Агрохимиялық зерттеудің әдістемелері оның маңыздылығы 3 страница

2. Тамыр түкшелері немесе сору аймағы, ұзындығы 1-2 см.

3. Созылу аймағы.

Бөліну немесе созылу аймақтарына қарағанда қоректік, элементтерді тамыр түкшелері орналасқан аймақ клеткалары әлденеше рет қарқынды сіңіреді. Өсімдіктің тамыр жүйелері құрғақ массаға шаққанда оның топырақ бетіндегі мүшелерінен үлкен болады. Мысалы, тың және тыңайған жерлерде өсірілетін көпжылдық шөптердің тамыр жүйелерінің үлес салмағы жер бетіндегі өсімдік массасының 90%-ін құрайды. Сол сияқты жүгері егістігінде ол 16%, күздік бидайда 70%, жоңышқада-166% жетеді. Ал жантақ өсімдігінің тамыр жүйесінің ұзындығы 30 метрге дейін жетіп, оның жалпы салмағы жер бетіндегі массасынан 100 есе артық болады. Ауылшаруашылық дақылдарының тамыр жүйелері біршама көлемді жерлерді алып жатады. Атап айтқанда, күздік қара бидай тамырларының ұзындығы 6,4 м, түкшелерінің ұзындығы 1649,4 метрге, олардың беткі қабатының көлемі 503-767 см жетеді. Бір күздік қара бидай өсімдігі 4 айда 13 млн 800 мың дана тамыр шығарады. Олардың жалпы ұзындығы 600 километрге, беткі жағының көлемі 240 шаршы метрге жетеді. Мақта тамыры 6 м, жаздық бидай тамыры 2 м, ал жоңышқа тамыры 18 м жетеді. Тамырдың ұзындығы көбінесе топырақтағы ылғал қорына байланысты болады. Мысалы, топырақта ылғал жеткілікті болған жағдайда жоңышқа тамыры 5 метр тереңдікке дейін, ал қуаңшылық болған кезде 20 м тереңдікке дейін бойлап өседі. Табиғатта тамырлардың терең бойлап кетуіне жол бермейтін және оларды топырақтың жоғарғы қабатында ғана өркен жаюға мәжбүр ететін факторлар болады. Бұған температурасы төмен және аэрациясы нашар, ыза сулардың жер бетіне жақын орналасуын жатқызуға болады. Өсімдіктің тамыр түкшелері тамырдың қоректік заттарды сіңіру қабілетін ұлғайтады. Сондықтан да, тамыр түкшелері орналасқан аймақты тамырдың қоректік заттарды сіңіру аймағы деп атайды. Дегенмен, кейбір зерттеу жұмыстары қоректік заттарды сіңіруге тамыр түкшелері орналаспаған аймақ клеткалары да қатысатынын дәлелдеп отыр. Рассел мен Кларксон фосфор элементін арпа тамырының тамыр түкшелерінен 40 см қашығырақ орналасқан бөліктері де сіңіретінін анықтады. Сонымен қатар тамыр түкшелерінде арнайы сіңіру аймағы жоқ.

Билет

1. Кальций өсімдіктердің ескі сабақтарында әсіресе астық тұқымдастарының жапырақтарында кездеседі. Ол ақуыздың түзілуіне, өсімдіктегі органикалық қышқылдарды бейтараптауға және өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуына көмектеседі.

Өсімдікке кальций жан-жақты әсер етеді. Ол өсімдіктің барлық мүшелерінде: қымыздық, пектин, фосфор қышқылдарының тұздарының құрамында кездеседі. Өсімдік құрамындағы кальций қосылыстарының 20-65 пайызы суда жақсы ерісе, қалған бөлігін әлсіз сірке, тұз қышқылдарының көмегімен бөліп алуға болады. Кальцийдің біраз бөлігі цитоплазмада ион түрінде кездеседі.

Кальций, басқа катиондар үшін күшті антагонист болып саналады.

Кальций өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінің өсуіне де қолайлы жағдай тудырады. Ол фотосинтез құбылысының жүруі үшін маңызды рөл атқарады.

Кальций өсімдіктегі зат алмасу, көмірсулардың жылжу, азотты заттардың өзгеру процестеріне қатысады. Бұл элементтің әсерінен протоплазманың тұтқырлығы мен өткізгіштігі жоғарылайды.

Кальций ферменттердің белсенділігіне әсер етеді. Мысалы, әк қолданғанда сұлы өсімдігінің инвертаза және каталаза ферменттерінің белсенділігі артқан. Кальций жетіспегенде ең алдымен өсімдіктің тамыр жүйесі зардап шегеді де, тамыр түкшелерінің пайда болуы тежеледі.

Ауылшаруашылық дақылдары кальцийді әр түрлі мөлшерде пайдаланады. Мысалы, дәнді дақылдардың 20-30 ц өнімі 20-40 кг, 200-400 ц тамыр жемістілер 60-120 кг, 500-700 ц капуста 300-500 кг кальций пайдаланған.

Кальций топырақта түрлі минералдардың, сіңіру кешені құрамында және көмір, азот, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі. Өсімдіктер алмасатын және топырақ ерітіндісіндегі кальцийді сіңіреді. Мұндай кальций қара топырақта көп, ал қара қоңыр және боз топырақтарда аз мөлшерде болады.

Кальцийдің жалпы мөлшері топырақ түріне байланысты. Мысалы, қара топырақта 1,44 %, боз топырақта 6,04 пайыз шамасында болады.

2. Марганец. Ферменттердің құрамына кіріп фотосинтез, тыныс алу, көмірсулар мен ақуыздардың алмасу процестеріне қатысады, ол өзгермелі көп валентті элемент болғандықтан өсімдіктер клеткасындағы тотықтандыру-тотықсыздандыру реакциясына қатысып, жапырақтардағы көмірсулардың көбеюі мен тамыр жүйелерінің қозғалысын арттырады, өсімдіктерді нитратты қосылыс-тармен қоректендіргенде ол өзінің тотықсыздандырғыш заттар ретінде, ал аз аммиакты қосылыстармен қоректендіргенде тотықтандырғыш заттар ретінде әрекет етеді.

Өсімдіктерде марганец жеткіліксіз болғанда ауруға (хлороз деп аталатын) шалдығады. Алайда топырақта марганец өте көп болса, өсімдікке зиянды әсер ететінін есте ұстау қажет. Ол ақуыздық катализаторлар-фермент белсенділігін, демалу, азотпен алмасу процестерін тездетеді. Өсімдік көмір қышқыл газымен, хлорофилмен ақуыз қосылыстарының байланысын жақсартады.

3. Топырақтың минералдық бөлігіне түсініктеме беріңіз ?

Топырақ негізінен бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш бөліктен (фазадан) тұрады: газ немесе топырақ ауасы, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және қатты бөлігі. Топырақтың осы үш бөлігі оның гранулометриялық, химиялық құрамдары мен агрохимиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді. Топырақ ауасы өсімдік тіршілігіне және оның тамырларымен аэробты микроорганизмдердің тыныс алуы үшін маңызды рөл атқарады. Топырақ ауасының құрамы атмосфера ауасымен салыстырғанда өзгешелеу болады. Атап айтқанда, топырақ ауасының құрамында көмірқышқыл газы көп (пайыздың оннан бір бөлігінен 2-3 пайызға дейін), оттегі азырақ болады. Топырақ ауасында көмірқышқыл газы мөлшерінің жоғары болуына, оны мекендейтін түрлі аэробты организмдердің оттегіні пайдаланып, бұл газды бөліп шығару мен органикалық заттардың ыдырауы, атмосфера мен топырақ арасындағы газ алмасу құбылысы, топырақ ылғалдығының шамадан тыс жоғары болуы ықпал етеді. Мұның өзі өсімдіктің дұрыс өніп-өсуі үшін су мен ауа белгілі бір қатынаста болуы керек екенін көрсетеді. Топырақ ерітіндісі топырақтың жалпы массасының 20 пайызын құрайтын оның ең жылжымалы, өзгермелі және белсенді бөлігі. Топырақ ерітіндісінің құрамына минералдық, органикалық заттармен еріген газдар (оттек, аммиак, көмірқышқыл газы) енеді. Топырақ ерітіндісінің құрамы мен концентрациясы тұрақты емес, ол түрлі биологиялық, химиялық, физика-химиялық құбылыстардың әсерінен өзгеріп тұрады. Мысалы, тыңайтқышты қолдану, топырақтағы ылғалдың азаюы, органикалық заттардың минералдануының қарқынды өтуі, оның құрамындағы тұздардың мөлшерінің көбеюіне, ал өсімдіктің топырақтағы қоректік заттарды пайдалануы, қоректік заттардың топырақтың төменгі қабатына шайылуы немесе суда еритін қосылыстардың ерімейтін күйге ауысуы, топырақ ерітіндісіндегі тұздардың концентрациясының төменденіне ықпал етеді. Топырақтың сұйық бөлігінің құрамы ерітінді мен топырақ коллоидтарының арасындағы алмасу реакцисының әсерінен де өзгереді. Топырақ ерітіндісінде К +, Са 2+ , Mg 2+ , NH 4+, NO 3-, SO 42-, H 2PO 4- иондарының болуы өсімдіктің қоректенуде маңызды рөл атқарады. Бұл иондар тұздарының жиналуы топырақ құрамындағы минералдың үгілуіне, органикалық заттардың ыдырауына, қолданылатын тыңайтқыш түріне байланысты. Көпшілік жағдайда топырақта тұздардың концентрациясы 0,05 пайыз шамасында болады. Егер тұздарың концентрациясы 0,2 пайыздан көп болса өсімдікке зиянды әсер етеді. Сондықтан топырақ ерітіндісінің құрамын зерттеудің өндірістік маңызы үлкен. Топырақтың қатты бөлігінің жартысына жуығы (49 пайыз) оттек үлесіне, үштен бірі кремний, 10 пайызы темір мен алюминий үлесіне, 7 пайызы басқа химиялық элементтердің үлесіне тиеді. Жоғарыда аталған химиялық элементтердің барлығы топырақтың минералдық бөлігінде минералдық қосылыстар түрінде кездеседі. Көміртек, сутек, оттек, күкірт минералдық және органи- калық, ал азот дерлік тұтас органикалық бөлігінде болады. Топырақтың құрамына Алғашқы және екiншiлiк минералдар кiредi. Олардың химиялық құрамы және құрылымы толығымен топырақ түзілу жағдайларын айқындайды. Топырақ түзуші жыныс- тардың өзгеру сипатына және топырақ кесіндісінің бөліктенуіне ең көп әсерін климат, соның ішінде әсіресе су және температуралық жағдайлар тигізеді. Ылғалмен кем қамтылған аймақтарда топырақтың химиялық құрамы топырақ түзуші жыныстардың құрамымен бірдей болады, ал ылғалды аймақтарда үгілу барысында коллоидті және ерігіш өнімдердің топырақтың түзілу орындарынан тыс әкетілетін себептен топырақтың химиялық құрамы топырақ түзуші жыныстардың құрамынан айтарлықтай өзгеше болады. Тек қана кварц және дала шпаты көп өзгермейді. Сонымен, аналық жыныстардың үгітілу нәтижесінде тұрақты екінші қатардағы минералдар құралады. Олар топырақ организмде- рінің тіршілігіне және өмдіктің өсуіне тиісінше орта қалып- тастырады. Топырақтың қатты фазасының 90-99 пайызы минералдық бөліктен тұрады. Оның минералогиялық және химиялық құрамы өте күрделі болып келеді. Топырақтағы минералдар шығу тегіне қарай екі топқа бөлінеді: алғашқы және екінші қатардағы минералдар. Алғашқы минералдың ішінде топырақта калийлі және натрий- калийлі далалық шпат, калийлі және темірлі-магнийлі слюдалар, кварцтар кеңінен таралған. Алғашқы минералдар топырақ түзуші аналық жыныстардың құрамында болады. Химиялық құбылыстар- дың, топырақты мекендейтін организмдердің әсерінен алғашқы минералдардан темір‚ алюминий гидрооксидтері, кремнезем гидрат- тары, әртүрлі тұздар және екінші қатардағы минералдар пайда болады. Екінші қатардағы минералдар химиялық қасиеттері бойынша үш топқа бөлінеді: • Монтмориллониттер (монтмориллонит, бейделлит т.б.). Бұл минералдардың ісінуі, жабысқақтығы, тұтқұрлығы жоғары. • Каолиниттер (каолинит, галлуазит). Бұл топқа жататын ми- нералдардың тұтқырлығы мен жабысқақтығы азырақ болады. • Гидрослюдалар (гидромусковит, гидробиотит, вермикулит). Олардың химиялық құрамы тұрақты емес. Топырақтың минералдық бөлігінің құрамына аморфты заттар да кіреді. Сонымен қатар топырақта әртүрлі тұздар: карбонаттар, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар, және калий, натрий, кальций, магний фосфаттары кездеседі. Олардың көпшілігі (мысалы, нитраттар, хлоридтер және калий, натрий фосфаттары) суда жақсы ериді. Топырақтың гранулометриялық фракцияларының химиялық құрамы бірдей емес. Топырақтың гранулометриялық құрамы оның физикалық, физика-химиялық, химиялық қасиеттерін себептейді. Саз, сазды топырақтар құрамында құм, құмайт топырақтарға қарағанда кальций, магний, калий және т.б. элементтер көп болады. ТОПЫРАҚТЫҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ ҚҰРАМЫ

Топырақтың потенциалды және эффективті құнарлығы негізінде оның минералогиялық құрамымен себептеледі. Топырақтың минералогиялық құрамы оның потенциалды құнар- лығын бағалауға мүмкіндік береді, бырақ оның эффективті құнар- лығын дұрыс айқындамайды. Сондықтан, топырақтың эффективті құнарлығының оның минералогиялық құрамына тәуелділігін білу өте маңызды. Топырақтың құрылымын себептейтін өте тұрақты, берік, үгілгенше өсімдіктер пайдалана алмайтын минералдар: • Силикаттар (кремний, су тегі нен тұрады). • Алюмосиликаттар (кремний, су тегі, алюминий, темір, калий, кальций, магний, натрий элементтерінен тұрады). Топырақтүзуші жыныстардың үгітілуге беріктілігі оның минралогиялық құрамына тәуелді. Мысалы, дала шпаттары және слюдалар жеңілдеу үгітіледі.

Билет

Кобальт өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Олар әсіресе теңізде, суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мүның өзі осы маңайда мал шаруашылығы орналасатын шаруашылықтарда малдың әр түрлі ауруға ұшырауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтан сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дейіні өсімдіктің ұсақ тамырларына жиналады. Көкөніс дақылдарына кобальт қолданған кезде алқаптардың түсімі артатындығы айқындалы. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хло-оилл және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір көбейеді.

Минералдық қоректену дегеніміз өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру қабілеті. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсу, дамуы тіпті де жүзеге аспайды. Өсімдік дамуының әр қилы кезеңінде оның минералдық заттармен қоректену жүйесін өзгертіп, өсу қарқынын реттеп қана қоймай, сонымен бірге оның дамуын да тездетуге болады. Олардың өсуінің бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, бұл көптеген өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келтіреді.

2. Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі. Көбінесе топырақты азот, фосфор, қалий және микроэлементтердің тұздарымен тыңайтады. Бұл ретте егістік көлемі, топы-ақтың, егілетін өсімдіктің түрі мен сортының ерекшеліктері, сол өсімдік тамырларынан бөлініп шығатын заттардың қасиеттері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар, минералдық заттар топыраққа өсімдіктің өсуі мен даму кезеңдеріне орай да беріледі. Мысалы, көптеген өсімдіктер өз дамуының алғашқы кезеңінде фосфорлы заттарды көбірек тілейді де, азотты қосындыларды онша қажет етпейді. Егер азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарды еңгізу көзделсе, оларды тұқым себілместен бұрын жер жыртқан кезде-ақ топыраққа араластырып жібереді.

Өсімдікке қажет болған тыңайтқыштарды топыраққа араласырып (тамыр арқылы) берумен қатар, соңғы кезде олардың ерітінділерін өсімдіктің үстінен бүркіп (жапырақ арқылы) сіңіру, яғни қосымша қоректендіру жолдары да көп қолданылып келеді.

Тәжірибесі бар егінші өсімдік тіршілігінің кез келген факторына тікелей әсер етумен бірге онымен тығыз байланысты болатын басқа факторлар арқылы жанама түрде де ықпал етуге мүміндіктің бар екенін, соның арқасында тіпті ауа райы тым күрделі, қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алатынын білді. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуаңшылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А. Тимирязев тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректік көзі ғана болып қоймайды, олар сондай-ақ қуаңшылықпен қүрес құралы болып табылады деп көрсеткен болатын. Себебі, егер өсімдік бойында қоректік заттар көп болған сайын, ол құрамында элементтер аз дақылдарға қарағанда суды өте аз буландырады.

Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді дақылдардың өнімділігі арқылы бағалау биологиялық, шаруашылықтық болып екіге бөлінеді.

Атап айтқанда дақылдардан негізгі және қосымша өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады (13-кесте). Ал қоректік заттарды тек қана негізгі және қосымша өнімдер үшін пайдаланса, бұл дақылдар шаруашылықтық болып саналады. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарда алатын өнімдерге қарағанда биолоиялық өнімдер анағұрлым жоғары болады.

Қоректік заттарды дақылдардың белгілі өнімдері үшін пайдалануы өнім түрлерімен сыртқы құрылымына байланысты өзгеріп отырады.

3.Қазақстан топырақтарының агрохимиялық қасиеттері туралы не білесіз ?

Қазақстанның топырағы құрамы мен түрі жағынан сан алуан. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін әрбір аймақ топырақтарының ерекшеліктерін жете білу керек. Ол ауыл шаруашылығы дақылдардан мол өнім жинауға кепілдік береді. Топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне оның құрамындағы қарашірік, қоректік заттардың жалпы және жылжымалы түрінің мөлшері, реакциясы, сіңіру сыйымдылығы, негізбен қанығу дәрежесі, гранулометриялық құрамы жатады. Қара топырақ. Бұл топырақтың басқа топырақтарға қара- ғанда табиғи құнарлылығы жоғары болады. Қара топырақтың негізгі типшелерінің агрохимиялық көрсеткіштері 29-кестеде келтірілген. Сілтсізденген қара топырақта 8-9 пайыздей қарашірінді мөлшері болады және оның мөлшері төменгі қабаттарға қарай бірте-бірте азая береді. Қарашірінді көп қабаттың қалыңдығы 50-60 см - ге дейін жетеді. Бүл топырақ қоректік элементтерге едәуір бай, құрамында 0,5-0,6 пайыз шамасында жалпы азот, 0,3-0,4 пайыз жалпы фосфор болады. Кәдімгі қара топырақ ең құнарлы болып саналады. Оның қарашірінді қабатының қалыңдығы 45-85 сантиметрге дейін жетеді. Карбонат тұздары 40-50 сантиметрден басталады. Бүл топырақ қоректік заттарға бай. Жыртылатын қабатының 1 гектарында 130- 160 тонна қарашірінді, 8-10 тонна азот қоры бар екендігі анықталып отыр. Кәдімгі қара топырақта жалпы және алмаспалы калий мөлшері жоғары, ал фосфордың жалпы қоры біршама мол болға- нымен жылжымалы түрі аз. Сондықтан оған фосфор тыңайт- қыштарын қолданудың маңызы орасан зор. Оңтүстік қара топырақта қара шірінді мөлшері аздау болады да, қара шірінді қабатының қалыңдығы 40-50 сантиметрден аспайды. Ақ түйіршіктер түріндегі карбонаттар топырақтың 60-70 см тереңдігінен бастап анық көріне бастайды, ал 100-120 см төмен гипс кездеседі. Оңтүстік қара топырақ жағдайында егіншіліктің тиімді жүйелерін қолдану арқылы, егіске берілетін тыңайтқыш- тардың тиімділігін арттырады. Қара қоңыр топырақ қара топыраққа қарағанда құнарлылығы төмен болып келеді. Қарашірінді қабатының қалыңдығы 40-50 см аспайды, ал құрамындағы қарашірінді 3-4 пайыз мөлшерінде болады. Қара қоңыр топырақтың да күңгірт қара қоңыр, кәдімгі қара қоңыр, ашық қара қоңыр сияқты түрлері кездеседі. Бүл аталған қара қоңыр топырақ түрлері агрохимиялық қасиеттері жөнінен бір- бірінен едәуір өзгеше келедіКүңгірт қара қоңыр топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы 35-45 см, оның ішіндегі неғұрлым құнарлы, өсімдікке пайдалы қарашірігінің қалыңдығы- 12-15 см. Карбонаттар негізінен 45-50 см тереңдікте орналасқан. 100 г топырақта 30-35 мг/экв алмаспалы негіздер болады. Құрамында орта есеппен 0,2-0,3 % азот, 0,1-0,2 % фосфор болады. Қара қоңыр топырақ өзінің барлық қасиеті жағынан күңгірт қара топыраққа ұқсас болғанымен құнарлылығы сәл төмендеу болып келеді. Құрамында қарашірінді аздау және оның қалыңдығы 25-30 сантиметрден аспайды. Гранулометриялық құрамы жағынан әртүрлі болып келеді. Әсіресе құм, құмайт қара қоңыр топырақ қоректік заттармен нашар қамтамасыз етілген. Сондықтан мол өнім алу үшін топырақта ылғал жинау және тыңайтқыш қолдану шараларын жүзеге асырудың маңызы үлкен. Ашық қара қоңыр топырақ, қарашіріндінің мөлшері, оның жалпы қоры, қалыңдығы және қоректік заттардың шамасы жағынан қара қоңыр топыраққа жақын. Мұнда қарашіріндінің мөлшері 3 пайыздан аспайды. Ашық қара қоңыр топырақ калий элементіне бай, ал фосфордың жалпы қоры көп болғанымен өсімдікке сіңімді түрі аз. Қара қоңыр топырақ территориясының оңтүстігіне қарай, үлкен алқапты боз топырақ аймағы алып жатады. Боз топырақтағы қарашіріндінің мөлшері 0,7-1,5 пайыз болады, қабатының қалыңды- ғы 10-12 сантиметрден аспайды. Бүл топырақтың гранулометрия- лық құрамы көбінесе орташа және ауыр саз балшықты болып келеді. Боз топырақты құрайтын аналық тау жынысы карбонатты және майда саз балшықтардан тұратындықтан, олар көбінесе карбонатты болып келеді. Боз топырақтың агрохимиялық өзгешелігі - калий элементіне аса бай, ал азот өте аз болады. Бүл топырақ фосформен орташа дәрежеде қамтамасыз етілген Сондықтан, бұл жерлерде егіншілікке азот және органи- калық тыңайтқыштарды пайдаланудың маңызы үлкен. Сор және сортаң топырақтар тұзды болып келеді, қараші- рінді мөлшері аз, әрі оның қабаты жұқа, өсімдіктер үшін қоректік заттары шамалы. Түздардың көптігі сонша, олар кейде жер бетіне шығып қар сияқты ағарып жатады. Сор және сортаң топырақтарды пайдалану, өте күрделі мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыруды талап етеді.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2792;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.