ, қой/ ешкі (2011) жалғасып келеді
ІҚМ, қой/ ешкі (2012)
11/02/12 ІҚМ (2012) жалғасып келеді
Намибия 26/11/11 ІҚМ (2011) 20/03/12
ІҚМ (2012)
Прагвай 17/09/11 Финал 25/09/11
30/12/11 ІҚМ, шошқа (2011) 09/01/12
ПАТ 09/04/12 ІҚМ (2012) жалғасып келеді
Ресей 26/02/12 ІҚМ, қой/ ешкі, шошқа (2012) 11/04/12
Солтүстік Корея 18/12/10 Финал 06/04/11
Тәжікстан 10/11/11 Финал 09/12/11
Тайвань 19/01/12 Шошқалар (2012) 29/03/12
26/01/12 Шошқалар (2012) жалғасып келеді
16/02/12 Шошқалар (2012) 19/04/12
01/05/12 Шошқалар (2012) 06/06/12
19/12/11 Финал 10/02/12
ОАР 30/12/11 ІҚМ(2011) жалғасып келеді
ІҚМ (2012)
                     

 

Инфекциялық аурулар бойынша қалыптасқан эпизоотиялық жағдай белгілі бір аумақтардағы нақтылы инфекциялық аурулардың ерекшеліктері мен эпизоотиялық ахуалдарының өзгеріп отырулары туралы қолданылып жүрген мәліметтерді өңдеу мен жаңа мәліметтерді жинау осы істі одан әрі жетілдіруді талап етеді. Төменде келтірілген 1 суретті талдайтын болсақ республика аумағында әлеуметтік маңызы бар 2003-2009 жж тіркелінген инфекциялық аурулар ішінде бруцеллезге – 789 (55%), құтырыққа – 582 елді мекеннен (40,9%) келетінін көреміз. Аталған инфекциялық аурулар бойынша сау емес елді мекендердің жалпы санына қатысты осы пайыз 96,48% құрайды, бұл осы инфекциялық аурулардың кеңінен таралғаны мен әлеуметтік маңызды екендігінің дәлелі. Осы уақытқа дейін ауылшаруашылығы жануарларының бруцеллезі мен құтырығы тұрғындар мен ауыл шаруашылығына орасан зор экономикалық және әлеуметтік шығын әкелетін инфекциялар болып қала беруде. Бұл аурулар ауылшаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті аурулары тізіміне енгізілген, осы кездері жануарларды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып жою қарастырылған. Аталған аурулардың профилактикасы, диагностикасы мен жою шаралары республикалық бюджет есебінен өткізіледі. Соңғы жылдары аталған аурулар бойынша республикадағы эпизоотиялық жағдай күрделі де қарқынды болып қала беруде. Эпизоотиялық үдерістің интенсивтілігі бірқатар шарттарға тәулді болады. Сондықтан бір инфекциялық ауру әрқилы жағдайда әртүрлі байқалынып, таралынуы мүмкін, яғни биологиялық, табиғи-географиялық және экономикалық факторларға байланысты болады.

 

1- сурет 2003-2010жж кезең аралығындағы әлеуметтік маңызды инфекциялық аурулары анықталған елді мекендер саны.

 

Эпизоотиялық үдерістің басты себебі мен қозғаушы себебі инфекция қоздырушысының облигатты және потенциалды қожайыны организмдері арасындағы паразит-қожайын қарым-қатынасының ерекшеліктері болып табылады. Бұл қатынастарға сыртқы жағдайлар (шаруашылық және табиғи) айтарлықтай әсерін тигізеді.

Инфекциялық және эпизоотиялық үдерістер мәнін зерттеп білу ғылыми негізделінген профилактикалық шаралар негізінде эпизоотиялық үдерісті оның жойылуына дейін игеру мүмкіндігін беретін болады, мұны








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1674;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.045 сек.