Жануарлар құтырығы бойынша Қазақстан Республикасындағы жалпы жағдай

 

2 - сурет Құтырықтың эпизоотиялық үдерісі

 

Қолда бар оперативті және ресми статистикалық ақпараттарды талдау нәтижелеріне сүйенсек біздің елімізде 2007 жылдың басында бастама алған табиғи құтырық эпизоотиясы әлі күнге дейін жойылған жоқ. Тиісінше, ахуал өте күрделі, әрі қауіпті болып қала бермек. Ел өңірлерінде 2007 ж. аралығында жануарлардың құтырығы бойынша сау емес 99 елді мекен тіркеуге алынды, бұл 2006 ж көрсеткіштерден 26 елді мекенге көп. құтырық оқиғалары 8 облыста тіркелген.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде құтырық бойынша эпизоотиялық жағдай күрделі болып қала беруде. Соңғы 8 жыл ішінде осы аурудың табиғи ошақтары күрт белсене түскен, жабайы, үй етқоректі жануарлары (тек иттер) мен ауылшаруашылығы жануарлары арасында ауруға шалдығу оқиғалары жоғарылаған.

Құтырықтың эпизоотиялық үдерісінің сандық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы көрсеткендей, ауру 2003-2011 жж аралығында жыл сайын тіркеліп отырған, осы кезде құтырық оқиғаларының саны 28-ден 135 ке дейінгі аралықта ауытқыған (3 сурет).

 

 

3 - сурет ҚР жануарлар құтырығы оқиғаларының динамикасы

 

Сонымен суретте көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар құтырығын тіркелу динамикасының өзіндік сипаты бар. Мәселен 2003 жылы құтырықтың 69 оқиғасы тіркелсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 66 оқиғаны құраған, ал 2005 жылы 94-ке дейін жоғарылаған. Осы кезде құтырық тіркелуі бойынша баяу қарқын 2006 ж. және 2009 ж. байқалған, осы кездері тиісінше 28 және 37 оқиға тіркеуге алынған. Ал, 2005, 2007, 2010 және 2011 жылдары эпизоотиялық жағдайлар айтарлықтай нашарлап, жыл сайынғы оқиғаларды айқындау 94-тен 135 ауру жануарға дейінгі шаманы құраған.

Зерттеу барысында алынған мәліметтер құтырық кезіндегі эпизоотиялық үдеріс циклды өтетінін дәлелдейді, мұны осы аурудың табиғаттағы медиаторлары туыстастарының бір бөліктерінің өліп жойылуымен, сонымен қатар сезімтал жабайы және үй жануарларының құтырықтың табиғи ошақтарындағы сандарының кезеңімен өзгеріп отыратынын білдіреді, ал аталған көріністер профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралар өткізілуіне орай және шаруашылық-экономикалық факторлар әсер етуімен түсіндіріледі.

Құтырық бойынша төрт облыстағы (Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстары) диагностикалық зерттеулерге қатысты мәліметтер 4 суретте келтірілген. Осы талдау жұмыстары көрсеткеніндей құтырыққа қатысты осы төрт зерттеуге алынған облыстардағы диагностикалық зерттеу нәтижелері мен құтырыққа позитвті зерттеу оқиғалары ең көп зерттелген сынамалар мөлшері Қостанай облысында байқалған, олардың саны 543 сынамаға тең болса, оң нәтиже бергендері 183 (33,7%) болған. Солтүстік Қазақстан облысында 485 сынама зерттелген, осы кезде құтырық вирусы 11 сынамада анықталған, 2,3%. Ақмола және Қарағанды облыстарында зерттелген 35 және 36 сынаманың оң реакция бергендері тиісінше 12 (34,3%) және 4 (11,1%) сынама.

 

 

4 - сурет Диагностикалық зерттеулер мен құтырықты позитивті диагностикалау оқиғаларының саны

 

Алынған мәліметтер көрсеткеніндей, осы облыстар ішінде, жануарлардың құтырығы бойынша ең күрделі эпизоотиялық жағдай Қостанай облысында байқалып отыр,мұнда ҚР төрт облысында тіркелінген барлық оқиғалардың 87,2% тіркелген. Ал, Ақмола облысында зерттелегендердің оң реакция бергендерінің ең жоғарғы көрсеткіші (34,3%), бұл өңірдегі қауырт та күрделі эпизоотиялық жағдай байқалатынын білдіріп, ауқымды, кешенді эпизоотологиялық мониторинг өткізілуін талап етеді.

Эпизоотиялық үдерістің интенсивтілігіне және нақты бір аумақта құтырық таралуына әсерін тигізетін факторлардың бірі изодемиялық картада бейнеленіп көрсетілген сезімтал жабайы жануарлардың орналасу тығыздығы болып табылады (5 сурет).

 

5 - сурет зерттеуге алынған облыстар бойынша изодемиялық карта (n=4)

Орташа көрсеткіш – 4 облыстағы жабайы жануарлар саны – 0,0835 бас/кв.км.

 

Етқоректі жануарлар арасында құтырық бойынша позитивті оқиғалар ішінде түлкі құтырығының басым түсетінін атап өткен жөн. Мұны зерттеуге алынған республиканың әкімшілік (облысатр) бірлестіктер аумақтарында жабайы жануарлар ішінде түлкілердің көп болуымен түсіндіру керек.

 

 

 

6 - сурет Республика аумағының зерттеуге алынған әкімшілік бірліктеріндегі (облыстар) жабайы етқоректілердің пайыздық қатынасы

 

Төменде келтірілген 6 суретте, түлкі туыстастығы сандары мен олардың республикамыздың зерттелетін аумақтарындағы сау емес елді мекендер санына тигізетін әсері нақты көрсетілген. Атап айтқанда аталған жануарлардың ең аз мөлшері Қарағанды облысына тиесілі, бұл осы облыстағы эпизоотиялық жағдайға да өз әсерін білдірген.

Сонымен қатар, тұрғындардың үй жануарларымен байланыста болуы жабайы жануарлармен қатынасына қарағанда едәуір жоғары екені түсінікті, яғни адамдардың құтырықтан өлімге ұшырауы осы үй жануарларымен болған байланысқа қарай туындалады.

Мәселен, 2011 жылы Қостанай облысы бойынша 2 825 тіркелінген оқиғада адамдар иттердің тістеп алуынан зардап шеккен, ал жабайы жануарлар тістеулері 636 рет тіркелінген, бұл барлық тіркелген оқиғаларға шаққанда 18,4% құрайды. Зерттелінген уақыт ішінде облыс бойынша медициналық көмекке тістеп алу оқиғалары бойынша 3607 адам шағымданған, осы кезде 30 оқиға барысында тістелінген адамдарда құтырық диагнозы расталған. Аталған фактылар өңірдегі күрделі эпизоотиялық және эпидемиялық жағдайды нақтылайды және инфекция ошақтарын зерттеу, ауруларды жоюға қатысты кешенді шаралар ұйымдастыруды талап етеді.

Қазіргі шақта Қостанай облысы бойынша жабайы және бұралқы етқоректілерді аулау және жоюмен айналысатын 21 арнайы бригада жұмыс жасайды. Осылайынша, өткен жылы олар 1785 ит, 48 мысық, 56 қасқыр, 178 түлкі мен қарсақ аулап, жойған.

 

 

7 - сурет Қостанай облысы бойынша жануарлардың адамдарды тістеу, тырналау т.б. тіркелінген оқиғалары.

 

Қостанай облысы бойынша адамдардың тістелуі, сілекеймен шалынуы, тырмалануы т.с.с фактілердің тіркелу динамикасы 7 суретте көрсетілген. Айта кетері бұл жерде тек медициналық мекемелерде ресми тіркелінген жануарлардың адамдарға шабуылдау оқиғалары ғана тіркелінгенін есеп ұстауымыз керек.

Эксперименталды ветеринария ВНИИ деректері бойынша (Мәскеу қ.) 2007 ж. Қазақстан Республикасымен шектесетін аумақтарда (Алтай өңірі, Челябинск, Орынбор, Самара облыстары) құтырық ауруы өзге де жабайы жануарларда тіркелген: атжалман (9 оқиға), қарсақ (9), сілеусін (3), жабайы мысық пен күзен. Эпизоотиялық үдеріске өзге бөлім өкілдері де жұмылдырылған.

Құтырық егеуқұйрықтарда (4 оқиға), атжалмандарда (2 оқиға), бұланда, теңбіл елікте, тиінде, ондатрада, қоянда, үкіде диагностикаланған. Мұндай көрініс табиғи эпизоотия шарықтауы кезінде бой алады.

Аталған кезеңдерде ауылшаруашылығы және үй жануарлары құтырығын профилактикалау мәселесін көтеру керектігі заңды түрде алға шығады. Ірі қара мал шығыны 2007 ж. 128 басқа дейін өсті. Көптеген сау емес елді мекендерге айтарлықтай экономикалық шығын келтірілген, себебі жекелеген оқиғалар ғана тіркеліп қойған жоқ, ірі ауру ошақтары да тіркеліп, шығындар ондаған жануар бастарын құраған (Қостанай және Батыс-Қазақстан облыстары). Табиғи эпизоотиялар жоғарылауының тікелей әсері иттер арасында аурулардың жиілеуі түрінде байқалды. Өлген үй жануарларының ешқайсысы вакцина қабылдамаған. Мұнымен қатар маңызы зор тағы бір фактыны атау керек – бұралқы, үйсіз-күйсіз яғни иелері жоқ иттер мен мысықтарда құтырық тіркелу оқиғалары жиілеген.

Жыл аралығында тіркелінген құтырық оқиғаларының ішінде иттердің үлесіне 35,9%, мысықтарға - 0,99% келген. Ірі қара мал шығыны да жоғары шаманы қамтыған (24%). Өзге ауылшаруашылығы жануарлары шығынының үлесі барлық тіркелген құтырық оқиғаларына шаққанда 3% құраған.

Абсолютті тұрғыдан алғанда ірі қара мал шығыны (128 бас) соңғы 8 жылдағы ең ірі болып табылған. Ауруға шалдыққан иттердің де саны осындай максимумды құраған (39).

2010 ж. аурудың түрлік құрылымындағы өңірлік өзгерістер айтарлықтай шамада ауытқыған. Жабайы жануарлар арасында құтырық оқиғаларының басым болуы Атырау, Батыс-Қазақстан, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарына тән көрініс болса, Солтүстік Қазақстан аймақтарында алдыңғы қатарға иттердің аурулары, шығыста ірі қара мал құтырығы шыққан.

Қол жетікзіліген мәліметтер В.В.Макаровтың деректерімен сәйкеседі, оның атауынша қазіргі уақытта РФ табиғи-ошақтық құтырықтың «батыс-шығыс» векторында ауытқуы орын алуда, бұл республиканың шекаралас аумақтарына өзінің әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі.

Табиғи эпизоотияға тән құтырықтың мерзімділігі де сақталынған (қаңтар-сәуір айларында көп ауыру байқалса, мамыр-маусымда оның сәл төмендеуі және келесі айларда бірте-бірте жоғарылауы). Табиғи эпизоотия жоғарылауының басты себептерінің бірі табиғи жағдайлар, олар түлкілердің, сондай-ақ өзге жабайы ит тұқымдастарының ұрпақтарын сақтап, сандарын өсіру үшін қолайлы жағдайлар тудырған. Осы жануарлар туыстастықтарының тығыздығын тиісті түрде «аңшылық әдістерімен» реттеп отыру жолға қойылмаған болып шықты.

Нәтижесінде табиғат ананың өзі эпизоотия реттеушісі болды. Қазақстан мен РФ бірқатар облыстарында бой алған дала және орман өрттері аурудың таралуына ықпал еткен лажсыз ауру миграциясын тудырған болуы керек. Дегенмен басты рөл ойнағаны жыртқыштар биологиясының ерекшеліктері (ең алдымен түлкілердің), олардың белсенділігіне қатысты заңды мерзімдік өзгерістер. Түлкілердің мекендеу аймақтарының елді мекендерге, саяжайлар, бақшалы аймақтар орналасқан жерлерге жақындау фактілері белгілі. Тиісінше, ірі елді мекендердің аумақтарында, малшаруашылығы аймақтарында, жайылымдардағы мал табындары ішінде, ауыл көшелерінде ауруға шалдығып, адасып қалған, сақтығын жоғалтқан жануарлардың пайда болуы заңды. Сол себептен үй жануарларына шабуылдаулар, ит, мысықтармен қатынасқа түсуі мүмкін.Табиғи құтырыққаэпизоотияның циклды және мерзімді байқалулары мен азаюлары тән.

Жақын арадағы жылдарға құтырық бойынша жасалынған болжам күмәнді. Бұл аурудың сақталынып қалған табиғи ошақтарымен байланысты. Қостанай, Батыс-Қазақстан, Атырау облыстарында жабайы жануарлар мен иттер арасындағы, Шығыс-Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан облыстарында ірі қара мал құтырығы байқалады деген болжамдар бар.

Республикада құтырыққа қарсы өткізілетін шаралардың талдауы бірқатар себептерге орай олардың тиімділігі өте аз екендігін көрсеткен:

- қоздырушының симптомсыз айналымын анықтау бойынша, әсіресе вакцинация қабылдаған жануарлар арасында диагностикалық зерттеулер өткізу мәжбүрлігі;

- вирус айналымындағы жабайы жануарлар рөлін (табиғи-ошақтылық) анықтау бойынша зерттеулер өткізу қажеттілігі;

- қоздырушыны молекулярлық-генетикалық деңгейде зерттеу арқылы идентификациялау бойынша зерттеулер жүргізілу қажеттілігі;.

- ауру енуі мен таралу қауіпі жоғары аймақтарда өндірістік ветеринариялық қызмет пен қадағалаушы органдарға жеке жауапкершілік жүктей отырып белгіленген тәртіпте эпизоотологиялық зерттеулер өткізу қажеттілігі (мемветинспекторлар, ұйымдардың (мекемелердің) ветеринария мамандары);

- жануарлар мен жануар текті өнімдер мен шикізаттарды тасымалдау ісінің нашар бақылауда болуы;

- әр өңірлердегі құтырықтың эпизоотиялық үдерісіндегі жабайы жануарлардың рөлін зерттеу;

- вакцинацияланған жабайы жануарлар иммунитеті қарқындылығының деңгейі.

Сандық түрде көрсетілінген және картографиялық түрде бейнеленіп көрсетілген (визуализацияланған) нақтылы жағдай мен республика аумағында құтырық ауруының прогрессивті ауысып жылжу болжамы көрсетуінше осы ауру ошақтарының көп бөлігі құтырықтан сау емес болып табылатын РФ солтүстік-шығыс және батыс өңірлерімен шекараласатын Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарына келеді. Орын алып отырған жағдай өзге ведомстволармен (аңшылық-орманшылық қызметі т.б.) және белгілі бір мемлекеттің ветеринариялық қызметтерімен бірлесе отырып эпизоотияға қарсы шаралар өткізу қажеттігін білдіреді. Сонымен қатар, аталған аурудың жабайы жануарлар арасындағы жайын бақылау шаралары өткізілуі керек (пероралды вакцинация, серологиялық бақылау және лажсыз атып жою шаралары т.б.).

Жабайы табиғатта құтырықпен күресу әдістерінің салыстырмалы тұрғыдан алғандағы депопуляциялауды, немесе профилактикалық шаралар өткізілуі түріндегі көріністері 4 кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей әр әдістің өзіндік артықшылықтары мен кемшін тұстары бар.

Табиғи-ошақтық және зооантропонозды инфекциялар бойынша эпизоотиялық ахуал қауырт болып қала беруде, мұны көптеген белсенді табиғи ошақтардың, жануар аурулары бойынша сау емес стационарлық мекендердің сақталуымен және профилактикалық, індетке қарсы шаралардың уақтылы өткізілмеуімен, олардың нәтижесіз болуымен түсіндіріледі. Тұрғындар денсаулығына жыл сайын аталған ауруларға қатысты сау емес елді мекендердің, табиғи ошақтардың анықталып отыруы, жануарларды сою және жануар текті өнімдер мен шикізаттарды ұқсату кезінде ветеринариялық-санитарлық ережелердің бұзылулары, бұралқы ит-мысықтармен күресу мәселелері, жабайы жануарлар арасында ауруларды бақылауға алу мәселелері, т.б. үнемі қауіп төндіріп отырады.

Көше жануарлары эпизоотология, эпидемиология тұрғысында қызығушылық тудыратындар санатына жатады, олар бірқатар инфекциялық, инвазиялық аурулардың негізгі немесе қосымша резервуарлары болып табылады. С.А. Дудников мәліметтері бойынша қала жағдайында құтырық байқалуының ең басты себебі, көзі синантропты кеміргіштер емес мысықтар мен иттер болып саналады. Сонымен қатар, көше жануарлары бірқатар векторлық антропоноздардың (гемморагиялық қызба, энцефалиттер т.б.) шоғырлану көздері болып табылады.

Автордың мәлімдеуінше Мәскеу қ. аумағында көше жануарлары қалдыратын нәжістік-уриналық массалар (ауру таралуы мен қоршаған ортаның ластануындағы маңызды фактор) күніне 5 тоннадан асып жығылады, бұл санитариялық тұрғыдан алғанда апатты жағдай (жылына 1825 тонна).

Үй жануарлары (ең алдымен иттер) жыл сайын Ресейде 500 мың адамға дейін жарақаттайды (бұл тек Мемэпидқадағалау орындарында тіркелінгендері ғана). Осы кезде дәрігерлік көмекке жүгінгендердің 12% дейін жарақаттарлдан соң бір тәулікке шейін еңбекке жарамсыз болып қалады, ел бойынша шығындар 750 млн рублден асады, ал антирабикалық жәрдем жасалуы 2001 ж есеппен алғанда 232 мың адамнан асатынын ескеретін болсақ (Онищенко Г.Г., 2002), осы көрсеткіш бойынша шығындар көлемі жылына 1 млрд. рублден асады.

 

Кесте 4 – Жабайы табиғатта құтырықпен күресу шаралары

 

Көрсеткіш Депопуляция (атып алу, аулау, уландыру) Оралды (ауыз арқылы) вакцинация
Ауқымы Географиялық шектелген кеңістіктерде ғана тиімді болуы мүмкін Тиімді кең ауқымды қолданылуы мүмкін
Ұзақ уақыттық әсер Уақытша ғана әсер береді Ұзақ мерзімді әсер береді
Қолданылу ұзақтығы Үнемі өткізілуі керек, себебі жануарлар туыстастық санын жылдам қалпына келтіріп отырады Құтырықты толығымыен жойғанша өткізіп отыру керек
Жануарлардың жарамсыз қозғалуына тигізетін әсері Өзге өңірлерден жануарлардың миграциясын (көшіп келуін) ынталандырады, ал олар қайтадан ауруды ендіреді Миграцияны ынталандырмайды, себебі ол жануарлар өліміне әкеліп соқтырады
Адамгершілік Көптеген елдерде жануарларға қиянаттылық жасауға тыйым салынған Адамгершілік шаралары
Экология үшін қауіптілігі Қоршаған орта үшін қауіптілігі Қоршаған орта үшін қауіпі зор емес

 

Зерттелінген аймақтар бойынша құтырықтың эпизоотиялық үдерісіне қатысты біздер өткізген зерттеу нәтижелері де аталған инфекция байқалуының басты себебі бұралқы ит, мысықтардан болатынын көрсетеді, ал олар инфекция тасымалдаушылары болып саналады.

ЭВВИ мәліметтері бойынша құтырық диагностикаланған оқиғалар ішінде ауру медиатры мен көзі ретіңнде ит, мысықтар түлкілермен қоса бірінші орынды иеленеді (еліміз бойынша 1996-2002 жж аралығында ауырған барлық жануарлардың 31%). Ресей мәліметтері бойынша Оңтүстік федерелды округта (ОФО) құтырық антропоургиялық сипат алған: 2001 жылы тіркелінген 554 сау емес елді мекендердің 245 (44,2%) иттерден (149) және мысықтардан (96) болған. Осетияда 2001 жылы құтырықтан 6 адам көз жұмған (жалпы алғанда бұл округ адамдардың құтырықтан өлуінің 59,9% жауапты). Авторлардың мәліметтерінше құтырық вакциналау профилактикаласына қатысты жағдай қиын, себебі қазіргі уақытта РФ жыл сайын 5 млн а/ш жануарлары вакцина қабылдайды, олардың ішінде етқоректілерге келсек ол небәрі 2,5 млн.құрайтын көрінеді.

Үй етқоректілері медиатор болып саналатын аурулардың өршуіне ықпал ететін факторлар жануар иелеренің жауапсыздығы, тұрғындардың олардың жануарларынан қоршаған ортаға келтіретін қауіпі туралы аз мағлұматтар алып отыруы, жануарларды ұстауды регламенттейтін қолданыстағы заңнамалық базалардың болмауы, көше жануарлары санын көбейтпеу бойынша бағдарламалар болмауы немесе олардың тиімсіз жұмыс жасауы.

Қазіргі уақытта көше жануарлары туыстастықтарының санын реттейтін, оларды азайтуға бағытталған шұғыл шаралар мен жануар иелерінің ит, мысықтарды ұстау бойынша қарапайым, күнделікті нормаларын ұстану тәртібін қатаң бақылау шаралары қолданылуы керек.

Көше ит, мысықтары туыстастарының санын бақылауға алу төрт стратегияға сүйене отырып өткізілуі мүмкін: (1) үдерісті өздігінен реттеу бойынша ешқандай өзіндік жеке шара қолданылмауы тиіс; (2) көшедегі жануарларды аулап, оларды қабылдап бағып-күту орындарына орналастыру; (3) жануарларды аулау, зерттеу, емдеу/вакцинация, жануарларды стерилизациялау және бұрынғы мекендеу орындарына қайтару, кейіннен денсаулық жағдайларын мониторинглеу; (4) жою шараларын өткізіп отыру (Slater M.R.,2001).

Бірінші (1) әдісті жүзеге асыру Үндістан мен Бангладеш тәжірибелері көрсеткеніндей жануарлар туыстастығын қатаң бақылауға алмаса көптеген адамдардың өлімін тудыруы ықтимал екенін көрсеткен (rabnet. WHO. int). Ал, (2) және (3) әдістер көше итттері мен мысықтарының саны көп болуына, қаржылай және материалдық қорлар болмауына, сонымен қатар жүзеге асыратын адамдар аз болуына орай осы кезеңде жүзеге асырылына алады. Шын мәнінде жою шаралары арқылы туыстастық санының қысқару стратегиясы жүзеге асырылуы мүмкін (4). Көше жануарлары санын жою арқылы қысқартудың адамгершілікке жатпайтыны жайындағы пікірілер кәсіби емес мамандардың «біздің өз меншігімізге, қамқорлығымызға алған жануарлар» үшін жауапкершілігімізді жасыру пиғылындағы ойдан шығарған пайымдауларымыз. Жабайы фауна санын реттеу – танылған, және қолданыс тапқан зоотехникалық және аңшылықтану саласының тәсілі.

Жануарлар туыстастығы санын азайту стратегиясын жүзеге асыру (одан өзге кез-келген стратегияны да) кезінде 3 фактор ескерілуі керек, олардың орындалмауы кез-келген талпыныстарды жоққа шығарып, әдісті дискредитациялайды:
- жою шаралары үнемі қолданылатын болулары керек;

- аталған шаралар иттер мен мысықтардың биологиялық циклдарын ескерулері және мауығу (ақпан-наурыз) және орнығулары (қыркүйек-қазан) кезеңдерінде белсендірілуі керек;

- шараларды жоспарлау жеткілікті болу принципіне сүйене отырып жасалуы керек: туыстастықты тек жыл аралығында 80% және одан көп шамаға қысқарту өздігінен қалпына келу, келер жылдары азайған санын толтыру қабілетінің жоғалуына әкеліп соқтырады.

Құтырыққа қарсы басты эпизоотияға қарсы шаралар келесі шаралар өткізілуінен құрастырылуы керек:

1. Эпидемиологиялық қадағалау (мониторинг). Үйсіз-күйсіз жануарларды мониторинглеу тұрақты түрде өткізіліп отыруы керек, өйткені құтырық бойынша жағдайды бақылауда ұстау мен аталған аурудың таралмауына жол бермеу осы істерге тікелей байланысты. Құтырыққа барлық ауланған бұралқы жануарлар зерттелуі керек, оның негізінде жойылуы тиіс жануарлар айқындалып, диагноз нәтижелері жайында бірден ветеринариялық және медициналық қызметтерге хабар жеткізіліп отыруы керек.

2. Жалпылай вакцинациялау. Құтырыққа қатысты эндемиялық аумақтардағы вакцинацияланған антирабикалық антиденелердің аз дегенде (минимум) 70% иттердегі деңгейі 0,5 ХБ/мл болуы керек. Әдетте иттер мен мысықтарды жасы мен жынысына қарамастан жыл сайын вакцинациялайды. Жалпылай вакцинациялау үшін тек инактивирленген вакциналар пайдаланылады. Жабайы жануарларды пероралды вакцинациялап, иммундық күйін бақылауға алып отырады.

3. Иттер туыстастығы санын бақылауда ұстау. Үйсіз-күйсіз жануарлардың санын шектеу бойынша басты шара азықтық базасына шектеу қою. Бұл қымбат тұратын, дегенмен тиімді шара, болашақта оны тұрмыстық қалдық контейнерлеріне жетуіне шектеу қою, уақтылы дератизациялау, тұрғындармен ақпараттық-түсініктемелік жұмыстар жүргізу.

Алынған нәтижелер талдауы көрсеткеніндей тұрғындар саны мен жануарлар санының тығыздығына қатысты деңгейлер әр облыстарда айтарлықтай айырмашылық құрайды, бұл өз алдына өңірлердегі эпизоотиялық жағдайға тікелей әсерін тигізеді.

Аурудың таралу қауіпі жоғары аймақтарда жабайы етқоректілер санын реттеу және барлық үй жануарларын вакцинациялау ұсынылады, ондай аймақтар: Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Ақмола, Батыс-Қазақстан облыстарында ірі қара малды; Атырау, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан облыстарында қой мен ешкі; Батыс-Қазақстан, Атырау облыстарында жылқы; Батыс-Қазақстан, Атырау облыстарында түйе.

Ауру таралу қауіпі орташа немесе аз аймақтарда құтырық ошақтары пайда болған кездері айналдыра вакцинациялау өткізу ұсынылады. Жалпылай вакцинация өткізу ұсынылмайды.

Сан түрінде келтірілген және графикалық бейнеленіп көрсетілген (визуализацияланған) нақтылы көрініс пен республика аумағында құтырықтың болжамды түрде прогрессивті дамуы қайшылық тұрғысындағы ескерту мен тиімді мемлекеттік антирабикалық бағдарламалар жасалуы керектігін ұғындыру деп қарастыруымыз керек.

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1400;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.033 сек.