Стардың жоғары патогенді тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай

 

Қазақстанда алдыңғы жылдардағы осы ауру бойынша эпизоотиялық жағдайды ескере келе, сонымен қатар әлемдік ахуалды ескере отырып эпизоотияның орын алу мүмкіндігі зор екенін атап өткен дұрыс. Ауру таралуының басты қауіпі жабайы жыл құстарынан, әсіресе үйректерден, қаздар мен аққулардан төнетінін есте ұстаған жөн.

Сібір аумағына жыл құстарының көктемгі қоныс аудару легі Қазақстан арқылы негізгі үш бағыт бойынша өтеді, 19 - сурет Африка және Оңтүстік-Еуропа қыстақтарынан келетін жол Батыс-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарын қамтиды; пәкістандық қыстақтардан қоныс аудару (миграция) Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстары арқылы өтеді; үндістандық қыстақтардан келетін құс жолдары Республиканың шығыс және солтүстік өңірлерін қамтиды. Күзгі миграция да аталған жолдармен өтеді.

Барлық миграцияны үш кезеңге бөліп қарастыруға болады – ерте келетін жыл құстары, орта мерзімде және кеш мерзімде келетін жыл құстары, осы тұрғыда ерте, орта және кеш қайтатын құстар легін айырады. Бұл құбылыс қоршаған ауа ортасы температурасына байланысты болады. Ерте келетін көктемгі жыл құстары қатарына вирус тасымалдаушы құс түрлері – үйрек, қаз, аққу кіреді, ол ауа ортасы температурасының орта есеппен алғандағы шамасы 5-10ОС өтеді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жаппай ұшып келу шамамен алғанда ақпан айының жиырмасыншы жұлдыздарына, ал солтүстік аймақтарында сәуірдің екінші онкүндігіне келеді.

Осылайынша, көктемде вирус тасымалдаушылар қатысуымен латентті инфекция енгізілуі орын алады, шілде-қыркүйек айларында су құстарының организмдері арқылы вирустың табиғи пассажы, вируленттіктің күшейуі мен инфекция дамуы орын алады.

Төменде келтірілген суретке сәйкес мынандай жағдайлар анықталынды: шынайы қауіп төндіру аймағы (Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік аудандары), қауіп төндіру аймағы (Қостанай облысы, Шығыс-Қазақстан облысының оңтүстік аудандары, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарының солтүстік аудандары, Ақтөбе және Атырау облыстарының оңтүстік аудандары) және бақылау аймағы (Қазақстанның оңтүстік және Батыс облыстары).

 

 

19 - сурет Қазақстан аумағы арқылы жабайы жыл құстарының қоныс ауыстыруы (миграция) бойынша негізгі ұшу жолдары

 

2007 жылы әлемде құс тұмауы 33 елде тіркелінген. Бұл негізінен оңтүстік-шығыс Азия, Африка, Еуропа елдері. Болжам құс тұмауының қай жерде тіркелетініне байланысты.

Аурудың оңтүстік-шығыс Азия елдерінде тіркелуі жағдайында көктемде құс тұмауының Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарының аумағына енгізілу қауіпі арта түседі. Егер ауру Еуропада немесе Африкада тіркелінсе тұмау енгізілу қауіпі Қазақстанның Батыс облыстарына төнеді.

Күзгі миграция кезінде қауіп Ресей Федерациясының шекаралас облыстарынан төнетін болады да тиісінше Қазақстанның шығыс, солтүстік және батыс аймақтары күдік үстінде болады.

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 914;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.