Агрохимиялық зерттеудің әдістемелері оның маңыздылығы 1 страница

Егістік тәжірибе - табиғатта ауыл шаруашылығы өндірісіне жақындастырылған жағдайда арнайы бекітілген учаскеде түрлі факторлардың немесе агротехникалық шаралардың өсімдік өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына тигізетін әсерін анықтау мақсатында орындалатын зерттеу әдісі. Академик В.Е.Егоровтың анықтамасы бойынша егістік тәжірибе егіншіліктің бас төрешісі және агротехникалық шаралардың мұхиттарындағы жол көрсетүші болып саналады. Егістік тәжірибе өсімдік шаруашылығында, егіншілікте, селекцияда, агрохимияда басқа да көптеген ауыл шаруашылығы ғылымдарының салаларында кеңінен қолданылады. Агрохимияда егістік тәжірибе көмегімен өсімдік қоректенуінің кейбір теориялық және практикалық мәселелерін, атап айтқанда, тыңайтқыштың дақыл өнімі мен сапасына әсерін зерттейді. Академик Д.Н.Прянишников «Егістік тәжірибе - тыңайтқыштарды қолдану- дың тиімділігін анықтаудың басты әдісі» деген болатын. Агрохи- миялық зерттеуде ауыспалы егісте тыңайтқыштарды орналастыру тыңайтқыш қолдану жүйесінің қолайлы, әрі тиімді түрлерін анықтау, тыңайтқыштарды агротехникалық шаралармен үйлестіре зерттеу сияқты мәселелерді шешуде егістік тәжірибенің маңызы зор.

Вегетациялық латынның «vegetatio» деген сөзінен шыққан, яғни өсу, өсіп жетілу деген ұғымды білдіреді. Вегетациялық тәжірибелер арнаулы бөлмелерде, үйшіктерде, ыдыстарда жүргізіледі және өсімдік шаруашылығы, өсімдіктер физиологиясы, егіншілік, агрохимия және экология тағы басқа ауыл шаруашылық салаларында жиі қолданылады. Агрохимияда вегетациялық тәжірибе көмегімен өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері, тыңайтқыштар құрамындағы жекелеген қоректік элементтердің рөлі, сіңімділігі және олардың реттелуі мен топырақ құнарлылығының өзгеруін анықтайды. Соның негізінде жеке факторлардың немесе олардың жиынтығының дақыл өнімі мен сапасына әсерін білуге болады. Сондықтан вегетациялық тәжірибе өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеудің алғашқы сатысы болып саналады .Вегетациялық тәжірибенің өзіне тән ерекшеліктері бар: - табиғи жағдайда өсімдік қоректік заттарды топырақтың жыртылатын және одан терең қабаттарынан пайдаланса, вегетациялық тәжірибеде ондай мүмкіндік жоқ; - вегетациялық тәжірибеде өсімдік үшін қажетті ылғалдылық, температура, жарық сияқты факторларды реттеуге болады.

2. Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы

Агрономиялық химияның дамуы егіншілік мүддесімен тікелей байланысты. Ол адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай, теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан, бірден практикада қолданыла бастады. Мысалы, ертедегі римдіктер мал көңінің, күл, гипс, әк сияқты заттардың топыраққа әсер ететін қасиетін біліп, оларды пайдалану арқылы жердің құнарлылығын арттырған. Римдіктер сол сияқты, бірдей мөлшерде тыңайтқыштарды қолдана отырып, бір дақылды алмастырып еккен кезде мол өнім алатынын да ескерген. Француздың табиғат зерттеушісі Бернар Палисси 1563 жылы топырақтағы минералдық заттардың өсімдік үшін қоректік элементтердің көзі екендігі туралы пікір айтты. Ол минералдық тыңайтқыштардың тегі, әсері жөнінде жазған шығармасында “тұз дегеніміз тірішіліктің және барлық егістің өсіп-өнуінің негізі болып табылады”,-деген. Осыдан кейін 1656 жылы Глаубер “Өсімдіктің өсуіне селитра негіз болады”, -деген жорамал (гипотеза) ұсынды. 1766 жылы профессор Валлериус өсімдік күліне химиялық талдау жасап, оның құрамы топырақтағыдай емес екенін көрсетті де мынадай қорытынды жасады: топырақтағы органикалық заттар ғана өсімдік үшін қорек болады. Топырақтың басқа құрамдас бөліктері көмекші қызмет атқарады. Жалпы XVIII ғасырда француз ғалымдары О.Б.Соссюр (1804 ж.) мен Ж.Б. Буссенго (1836 ж.) және неміс оқымыстылары Х.К.Шп-ренгель мен Ю.Либих (1840 ж.) өсімдіктің қоректенуі туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. О.Б.Соссюр өсімдік күліне тыңғылықты талдау жасап, минералдық заттардың өсімдік организміне енуі кездейсоқ емес деген қорытындыға кел-ді.”Тұздардың өте аз мөлшерде болуы олардың пайдасыз екендігінің дәлелі емес”‚-деп жазды Соссюр. Ол құнарлылыққа қатысты шіріндінің маңызына тоқтала келіп, оның өсімдік құрамында да кездесетінін айтты. Ж.Б. Буссенго өсімдіктің көміртегі мен азотты ассимиляциялауы жөніндегі жүйелі жұмыстары арқылы әйгілі болды. Ол ауыспалы егістегі жеке элементтердің кірісі мен шығысын есептеп шығаруға әрекет жасады. Бұршақ дақылдарының топырақты азотпен байытатындығын көрсетті. Сол сияқты О.Б.Буссенгоны ең алғашқы агрохимиялық тәжірибе стансасының негізін қалаушы деп санауға болады. Сонымен бірге О.Б.Буссенго Тэердің гумус теориясын қоштамай, орнына өсімдіктің қоректенуі жөнінде өзінің азот теориясын ұсынды.

Германияда өсімдіктің қоректенуі жөнінде Шпренгель: “Өсімдікте топырақтан және ауадан алатын органикалық емес заттардан, жарықтың, жылудың, электрдің және ылғалдың көмегімен органикалық заттар құралады”‚-деген. Шпренгель минералдық заттардың маңызы және оларды топыраққа қайтару қажет екендігі туралы айтқан.

Өсімдік қорегін топырақтағы шіріндінің және минералдық заттардың маңызы жөніндегі көзқарасқа, неміс оқымыстысы Ю.Либихтің 1840 жылы “Химияны егіншілікте және физиологияда қолдану” атты кітабының жарық көруі өзгеріс еңгізді. Бұл кітапта А.Д.Тэердің гумус теориясы қатал сыналды. Ю.Либих шіріндіні топырақтағы көмірқышқыл газдың тұрақты көзі деп есептеді. Топырақ құнарлылығын сақтау үшін, одан өсімдік алған заттарды оған қайтару жөніндегі Ю.Либих ілімінің зор маңызын атап айту керек. Өйткені бұл ілімнен, адам мен табиғат арасындағы зат алмасуды саналы түрде реттеу туралы нақты пікірді кездестіріп отырмыз.

Бұл жөнінде К.А. Тимирязев былай дейді: ”Топыраққа қайтару қажеттігі жөніндегі ілімнің маңызын шектеуге қаншама тырысқанымен ол ғылымның аса ұлы жетістіктерінің бірі болып табылады”. Ю.Либих өз кітабында өсімдіктердің минералдық қорегі жөніндегі идеяны ұсынып, өсімдіктің минералдық қоректенуі жөніндегі теорияның негізін қалады. Алайда, Ю.Либих практикалық нұсқауға көшу кезінде, тыңайтқыштардың жеке мәселелері жөнінде қате пікірлер айтты. Мысалы, Ю.Либих жалпы тыңайтқыш ретінде азотқа аса мән бермеді, ол ауадағы азот топыраққа жауын-шашынмен өсімдіккке жеткілікті мөлшерде барады, сөйтіп оның азотқа деген қажетін өтейді деп ойлады. Ю.Либихтің азотты осылай шеттетуі азот тыңайтқыштарының маңызын төмендетті. Ю.Либих пікірі бойынша, көңнің ең бағалы заты оның күлі ғана болып табылады. Ол көңді кептіріп, оны өртеп, одан алынған күлді егістікке төксек жеткілікті болар еді дейді.

3. Қазіргі уақытта Қазақстан агрохимиктері топырақтарды агроэклогиялық тұрғыда бағалау (Рамазанова С.Б.), егіншілікті биологизациялау (Елешев Р.Е., Рамазанова Р.Х., Балғабаев Ә.М.), топырақтарды минималды және нөлдік өңдеуде тыңайтқыштарды жүйелі қолдану (Елешев Р.Е., Күрішбаев А.К., Кененбаев С.К., Үмбетов А.Қ., Киреев А.К.), агроландшафты егіншілік (Елешев Р.Е., Үмбетов А.Қ., Киреев А.К.)) мәселесі бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу үстінде.

Соңғы 15 жылдық кезеңде Қазақстанның агрохимиялық ғылымының потенциалы төмендеді, мамандырылған ғылыми орталықтарда, тәжірибелік стансаларда ғылыми лабораториялар саны қысқарды және аграрлық жоғарғы оқу орындарындағы проблемалық лабораториялар себепсіз жабылды. Республикалық агрохимия қызметі де жойылды. Агрохимиктердің талабы бойынша 2002 жылы құрамында 150 маманы бар «Агрохимия қызметінің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» атты жаңа мемлекеттік мекеме құрылды. Бұл орталықтың атқаратын жұмысы өзінің негізгі міндетінен алшақ жатыр және тендерде жеңіске жеткен фермерлік қожалықтарының топырақтарының сапасын анықтаумен шектеледі.

Осындай ғылыми зерттеулер үшін қолайсыз жағдайларға қарамастан кәзіргі кезеңде Қазақстан агрохимиктері жинақталған білімдерді, қолданыстағы ғылыми лабораторияларды, құрал-жабдықтарды белсенді пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі алғашқы мәселелерін шешуде:

• адаптивті-ландшафтты егіншілікте ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің заманауй ресурс сақтаушы, экологиялық қауіпсіз технологиясын тиімді қолдану үшін негіз ретінде топырақтарды қолайлы қалпына келтіру жүйесін құру;

• химияландыру құралдарын шектеулі қолдану технологиясын зерттеу;

• өсімдіктердің қоректену теориясын және қолайландыруын жетілдіру;

• өсімдіктердің минералдық қоректену жағдайларын геном және плазмон деңгейінде генетикалық тұрғыда бақылау, былай айтқанда сұрыптау барысында агрохимиялық тиімді генотипті құру;

• өсімдіктердің адаптивті жайының өзгеруін және потенциалды өнімділігінің қалыптасу заңдылықтарын ашу;

• агроландшафттық егіншілікте тыңайтқыштарды қолданудың қолайлы жаңа жүйесін (нақты агротехнологияға және өндірістің қарқындылық деңгейіне сай жүйелігімен, экологиялығымен және альтернативтігімен ерекшеленетін) қалыптастыру және іске қосу;

• антропогендік әсер жағдайында «топырақ-өсімдік-тыңайтқыш» жүйесінде микроэлементтердің және ауыр металдардың таралу заңдылықтарын анықтау және топырақтарды агроэкологиялық тұрғыда бақылау әдістерін жетілдіру бойынша зерттеулер;

• ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибелерде орындалатын зерттеулерді жетілдіру.

Әрине, алғашқы басым мәселе болып агроценоздар жүйесінде биологиялық қайнар қөздерін минералдық қоректену элементтерінің және азоттың айналымына, сондай-ақ теңгеріміне еңгізу болып саналады.

Азотты симбиотикалық және ассоциативті бекіту, өсімдіктер қалдықтарын және сидералды тыңайтқыштарды зерттеулердің, сондай-ақ топырақ қорындағы өсімдіктердің пайдалануына қиынға соғатын фосфаттар, калий және микроэлементтерді жылжымалы түрлеріне айналдыру жолдарын іздестірудің болашағы зор. Осы аталған басым мәселелерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін келесі бір қатар ұйымдастырушылық шараларды іске асыру:

• топырақтану, өсімдіктердің физиологиясы және биохимиясы, микробиология, генетика, селекция және басқа да табиғи ғылымдары саласында жүргізілетін іргелі басым зерттеулерге сәйкестендіріп, басымдықтарға бағыттай отырып, ғылыми-өндірістік орталарда, аграрлық жоғарғы оқу орындарының кафедраларында, тәжірибелік стансаларда орындалатын агрохимиялық зерттеулердің тақырыптарын қайта қарастыру керек;

• аймақтық ғылыми-өндірістік орталықтарда агрохимиялық зерттеулерді бағыттау және әдістемелік басқаруды ұйымдастыру бойынша бөлімдерді және проблемалық лабораторияларды ашу керек. Әрине, агрохимиялық бөлімшелері нәтижелі жұмыс істеу үшін олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, құрал-жабдық паркін жаңарту және жаңа зерттеу әдістерін игеру керек;

• тыңайтқыштармен тәжірибе жұмыстарын жүргізу, топырақтардың жылжымалы қоректену элементтерімен қамтылу деңгейін бағалау және тыңайтқыштардың ауылшаруашылық дақылдарға қажетті мөлшерін анықтау құзыретін кеңейте отырып, ауылшаруашылығында мамандандырылған агрохимиялық қызмет көрсетудің жаңа формасын құру керек;

• Қазақстан Республикасының агрохимиялық қызметі ғылыми, тәжірибе-өндірістік ұйымдарының, жер ресурстары, өсімдік қорғау жөніндегі аймақтық комитеттерінің, ауылшаруашы-лық техниканы шығаратын зауыттардың, банк инвесторларының, сақтандыру компаниялардың, өндірістік нарығындағы операторлардың қызметтер жүйелерімен қосылу керек;

• жаңа агротехнологияларды игеру және еңгізу бойынша Республикалық технологиялық орталық құру керек;

• технологиялық орталарда тауар өндірушілер ассоциациясын, жергілікті орындарында жаңа кешенді агротехнологияны игеру және оны жүзеге асыру үшін олардың біліктілігін жоғарылату курстарын ашу қажет.

Қазақстанда агрохимия ғылымы саласындағы оқымыстылардың тәжірибелері мен зерттеулерінің республикамыздың түрлі топырақ-климат аймақтарында өсірілетін дақылдарға қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшерін, мерзімін, тәсілін анықтауда маңызы зор. Мұның өзі ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапасы жоғары мол өнім алуға жағдай жасайды және Қазақстанда агрохимия ғылымының дамуына едәуір септігін тигізед.

Билет

1. Тыңайтқыштар - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмділігі мен топырақ құнарлылығын арттырудың басты факторы

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткіліті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш еңгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.

Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыштың мөлшеріне тәуелді (1-кесте).

Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 45-50 пайызы тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50-55 пайызы агротехника, сорт‚ мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді.

Д.Н.Прянишников ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдануды және олардың түсімді арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте “жаңа континенттердің ашылуы” деп бағалады.

Дақыл өнімін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану да маңызды рөл атқарады.

Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді.

Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0,5 пайыздан 1,2 пайызға дейін арттырады. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.

Қазақстанда 1996 жылғы мәлімет бойынша бір гектар егістік жерге орта есеппен 15,6 кг минералдық (әсерлі зат бойынша) және 0,5 т. органикалық тыңайтқыш еңгізілді.

Соның нәтижесінде, ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі күрт төмендеп кетті.

Мысалы, 1986-1990 жылдары астық дақылдардың өнімділігі 10,8 ц/га, дәндік жүгерінің өнімділігі 34 ц/га, қант қызылшасының өнімділігі 260 ц/га, көкөніс дақылдарының өнімділігі 169 ц/га құрса, 1996 жылы бұл көрсеткіштер дақылдарға сәйкес 6,3 ц/га, 14,2 ц/га, 105 ц/га, 92 ц/га дейін төмендеп кетті. Статистика мәліметтері бойынша Қазақстанда 1999 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі 13,0 ц/га, бидай 12,9, арпа 13,5, сұлы 14,0, қарақұмық 4,6 ц/га болса, ал 2008 жылы бұл көрсеткіштер дақылдарға сәйкес 10,1; 9,7; 10,5; 9,4; 3,1 ц/га төмендеп кетті (3-кесте).

Осы аталған дақылдардың өнімділіктерінің құлдырап төмендеуінің бір себебі минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдану болып табылады.

2. . Агрохимия өсімдіктің, топырақтың және тыңайтқыштардың өзара қатынасын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырып, сапасын жақсарту үшін, топырақ құнарлылығын ұдайы жоғарылатуды зерттейтін ғылым. Агрохимия биологиялық және химиялық ілім болып саналады. Өсімдік шаруашылығын дамытуда және жетілдіруде, тыңайтқыш қолдану ең тиімді әдістің бірі болып есептелетіндіктен, агрохимияның агрономия ілімдерінің ішіндегі алатын орны ерекше. Агрономиялық химияның мақсаты - өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау, тыңайтқыштардың жеке түрлері мен формаларының топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау.

Агрохимия ілімі егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі болып саналады. Өйткені мұнда, ауылшаруашылығында тыңайтқыштарды қолданудың мерзімі, мөлшері, әдістері сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылады.

Орыстың ұлы ғалымы, академик Д.Н.Прянишников, тыңайтқышты тиімді қолдану топырақ химиясымен, өсімдіктер физиологиясымен тығыз байланыстыру арқасында ғана мүмкін болатындығын көрсетті. Ол сонымен қатар өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар арасындағы өзара әсерін зерттеуде климат және тағы басқа факторлардың да тигізетін әсерін ескерту қажет деген.

Д.Н.Прянишников осы объектілер арасындағы өзара байланысты қарапайым үшбұрыш түрінде өрнектеді (1-сурет).

Агрохимияда теориялық, практикалық мәселелерді шешу үшін әр түрлі зерттеу тәсілдері қолданылады:

• Биологиялық тәсілдер. Бұған тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік, вегетациялық тәжірибелер мен лизиметриялық зерттеулер жатады. Биологиялық тәсілдермен өсімдіктің қоректенуіне жеке элементтердің рөлін, мөлшерін, қоректік заттарды сіңіру механизмі сияқты мәселелер зерттеледі.

• Лабораториялық тәсілдер арқылы өсімдікке, топыраққа және тыңайтқыштарға сандық, сапалық талдаулар жасалады.

• Математикалық тәсілдерге тәжірибелер нәтижелерін статистикалық өңдеу және процестерді математикалық жолмен модельдеу жатады.

• Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер. өсімдік

Д.Н.Прянишников үшбұрышы.

3. 3.Топырақ құнарлығына қысқаша түсінік беріңіз?

Топырақ құнарлығы - бастапқы тау (аналық) жынысынан өзге топырақтың айрықша қасиеті. Топырақ құнарлығы оның генетика- лық ерекшеліктерімен байланысты. Агрономиялық тұрғыда топырақ құнарлығы өзіне тиісінші климаттық жағдайда өсімдік шаруашылық өнімін өндіру қабіле- тімен себептеледі, жыртылған жерде а. -ш. пайдалану сипатымен байланысады және ауылшаруашылық дақылдардың түсімділігімен өлшенеді. Топырақ құнарлығы - өсімдіктердің тіршілігі үшін қолай- лы жағдайларды қамтамасыз ететін топырақ қасиеттерінің жи- ынтығы. Топырақ құнарлығы - топырақтың биосфера компоненті ре-тінде өсімдіктерге қажетті факторларын және қоректену, су, ауа, t0, тотығу-тотықсыздану құбылыстарын себептеуші жағдайларды қамту қабілеті. Топырақ құнарлығының ең маңызды көрсеткіші өсімдіктерге қажет топырақтағы қоректену элементтерінің мөлшерінің деңгейі болып келеді. Докучаев В.В, Костычев П.А, Сибирцев Н.М. өсімдіктер өнімділігінің климат, ауа райы, геоморфологиялық, топырақ жағдайларына тәуелді екенін көрсетіп, топырақ құнарлығын топырақ қасиеті және өнімділік бойынша бағалауды ұсынған. Топырақ құндылығы 2 түрде болады: • потенциалды (жасырынды); • эффективті (ақиқат, актуальді, ал жыртылған жерлерде - экономикалық). Потенциалды (табиғаттық) құнарлықтың деңгейі өсімдіктерге керек қоректену заттардың (макро-және микроэлементтердің) жалпы мөлшерімен (қорымен), сондай-ақ топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық, физикалық-химиялық қасиеттері бойынша анықталады (тың жер, егістіктерде). Бұл құнарлық топыраққұрау- шы жыныстардың минералогиялық құрамына және климаттық жағдайларға (су, жылы режимдеріне) байланысты боладыТопырақтың потенциалды құнарлығының деңгейін себептей- тін жайлар: • гумус мөлшері және оның сапасы; • қоректену заттардың (N, P 2O5, K 2O) мөлшері; • гранулометриялық құрам; • алмасу-сіңіру катиондар құрамы; • микробиологиялық және ферментативтік белсенділік; • химия-минералогиялық құрам; • топырақ ерітіндісінің реакциясы (рН), тұздық құрам, фитотоксикалық заттар; • сіңірілген негіздер жиынтығы; • сіңіру сыйымдылығы. Топырақтың эффективті (жасанды) құнарлығы өсімдіктер пайдалана алатын қоректену элементтерінің мөлшерімен және өсімдіктердің күй-жайына, өсуіне, дамуына тікелей әсер етуші басқа да бір қатар факторлармен себептеледі. Эффективті құнарлық потенциалды құнарлық негізінде жүзеге асады және агротехникалық шаралар арқылы реттеледі. Топырақтың эффективті құнарлығы климаттық жағдайларға, өсімдіктердің биологиялық ерекшелік- теріне, адам әрекетіне тәуелді. Эффективті құнарлық деңгейін келесі көрсеткіштер себептейді: • топырақ; • ауа-райы және климаттық жағдайлар; • фитосанитариялық жағдайлар; • антропогендік әрекет. Топырақтың эффективті құнарлығын сипаттаушы топырақ қасиеттері көрсеткіштерінің жиынтығын шартты түрде былай бөліктеуге болады: • агрохимиялық-гумус мөлшері, топырақ ерітіндісінің реакциясы, сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген негіздер жиынтығы, өсімдіктер пайдалана алатын топырақтағы қоректену заттардың (макро-және микроэлементтердің) жылжымалы түрлерінің мөлшері; • агрофизикалық-топырақ тығыздығы, кеуектілігі, гранулометриялық және агрегаттық құрам, су сыйымдылығы, жыртылған қабаттың қалыңдығы және т.б.; • биологиялық-топырақтағы жәндіктердің түрлері, саны, белсенділігі және топырақтың фитосанитарлық күй-жағдайы. Ауылшаруашылық алқаптарының өнімділігін арттыруға ба- ғытталған шараларды келесі екі санатқа бөлуге болады: • топырақтың құнарлығын тікелей оның химиялық құрамын және физикалық қасиеттерін өзгерту немесе қоректену элементтерінің мөлшерлері қолайлы шамадан ауытқуын тыңайт- қыштарды қолдану арқылы орнын толтыру; • ауылшаруашылық дақылдарды өсіру технологиясын жетілдіру жолымен топырақ құнарлығын пайлалану жағдайларын қолайландыру. Жыртылған жерлерде эффективті құнарлықтың деңгейін өсімдік өнімділігі көрсетеді. Ауылшаруашылық дақылдардың ең жоғарғы түсімділігі сыртқы факторлары және топырақтағы қоректену элементтерінің шама деңгейі өсімдіктердің ішкі физиологиялық қажеттілігімен толық сәйкестенген жағдайда ғана қалыптасады. Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық дамуының белгілі әр деңгейіндегі байқалатын эффективті құнарлықты экономикалық құнарлық деп атайды. Нақты аймақта қолданатын технология (эталондық) бойынша ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жағдайындағы нақты топырақтың эффективті құнарлығын нормативті құнарлық деп атайды. Топырақ қатты, сұйық және газ тәрізді бөліктерден тұрады. Макро- және микроэлементтердің 99% артық шамасы топырақтың қатты бөлгінде болады. Олар топырақ ерітіндісінде аз мөлшерде болғанымен өсімдіктердің қоректенуі негізінде осы топырақ ерітіндісіндегі элементтер шамасымен және олардың топырақтың қатты бөлігімен өзара әрекеттесуі сипатымен себептеледіТопырақтың органикалық заттары оның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды негізінен екі топқа жіктейді: • Табиғи жағынан ерекше органикалық заттар-қара шірінді немесе гумус. • Қарашіріндіге айналмаған өсімдік және жан-жануар тектес органикалық заттар /өсімдік қалдықтары, құрттар, бунақдене, микрооргнизмдер/. Қарашірінді - құрамында азот болатын жоғары молекулалы, құрылысы өте күрделі қосылыс. Ол өсімдік қалдықтарының биохи- миялық жолмен ыдырауынан түзіледі. Қарашірінді мөлшері топы- рақ түріне, аймақтың табиғи климат жағдайларына, ауыспалы егіс түріне тағы басқа факторларға байланысты өзгереді Қарашірінді - топырақтың жалпы құнарлылығын айқындай- тын көрсеткіш. Оның құрамына гумин қышқылдары, фульвоқыш- қылдар және гуминдер атты топтар кіреді. Гумин қышқылдары әлсіз сілті ерітінділерінде, натрий пирофосфатында, қымыздық қышқыл натрийде, фторлы натрийде жақсы ериді де тұздар-гуматтар түзіледі. Гумин қышқылдарының құрамында 52-62% көміртек, 2,8-5,8% сутек, 31-39% оттек, 1,7-5% азот болады. Гумин қышқылдарындағы осы элементтердің мөлшеріне, топырақ типі, топырақтағы органикалық заттардың химиялық құрамы және олардың ыдырауы әсер етеді Фульвоқышқылдар су мен қышқылдарда жақсы еритін құрамында азот бар жоғары молекулалы органикалық қышқылдар, олардың құрамында шамамен 40-52% көміртек, 4-6% сутек, 42-52% оттек, 2-6% азот болады. Фульвоқышқылдарының қышқылдығы күшті, әрі суда жақсы еритіндіктен, олардың топырақтың минералдық бөлігін ыдырату қабілеті жоғары болады. Топырақ қарашіріндісінің гуминдері гумин және фульвоқышқылдарының жиынтығы болып саналады. Олар қасиеттер жағынан гумин қышқылдарына ұқсас. Әр түрлі топырақтар тек қана қарашірінді қорымен ерекшеленбейді. Олар құрамындағы гумин, фульвоқышқылдарының мөлшерімен, олардың арақатынасымен бағаланады.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 5689;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.017 сек.