Агроорманмелиоративтік шаралардың өзендердің сулылығына тигізетін ықпалын МГИ әдістемесі бойынша бағалау

Агроорманмелиоративтік шаралардың ағындыға тигізетін әсерін бағалау әдістемесі және осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижелері В.Е. Водогрецкийдің ғылыми мақалалары мен монографиясында және 1976 жылы жарияланған әдістемелік нұсқауларда егжей-тегжейлі баяндалған. Әдістемені әзірлеу кезінде су жинау алабының көпжылдық су теңдестігі теңдеуі негіз ретінде қабылданды. Алаптың су теңдестігіне сәйкес алапқа түсетін орташа жауын-шашын мөлшері өзгеріске ұшырамаған жағдайда ағындының беттік және жер асты құраушыларының өзгерісіне дәл сондай су жинау алабындағы жиынтық буланудың мәні сәйкес келуі тиісті. Агроорманмелиоративтік шаралардың әсерінен ағындының өзгеруін бағалауға арналған формула келесі түрде жазылады:

 

(1)

 

(2)

 

мұндағы - өзенге кеелетін жиынтық ағындының немесе көлге келіп құйылатын ағынның өзгеруі;

, , - беткейлік ағындының тиісінше гидрографиялық желіде қосымша қардың жиналуы арқылы орнына толуын есепке ала отырып жыртылған жерлерде (ж.ж.), орманда (ор.) және орман жолақтарында (ор.ж.) беткейлік ағындының орта есеппен төмендеуі;

, , - ыза сулары ағындысының немесе сол пайдаланылатын жерлерде ыза суларының атмосфералық жауын-шашынмен қоректенуіңің орташа есеппен артуы;

, , - агроорманмелиоративтік шараларды жүргізгеннен кейін ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерде жиынтық буланудың өзгеруі;

, , - пайдаланылатын жекелеген құмдақ (құм.) (жеңіл саздақты) және саздақ (саз.) (мейлінше саздақ) жерлердің алаптың жалпы ауданын бір деп қабылдаған жағдайдағы бірлік есебімен алынған бөлшегі.

(1)-шы және (2)-ші формулалар өзен ағындысының интегралдық мәнінің өзгеруі беттік ағындының және ыза сулары ағындысының өзгеру мәндерінің алгебралық қосындысынан немесе жекелеген пайдаланылатын жерлердің жекелеген аудандарында жиынтық буланудың өзгеруінен құралады.

Ағындының беттік құраушысының өзгеруін бағалау келесі түрдеге тәуелділікті тұрғызудың және талдаудың негізінде жүзеге асырылады

 

(3)

 

мұнда - қысқы-көктемгі беткейлік ағынды коэффициенті;

- ағынды қалыптасатын кезең алдындағы топырақтың 1 метр қабатының ылғалдылығы дәрежесін топырақ-грунттың тоңдану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш (индекс);

- беткейдің еңістігі;

- ағынды қабаты;

- қардағы ең мол су қоры;

- ағынды қалыптасатын кезеңде алапқа түсетін жауын-шашын мөлшері.

- индексі топырақ-грунттың ылғал өткізгіштігінің көрсеткіші: индекс неғұрлым үлкен болса, ағынды коэффициент соғұрлым жоғары болады және керісінше.

Жоғарыдағы (3) формула түріндегі тәуелділік агроорманмелиоративтік шаралардың беткейлік ағындыға тигізетін ықпалын сулылығы әртүрлі кезеңдер үшін тың жерлердің, сүдігер жыртылған және орманды беткейлердің байланыс графигі бойынша есептелген қысқы-көктемгі ағынды коэффициентінің орташа мәндерін индекстің өзара тең мәндерімен және беткейдің еңістігімен салыстыру жолы арқылы бағалау үшін пайдаланылады. Салыстыру нәтижелері беттік ағындының жыртылған беткейлерде анағұрлым төмендегенін, оның үстіне ағындының төмендеуі зонаның жылпы ылғалдылығына, жылдың сулылығына, топырақ-грунттың сипатына және беткейдің еңістігіне тәуелді. Жырту тереңдігінің және эрозияға қарсы жүргізілетін шаралардың беткейлік ағындыны төмендетуге тигізетін ықпалы тәжірибе жолымен алынған арнайы коэффициенттерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

 








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1140;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.