Несие пайызының жай және күрделі ставкасы

 

 

Несие (кері бағамдық) пайызының жай ставкасы әдетте есептеу аралығы есептеу кезеңімен үйлесетін қысқа мерзімді қаржы операциясында (және мерзімі, әдетте, бір жылдан кем болады) немесе әрбір есептеу аралығынан кейін кредиторға пайыз төленгенде қолданылады. Әрине, несие пайызының жай ставкасы операцияға қатысатын тараптардың уағдаластығы бойынша кез келген басқа жағдайда да қолданылуы мүмкін.

Қаржы операциясының ұзақтығын анықтау тәсіліне байланысты не дәл пайыз немесе дағдылы (коммерциялық) пайыз есептеледі.

Несие берілген және ол өтелген күн деп әруақытта бір күн саналады. Мұның өзінде келесі екі нұсқа болуы мүмкін:

1) несиенің дәл күні пайдаланылады, ол жылдың әрбір күннің рет нөмірі көрсетілген арнайы кесте бойынша анықталады; қарыз аяқталатын тиісті күннің нөмірінен бірінші күннің нөмірі шегеріледі;

2) толық айдың ұзақтығы 30 күнге тең болады деп қабылданыпғ несиенің болжамды күн саны алынады; осы әдіс, мысалы, қарыз ішінара өтелгенде, яғни өте дәлділік талап етілмеген жағдайда қолданылады.

Дәл пайыз уақытша база ретінде жылдағы нақты күн саны (365 немесе366) және несие күнінің дәл саны алынған жағдайда есептеледі.

өскен S соманың қазіргі Р мөлшерін анықтау дисконттау, ал өскен S соманың мөлшерін анықтау – компаудингтеу деп аталады.

S = P(1 + і · n) – жай несие ставкасы бойынша компаудингтеу;

– жай несие ставкасы бойынша дисконттау.

Егер несиенің ұзақтығы бір жылдан кем болса, онда төмендегі формулаларды пайдалануға болады:

Формулаларды түрлендіре отырып (яғни оларға кіретін формулаларды эквиваленттіге ауыстырып және бір мөлшерді басқалар арқылы көрсетіп) түрлі жағдайларда белгісіз мөлшерді табу үшін тағы да бірнеше формула аламыз:

 

Пайыз есептеудің антисипативтік тәсіліеде алынатын кіріс сомасы есептеу аралығы өткеннен кейін алынатын сомаға байланысты (яғни өскен сомадан) есептеледі. Осы сома алынатын кредиттің (немесе несиенің) мөлшері ретінде саналады. Бұл жағдайда пайыз әрбір есептеу аралығында есептелетіндіктен, қарыз алушыға берілетін сомадан пайыздық ақша шегеріледі. Аталмыш операция есептік ставка бойынша дисконттау, сондай-ақ коммерциялық немесе банк есебі деп аталады.

Есептік ставка бойынша алынған кіріс, яғни кредиттің мөлшері мен тікелей берілетін соманың арасындағы айырма дисконт деп аталады.

Сонда анықтамаға сәйкес келесі формулалар алынады:

Іс жүзінде есептік ставка негізінен вексельді және басқа да ақша міндеттемелерін есептегенде (сатып алғанда) қолданылады.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 5315;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.