Капиталды оңтайлы құрылымын есептеу әдісі. Құрылымдық оңтайландыру
Корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі оның капиталды мақсатқа орай қалыптастырып пайдалануына байланысты. Капитал фирманың активті қаржыландыру көзіне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында қалыптастырылады.
Капитал қалыптастыру келесі қағидаларға негізделеді:
1 – қағидасы корпорацияның даму келешегін ескеру. Капитал қалыптастырудың осы стратегиясында жаңа кәсіпорын құрудың техника-экономикалық негіздемесі мен жобасына ең алдымен қарыз және тартылған көзге қатысты арнайы есеп-қисап енгізу қарастырылады.
Баланс пассивінде капитал талдау мақсатында міндеттемені өтеу мерзімі бойынша келесідей топтастырылады:
- қысқа мерзімді міндеттеме
- ұзақ мерзімді міндеттеме
- меншікті капитал.
Капиталды қалыптастырудың 2-қағидасы әртүрлі көзден, оны қалыптастыруға жұмсалатын шығынды барынша төмендету, бұл мақсатқа оның құны мен құрылымын басқару үдерісіне қол жеткізіледі.
3- қағидасы-шаруашылық қызмет үдерісінде капиталды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету. Аталмыш қағида қаржы тәуекелін барынша азайта отырып меншікті капиталдың кірістілігін барынша ұлғайту арқылы іске асырылады. Меншікті капиталдың айналымдылығын оның кірістілігінің өсуіне ықпал ететіндей жеделдетудің маңызы зор.
Капитал қалыптастыру әдістерінің арасында капиталдың құнын барынша төмендету және оның құрылымын оңтайландыру проблемасы ең күрделі және егжей-тегжей зерттеуді қажетсінетін әдіс болып табылады.
Капиталдың құрылымын оңтайландыру корпоративтік қаржыны басқару үдерісіндегі ең күрделі тәртіптеменің бірі болып табылады. Ол меншікті капиталдың кірістілік нормасы мен берешек коэффициенті арасындағы ең тиімді өзара байланысты қамтамасыз ететін меншікті және қарыз капиталының арақатынасын білдіреді. Мұның өзінде корпорацияның нарықтыұ құны барынша өседі.
Капитал құрылымын оңтайландыру үдерісі мына жағдайлармен дәйекеті түрде жүзеге асырылады:
1. Капиталдың бірқатар кезеңіндегі құрамын талдау, сондай-ақ оның құрылымының өзгеру үдерісін талдау (меншікті және тартылған қаражаттар арасындағы арақатынас бойынша). Талдау үдерісінде қаржы тәуелділігінің коэффициенті, берешек, қауырттылық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттеме арасындағы арақатынас сияқты параметрлер қарастырлады. Бұдан кейін актив пен меншікті капиталдың айналымдылық пен кірістілік көрсеткіші зерделенеді.
2. Капиталдың құрылымын анықтайтын факторды бағалау. Бұл факторға мыналар жатады:
- корпорацияның шаруашылық қызметінің салалық ерекшеліктері (дайын өнімнің сипаты, өндірістік және қаржы сатысының ұзақтығы, сатып алушымен және жеткізушімен жасалатын есеп айырсу нысаны);
- тауарлық және қаржы нарықының іскерлік ахуалы;
- корпорацияға жүктелетін салық жүктемесі;
- акционерлік капиталдың шоғырлану дәрежесі (капитал иелерінің акцияларының бақылау пакетін сақтап қалу әрекеті);
-корпорацияның өміршеңдік кезеңінің стаысы (өнімнің бәсекеге қабілетті және жаңа технологиясы бар жас компания даму үшін қарыз капиталын көбірек тартуы мүмкін, ал жетілген компания көбінесе меншікті қаражатты пайдаланады).
Капиталдың құрылымын атап өтілетін факторларды ескере отырып басқару барысында мына екі өзекті мәселені шешу қажет:
1. меншікті және қарыз капиталын пайдаланудың жол берілетін үйлесімін белгілеу;
2. қажет жағдайда ішкі және сыртқы капиталды тартуды қамтамасыз ету.
И.А.Бланк капиталдың құрылымын оңтайландырудың төмендегі әдістерін ұсынған:
1. Капиталдың құрылымын меншікті капиталдың таза пайдалылығының өсімін барынша ұлғайту өлшемі бойынша оңтайландыру.
2. Капиталдың құрылымын оның құнын барынша төмендету өлшемі бойынша оңтайландыру меншікті және қарыз капиталын әртүрлі шартта тартып және капиталдың орташа өлшенген құны (КОҚ) нұсқа бойынша есептеп алдын ала бағлауға негізделген.
3. Капиталдың құрылымын қаржы тәуекелін барынша азайту өлшемі бойынша оңтайландыру корпорацияның активін арзан қаржыландыру көзін таңдаумен байланысты. Капиталдың құрылымын қаржы тәуекелін барынша азайту өлшемін негізге ала отырып оңтайландыру корпорацияның активін арзан қаржыландыру көзін таңдаумен байланысты. Осы мақсатта актив келесі үш топқа бөлінеді: айналымнан тыс актив, айналым активінің тұрақты бөлігі, айналым активінің өзгермелі бөлігі.
Капитал құрылымын оңтайландыру корпорация қаржысын басқару үдерісіндегі ең күрделі рəсімдердің бірі.
Капитал құрылымын оңтайландыру үдерісі:
бірнеше кезеңдегі капитал құрамын талдау;
капитал құрылымын анықтайтын факторларды бағалау сияқты тізбектілікпен жүзеге асырылады.
Осы факторларды ескере отырып, капитал құрылымын басқару екі негізгі міндетті шешуді:
меншікті жəне қарыз капиталды пайдалануда қолайлы үйлесімді анықтауды;
қажет болған жағдайда ішкі жəне сыртқы капиталды тартуды қамтамасыз етуді болжайды.
Көрнекілік материалдары:
1. Корпорация капиталының жіктелуі
2. Корпорация капиталының қағидалары
Бақылау сұрақтары:
1. Капиталды қалыптастырудың əдіснамалық тəсілінің маңыздылығын түсіндіріңіз.
2. Капиталдың орташа безбенделген құнын қалай анықтауға болады?
3.Капиталдың құнын анықтауда шетел экономикасының тұжырымдамдарына сипаттама беріңіз.
4. Компанияның құнын (бағасын) анықтау əдістерін атаңыз.
5. Инвестициялық шешім қабылдауға капитал құрылымы қалай ықпал ететіндігін түсіндіріңіз.
6. Оңтайлы капитал құрылымын есептеуге керекті əдістерді атаңыз?
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3005;