Корпорацияның қаржы қызметінің міндеттері
Корпорациядағы қаржы жұмысын арнайы қаржы қызметі немесе бухгалтерия жүзеге асырады.
Қаржы қызметіне мына міндеттер жүктеледі:
1) өндірістік – коммерциялық қызметті ақша ресурсымен, яғни корпорацияның тұрақты төлем қабілетінің және оның балансын өтімділікпен қамтамасыз ету;
2) активтің (мүліктің), меншік капитал мен сатудың кірістілігінің өсуін қамтамасыз ету;
3) есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің (заңды және жеке тұлғалар) алдыңдағы қаржы міндеттемесін орындау;
4) жедел (ағымдағы) және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын (бюджеті) әзірлеу;
5) ақша ресурсының ұтымды қозғалысын (ақша ағындарын) бақылау.
Қаржы қызметінің басшысы корпорация қаржысының жай-күйі, қаржы жұмысының барлық түрлерін басқару, сонымен бірге ақша ағынын реттеу (ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі) үшін жауап береді. Қаржы қызметі акционерлік компания жетекші өндірістік-коммерциялық бөлімшелермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
1. Қаржыны жоспарлау (кірісті, шығын мен капиталды бюджеттендіру).
2. Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел (ағымдағы) қызмет.
3. Бақылау- талдау жұмысы.
Қаржыны жоспарлау деген қаржы жоспарының (бюджеттің) сан алуан түрлерін әзірлеу және олардың орындалуын талдау.
Бюджетті құрылымдық бөлімшелер (жауапкершілік орталығы) бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша жасау ұсынылады. Бюджеттендіру жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай жауапкершілік орталықтарын құру ұсынылады:
1) кіріс бойынша, сонымен бірге коммерциялық және маркетингтік қызметті басқару;
2) шығын бойынша, сонымен бірге өндірісті, негізгі құрал-жабдықпен жабдықтауды және жөндеуді басқару;
3) пайда бойынша, оған техникалық даму мен кәсіпорын қызметкерлерін басқару кіреді.
Жауапкершілік орталығының құрамын айқын белгілеу қаржыны жоспарлау мен болжау жүйесін қарқынды енгізуге мүмкіндік береді.
Бюджет операциялық және қаржылық бюджетке бөлінеді.
Операциялық бюджетінің құрамына мыналар кіреді:
- сату бюджеті,
- өндіріс бюджеті;
- өндірістік запас бюджеті;
- материал мен энергия шығынының бюджеті;
- еңбекақы шығынының бюджеті;
- амортизациялық аударым бюджеті;
- жалпы өндірістік шығын бюджеті;
- коммерциялық шығын бюджеті;
- басқарушылық шығын бюджеті.
Қаржы бюджеті:
- кіріс пен шығыс бюджеті (пайда мен залал есебінің болжамы);
- ақшалай қаражат қозғалысының бюджеті;
- баланстық парақ бюджеті (актив пен пассивтің болжамды балансы);
- айналым активі мен оны қаржыландыру көздерін қалыптастыру бюджеті;
- күрделі қаржы (инвестициялық) бюджеті.
Бюджет сондай-ақ келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:
- жасалу кезеңділігі бойынша - кезеңді және тұрақты;
- көрсеткішті есепьеу тәсілі бойынша - өткен кезеңнің деректеріне негізделетін және басынан бастап әзірленетін;
- өзгерістің ықпалын есептеу бойынша - тіркелетін, өзгеретін және көпнұсқалы.
Бюджетті әзірлеу үшін келесі ақпараттар пайдаланылады:
1) өнімді (жұмысты, қызмет) сатудан алынатын түсім жөніндегі болжамды деректер;
2) өндірістік шығынның ауыспалылары жөніндегі әрбір тауар тобы бойынша деректер;
3) тұрақты ауыспалы жөніндегі қорытындыланған, жеке түрлерге бөлінген деректер, бұлар жеке бұйымдардың табыстылығын негізді бағалауға мүмкіндік береді;
4) өнім сатудан алынатын түсімнің жалпы мөлшеріндегі баспа-бас айырбастың. өзара есепке жатқызудың өзіндік салмағы туралы болжамдық деректер;
5) салық төлеміне, мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорға жарнаға, банк кредитіне және оларды өтеу мүмкіндіктеріне қатысты төленетін болжамдар;
6) кәсіпорынның өндірістік әлеуеті (негізгі құрал-жабдықтың құрамы мен құрылымы, олардың ескіру мен тозу деңгейі, істен шығу мен жаңару, қор қайтарымы мен табыстылығының коэффициенті);
7) күрделі салым мен оларды қаржыландыру көзі мөлшерінің болжамы;
8) айналым активтерінің құрамы мен құрылымының, олардың өсу және қаржыландыру көзінің мөлшерін айналымдылық және айналым активінің кірістілік көрсеткішінің болжамы және т.б.
Бюджетті басқаруға көшу үшін бірінші кезекте орындалатын іс-әрекет:
1. Экономикалық әлеуетті (ресурс және қаржы) талдау.
2. Басқарушылық есеп пен есеп беруді енгізу.
3. Қызметкерлердің есебін жүргізу.
4. Қаржыны басқару жүйесіг, яғни қаржы есебі орталығын бөлу.
5. Операциялық және қаржы бюджетін, сондай-ақ олардың пайдалануын бақылауға арналған тиісті есепті дайындау.
Кәсіпорынның (корпорацияның) шоғырландырма (жиынтық) бюджетінің құрамына мыналар кіреді:
- бастапқы болжамдық деректер (өндірістің және өнім сатудың, күрделі салым және т.б. мөлшері);
- кіріс пен шығын бойынша жиынтық бюджет. Шығын бюджетіне өндірістік, коммерциялық, басқарушылық, сондай-ақ жалпы корпорация бойынша жалпы шығынның (өнімнің, жұмыстың, қызметтің толық өзіндік құны) жергілікті бюджеті;
- пайда мен залал жөніндегі есептің болжамы;
- ақшалай қаражаттың қозғалысы жөніндегі есептің болжамы;
- актив пен пассив балансының (ірілендірілген баптар номенклатурасы бойынша) болжамы.
Бақылау сұрақтары:
1. Корпорациялар қаржысының түсінігі мен мазмұны және атқаратын қызметтері
2. Корпорациялардың қаржылық механизмі
3. Корпорацияның негізгі атқаратын қызметтері
4. Корпорациялардың басқа ірілендірілген топтармен қарым қатынастары
5. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру қағидалары
7. Корпоративтік қаржының негізгі қағидалары
8. Қаржы қызметіне қандай міндеттер жүктеледі
9. Операциялық және қаржы бюджетінің құрамына нелер кіреді
10. Корпорация қаржыларының функциялары
11. Корпорациялар қаржысын ұйымдастыру қағидалары
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3503;