Амортизация, оны есептеу әдістері және негізгі капиталды жаңартудағы орны
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді. Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөлінеді. Негізгі құралдардың табиғи тозуын олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжіліп, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер етуіне байланысты. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды ұзақ уақыт пайдалану және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады. Негізгі қорлардың сапалық тозуы олардың табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан туындайды. Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдардың тозу дегеніміз олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады.
Кәсіпорынға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдардың амортизациялық аударымы келесі айдың бірінен бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептеп шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептемейді.
Бухгалтерлік есептің 6 «Негізгі құралдарды есепке алу» деп аталатын стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:
1. құнды бір қалыпты (тура жолмен) есетеп шығару әдісі;
2. құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс);
3. жылдамдатып есептеп шығару әдістері;
а) қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту әдісі) әдісі;
ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (коммулятивтік әдіс).
Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғанын қаржылық есептеуде айтылып көрсетілуі қажет. Осы аталған әдістер бойынша кәсіпорынның мәліметтерін талдаймыз:
1. Құнды бір қалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде кәсіпорынның шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдардың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша құнды бір қалыпты есептеп шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. Есептеу жолы станоктың бастапқы бағасы бір млн. теңге, ал қалдық құны 100000 теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл деп алып, осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ ол 180000 теңгені құрайды,яғни 1 000 000 – 100 000 = 900 000 және 900 000 /5 =180000.
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 (1 000 000-100 000) теңге, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялауға тиісті соманы 100% деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшері (100/5=20%), сол соманың 20 пайызы деп табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыда көрсеткішке тең сома табылады: 900 000*20/100=180 000 тенге.
Кесте 1
Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады:
Станоктың бастапқы құны,теңге | Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы,теңге | Жинақталған тозу сомасы, теңге | Станоктың қалдық құны,теңге | |
Сатып алған кездегі | - | - | ||
1-жылдың соңында | ||||
2-жылдың соңында | ||||
3-жылдың соңында | ||||
4-жылдың соңында | ||||
5-жылдың соңында |
1-кестеден үш жағдайды көруге болады:
-негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 жыл бойы оған есептелген амортизациялық аударым сомасы тұрақты;
-жинақталған тозу сомасы бір қалыпты өсіп отырады;
-негізгі құралдардың қалдық құны бір қалыпты азайып отырады.
2. Құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді мөлшерде есептеп шығару әдісі бойынша объектінің пайдаланған уақыты емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 жыл ішінде пайдаланатын уақыт аралығында 10 млн. тонна өнімді өндіруге негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады:
(бастапқы құны-қалдық құны)/жалпы өндіруге тиісті өнім саны*әр жылдағы өндірілген өнім санына =(1000000-100000)/10000000*әр жылдағы өндірілген өнім санына=0.09*әр жылдағы өндірілген өнім санына.
Станоктың бір тонна өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,09 теңгені құрайды. Егер станок бірінші жылы – 3 млн, екінші жылы – 3 млн, үшінші жылы – 2 млн, төртінші жылы – 1 млн, бесінші жылы – 1 млн өнім өндірсе, онда әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері төмендегідей:
1 жылы: 3 млн*0.09=270000 теңге.
2 жылы: 3 млн*0.09=270000 теңге
3 жылы: 2 млн*0.09=180000 теңге
4 жылы: 1 млн*0.09=90000 теңге
5 жылы: 1 млн*0.09=90000 теңге
Кесте 2
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді мөлшерде есептеп шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі
Станоктың бастапқы құны, теңге | Өндірілген өнім көлемі, тонна | Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы, теңге | Жинақталған тозу сомасы, теңге | Станоктың қалдық құны, теңге | |
Сатып алынған кездегі | - | - | - | ||
1жылдың соңында | |||||
2жылдың соңында | |||||
3жылдың соңында | |||||
4жылдың соңында | |||||
5жылдың соңында |
Бұл өндірістік әдісті қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің – яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Жалпы бұл әдісті объектіні пайдалану кезеңіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілген өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
3. Жылдамдатып есептеп шығару әдісі жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан едәуір асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амолртизациялық аударым есептеудің жоғарыда айтылған жылдамдатып есептен шығарудың әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, жаңартуға орай жабдықтардың негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып, алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқа да жақтардың тиімді болып келетін құралдарымен ауыстыруды көздейді.
а) Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі (коммулятивтік әдіс) бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп аталуының себебі, осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдары санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байланысты. Бұл формула мына түрде жазылады:
Амортизациялық аударым = (қалған жылдар саны/пайдаланылатын жыл сандарының қосындысы)*(бастапқы құны-қалдық құны)
Станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл деп қарастыратын болсақ, онда станоктың пайдаланылатын жыл сандарының қосындысы 15-ке тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны – коммулятивтік саны. Әр жыл үшін есептік көрсеткіш коэффиценті өзгертіп отырады.
1 жылы – 5/15;
2 жылы – 4/15;
3 жылы – 3/15;
4 жылы – 2/15;
5 жылы – 1/15.
Кесте 3
Жоғарыда айтылған есептеуіміздегі сандар жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісімен негізгі құралдардың амортизациялық аударымын есептеу кестесі
Негізгі құралдардың бастапқы құны,теңге | Жылдық амортизациялық аударым сомасы, теңге | Жинақталған тозу сомасы, теңге | Негізгі құралдардың қалдық құны, теңге | |
Сатып алынған кездегі | - | - | ||
1 - жылдың соңында | 5/15*900000-300000 | |||
2 - жылдың соңында | 4/15*900000-240000 | |||
3 - жылдың соңында | 3/15*900000-180000 | |||
4 - жылдың соңында | 2/15*900000-120000 | |||
5 - жылдың соңында | 1/15*900000-60000 |
Станоктың бастапқы құны бір млн. теңге, қалдық құны 100 000 теңге болған жағдайда, оның амортизациялық аударым мөлшері 900 000 теңгені құрайды. Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:
1 жылы АА= 5/15*(1 000 000-100 000)=300 000 теңге
2 жылы АА= 4/15*(1 000 000-100 000)=240 000 теңге тағы да сол сияқты.
Сандардың қосындысын, яғни коммулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:
S=N*(N+1)/2
Мұндағы, S – сандардың қосындысы
N – негізгі құралдарды пайдалану мерзімі (жыл)
S=5*(5+1)/2=5*6/2=30/2=15
Егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса,коммуляциялық сан 55-ке тең болады:
S =10*(10+1)/2=10*11/2=110/2=55
Ә) Қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі – бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негзгі құралдардың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, пайдаланылатын уақыт жылы санына бөлініп,әр есепті жылға тиісті амортизациялық пайыз анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100 пайыз деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшерін (100 пайыз бөлінген пайдаланылатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы амортизацияланбаған қалдық құнына, баланстық құнына көбейтіледі. Осыған дейінгі әдістерде, алынған станоктың амортизациялық аударымы осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл,сондықтан бір қалыпты есептен шығару әдісі бойынша бір жылдық амортизациялық аударым мөлшері 20 пайыз болады. Ал қалдық құнының кемуі әдіс бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 40 пайыз болады Бұл белгіленген амортизациялық адарым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнына көбейтіледі.
Кесте 4
Қалдық құнының кемуі әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі
Негізгі құралдардың бастапқы құны, теңге | Жылдық амортизациялық аударым сомасы,теңге | Жинақталған тозу сомасы, теңге | Негізгі құралдардың құны, теңге | |
Сатып алынған кездегі | - | - | ||
1-жылдың соңында | 40%*1 000 000 = 400000 | |||
2-жылдың соңында | 40%*(1 000 000 - 400 000) = 240 000 | |||
3-жылдың соңында | 40%*(1 000 000 - 640 000) = 240000 | |||
4-жылдың соңында | 40%*(1 000 000-784000) = 86400 | |||
5-жылдың соңында | 129600-100000= 29600 |
Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектелініп, өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.
Жоғарыдағы кестеден көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселенген алынған амортизациялық аудырым сомасының мөлшері әр уақытта өткен жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай етіліп шектеліп алынады. Негізгі құралдардың қалдық құнының мөлшері 100000 теңге болғандықтан, бұл кестеден соңғы 5 жылы амортизациялық аударым сомасы 29600 теңгемен ғана шектеледі. Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыру кезінде және ол толық топтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралдарға есептелмейді.
Материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударымдар есептеліп тұрады. Амортризациялық аударымдар мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтер пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым 10 жылға есептеледі. Бірақ бұл кәсіпорынның қызмет атқару уақытынан аспауы керек.
Материалдық емес активтердің амортизациясы субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасынан неғұрлым жуық негізде жүйелі түрде бөлінеді.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6-«Негізгі құрал жабдықтар есебі» БЕС-де белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тіксызықты есептеп шығару тәсілі қолданылады.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 22357;