Ветеринариялық қызметтің ғылыми қамтылуының ұйымдастырылуы
Қазақстанда ветеринариялық істің ғылыми қамтылуын Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігінң ғылыми мекемелері, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Қазақстан Республикасының биотехнология бойынша Ұлттық орталығы сынды мекемелері қамтамасыз етеді.
Ветеринариялық профильдегі ғылыми мекмелер қатарына жататыны: Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты (ҚазҒЗВИ) мен оның 5 облыстық ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансалары (ҚР АШМ құрамына кіреді); ҚР БжҒМ ғылым Комитеті Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты (БҚҒЗИ); Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М. Әуэзов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, сонымен қатар, Инновациялық Еуразия университеті.
ҚазҒЗВИ ғалымдары зерттеулерінің басты бағыты жануарлардың жұқпалы ауруларын профилактикалау мен күресу мәселелері. Олардың бруцеллез, туберкулез, гельминтоздар бойынша зерттеулері республикада алдыңғы орындарды иеленеді (А.А.Сұлтанов, А.С.Жұмаш, А.А.Әбутәліп, К.А.Тургенбаев, Л.Б. Құтымбетов и др.).
БҚҒЗИ (Гвардейский кенті, Жамбыл обл.) зерттеулері вирусологиялық бағытта өрбиді де аса қауіпті вирустық ауруларды (оба, шешек, Ауэски ауруы, Ньюкасл ауруы т.б.) профилактикалау мен күресу бойынша іргелі және қолданбалы ғылымдарда жетекші орындарды алады. Бұл институтта жануарлар мен құстардың вирустық ауруларына қарсы вакцина өндірісі қолға алынған (С.М.Мамадалиев, М.Б.Орынбаев, Н.Т.Битов, Б.М. Хайруллин т.б.).
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде ветеринария мәселелері бойынша зерттеулер институт кафедралары мен ветеринариялық биотехнология ғылыми орталығында жүргізіледі соңғысының құрамына 6 ғылыми зертхана кіреді, соның ішінде, вирусқа қарсы, паразиттерге қарсы биотехнологиялық зертханалар бар, яғни олардың атауларының өзі зерттеулердің биотехнологиялық бағытталған зерттеулер екендігін көрсетеді (Т.С.Сайдулдин, К.Б.Бияшев, Н.Н. Ахметсадықов т.б.).
Республикада жануарлар гигиенасы құтырық, қойлардың вирустық эктимасы, сальмонеллез, колибактериоз т.б. ауруларын диагностикалау, профилактикалау мен күресу бойынша жұмыстар жетекші орындарға ие деуге толық негіз бар.
Университет қызметкерлері «Антиген» атты ғылыми-өндірістік кәсіпорын ашты, ол республиканың барлық малшаруашылығына арнап құтырыққа және қойлардың вирустық эктимасына қарсы т.б. диагностикалық және емдік-профилактикалық препараттар шығару ісімен айналысады. Профессор Н.Н.Ахметсадықовтың жетекшілігінде «Ветеринария» журналын шығару ісі ұйымдастырылды, ол тоқсан аралығында бір рет шығарылып отырады.
Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ветеринария мәселелері бойынша зерттеулерді аграрлық факультет кафедралары өткізіп келеді. Бұлардың ішінде танымалы туберкулез, бруцеллез, паразитоздар мен жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын терапиялау сынды еңбектер (Е.О.Омарбеков, А.Байғазанов т.б.).
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде биотехнологиялық орталық жұмыс жасайды мұнда моноклоналды антиденелерді пайдалану негізінде жануарлардың инфекциялық ауруларын диагностикалаудың жаңа әдістерін құру бойынша терең іргелі жұмыстар жүргізілуде (А.Қ.Бұлашев, С.Н.Боровиков). Факультет кафедраларында инфекциялық және паразитарлық ауруларды диагностикалау, профилактикалау және емдеу бойынша тиімді әдістер құрастыру жұмыстары жүргізілуде (Б.С.Майқанов, С.Қ.Әбдірахманов, Б.К.Ибраев).
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ветеринария бойынша зерттеулер ветеринариялық факультеттің арнайы кафедраларында жүргізіледі (Г.Г.Абсатиров, Я.Кереев т.б.).
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ветеринариялық факультетінде ветеринариялық гигиена, листериоз, туберкулез және бруцеллез ауруларын профилактикалау және жою бойынша шаралар жүргізу тәрізді ғылыми зерттеулерді ерекше атап өтуге болады (В.И.Гершун, В.И.Пионтковский, П.Ш.Ибрагимов).
Ветеринариялық ғылым, кез келген өзге ғылымдар тәрізді айқын зерттеу мақсатын, міндеті мен зерттеу әдістерін ұстанады.
Барлық зерттеулер мемлекеттік, салалық, сала аралық ғылыми бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
Қазақстан ветеринариясының ғалымдары аталған бағдарламалардың барлық түрлері бойынша зерттеулерге қатысып келеді. Мысалы, БҚМҒЗИ мен ҚазҰАУ ҚР «Денсаулық сақтау саласының, ауыл шаруашылығының және өнеркәсіптің маңызды мәселелерін шешу бойынша биотехнологияны тиімді түрде пайдалану» мемлекеттік мақсаттық ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеді.
ҚазҒЗВИ мен С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғалымдары ҚР АШМ «Агроөнеркәсіп саласындағы қолданбалы зерттеулер» 042 бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Бағдарламадан тыс ізденушілік, ынталы тақырыптар жүргізілуі мүмкін. Әр ғылыми ұжымда тапсырма алу бойынша конкурстық таңдауға сәйкес тақырыптық жоспар жасалады, оны ғылыми кеңес немесе ғылыми-техникалық кеңес бекітеді. Әр тапсырма бойынша жұмыс бағдарламасы құрастырылады, оны ғылыми-әдістемелік кеңесте қарастрып, ғылыми мекме басшысы бекітеді.
Жұмыс бағдарламасына тапсырманың республика бойынша және шет елдерде зерттелу деңгейіне қатысты бөлімдер болуы керек; зерттеу бағдарламалары, орындау әдіснамалары; жұмыстарды өткізудің күнтізбелік мерзімдері; пайдаланылатын материалдар, құралдар, жабдықтар; жұмыс атқарушылардың еңбекақысы; тапсырма орындалуына қатысатын өзге бөлімдер мен ұйымдар; жұмысты аяқтау формасы; өндірістік тексерістер және аяқталынған ҒЗЖ практикаға ендіру; сметалық жұмыс калькуляциясы.
Жұмыс бағдарламасы жұмыстың барлық кезеңіне жасалады (3-5 жыл), ал әр жылға күнтізбелік жоспар жасалады. Бұл құжаттарға ғылыми жетекші және барлық орындаушылар қолдарын қояды.
Ғылыми жұмысты орындауға кіріспес бұрын патенттік зерттеулер өткізіледі.
Зерттеу барысында әр тақырып немесе тапсырма бойынша жұмыс журналдары жүргізіледі, онда барлық өткізілген зерттеулер мен қол жеткізілген нәтижелер жазылып отырады.
Жұмыс журналының материалдары ғылыми қорытындылар, тұжырымдамалар жасау үшін негіздеме болады. Журнал номерленеді, жіппен тесіліп бекітіледі, мөр қойылады, ол негізгі ғылыми құжат болып табылады. Мұнымен қатар, уақытша жазбалар, сараптамалар, акттер, жекелеген эксперименттер бойынша хаттамалар жүргізіледі.
Ғылыми қызмет туралы есептер МемСТ талаптарына сәйкес құрастырылады, оның түрлері: аралық, жыл сайынғы және ақтық, яғни зерттеу кезеңінің (тапсырманың) соңындағы есеп.
Ғылыми есеп құрылымына кіретін бөлімдер: мұқаба, орындаушылар тізімі, реферат, мазмұны, шартты белгілер терминдер анықтамасы, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімі, тіркемелер. Есепті ғылыми мекеменің басшысы бекітеді.
Қазақстанда ветеринариялық ғылымға қатысты төмендегі мамандықтар номенклатурасы (шифр) қолданылды:
16.00.01 - Фармакология, токсикология, диагностика және жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары;
16.00.02 – Патология, онкология, морфология;
16.00.03 - Ветеринариялық микробиология, вирусология, эпизоотология, микологиямен микотоксикология және иммунология;
16.00.05 – Ветеринариялық акушерлік және көбею биотехникасы;
16.00.06 - Ветеринариялық санитария, экология, зоогигиена және ветеринариялық-санитарлық сараптау;
16.00.09 - Паразитология.
Осы мамандықтар бойынша ветеринариялық ғылыми кадрлар дайындау жүргізілді, ол жұмыстар аспирантура, докторантура және ізденушілік негізде өткізілді. Аспирантурада оқу мерзімі 3 жыл, сырттай оқу мерзімі - 4 жыл, ізденушілік негіздегі ғылыммен айналысу мерзімі - 5 жыл. Докторантурада 3 жыл оқиды. Докторантураға ғылыми жетістіктері бар және докторлық диссертация тақырыбы бойынша айтарлықтай зерттеу бөлігін орындаған ғалымдар қабылданады.
Соңғы уақытта ғылыми кадраларды дайындау мамандарды дайындаудың көп кезеңдік деңгейі бойынша өткізіле бастады (бакалаврлар, магистрлер, PhD).
Диссертанттардың зерттеу жұмыстарының тақырыптары мен олардың ғылыми жетекшілерін мекеменің ғылыми кеңесі бекітіп отырды.
Аспиранттар, докторанттар мен бекітілінген ізденушілер жыл сайын атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп отырды (аттестациялаудан өтіп отырды).
Аяқталынған ғылыми жұмыстар (диссертациялар) кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған кеңесте бұқаралық қорғауға ұсынылып отырды.
Мамандандырылған диссертациялық ғылыми кеңестер ҚР БжҒМ бекіткен мамандандырылған кеңестер туралы ережеге сәйкес құрылып, қызмет атқарды. Диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған кеңестер құрамына тек ғылым докторлары ғана кіре алады, осы кезде қорғауға қабылданатын мамандық бойынша ғылым докторларының саны 5 тен кем болмауы тиіс.
Ғылым докторы ғылыми атағына іздену бойынша диссертациялар қорғауға қатысты мамандандырылған кеңестер аталған мамандық бойынша ғылым кандидаты ғылыми атағына іздену бойынша диссертацияларды қорғауға қабылдау құқығына ие болды.
Қазақстанда ветеринариялық ғылымдар бойынша үш докторлық мамандандырылған ғылыми кеңес жұмыс жасап тұрды. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде 16.00.02 – Патология, онкология, морфология, 16.00.03 - Ветеринариялық микробиология, вирусология, эпизоотология, микологиямен микотоксикология және иммунология сынды екі мамандық бойынша қорғауға докторлық және кандидаттық диссертациялар қабылданды.
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтында да 16.00.03 - Ветеринариялық микробиология, вирусология, эпизоотология, микологиямен микотоксикология және иммунология; 16.00.09 - Паразитология мамандықтары бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғауға қабылданып отырды.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 16.00.03 - Ветеринариялық микробиология, вирусология, эпизоотология, микологиямен микотоксикология және иммунология; 16.00.07 - Ветеринариялық акушерлік және көбею биотехникасы мамандықтары бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғауға қабылдаған болатын.
Диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған кеңестер ғылыми дәрежелер мен атақтарды тағайындап, ұсыну бойынша ҚР БжҒМ бекіткен ережелерді басшылыққа алады.
Бұл ережеде ғылыми атақтар тағайындалуы мен ғылыми атақтар берудің жалпы ережелері; арнайы мамандандырылған кеңестер жұмысының тәртібі мен оларды құруға, олардың жұмысына қойылатын талаптар; диссертацияға қойылатын талаптар; диссертацияны қорғауға ұсыну тәртібі; диссертацияларды білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінде қарастыру тәртібі келтіріліп, қарастырылған.
Диссертацияларға келесі талаптар қойылған:
Ғылым докторы ғылыми атағына іздену бойынша диссертация жүйеленіп, пайымдалған, ерекше еңбек болуы керек, онда маңызды әлеуметтік-экономикалық шешім жасалған, немесе жинала келе белгілі бір ғылым саласындағы болашағы бар бағыттағы жаңа жетістік ретінде қабылдана алатын іргелі ғылыми мәселенің шешімі келтірілуі керек.
Ғылым кандидаты ғылыми атағына іздену бойынша диссертация қолданыстағы білім саласы үшін айтарлықтай маңызы бар жаңа теоретикалық міндет шешімі келтіріліп жасалынған немесе маңызды қолданбалы міндетті шешуге бағытталынған техникалық, экономикалық, технологиялық және өзге әлеуметтік маңызы бар құрастырылымдарды автор ғылыми негізделінген түрде пайымдаған ғылыми еңбек түрінде болуы керек.
Диссертация жеке жазылған квалификациялық ғылыми еңбек болуы міндет.
Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1199;