Корпорацияның қаржылық стратегиясы
Қаржы саясаты корпорацияның құрылтайшы құжаттарымен белгіленген стратегияның және тактикалық мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржыны мақсатты пайдалану түрінде көрінеді. Мысалы, тауарлар (қызмет көрсетулер) рыногындағы позицияны күшейту, активтер мен өз капиталының пайдасы мен рентабельдігіне сатудың қолайлы көлеміне қол жеткізу төлем қабілеттілік және баланс өтімділігін сақтау,меншік иелерінің (акционерлік) әл –ауқатын көбейту.
Тұрақсыз экономикалық орта жоғарғы инфляция төленген төлем дағдарыстары, алдын-ала болжау мүмкін емес мемлекеттің салық және ақша –несие саясаты жағдайында көптеген кәсіпорындар күн көру сызығын жүргізуге мәжбүр. Ол мемлекеттік билік құрылымының белгіленбеген макроэкономикалық құрылғыларына жауап ретінде ағымдағы қаржы проблемаларын шешуде көрінеді. Мұндай саясат қаржыны басқаруда корпоративтік топ мүдделері мен мемлекттің фискальдік мүддесінің арасында, сыртқа:қарыз алу мен өндірістің рентабельділігінің: өз капиталы мен қор рыногының табыстылығының арасында: өндіріс пен қаржы мүдделерінің расында және т.б жағдайларда кейбір қайшылықтарда тудырады.
Қаржы саясатының мазмұны көп жақты және келесі негізгі топтарды құрамына енгізеді. Жоғары табыстылық пен коммерциялық тәуеклден қоғанудың сәйкестігін қамтамасыз ететін корпорацияның қаржылық (ақшалай) ағымдарын басқарудың оңтайлы тұжырымдамасын жасау.
1. Қаржылық ресурстарды ағымдағы кезеңде(он күндік, ай, тоқсан)және жақын арадағы перспективада (жыл және одан көп кезең) пайдаланудың негізгі бағыттарын жасау. Сонымен қатар өндірістік- сауда қызметінің даму мүмкіндігін ескереді. Макроэкономикалық коньюктураның жағдайы (салық салу, банк пайызының есептік ставкасы, банктер үшін міндетті резервтеу нормалары, негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар нормалар және т.б)
2. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-тәжірибе әрекетін жүзеге асыру(қаржылық анализ және бақылау, корпарацияны қаржыландыру тәсілін таңдау, нақты инвестициялық проектілер мен қаржылық активтерді және т.б. бағалау).
Стратегия корпорацияның дамуның альтернативті жолын таңдау қарастырылады.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін қаржылық ресурстарды мобилизациялау үшін болжамдар, мамандардың(менеджерлердің) тәжірибесі мен интуициясы пайдаланылады. Стратегия тұрғысынан алғанда өндірістік және қаржылық қызметтің нақты мақсаттары мен міндеттері қалыптасады және оперативті басқару шешімдері қабылданады.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасаудың маңызды мақсаттары мыналар:
· қаржылық –экономикалық жағдайды талдау және бағалау;
· есеп және салық саясатын жасау;
· несие саясатын жасап шығару;
· негізгі капитал мен амартизациялық саясатты басқару;
· қарыздық қаражатты басқару;
· айналым активтері мен кредиторлық қарызды басқару;
· ағымдағы шығындарды,өнімді сатуды және пайданы басқару;
· баға саясаты;
· дивиденттік және инвестициялық саясаттағы таңдау;
· корпорацияның жетістіктерін және оның рыноктік құнын бағалау.
Бірақ белгілі бір стратегияны таңдау қаржылық рынок жағдайы,мемлекеттің салық кеден бюджеттік және ақша несие саясаты сияқты сыртқы факторлардың әсерінен болжанған эффектіні (табысты) алуға кепілдік бермейді.
Қаржылық стратегияның құрамды бөлігі корпарация қызметінің негізгі параметрлеріне қол жеткізуге бағытталған перспективалық қаржылық жоспарлау болып табылады. Сатудың көлемі мен өзіндік құны, пайда және рентабельділік, қаржылық тұрақтылық және қабілеттілік.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2670;