Арыз капиталының құрамы мен банк капиталын тарту құнын бағалау
Қарыз капиталы – кәсіпорын капиталын қаржыландырудың қарыз көзі арқылы қалыптасқан бөлігі.
Корпорацияның қарыз капиталының құрамына:
1) қысқа мерзімді несие мен қарыз;
2) ұзақ мерзімді несие мен қарыз;
3) кредиторлық берешек (тартылған қаражат нысанында) кіреді.
Қысқа мерзімді несие мен қарыз айналым активтерінің орнын толтыратын көз болып табылады.
Қарыз алушы компанияның алынған несие мен қарыз бойынша қарыз берушіге берешегі бухгалтерлік есепте қысқа мерзімдіге және ұзақ мерзімдіге бөлінеді. Берешек мерзімдіжәне мерзімі өтіп кеткен болып бөлінеді.
Алынған қарыз бен несие бойынш берешекті өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан аспайтын берешек қысқа мерзімді болып саналады. Алынған қарыз бен несие бойынша берешектің өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан асатын берешек ұзақ мерзімді берешекке жатады.
Алынған несие мен қарыз бойынша берешектің өтеу мерзімі әлі келмесе немесе белгіленген тәртіппен ұзартылса берешек мерзімдідеп саналады. Алынған несие мен қарыз бойынша қарызды өтеудің шартты мерзімі өтіп кеткен берешек мерзімі өтіп кеткен деп аталады.
Қарыз алушы есептік саясатқа сәйкес ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге ауыстыруға немесе өзінің иелігіндегі қарыз немесе несие шарты бойынша өтеу мерзімі 12 айдан асатын қарыз қаражатты көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұзақ мерзімді берешек құрамында есептеуге құқылы. Акционерлік қоғамға вексель беру, берілген қарыз міндеттемесі деп аталатын корпоративтік облигация шығару және оны сату арқылы қарыз қаражат тарту құқығы берілген.
Қарыз алушы шетел валютасында берілген немесе көрсетілген қарыз немесе несиенің берешегін несиелік операция нақты жасалған күні ҚР Ұлттық банкінің қолданыстағы бағамы бойынша есептейді. Қарыз алушының банкіден алынған несиесін қайтаруы бухгалтерлік есепте оның кредиторлық берешегінің азаюы (өтеуі) ретінде көрсетіледі. Несие алумен және оның пайдалнумен байланысты шығынға кредитор –банкіге төленуге тиіс пайыз кіреді. Алынған несие бойынша жұмсалынған шығын осы шығын жұмсалған кезеңнің шығысы ретінде саналады. Қарыз алушы оны операциялық шығыс құрамында есептейді
Қысқа мерзімді несие мен қарыз бухгалтерлік баланста қарыз алушының айналым активін қалыптастыратын қызсқа мерзімді міндеттеме ретінде көрсетіледі. Алынған несие мен қарыз бойынша берешек сомасына есепті кезеңнің соңында төленуге тиіс пайыз есептеліп көрсетіледі.
Есептелген пайыз сомасы бөлек есептеледі. Қысқа мерзімді несие мен қарыздың түрлері бойынша талдамалы есепті кредиттік ұйым мен қарыз қаражат беретін өзгеде қарыз беруші жасайды.
Сырттан тартылған ұзақ мерзімді капитал (несие мен қарыз нысанында), әдетте айналымнан тыс активті қаржыландыруға жұмсалады. Айналымнан тыс активке негізгі құрал-жабдық объектісі, мүліктік кешен және сатып алуға және салуға қомақты шығынды қажет ететін осындай актив жатады. Негізінен қайта сату үшін сатып алынған объект тауар ретінде саналады және инвестициялық активке жатқызылмайды. Инвестициялық қарыз сатып алуға және салуға тікелей қатысты алынған несие мен қарызға жұмсалған шығын объектінің құнына енгізіледі және бухгалтерлік есеп ережесінде активтің амортизациясы қарастырылмаған жағдайды қоспағанда, амортизация есептеу арқылы өтеледі.
Инвестициялық актив сатып алумен және салумен тікелей байланысты алынған несие мен қарызға жұмсалған шығын акционерлік қоғам келешекте экономикалық пайда алуы ықтимал деген оймен немесе осы актив ұйымның басқарушылық мұқтажына қажет болған жағдайда аталмыш активтің бастапқы құнына енгізіледі.
Ұзақ мерзімді несие мен қарыз бухгалтерлік баланста өтеу мерзімі есепті күннен кейін 12 айдан аспайтын ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде көрсетіледі. Егер бухгалтерлік есептегі несие мен қарыз сомасы шартқа сәйкес есепті күннен кейін 12 ай ішінде өтелуге тиіс болса, онда есепті кезеңнің соңында оның өтелмеген сомасы қысқа мерзімді міндеттеменің тиісті баптары бойынша көрсетіледі. Мұның өзінде көрсетілген мерзім осы міндеттеме бухгалтерлік есепке қабылданған айдан кейін күнтізбелік айдың бірінші күнінен бастап міндеттемені өтеу мерзімі туралы шарттың ережесі ескеріле отырып есептеледі.
Баланста есепті жылы өтелуге тиіс ұзақ мерзімді ретінде көрсетілген міндеттеме осы есепті жылдың басында қысқа мерзімді ретінде көрсетілуі мүмкін. Бұрын ұзақ мерзімді ретінде есептелген міндеттемені қысқа мерзімді ретінде көрсету фактісі бухгалтерлік балансқа түсіндірмеде баяндалуы қажет.
Кәсіпорынның есептік саясаты жөніндегі ақпараттың құрамына мыналар енгізілуі қажет:
1. ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге ауыстыру;
2. қосымша шығынның құрамы мен оны есептен шығару;
3. қарыз міндеттеме бойынша тиесілі кірісті есептеу және оны бөлу тәсілін таңдау;
4. қарыз қаражатты уақытша салудан алынған кірістің есебін жүргізу тәртібі жөніндегі ақпаратты.
Кредитор-банкіні таңдау мәселесін шешу үшін мына факторларды ескеру қажет:
1. банкінің жалпы сипаттамасы: құралтайшылардың құрамын, ұйымдастыру-құқықтық нысанын, банкінің қарыз капиталы нарығындағы мақсаты мен саясатын, оның клиенттерінің құрамын және т.б.
2.банкінің соңғы жылдағы қызмет нәтижесін: оның меншікті капиталының мөлшерін, қаржы нарығындағы жайғасымы, қаржылық тұрақтылығын және т.б.
3. банк көрсететін қызметтердің сапасы мен түрлерін.
Қарыз алушы үшін келесі параметрлердің де маңызы зор:
- есептік операциялардың жылдам жасалуы;
- қымбат емес несие алу мүмкіндігі;
- есеп айырсу, валюталық және арнайы шот ашуға жұмсалатын шығында барынша төмендету және оған қызмет көрсету сапасы;
- өзінің капиталын пайдалы салу мүмкіндігі.
Банкінің сенімділігі мен оның қаржысының тұрақтылығы жөніндегі ақпаратты банк жариялайтын бірқатар кезеңнің есеп –қисабынан алуға және онда келтірілген көрсеткіштерді басқа несиелік ұйымдармен салыстыруға болады.
Кредиторлық берешек – кәсіпорынның тиісті жеке немесе заңды тұлғаға төлеуге тиісті ақшалай қаражаты.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2815;