Мемлекеттік ветеринариялық органдар, олардың еліміздегі ветеринариялық істі басқарудағы рөлі

Біздің елімізде Мемлекеттік ветеринариялық органдар Ветеринарияны мемлекеттік Республикалық органы (ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті) мен облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы мемлекеттік ветеринариялық қызметтің жергілікті атқару органдары түрінде берілген. Органдардың заңды статусы, құқықтары, міндеттері мен функциялары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар қызметін регламенттейтін өзге заңдары негізінде Үкімет бекітетін ережелермен айқындалады. Мемлекеттік ветеринариялық органдар тиісті деңгейде өз құзыреттері шеңберінде ветеринариялық істі басқарып отырады.

Ветеринария басқармасының республикалық органы өз қызметін жүргізу барысында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекіткен осы орган туралы ережені, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің өкімдері мен қаулыларын, ветеринария бойынша нұсқамалар мен өзге нормативтік құжаттарды басшылық етеді. Қол астындағы мекемелер мен кәсіпорындарда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Ветеринария басқармасының республикалық органы өзіне жүктелген міндеттемелерге сәйкес келесі функцияларды атқарады:

- республика аумағында жануарлар ауруларын профифлактикалау мен олармен күресу бойынша шаралар өткізілуін, жануар текті өнімдердің, шикізаттардың ветеринариялық-санитарлық тұрғыдан алғанда сапалы шығарылуын жүзеге асырып, бақылайды;

- республика аумағын өзге мемлекеттерден аса қауіпті жануар аурулары қоздырушыларының енуінен қорғау бойынша шараларды құрастырып, ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі органдарымен бірлесе отырып адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды (зооантропоноздарды) профилактикалау және олармен күресу бойынша шараларды құрастырады;

- ішкі тасымалдауларды, жануарларды импорттау мен экспорттауды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды өңдеу, сақтау және тасымалдауды, сонымен қатар азықтар мен ветеринариялық қызмет бақылауындағы жүктерді бақылауында ұстайды;

- ветеринария мәселелеріне қатысты нұсқаулықтарды, ұсыныстарды, ережелерді және өзге нормативтік құжаттарды құрастырып, бекітеді;

- ғылыми-зерттеу мекемелерінен келіп түсетін өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды, сонымен қатар жаңа технологиялық тәсілдерді, профилактикалау, диагностикалау және емдеу әдіс-тәсілдерін қарастырып, сынамадан өткізіп ветеринария практикасына ендіру үшін қабылдап алады;

- биологиялық препараттарға, қажетті құрал-жабдықтарға, емдік, дезинфекциялық және өзге жануарларды аурулардан қорғау құралдарына деген сұраныстарды айқындайды;

- жалпы республика және облыстар бойынша індетке қарсы жоспарларды қарастырып, бекітеді;

- қажетті жағдайларда эпизоотияны жою бойынша экспедициялар ұйымдастырып, аса қауіпті инфекцияларға қарсы биопрепараттар мен дезинфекциялаушы заттар қорын құрады;

- мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға және ветеринария басқармасының республикалық органына тікелей тәуелді ветеринарияның мемлекеттік басқармасына материалдық-техникалық құрал-жабдықтарды бөліп береді де осы аталған мекемелерді қаржыландырады;

- ветеринариялық, технологиялық жабдықтар өндірісіне, закупок оларды импорт арқылы сатып алуға, санитарлық және ветеринариялық талаптарға сай арнайы автортранспорт пен технологиялық жабдықтарды құру үшін жаңа машиналар құрастыруына тапсырыстар береді;

- ветеринариялық жүйені жетілдіру және ұйымдастыру бойынша ұсыныстар береді;

- малшаруашылық нысандарын, ветеринариялық қызмет мекемелеріне арналған ғимараттарды және өңдеу мекемелері ғимараттарының технологиялық жобалау нормаларын құрастыруға қатысады, сонымен қатар, құрылысын жүргізу кезінде жоғарыда аталған құрылымдардың ветеринариялық талаптарының ұсталынуын бақылайды;

- мүдделі министрліктер және ведомстволармен бірлесе отырып ветеринар мамандарына деген сұраныстарды анықтап, оларды дайындау, қайта дайындау курстарынан өткізу бойынша мәселелер енгізеді, жоғарғы оқу орындары үшін оқу бағдарламалары мен жоспарларын құрастыру ісіне ат салысады;

- ветеринария бойынша статистикалық есеп беру мен есепке алу формалары бойынша ұсыныстар құрастырады, жануарлардың карантиндік ауруларының статистикалық есебін жүргізеді;

- өз міндеттері мен функцияларын орындау барысында ветеринария басқармасының Республикалық органы өзінің міндеттеріне сәйкес және өз құқылары шеңберінде мүдделі министрліктер мен ведомстволармен тығыз бірлестіктікте ветеринария туралы мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді;

- фермерлерге, шаруа қожалықтарына, кооперативтерге, қосалқы шаруашылықтарға және басқа шаруашылықтарға ветеринариялық қызмет көрсету түріндегі көмегін көрсетеді;

- жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызмет бойынша лицензиялық жұмыстарды ұйымдастырып, оларды бақылауға алады;

- өз құзыреттілігі шегінде тиісті тәртіпке сай Бүкіл әлемдік ветеринариялық ассоциациямен, Халықаралық эпизоотиялық бюро және Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен ынтамақтастық пен қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

 

2.5 Мемлекеттік ветеринариялық бақылау (қадағалау)

Мемлекеттік ветеринариялық бақылау – бұл Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңы мен оған сәйкес шығарылған нормативтік актілердің бұзылуына жол бермеу және оларды жоюға бағытталынған мемлекеттік ветеринариялық басқару органдарының қызметі.

Мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін арнайы ережелер арқылы жүргізіледі.

Осы ережеге сәйкес мемлекеттік ветеринариялық бақылауды ұйымдастырып, өткізу барлық деңгейдегі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторларға, олардың орынбасарларына және мемлекеттік ветеринариялық инспекторларға міндеттеледі.

Аталған лауазым иелері төменде келтірілген бақылау түрлерін жүргізуге міндетті:

- министрліктердің, ведомстволардың, басқа басқару органдарының, кооперативтік және басқа меншік иелері мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының, фермерлердің, шаруа қожалықтарының, сонымен қатар жекелеген азаматтардың Қазақстан Республикасы Заңдарын, атқарушы билік орындарының шешімдерін, бұйрықтарын, нұсқамаларын, нұсқаулықтарын, ветеринария мәселелері бойынша ережелерді сақтауын бақылайды;

- эпизоотияға қарсы шаралар жоспарларының орындалуын, жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу және оларды жою бойынша шаралардың дұрыс ұйымдастырылып, өткізілуін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағын өзге елдерден жұқпалы ауру ендірілуінен қорғауды бақылау;

- ведомстволар мен жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызметтердің ветеринариялық қызметі жұмыстарын бақылауында ұстау;

- малшаруашылығының бақылауындағы нысандардың ветеринариялық-санитарлық жағдайын, өңдеу және шикізаттық өнеркәсіп қызметін, базарларды, жәрмеңкелер мен өзге нысандарды бақылауда ұстау;

- малшаруашылығы ғимараттарының, балық шаруашылықтарының, жануарларды сою мекемелерінің, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды өңдеу, сақтау мекемелерін жобалау мен құрылысын жүргізу кезінде зоогигиеналық нормалар мен ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуын бақылау;

- жануарларды, жануар текті өнімдер мен шикізаттардың тасымалдануы үшін пайдаланылатын көлік түрлерінің ветеринариялық-санитарлық өңделуін бақылау;

- малшаруашылығы мен ветеринарияда биологиялық және өзге препараттар қолданылуын бақылау;

- азықтардың пайдалданылуын бақылау, олардың құрамында улы және зиянды заттар болмауын қадағалау.

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың (бақылаудың) заңды тұрғыдан алғандағы әрекет етуі Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңымен және басқа заңды құжаттармен қамтамасыз етілген.

Облыстарда ветеринариялық істің басқарылуын облыстардың атқарушы билік органдары (облыс әкімшілігі) мен оның облыстағы мемлекеттік ветеринариялық басқару органы жүзеге асырады. Бұл орган атқарушы орган басшылығына және ветеринарияны мемлекеттік басқару республикалық органына бағынышты.

Ветеринарияны мемлекеттік басқарудың облыстық органымен тікелей жұмысын облыстық ветеринариялық зертханалар, «Республикалық індетке қарсы бөлім» РМК облыстық филиалдары, облыс басшылығындағы қалалардың ветеринариялық қызметтері мен ауылдық ауданджардың ветеринариялық қызметтері, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу ветеринариялық ұйымдары мен білім беру мекемелері жасайды.

Ветеринарияны мемлекеттік басқарудың облыстық органы ветеринариялық істі басқарумен қатар, облыс аумағында мемлекеттік қадағалауды да өткізеді.

Облыстық орган ветеринариялық жүйелердің дамуына қатысты мәселелермен, оларды мамандармен қамтылу мәселелерімен айналысады. Эпизоотиялық жағдайды зерттейді, індетке қарсы жоспарлар құрастырады, олардың орындалуын бақылауында ұстайды, ветеринариялық жүйелердің биопрепараттармен және басқа жануар ауруларымен күресуге керекті құрал-жабдықтармен қамтылу мәселелерін шешеді. Диагностикалық, емдік жұмыстарды ұйымдастырып, ветеринариялық қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Ветеринариялық мекемелерді салу, оларды жөндеу, қаржыландыру мәселелерімен айналысады. Ветеринариялық білімді, ғылыми жетісітіктерді, алдыңғы қатарлы практиканы үгіттеу, насихаттау жұмыстарын өткізеді, ветеринариялық есепке алу, статистика жинау жұмыстарын, сонымен қатар облыста ветеринариялық істі жақсартуға қатысты өзге де жұмыстарды жүргізеді.

Мемлекеттік ветеринариялық жүйе - малшаруашылығына қызмет және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау өткізу бойынша практикалық ветеринариялық шаралар өткізетін мемлекеттік ветеринариялық мекемелер мен ұйымдар.

Арналымы мен сипаты бойынша мемлекеттік ветеринариялық жүйенің барлық мекемелері мен ұйымдарын емдік-профилактикалық, диагностикалық, эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-санитарлық деп бөлуге болады.

Емдік-профилактикалық мекемелер жалпы сипаттағы мекемелер болып саналады, олардың қатарына бекітілінген аймақтарда жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды профилактикалау, емдеу бойынша барлық аудандық және қалалық ветеринариялық емханалар, ветеринариялық бөлімдер мен өзге емдік мекемелер кіреді.

Диагностикалық мекемелер қатарына негізінен диагностикалық зерттеулермен айналысатын Республикалық ветеринариялық зертхана мен оның облыстық, аудандық филиалдары кіреді.

Эпизоотияға қарсы мекемелер «Республикалық індетке қарсы бөлім» РМК мен оның облыстық филиалдары түрінде білінеді, олар жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының ошақтарын жою бойынша шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.

Ветеринариялық-санитарлық мекемелер ветеринариялық-санитарлық қадағалау және ветеринариялық-санитарлық шаралар өткізуіне қатысты шаралармен айналысады.

Бұл мекемелер қатарына жататындар: ветеринариялық бақылау бекеттері, ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханалары.

Осы келтірілген ветеринариялық мекемелер мен ұйымдардың әрқайсына қатысты типтік ережелер дайындалады, онда олардың міндеттері, функциялары мен құқықтары баяндалады.

Жаңа ветеринариялық мекемелер құру, қолданыстағыларын қайта құру, республикалық маңызы бар ветеринариялық мекемелердің ветеринариялық жүйелері құрылымдарын жетілдіруге қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті, облыстарда басқарушы облыстық атқару органдары (облыс әкімшілігі).

Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті бекіткен ережелермен, ал мемлекеттік ветеринариялық мекемелер мен ұйымдардың қызметі Ветеринарияны мемлекеттік басқару Республикалық органы бекіткен ережелермен регламенттеледі.

Ветеринарияны мемлекеттік басқару Республикалық органдары туралы ережеде мына мәселелер келтірілген: жалпы мәселелер, негізгі міндеттер, функциялар, жауапкершілік, ветеринариялық қадағалау (бақылау), ветеринарияны мемлекеттік басқару Республикалық органдарының құқықтары. Бұл ережеде біздің елімізде ветеринарияны басқару бойынша қызметтің барлық мәселелері қамтылған.

Ветеринарияны мемлекеттік басқару облыстық органдарының ережелерінде де жалпы мәселелер, негізгі міндеттер, функциялар, жауапкершілік, ветеринариялық қадағалау (бақылау), ветеринарияны мемлекеттік басқару облыстық органдарының нұсқаулықтары келтірілген. Ережелерде Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында баяндалған және орындалуға міндетті заңнамалық нормаларды жүзеге асыру бойынша ветеринария қызметінің барлық тұстары толығымен келтірілген. Облыстық мемлекеттік ветеринариялық мекемелер әр облыста облыстық ветеринариялық зертхана, эпизоотияға қарсы бөлім және жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызмет түрінде болады. Облыстық мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің қызметтерін ветеринарияны мемлекеттік басқарудың республикалық органы бекіткен ережелермен регламенттелген. Шаруашылық есептік ұйымдар облыстық мемлекеттік ветеринариялық орган бекіткен жарғылар мен ережелерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Ережелерде осы ұйымдардың қызметіне қатысты жалпы сұрақтар, міндеттері, функциялары, жауапкершіліктері, емдік, профилактикалық, диагностикалық, эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитарлық, зоогигиеналық, облыс аумағындағы бақылау (қадағалау) сипатындағы жұмыс тәртіптері көрсетілген.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық істің мәні мен маңызы.

2. Мемлекеттік ветеринарияның жетекші рөлі неде.

3. Республикадағы жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызмет.

4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау, оның мақсаттары мен маңызы.

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 2749;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.017 сек.