Зақ мерзімді активтердің түсінігі және оның корпорациялар қаржысын ұйымдастырудағы ролі

 

 

Ұзақ мерзімді активтер кәсіпорынның ұзак уакьгг карамағында болған және ұзақ мерзім бойында пайдаланған келесі мүліктер, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар көрсетіледі.

• ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;

• ұзақ мepзiмді дебиторлық берешек;

• үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестиция­лар;

• инвестициялық жылжымайтын мүліктер;

• негізгі құралдар;

• биологиялық активтер;

• барлау және бағалау активтерi;

• материалдық емес активтер;

• кейінге қалдырылған салықтық активтер;

• басқа да ұзақ мерзімді активтер.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар дегеніміз кәсіпорынның басқа кәсіпорындардың бағалы кағаздары мен акцияларына салынған узак мерзімді каржылары, кәсіпорынның бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздары, өтуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар.

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек шоттарда есепке алынатын пайда болған сәттен бастап 6ip жылдан асатын дебиторлық берешек туралы деректер корсетіледі, сонымен қатар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін басқа кәсіпорындар және жеке тұлғалармен есеп айырысулары көрсетіледі. Оның құрамына сатып алушылар мен тапсырысшылардық ұзақ мерзімді берешегі, еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, филиалдар мен құрылымның, бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар, өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек жатады.

Үлестік қатысу әдісінен есепке алы­натын инвестициялар үлестік катысу әдісімен есепке алынатын кауымдастырылған және тәуелді кәсіпорындарға берілетін инвестиция туралы деректер көрсетіледi.

Инвестициялық жылжымайтын мүліктер мүліктердің теңгерімдік (баланстык) құны және жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар, олардың амортизациясы және құнсызданудан болған шығындар көрсетіледі.

Негізгі құралдар – меншікті, ұзақ мерзімді жалға алынған (берілген), олардың түрлері және орналасқан жері бойынша бағалау және амортизацияны есептеу тәсілдері және т.б. көрсетіледі. Негізгі құралдар алынған негізгі құралдар теңгерімдік (баланс­тық) құны бойынша корсетіледі. Олардың теңгерімдік (баланс­тық) құны 16 «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептігінің стандартына сәйкес бастапқы құны мен жиналған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал сомаларының айырмасы ретінде анықталады.

Биологиялық активтер - ауыл шаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерді (өсімдіктер, жануарлар) бастапқы таныған сәтте және теңгерімнің баланстың әрбір күнгі жағдайы бойынша бағалау және есепке алу әдістемесі көрсетіледі.

Барлау және бағалау активтерінде минералдык ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі кызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды ендірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда, минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстар кересетіледі. Барлау және бағалау активтері – шығыстарды барлау және бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялармен осы активтердің амортизациясының және құнсыздануының сомаларын есептеу әдістері беріледі.

Материалдық емес активтер дегеніміз – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға үнемі, ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз. Гудвилл жән өзге де материалдық емес активтер теңгерімдік (баланстық) құны бойынша көрсетілеі. Олардың теңгерімдік баланстық құны 38 «Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес бастапқы құны мен жиналған амортизация және құнсызданудан жиналған залал сомаларын шегергеннен қалған сома.

Кейінге қалдырылған салықтық активтер корпорациялық табыс салағы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер, онда мыналар шегерілетін мерзімдік айырмаға; алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көтеруге; және алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге байланысты алдағы кезеңге өтелуге жататын пайдаға салынатын салықтардың сомасын есептеу және есепке алу әдістемесі.

Басқада ұзақ мерзімді активтер– бір жылдан асатын мерзімге берілген ұзақ мерзімді аванстарды, алдағы кезеңдердің шығыстары, аяқталмаған құрылысты өзге де ұзақ мерзімді активтерді есепке алу әдістемесі.

Негізгі құралдар кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі саласындағы қызмет істейтін кәсіпорын активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Негізгі құралдарға материалдық, яғни материалдық-заттық нысаны бар активтер жатады, мысалға жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылыс-жайлар және жермен байланысты басқа да объектілер), машиналар мен құрылғылар, көлік құралдары және т.б., яғни төмендегі талаптарға жауап беретіндер:

- Өнімдер (жұмыстар мен қызметтер) өндіруге, тауарларға жеткізуге, басқа ұйымдарға жалға беруге немесе әкімшілік және шаруашылық мақсаттарға пайдалануға арналған;

- Бір жылдан артық пайдаланылатын;

- Сатып алушыларға қайта сатуға жатпайтындар.

Негізгі құралдар ұзақ мерзім пайдаланылатын сипатқа ие болады. Негізгі құралдарды пайдаланудың сандық бағалауы олардың пайдалану мерзімімен анықталады. Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі кәсіпорынның осы объктіні болжамды пайдалану мерзімі немесе осы объектіні болжамды пайдалану мерзімі немесе осы объектіні пайдалану арқылы кәсіпорынның өндіретін өнімінің мөлшері немесе орындайтын жұмыстары мен қызметтерінің көлемі болып саналады. Негізгі құралдар объктісінің пайдалану мерзімінің мерзімдік немесе натуралдық өлшемін таңдап алу объектінің функционалдық жарамдылығына, яғни оның экономикалық пайда әкелу мүмкіндігіне байланысты болады.

Негізгі құралдар келесі топтар мен топшаларға жіктеледі.

Жер (жер учаскелері). Есеп бірлігі болып меншік құқығындағы немес тұрақты пайдалану құқығындағы жекелеген жер учаскелері саналады.

Ғимараттар(цех, шеберхана корпустар, тұрғын-үй ғимараттары және басқа да өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы архитектірлік-құрылыс объектілері). Бұл топта есеп бірлігі болып өзіндік шаруашылық мақсаттағы әрбір бөлек тұрған ғимараттар мен құрылыс-жайлар саналады (қоймалар, гараждар және т.б.). «Ғимараттар» тобының есеп бірлігі құрамына оны толық пайдалану үшін қажетті барлық коммуникациялар (жылыту жүйелері, жарық, желдеткіш, су және газбен жабдықтау, ішкі телефон және сигнализация, лифт шаруашылығы).

Құрылыс-жайлар (мұнай және газ құбырлары, шахта бағаналары, автокөлік жолдары, көпірлер мен су құбырлары), яғни өндіріс процесінің техникалық және жалпы функцияларын орындау үшін арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Есептің бірлігі болып барлық құрылымдық құрылғылары бар әрбір бөлек құрылыс-жайлар саналады.

Беріліс құралдары (электр желілері, трансмиссиялар, құбыр жолдары, жылу желілері, газ желілері және т.б.), яғни электр, жылу, механикалық энергияларды жеткізуші машиналардан жұмыс жұмыс машиналарына, сонымен қатар бір есеп бірліктерінен екінші есеп бірліктеріне сұйық және газ күйіндегі заттарды тасымалдау үшін арналған объектілердің жиынтығы.

Машиналар мен құрылғылар келесі топтарға бөлінеді:

А) күш машиналары мен құрылғылары (атом реакторлары, қазандар, бу күш трансформаторлары, ішкі өрт құрылғылары), яғни электр, жылу энергияларын өндіретін және оларды механикалық энергияға айналдыратын машина – генераторлар және машина – қозғалтқыштар. Машиналар мен құрылғылар тобы бойынша есеп бірлігіне, осы машиналар мен құрылғылардың құрамына жататын құрылымдар мен құрылғылар жатады;

Ә) жұмыс машиналары мен құрылғылары (станоктар, аппараттар, әртүрлі мақсаттағы агрегаттар). Жиынтығында бұл құрылғылар өнім өндірісі процесінде еңбек құралдарын механикалық, термиялық, (термичиский) химиялық және басқа да технологиялық қозғалысқа келтіруге арналған;

Б) пайдаланудағы техникалардың жұмысын өлшеу, өндіріс үдерісін реттеу, шикізаттар мен материалдардың, дайын өнімдердің, орындалған жұмыстардың сапасын, ауаның ылғалдылық деңгейін, дыбыстардың әсерін, сонымен қатар басқа да санитарлық-гигиеналық жағдайларды анықтау үшін қолданылатын өлшеуші – реттеуші және зертханалық құрылғылар мен құрылымдар (манометрлер, таразылар, дозаторлар, диспетчерлік бақылау үшін құрылғылар, дабыл құрылғылары, зауыт және ғылыми-зерттеу зертханаларының құрылғылары, микроскоптар, термостаттар және т.б.). өлшеуші және реттеуші құрылғылардың мүліктік объектілер ерекшелігі ретінде олардың өзіндік маңызы бар және басқа объектілердің құрамы болып саналмайтындығында;

В) компьютерлік техника (электрондық-есептегіш, басқарушы және балама машиналар, сандық есептегіш машиналардың барлық түрлері мен жүйелері);

Г) басқа да машиналар мен құрылғылар – жоғарыдағы діктемеге жатпайтын басқа да машиналар мен аппараттар және құрылғылар.

Көлік құралдары адамдардың қозғалысын және жүктер мен басқа да заттардың тасымалын қамтамасыз ететін қозғалыс құралдары.

Басқалары:

А) құрылғылар (электр тескіштер, бұзу балғалары және басқалары) – қол еңбегі кезінде немесе машиналардың қызметтерін күшейту үшін оларға бекітілген негізгі құралдар;

Ә) өндірістік құрылғылар мен оның құрамдас бөліктері (бөшкелер, дүңгіршіктер мен мүліктік ыдыстық заттар) – жұмыс кезінде өндірістік операцияларды жеңілдету үшін қолданылады;

Б) әкімшілік және шаруашылық мақсаттағы заттар (столдар, шкафтар және басқа да мүліктер, кілемдер, шамшырақтар және т.б.);

В) жұмыс және өнім малы (жылқы, сиырлар және т.б.). бұл топтағы есеп объектісі болып әрбір жоғары жастағы малдар саналады.

Г) көп жылғы көшеттер (көгалдандырғыш, декоративтік, өнім беретін көшеттер және т.б.);

Ғ) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жалдағы негізгі құралдар үшін күрделі шығындар, қару-жарақтар, қызмет бағытындағы иттер және басқалары).

Негізгі құралдарды пайдалану деңгейіне байланысты есепте пайдаланудағы, пайдаланудан тыс және қолдағы деп бөледі. Пайдалану тәртібіне қарай өндірістік және өндірістік емес (әкімшілік, әлеуметтік саладағы негізгі құралдар және т.б.). Сонымен қатар, бухгалтерлік есепте негізгі құралдар меншікті, яғни ұйымның меншігіндегі, жалдағы, яғни ақылы уақытша пайдаланудағы болып бөлінеді.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының арзанды-қымбаттылығына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорындардың қоймалардағы дайын бұйымдары болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелінетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, сондай-ақ құрылыс монтаждау жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер жатпайды.

Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емесболып екі топқа бөлінеді.

Өндірістік негізгі қорларға өндірісте қызмет ететін, өнім өндіруге тікелей қатысатын негізгі құралдарды айтамыз. Олар:өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспатар және т.б.

Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдары жатады .Оларға: тұрмыстық үй-жайлар, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.

 

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3408;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.