Агрохимиялық зерттеудің әдістемелері оның маңыздылығы 4 страница

Билет

1. Өсімдіктердің әр түрлi даму кезеңiнде қоректену ерекшелiктерi

Өсімдік өзінің бүкіл вегетациялық дәуірінің барысында қоректік заттарды бірқалыпты сіңірмейді. Өсімдік тіршілігінде қоректік заттардың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне және оның сапасының нашарлауына әсер етеді. Сондықтан өсімдіктің өсу кезеңінде қандай қоректік элементті қанша мөлшерде қажет ететін білу, тыңайту жүйесін тиімді түрде дайындауға көмектеседі.

Сыртқы ортадағы қоректік заттарды қабылдайтын уақыт аралығын, өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығы дейді. Өсімдік алғашқы өсу кезінде тұқым құрамындағы қоректік заттарды пайдаланады. Ал вегетациялық дәуірінің аяқ кезінде бұрынырақ қабылдаған қоректік заттарды пайдалануды жалғастырады. Демек‚ өсімдіктің қоректену кезеңімен оның вегетациялық дәуірінің ұзақтығы бірдей бола бермеуі мүмкін. Мысалы‚ арпаның вегетациялық дәуірі 80 күн‚ ал оның қоректену кезеңінің ұзақтығы 40 күн. Жаздық бидайдың қоректену кезеңінің ұзақтығы 70 күнге созылады. Қант қызылшасы‚ картоп‚ жүгері‚ асбұршақ сияқты дақылдардың қоректену кезеңінің ұзақтығы олардың вегетациялық дәуірімен сәйкес болады. Өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығын тыңайтқыш қолдану әдісін белгілеуде ескеру керек. Вегетациялық дәуірінде өсімдіктер қоректік заттарды бірқалыпты қабылдамайды. Мысалы‚ қант қызылшасы тіршілігінің алғашқы айында гектарынан екі килограмнан азот‚ фосфор‚ калий қабылдаса, вегетациялық дәуірінің ортасында (шілде айы) ол гектарынан 96 кг азот‚ 34 кг фосфор және 133 кг калий қабылдаған. Ал вегетациялық дәуірінің соңғы айында азотты‚ фосфорды‚ калийді қабылдауы гектарынан 7 килограмм болған. Астық дақылдары түтіктену мен масақтану кезеңі аралығында қоректік заттарды мейлінше мол қабылдайды. Мысалы‚ азот‚ фосфор‚ калий элемент-терінің жалпы мөлшерінің бидай 76%-ін‚ арпа 67%-ін‚ сұлы 47% -ін масақтану кезеңінде қабылдаған.

Өсімдіктердің қоректік элементтерді сіңіру қарқыны да түрліше болып келеді. Мысалы, бастапқы кезде азотты, гүлдеу-жаппай пісу фазаларында фосфор мен калийді көбірек сіңіреді

2. Жетіспейтін қоректену элементтерін білдіретін өсімдіктер:

• азот үшін - капуста;

• фосфор үшін - картоп, қызанақ, тарна, жүгері, алма, мал азықтық шалқан;

• калий үшін - картоп, қызылша, капуста, жүгері, түйебұршақ, алма, жоңышқа;

• магний үшін - капуста, картоп, қарақат, алма;

• темір үшін - капуста, картоп, таңқурай, алма;

• бор үшін - қант қызылшасы, күнбағар, алма, зығыр;

• марганец үшін - капуста, қызылша, картоп, сұлы;

• жез үшін - бидай, арпа, сұлы, алмұрт;

• цинк үшін - жүгері, соя, түйебұршақ, алма, алмұрт, шырын жемісті өсімдіктер;

• молибден үшін - капуста, салат, бұршақ шөптер, шырын жемісті өсімдіктер.

3. Өсімдіктің өсіп-даму кезеңдерінде оның құрамындағы қоректік элементтердің мөлшерін анықтау әдісін өсімдіктің қоректену диагностикасы дейді. Жалпы өсімдіктің қоректенуі топырақтағы қоректік элементтердің сіңімді түрінің мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар өсімдіктің қоректік заттармен қамта- масыз етілуіне метеорологиялық жағдай, топырақ ерітіндісінің құрамы мен реакциясы әсер етеді. Өсімдік қоректенуін диагнос- тикалау үшін агрохимиялық картограмма мәліметтерін және өсім- дікті химиялық талдау қорытындыларын пайдаланады. Өсімдіктің қоректену диагностикасының негізгі әдістеріне мыналар жатады: 1. Өсімдіктің сыртқы түрінде байқалатын өзгерістер арқылы диагностикалау. Бұл әдіс өсімдік қоректенуінде элементтердің жетіспеушілігінен оның жеке мүшелерінің (сабақ, жапырақ) түсінің, пішінінің, көлемінің өзгеруіне сүйенеді. Өсімдіктің қоректенуінде азот жетіспесе өсуі нашарлайды. Жапырақтары бозғылт, сары-жасыл түсті майда болады. Даму кезеңі мерзімінен бұрын басталады. Түптенуі нашарлайды. Жеміс- тері майда, әрі ертерек піседі. Сабақтары жіңішке, әлсіз келеді. Фосфор жетіспесе өсімдіктің өсуі мен дамуы өте баяу өтеді. Сөйтіп оның гүлдеуі мен пісуі кешігеді. Жапырақтары күңгірт-жа- сыл түске боялады және қызғылт-күлгін, ақшыл-көк немесе қошқыл-қоңыр реңдер пайда болады. Калий жетіспесе өсімдіктің өсуі кешігеді. Жапырақтарында көгілдір рең түзіледі және қошқыл-жасыл түске боялады. Кейбір көкөніс дақылдарының жапырақтарында сұрғылт-жасыл немесе сұрғылт-сары түстер пайда болады. Кальций жетіспесе өсімдік бүршігінің ұшында ақ рең, жапырақ жиегінде ақ түсті жолақ пайда болады. Жаңа пайда болған жапырақтың өсуі мен дамуы баяу өтеді. Магний жетіспесе өсімдіктің төмен орналасқан жапырақ- тарының түсі ашық-жасыл, сарғыш-жасыл түске ауысады. Жапырақ тақтасында ашық рең пайда болады. Бор элементі жетіспесе ең алдымен өсімдіктің сабағы мен тамырының өсуі нашарлайды. Жоғары орналасқан бүршіктер мен олардың айналасындағы жас жапырақтарда сарғылт түсті рең пайда болады. Тамырдың өсу нүктесінің тіршілігі өте баяу өтеді. Марганец жетіспесе сабақ бойының жоғары жағында орналас- қан жапырақтарда ашық-жасыл, қызыл немесе сұр түсті реңдер пайда болады. Мырыш жетіспеген жағдайда өсімдік сабағының буын аралығы қысқарып, жапырағында ашық түсті рең пайда болады. 2. Химиялық диагностика өсімдік үлгісінің немесе оның шырынының құрамы химиялық талдауға негізделген. Химиялық диагностика әдістері екі топқа бөлінеді: өсімдік құрамындағы элементтің жалпы мөлшерін және оның құрамындағы қоректік заттардың органикалық емес түрінің мөлшерін анықтау. Химиялық диагностикада өсімдіктің белгілі бөлігінің құрамындағы элементтің немесе сол элемент қосылысының концентрациясын анықтайды. Ескеретін жағдай - үш элементтен кем анықтауға болмайды. Химия- лық диагностика қорытындысын өсімдік массасының мәнімен салыстыру керек. Өсімдіктің қоректену диагностикасы агрохимиялық әдіс тобына жатады. Бұл әдісті пайдаланғанда топырақ қасиеттерін, ауа- райының жағдайларын және агротехникалық шараларды ескеру қажет. Химиялық диагностика нәтижелерін өсімдікті үстеп қоректендіру қажеттілігін анықтап, келесі жылға дайындалған тыңайтқышты қолдану жүйесіне түзету еңгізу мақсатына пайдала- нуға болады. Әлемдік және отандық агрономиялық ғылымының және тәжірибесінің ең бір күрделі мәселесі - ауылшаруашылық да- қылдарына қоректену элементтерінің қажеттігін және тыңайтқыш- тардың қолайлы шамасын болжау болып табылады. Бұл мәселені шешуде топырақтар мен өсімдіктерге химиялық және физиология- биологиялық әдістерді қолдануға болады. Осыған байланысты өсімдіктердің қоректену диагностикасын келесі әдістер бойынша жүргізеді: • топырақ диагностикасы; • өсімдік диагностикасы.

Билет

1.Картопқа қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

Азоттың жетіспеуі

Түсінің өзгеруі жапырақтың басынан және шеттерінен басталып, біртіндеп барлық жапырақтардың жасыл түсі ақшылданады, кейін жапырақтар түсі ақшыл-сары түске айналады. Азоттың қатты жетіспеу жағдайында төменгі жапырақтардың шеттері хлорофиллден айырылып, қайырылады, кейде «күйікке» шалдығады. Өсуі тоқтатылып, жапырақтары түседі.

Фосфордың жетіспеуі

Жапырақтары жиырылған, күңгірт-жасыл. Фосфордың қатты жетіспеуі жағдайында төменгі жапырақтардың түсі күлгінденеді. Өсімдіктер қатты, түзу болып келеді. Жапырақтардың діңі және шеттері жоғары қарай қайырылады. Жапырақ пішіні тостағантәрізді болып келеді. Жапырақтар тиісті шамасына жетпейді. Фосфордың қатты жетіспеуі өсімдіктің өсуін бәсеңдетеді. Түйнектерде датты-қоңыр дақтар пайда болады.

Калийдің жетіспеуі

Өсімдіктердің пішіні қисықтанған, буынаралығы қысқарған, жапырақтардың түсі кәдімгі түсіне қарағанда күңгірттеу, жапырақтары жиырылған, ұсақтау болып келеді. Кейіннен кәрі жапырақтар сәл сарғыштана бастайды. Алдымен жапырақтың басы және шеттері, кейінінен өсімдік толығымен қола түсіне ие болады. Вегетация кезеңінің соңында өсімдіктерге паразит ағзалары зиян келтіреді.

2. Көкөніс дақылдарына қоректенуэлементтерінің жетіспеушілігін анықтау

Азоттың жетіспеуі

Өсімдіктердің өсуі бәсеңдейді. Сабақтары жіңішке, талшықты және қатты болып келеді. Жапырақтарда ірі сарғыш-жасыл дақтар пайда болады. Азоттың қатты жетіспеу жағдайында бүкіл өсімдік сарғайып кетуі мүмкін. Басында тамыр жүйесі жер бетіндегі органдарына қарағанда жақсылау дамығанымен, азоттың жетіспеушілігі күшейген сайын тамырлардың өсуі тоқтап, түсі қоңырланып, өледі.

Фосфордың жетіспеуі

Сабақтары жіңішке, ағаштанған. Жапырақтары ұсақ, жасыл түсі күңгірттеу болып келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде қызыл түс пайда болады. Талшықты тамырлары өте әлсіз дамиды. Жемістің салынуы және пісуі кешігеді.

 

Калийдің жетіспеуі

Өсімдіктің төменгі бөлігінде сұрша-жасыл жапырақтар пайда болады. Өсімдіктің жапырақтары қола немесе сары-қоңыр түсін қабылдайды. Олардың шеттері сарғайып, кейінінен қоңырланады. Жапырақтың жүйкелері бойында дақтар пайда болады. Жапырақ ұлпалары іріп, өледі. Тамырлары қоңыр түсті, әлсіз дамыған.

Сабақтары жіңішке, біртіндеп олар қаттыланып, ағаштанады. Бұршақ дақылдарына қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

 

Азоттың жетіспеуі

Өсімдіктердің түсі ақшыл-жасыл болып келеді. Азоттың жетіспеуінен бірінші болып төменгі жапырақтар қиналады, кейін жетіспеушілік белгілер басқа жапырақтарда да байқалады. Төменгі жапырақтар солып, түсі ақшыл–сарыға айналып, одан кейін қоңырланып, түсе бастайды. Өсімдіктердің бойы аласа болады.

Фосфордың жетіспеуі

Өсімдіктердің түсі күңгірт-жасыл болып келеді. Жапырақ сағағы және жапырақ беттері жоғары қарай қайырылады. Өсімдіктердің бойы аласа болады. Сабақтары жіңішке, қызғылт түсті.

Калийдің жетіспеуі

Жапырақтардың шеттерін бойлай сары теңбілдік пайда болады. Хлорозға ұшыраған учаскелері қосылып, жапырақтың басын және бүйір жақтарын бойлай анық үздіксіз сары жолақтарды құрады. Жапырақтың бұл аймағы кеуіп, өлген ұлпа ыдырайды. Майда жапырақты бүршік тұқымдастардың жапырақтары өсімдіктің барлық бөліктерінде зардаптанады. Жапырақтардың шеттерінде майда ақ дақтар пайда болады. Өсімдіктің өсуі тоқтатылады.

3.Минералдық тыңайтқыштардың өсімдікке әсері қандай ?

Минералдық тыңайтқыштардың қолдану нәтижелігін арттыру, олардың дұрыс сақталуын ұйымдастыру, тасымалдауындағы ысырапты азайту үшін тыңайтқыштардың негізгі химиялық, физикалық, механикалық қасиеттерін білу керек. Бұл қасиеттерге тыңайтқыштардың суда ерігіштігі, гигроскопиялығы, шекті су сыйымдылығы, басылуы, шашылғыштығы, гранулометриялық құрам және гранулардың беріктігі жатады. Оларды сақтауда, олар- дың бұлінуін алдын алу үшін үйінді тығыздығын, жаратылыс еңіс бұрышын, кабаттану қабілетін (аралас тыңайтқыштар үшін), жабыс- қақтығын ескеру қажет. Минералдық тыңайтқыштарды сақталуын ұйымдастыруда от және жарылыс қауіпсіздік сипаттамаларын, сондай-ақ химиялық қасиеттерін – еркін қышқылдығын, аммиакты бөліп шығару, бекітілу қабілетін білу қерек. Ылғалдылық. Тыңайтқыштардың ылғалдылығы бекітілген тех- никалық шарттардағы шамалардан аспау керек. Мысалы, аммо- нийлі азот тыңайтқыштарының ылғалдығы 0,2-0,6%, аммонийлі- нитратты және амидті тыңайтқыштардың ылғалдығы 0,2-0,3% және нитратты тыңайтқыштардың ылғалдығы 1,0-2,0%-дан жоғары бол- мау керек. Кальций селитрасының ылғалдығы 14%-дан аспау керек. Суда еритін фосфорлы тыңайтқыштардың ең жоғарғы ылғалдығы 3- 5%, ал суда ерімейтін фосфорлы тыңайтқыштардың ылғалдығы 1,5- 2%-дан 8%-ға дейнгі шекте болу керек. Калийлі тыңайтқыштардың ылғалдығы 1-4%-дан 5-6% шегінде болуы керек. Гигроскопиялық. Бұл қасиет 10-баллдық жүйемен бағаланады. Жоғары гигроскопиялы тыңайтқыштар басылып қалады, гранулалары беріктігін жоғалтады, олардың сусымалылығы және шашылғыш- тығы нашарлайды. Күшті гигроскопиялы тыңайтқыштар 7-10 баллмен бағаланады. Мысалы, кальций селитрасы 9,5 баллмен, түйірт- пектелген аммимак селитрасы 9,3 баллмен бағаланады, ал мочевина - 3,6 баллмен, түйіртпектелген қос суперфосфат - 4,7 баллмен, ұнтақ жай суперфосфат 5,9 баллмен, калий хлориді 3,2-4,4 баллмен, калий сульфаты 0,2-0,0 баллмен бағаланады.

Су сыйымдылығы. Шекті су сыйымдылығы тыңайтқыштың ең жоғарғы ылғалдылығына сәйкес болады. Басылуы. Бұл көрсеткіш ылғалдылыққа, гигроскопиялыққа, гранулометриялық құрамға, сақтау жағдайларына тәуелді. Басылып қалуы 7 баллдық шкала бойынша бағаланады. Тыңайтқыштардың басылу дәрежелері: карбамид (фракция 0,2-1,0 мм)-7; ұнтақ жай суперфосфат-7; түйіртпектекті аммонийленген суперфосфат, майда кристаллды калий хлориді, сильвинит-6; калий сульфаты, калимагнезия және калий хлориді –электролит – 1. Шашылғыштығы. Гранулометриялық құрамымен, сусымалы- лығымен, гранулалар беріктігімен себептеледі. Бұл қасиет 12–баллдық жүйемен бағаланады. Гранулометриялық құрам. Бөлшектер мөлшерлері механикалық талдау арқылы анықталады. Тыңайтқыштардың ба- сылуы және шашалғыштығы әсер етеді. Гранулалардың беріктігі. Тыңайтқыштардың ылғалдығына, бөлшектерінің мөлшерлеріне, түріне қаптау тығыздығына тәуелді. Химиялық құрамы бойынша барлық тыңайтқыштар минералдық және органикалық түрлеріне бөліктенеді. Пайда болу және алу орнына байланысты тыңайтқыштар өнеркәсіптік (азотты, фосфор- лы, калийлі, күрделі және микротыңайтқыштар) және жергілікті (көң, торф, күл және т.б.) деп айырылады (3-сурет). Қоректену заттарына, олардың санына байланысты минерал- ды тыңайтқыштар екі топқа бөлінеді: • қарапайым - азотты, фосфорлы, калийлі, борлы, молибденді және т.б.; • кешенді - екі немесе бірнеше негізгі қоректену заттардан тұрады. Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0,04% құрайды. Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Ақуызда азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне тең болады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен фермент- терде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады. Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағы қосылыстарды мынадай топтарға бөледі: 1) азот қышқылының тұздары, 2) аммоний тұздары, 3) азотты қышқыл тұздары, 4) азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, амин қышқылдары). Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып саналады. Кезінде орыс оқымысты А.Е.Ферсман ”Фосфор – тірші- лік пен ақыл-ой элементі” деген. Өсімдік организміндегі синтездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қышқылының қатысуымен өтеді. Әсіресе, әр түрлі органикалық қосылыстар құрамына енетін фосфордың маңызы зор. Солардың ішінде нуклеин қышқылдарын бірінші орынға қоюға болады. Нуклеин қышқылының екі түрі де РНК (рибонуклеин), ДНК (дезоксирибонуклеин) ақуыздың синтезделуі, өніп-өсу, тұқым қуалаушылық сияқты тіршіләрекетінің ең маңызды процестеріне қатысады. Олар өсімдіктің барлық мүшелері мен клеткаларында кездеседі. Көпшілік өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарында нуклеин қышқылының мөлшері 0,1-1,0 пайызға дейін жетеді. Жас жапырақ пен өркеннің өсу нүктесінде нуклеин қышқылы көне жапырақ пен сабаққа қарағанда көбірек болады. Фосфордың органикалық қосылыстарына нуклепротеидтерді - ақуыздың фосфор қышқылымен қосылысын жатқызуға болады. Олар биохимиялық реакцияның өтуін жылдамдатады және клетка ядросының бөлінуіне қатысады. Фосфор өсімдікте фосфатидтер, фитин, қант фосфаты сияқты қосылыстар құрамында да кездеседі. Фитин кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік мүшелерінің құрамында, фосфор қосылыстарының арасында мөлшері жағынан бірінші орын алады. Мысалы, майлы дақылдарда 1-2%, астық дақылдарының тұқымында 0,5-1% фитин болады. Фитиннің өзінің құрамында 27,5 пайыз фосфор қышқылы кездеседі. Фосфор өсімдікте жүретін түрлі биосинтез процестерін жүзеге асыру үшін, көп энергия бөліп шығаратын қосылыстар құрамына енеді. Олардың ішінде ең маңыздысы АТФ (аденазин үш фосфор қышқылы) болып саналады . Калий-өсімдіктер тіршілігіне қажетті элементтердің бірі. Орыс ғалымы К.А.Тимирязев: “Өсімдікке калий қажет, ол калийсіз тіршілік ете алмайды” деген болатын. Калий өсімдікте ион түрінде, цитоплазма коллоидтарында, ал негізінен (80-пайыз шамасында) клетка шырынында тұздар түрінде кездеседі. Ол органикалық қосы- лыстар құрамында болмайды. Калий өсімдіктің жас мүшелерінде көбірек болады. Көпшілік өсімдік күлінде оның мөлшері едәуір, ал картоп түйнегінде барлық күл мөлшерінің 50-пайыздан астамы ка- лий үлесіне тиеді. Егер азот, фосфор дәнде көп болса, калий дәнді дақылдардың сабанында көбірек кездеседі. Калий өсімдіктердің бір мүшесінен екіншісіне тез еніп, түнде оның біразы өсімдіктен топыраққа бөлінеді. Көне жапырақтағы осы элементтің біраз бөлігін жаңбыр суы шаяды. Оны өсімдік қайтадан қабылдайды. Бұл құбылысты реутилизация деп атайды. Өсімдік тіршілігінде калий көптеген физиологиялық үрдістерге қатысады. Ол қарапайым және күрделі көмірсулардың синтезделуіне ықпал етіп, жапырақтағы көмірсулардың тамырға жылжуына себепші болады. Сөйтіп қант қызылшасының тамырында қанттың, картоп түйнегінде крахмалдың молаюына көмектеседі. Фотосинтез және тыныс алу үрдістері өсімдіктің калиймен қоректену деңгейіне байланысты. Калий өсімдік организмдегі кейбір ферменттердің қызметіне әсер етеді. Мысалы, амилаза, инвертаза сияқты ферменттердің белсенділігін арттырады.

Билет

1. Магний. Хлорофилл кұрамында фосформен бірге ұлпа және тұқым құрамына кіреді, жасыл өсімдіктердің бірқалыпты қоректенуіне қатысады. Оның шамадан тыс көп болуы өте зиянды. Ол құм, құмайт жерлердегі басқа топырақтың бәрінде кездеседі.

Магний хлорофилл, фитин, пектинді заттардың клетка шырынында ион түрінде, цитоплазмада ақуыздармен байланысқан күйінде кездеседі. Бүкіл магнийдің 15-30 пайызы хлорофилл құрамында болады. Магний фотосинтез құбылысында маңызды физиологиялық рөл атқарады. Ол тотығу-тотықсыздану процестеріне әсер етеді. Фермент жүйесі арқылы магний көмірсулар, ақуыздар және липидтер алмасуына қатысады. Магний жетіспесе азотты заттардың синтезделуі өте нашар жүреді. Өсімдіктерде магний жетіспеушілігінен ең алдымен жапырақтарының түсі өзгереді. Көпшілік өсімдіктер бұл элементке аса сезімтал келеді.

Өсімдік құрамындағы магнийдің орташа мөлшері мынадай болады (пайыз есебімен): күздік бидай дәнінде - 0,15, ас бұршақта - 0,13, қарақұмықта - 0,15, картоп түйнегінде - 0,06.

Топырақта магний көпшілік жағдайда карбонаттар түрінде кездеседі. Қара топырақта магнийдің жалпы мөлшері 0,9 пайыз, боз топырақта 1,45 пайызға дейін жетеді.

Өсімдіктің магнийді қабылдауына оның топырақтағы жылжымалы түрінің мөлшері және катиондардың антагонизмі әсер етеді. Мысалы, аммиакты азот және калий тыңайтқыштары өсімдіктің магнийді сіңіруіне қарама-қарсы тұрады. Нитратты азот тыңайтқыштарын қолдану өсімдіктің магнийді қабылдауын жақсартады.

Өнімнің магнийді пайдалану деңгейі дақыл түріне, өнім мөлшеріне, топырақ типіне тағы басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Магний элементін қант қызылшасы, картоп, малазықтық қызылша, темекі, дәнді бұршақ тұқымдастар және бұршақ тұқымдас шөптер көп сіңіреді. Ылғалды жылдары, жеңіл және калий хлоридін қолданған топырақтан магний көп шайылады. Орта есеппен, 1 гектар егістіктен жыл сайын 10-20 кг магний ысырап болады.

2. Мыс клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестеріне, ондағы ферменттер құрамына кіреді. Мыстың қатысуымен амин қышылдары ұзыннан ұзақ шұбатылып, күрделі органикалық қосылыстар түзеді және онық химиялық құрамына әсер етеді. Мырыш секілді оны да дақылдардың дәні мен түйнегі бойына жақсы сіңіреді.

Өсімдіктер мен жануалардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін аздаған мөлшерде болса да мыс өте қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін тұрақтандырып, оны ыдыраудан қорғап тұрады. Клеткаларында болатын тотықтандыру процестеріне қатысып, ферменттердің құрамына кіреді, ол ферменттердің кейбіреулері В тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі көмірсу мен ақуыздың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса, өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, картоптың тамырымен бірге оның жер бетіндегі сабағы мыс тұзымен үстеп қоректендірілсе, оның «көк» және «қызыл шірік» ауруына шалдығуы азайып, түйнектерінің ауруларға төзімділігі арта түседі.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3968;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.