Жануарлар бруцеллезі бойынша Қазақстан Республикасындағы жалпы жағдай
С. И. Джупиннің мәліметтері бойынша бұрнағы жылдары бруцеллезбен күрес кезінде микробтарды жасырын тасымалдауға жасанды ушықтырып зерттеу (провакациялық тәсіл) әдісі табысты түрде қолданылып келген, оны жануарларды осындай ауру түрлерін диагностикалау әдістерін жетілдіру мақсатымен қолданған, өйткені олардың қоздырушылары қауіпті, көрінбейтін, белгілерсіз өтетін кеселдер.
Ірі қара малдың жасырын бруцеллезі түрлерін провакациялау үшін және осы инфекцияны диагностикалау мен сау емес табындарды сауықтыру мақсатында 82 штаммындағы вакцина пайдаланылған. Практика осы әдістің объективтілігін дәлелдеп көрсетті. Ірі қара мал бруцеллезі бойынша мүлдем сау емес өңірлер аталған инфекциядан жасырын микроб тасымалдаушыларында провакациялау тәсілдерін өткізу арқылы сауықтырылғанын атап кеткен жөн.
С.И.Джупиннің пікірінше, ірі қара мал бруцеллезін профилактикалаудың басты құрамдас бөліктерінің бірі табын толықтыру үшін осы инфекциямен ауру немесе серологиялық реакциялар бойынша оң реакция берген сиырлардан алынған бұзауларды пайдалануға жол бермеу болып саналады. Осы шара өткізілуінің сенімділігіне қарамастан 6-8 айлық жастағы барлық бұзауларды 82 штаммындағы вакцинаның (немесе аз мөлшердегі өзге вакцинаны пайдалана отырып) көмегімен провакациялайды. Мұнан кейін бір айдан соң оларды АР бойынша инфекцияның жасырын тасымалдаушыларын анықтау мақсатында тексереді.
Қой мен ешкі бруцеллезін профилактикалау мен онымен күресу шаралары қойшаруашылығын, ешкі шаруашылығын жүргізу ерекшеліктерін білу мен оның тенологиялық ерекшеліктерін ұстануды, осы инфекцияның эпизоотиялық үдерісін білуді және телімді профилактикалау әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануды негіз етеді.
Республикада ірі қара мал және қой, ешкі бруцеллезі бойынша жағдай айтарлық күрделі болып қала беруде, 13 суретте республикада 2003-2010 жж кезеңінде бруцеллезден сау емес елді мекендерде а/ш жануарларын визуализациялау нәтижелері келтірілген.
13 – сурет ҚР 2003-2010 жж кезеңінде а/ш жануарлары бруцеллезінен сау емес елді-мекендерді визуализациялау нәтижелері.
Талдауға жүгіндіріліп отырған кезеңдегі бруцеллезден сау емес елді мекендер саны 804 құрады, инфекцияның ең көп таралуы республикамыздың оңтүстік өңірлеріне келеді, яғни Жамбыл, Алматы және Оңтүстік-Қазақстан облыстары, айта кетері олар қой, ешкі арасында көптеп кездеседі. Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Павлодар облыстарында бруцеллез ірі қара мал арасында көп таралған. Маңғыстау және Ақмола облыстарының аумақтары сау деп танылады, ал Атырау облысында бұл инфекция тіркелуінің жекелеген оқиғалары тіркелген. Облыстарға шаққанда сау емес елді мекендердің жалпы саны 14-суретте көрсетілген.
14 - сурет Облыстар бойынша бруцеллезден сау емес елді-мекендер саны
Төменде келтірілген 15 суретте республика аумағын қой мен ешкі бойынша жұқтырылу дәрежесіне қатысты аймақтарға бөлу нәтижелері көрсетілген. Айта кетері Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, жартылай Қарағанды, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстары сау мекендер аймағы деп танылған. Республиканың оңтүстік өңірлері жұқтырылудың жоғары дәрежедегі аймақтарына жатқызылған.
15 - сурет 2003-2010жж аралығында ҚР аумағын қой мен ешкі бруцеллезі бойынша аймақтарға бөлу көрінісі.
Республика аумағын ірі қара мал бруцеллезі бойынша аймақтарға бөлген кезде сау елді мекендер аймағына Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік-Қазақстан және жартылай Қостанай облыстары жатқызылған, 16 - сурет. ІҚМ бруцеллезі негізінен республиканың шығыс өңірлерінде байқалған.
16 - сурет 2003-2010 жж кезеңінде ҚР аумағын ІҚМ бруцеллезі бойынша аймақтарға бөлу.
Талдау кезеңінде республика облыстары бойынша ауырған жануарлар санына қатысты мәліметтер 17 суретте келтірілген. Суретте көрсетілгендей ең көп ауру жануарлар Ақтөбе (8810), Шығыс-Қазақстан (6550), Жамбыл (6077), Батыс-Қазақстан (5993) және Алматы (5461) облыстарында байқалған.
17 - сурет Бруцеллезбен ауырған жануарлар саны
Жылдарға шаққанда ең көп ауырған жануарлар саны 2009 – 8271, 2007 – 6858 және 2006 – 6618 жылы байқалған (18 сурет).
18 - сурет Бруцеллезбен ауырған жануарлар саны
Болжам өткізілінген диагностикалық шаралардың сапасына және ауру жануарды бірден жою әрекетіне байланысты.
Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1148;