Банкроттық түсінігі, белгілері және қағидалары

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. «Банкроттық туралы» заңына сәйкес, қарыздарды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекке ақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектілерінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндетемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағатсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Борышқордың дəрменсіздігі туралы сот шешімін мойындау кəсіпорынды тарату үшін негіз болып табылады. Ақшалай міндеттемелер, сонымен қатар кəсіпорын мүлкінің есебінен еңбекақы, бюджеттік жəне бюджеттік емес қорларға төлем төлеуді қоса кредитордың талаптарын қанағаттандыру борышқордың дəрменсіздігі жəне қабілетсіздігі болып табылады. Банкроттық, сондай-ақ ерікті түрде, борышқордың сотқа жазған арызы бойынша немесе соттан тыс тəртіпте кредитормен келісімге келу негізінде борышқорды ресми түрде банкрот деп жариялау арқылы анықталады. Осыған байланысты қасақана жəне жалған банкроттық деген ұғым пайда болады:

- жалған банкроттық – кредиторға тиесілі борыштың мерзімін ұзарту жəне жұртшылықты шатастыру үшін борышқордың банкрот деп танылғандығы туралы оны сотта əдейі жалған жариялау;

- қасақана банкроттық – бұл борышқордың төлем қабілетсіздігіне əкелетін, борышқор немесе меншік иесінің жеке мүдделеріне немесе басқа тұлғалардың мүдделеріне қатысты жасаған əдейі жасаған іс-əрекеті.

Баланстың қанағатсыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін. Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:

1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

§ экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

§ инфляцияның аса жоғары деңгейі;

§ фирманың бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

§ бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шыығндары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

  1. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептері:

§ банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;

§ жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

§ өндіріс көлемінің төмендеуі;

§ ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағларының жақындауы;

§ ақталмаған жоғары шығындар;

§ өнімнің төменгі табыстылығы;

§ өндіріс цикілінің өте көлемді болуы;

§ үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

§ ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Банкроттықты сот борышқордың өтінішінің негізінде немесе кредитордың «Банкроттық туралы» ҚР Заңында өкілеттік берілген тұлғаның сотқа берген өтінішінің негізінде анықтайды.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 10408;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.