Дәріс 5. өнімді өндіруге және өткізуге кеткен КОРПОРАЦИЯНЫҢ шығындары және оларды қаржыландыру

 

5.1 Шығындар мен шығыстардың экономикалық мазмұны және сыныптамасы, өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың жіктемесі

5.2 Өнімнің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына кіретін шығындардың жіктемесі

5.3 Өнімді өндіру мен өткізуге шығындардың сметасы және жоспарлау

 

5.1 Шығындар мен шығыстардың экономикалық мазмұны және сыныптамасы, өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың жіктемесі

Кез-келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.

Шығындар – активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы. Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады. Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:

1. пайда болу орны бойынша -өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;

2. өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша- оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;

3. шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша және калькуляциялау баптарымен.

Сонымен бірге:

а) экономикалық элемент бойынша-өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:

§ Материалдық шығындар;

§ Еңбекақы шығындар;

§ Аударым;

§ Құралдардың тозуы;

§ Басқа да шығындар

ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланады. БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:

§ Материалдар;

§ Еңбекақы;

§ Аударым;

§ Үстеме шығындар.

Материалдық заттар (шикізат, материалдар, отын, энергия, жабдық т.б.) мен қажетті еңбек (тауар өндіруге жұмсалатын еңбек) шығынының жиынтығын өндіріс шығыны деп атаймыз. Ол осы кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы шығыны болып табылады. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, сонымен бірге ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады.

Кесте 9

Элементтер бойынша және калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру (мың теңге)

 

  Экономикалық элементер сома Калькуляция баптар сома
Материалдық шығындар Материалдар
Еңбекке кететін шығындар Сатып алынатын жартылай өнімдер, жиынтықтаушы бұйым және т.б.
Аударым Қайтарылатын қалдықтар (2400)
Құралдардың тозуы Технологиялық мақсатқа арналған отын және энергия
Басқалай шығындар Еңбекақы
  Барлығы: Аударым
  өндірістік емес шотқа есептен шығырылады (-) (қайтарылған қалдықтар құны,ақауға кінәліден шығынның орнын толтыру) (3600) Әзірлік және өндірісті игеру шығындары
  Аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруі (+) Үстеме шығындар Басқалай шығындар
  Барлығы Барлығы

 

Кәсіпорынның тауарға оны өндіруге, бөлуге, өткізуге жұмсалған шығынды, сондай-ақ жұмсалған күш-жігер мен тәуекелдік үшін пайданың орынды нормасын толық жабатындай баға қоюға ұмтылады. Өнімді өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету барысында пайдаланылатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі құралдардың, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы өнімнің өзіндік құны деп аталады.

 

 

5.2 Өнімнің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына кіретін шығындардың жіктемесі

 

 

Кез-келген сала, кәсіпорын меншік нысанына қарамастан зиянсыз жұмыс істеуге тиіс болатын нарықтық қатынас жағдайында өнімнің өзіндік құны аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіштің баға, пайда деңгейін қалыптастыруда маңызы зор. Өнімнің құнынан өнімнің өзіндік құнының сандық және сапалық жағынан айырмашылығы бар. Өнімнің құны үш бөліктен тұрады:

- тұтынылатын өндіріс құрал-жабдығы;

- қажетті және қосымша еңбекпен жұмсалатын шығын;

- әлеуметтік мұқтаждықтарға аударым және тұтынылатын еңбек заттарының бағасымен есептелетін пайда.

Ал, өнімнің өзіндік құнында алғашқы екі бөлік толық, үшінші бөлігі ішінара қамтылады. Сапалық айырмашылығы мынада: құн сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады, ал өнімнің өзіндік құны қол жеткізілген техника мен технология, еңбек өнімділігі мен баға, жұмыс күшін қалпына келтіруге жұмсалған шығын, табиғат ресурстарын, еңбек құралдары мен заттарын пайдалану деңгейі жағдайында өндіріс шығындарымен айқындалады. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есептеу практикасында өнімнің өндірістік өзіндік құнын (коммерциялық шығындарды есептемей) және толық өзіндік құнын, яғни коммерциялық шығындар есептелетін өзіндік құнды айқындау көзделеді.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасау кезінде шығын төмендегідей экономикалық топтарға бөлінеді:

1. бір тектілігіне қарай элементтен тұратын жай шығын;

2. әр текті шығындардың, бірнеше элементтері қамтылатын кешенді шығын;

3. өндірістік процеске қатысуына қарай негізгі және үстеме шығындар;

4. жұмсалуының тиімділігі деңгейіне қарай өнімді шығындар (сапалы өнім шығарумен, жаңа технологияларды игерумен байланысты);

5. өнімсіз шығындар (ақаулы өнім шығарудан, бос тұрудан, жетіспеушіліктен, айыппұлдар төлеуден болатын шығындар).

Шығын дегеніміз – субъектінің өнімді өндіруге, айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсалған шығыстары. Шығынның мынадай түрлері бар:

Тікелей шығын - өнімді өндіруге байланысты жұмсалған шығыстар, олар өнімнің өзіндік құнына тура және тікелей енгізіледі. Тікелей шығындардың негізгі баптары мыналар: шикізат және негізгі материалдар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы, күштік электрэнергия.

Жанама шығын - өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге байланысты жұмсалған және әдетте, пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар; Жанама немесе үстеме шығын - өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен, оған қызмет көрсетумен байланысты шығын. Оған атап айтқанда мыналар жатады:

- әкімшілік – шаруашылық шығын – басшылар мен мамандардың, техникалық орындаушылардың басқару аппаратының басқа да қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударым, кеңсе керек – жарақтарына жұмсалған шығын, пошта – телеграф, баспахана шығындары, басқару аппараты, тұратын ғимараттарды ұстауға, оларды ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығын, іс-сапар шығыны жатады;

- қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығын – негізгі өндірісте жұмыс істейтін және машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен, оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қосымша жалықысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударым, тұрғын үй қорын пайдаланудан келтірілген залал;

- жұмыстарды ұйымдастыруға жұмсалған шығын – амортизациялық аударым немесе жалгерлік төлем, тозудың орнын толтыруға, зертханаларды ұстауға жұмсалатын шығын;

Тұрақты шығын - өндірістің көлеміне тәуелді емес шығыстар. Бұған жалгерлік төлем, коммунаодық төлем, жылуға төлем, мамандар мен қызметшілердің еңбек ақысы, амортизация, несие бойынша төленетін пайыз, сақтандыру төлемдері жатады;

Ауыспалы немесе өзгермелі шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығыс. Бұған материалдар, жұмысшылардың істеген жұмыстарына еңбек ақы төлеу, технологиялық мүдделерге пайдаланған электр энергияның ақысы, көлік шығыстары, дайындау шығыстары, роялти жатады.

Басқадай шығын - өнімнің өзіндік құнының элементі, онда салықтар, алымдар, арнаулы бюджеттен тыс қорларға аударым, байланыс, банк қызметтеріне төлем ақы, жалға алуға төленетін ақы, материалдық емес активтер бойынша тозу, сондай-ақ басқа элементтерге кірмеген шығындар көрсетіледі.

Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығындар ғана енгізіледі, қалған шығындар жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді.

Шығындарды төмендегідей белгілері бойынша сыныптауға болады:

1. Құрамы бойынша (нақты және жоспарлы);

2. Өндірістік көлеміне қатысты (өзгермелі, тұрақты, басқадай);

3. Бөліну дәрежесі бойынша (жалпы, орташа);

4. Басқару функциясына байланысты (өндірістік, әкімшілік, коммерциялық);

5. Объектілердің өзіндік құнына қатысу тәсіліне қарай (тікелей және жанама);

6. Пайданы бөлу кезеңіндегі шығындардың қатысу тәртібі бойынша (өнімге, кезеңге)

Калькуляция - өнімнің бір өлшемін өндіруге, жұмыстардың бір өлшемін орындауға, қызметтердің бір өлшемін көрсетуге жұмсалған шығынның, шығыстың есебі. Ол құжат (калькуляциялық парақ) түрінде рәсімделеді, онда шығыс баптары және белгіленген баптар бойынша көрсетіледі. Калькуляция кәсіпорын дайындаған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсеткен қызметтің жекелеген түрлері өлшемінің өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып табылады. Оны жасау – шығынды баптар бойынша есептеу – пайда мен залалды есептеуге, бағаны белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді. Шығынды калькуляциялық баптар бойынша топтаудың олардың өндіріс барысындағы рөліне қарай жүзеге асырылады: ресурстарды өндірістік тұтынудан туындаған шығын мен ұйымдастырумен, қызмет көрсетумен, басқарумен, өткізумен байланысты шығын.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесінің артықшылықтары:

– практикалық қолданылуында қарапайымдылығы мен қол жетімділік;

– кəсіпорынмен жалпы ескерілетін жанама шығындарды қайта бөлумен байланысты есептік операцияларды жүзеге асыру минимумы;

– алынған нəтижелердің жоғары сенімділігі, өйткені қайта бөлу үрдісінде жанама шығындарды жеке өнімдерге ғана жатқызуға болмайды;

– айнымалы шығындарды, сондай-ақ маржиналдық табыстарды басқару мүмкіндігі.

Шығыс – ақшалай қаражаттың азаюы нысанында немесе активтердің тозуы мен істен шығуы, меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы салдарынан есепті кезең бойына экономикалық пайданың азаюы. Салықтардың бюджетке есепті салықтардан артық төленуі шығыс деп саналады, ал акционерлерге дивидент төлеу шығысқа жатпайды.

Болашақ кезеңдердің шығыстары – фирманың болашақ кезеңдерде өнім өндіруге арналған ағымдағы шығыстары (техникалық әдебиетке, газеттерге, журналдарға жылдық жазылу төлемақысы, кесте бойынша шикізат, босалқы бөлшектер жеткізілімінің төлемақысы).

Кезең шығыстары – тауарлы – материалдық босалқы қорлар қалдықтарына жатқызылмайтын операциялық шығындар. Кезең бойына келтірілген шығын осы кезеңнің кірісінен шегерілмейді.

Жалпы өндірістік шығыс - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау бабы. Мұнда машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалатын және өндірісті ұйымдастырумен, оған қызмет көрсетумен және оны басқарумен байланысты шығын. Оның екі түрі болады:

- тікелей өндірістік процесте пайдаланатын негізгі құрал – жабдықты ұстауға, күтіп – баптауға, жөндеуге, амортизациялауға, жүктерді өндіріс ішінде тасымалдауға жұмсалатын шығын және өндіргіштік емес шығыс;

- цехтың кінәсінан болатын бос тұру кезінде жұмасшыларға еңбек ақы төлеуге жұмсалатын шығын, бюджетпен бюджеттен тыс қорларға аударылатын төлемдермен байланысты шығын, өндіріс тоқтатылған кезеңде өнімсіз жұмсалған шикізаттың. Материалдардың, отын мен энергияның құны, материалдық құндылықтар мен аяқталмаған өндірістің жетіспеушілігі мен ысырабы қамтылады.

Жалпы шаруашылық шығыс - өндіріске қызмет көрсетумен және оны ұйымдастырумен, жалпы кәсіпорындарды басқарумен байланысты жұмсалған шығын. Шығындардың мынадай топтары бойынша смета бойынша жасау жолымен қалыптасады:

1. басқаруға жұмсалатын шығыстар – басқару аппараты қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, бюджет пен бюджеттен тыс қорларғы аударым жарналарына, іс-сапарларға, жеңіл автомобильдермен гараждарды ұстау мен оларды күтіп баптауға, ақыл – кеңес беруге, ақпараттық, аудиторлық және баспаханалық жұмастарға жұмсалатын шығындар, мерзімді басылымдарға жазылуға арналған шығыстар;

2. өндірістік шаруашылық қызметті ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар;

3. салықтар мен алымдар;

4. өндіргіштік емес жалпы шаруашылық шығыстар.

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кеткен шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып табылады.

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығыстары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.

 

 

5.3 Өнімді өндіру мен өткізуге шығындардың сметасы және жоспарлау

 

 

Жоспарлау – ағымдағы шығындарды басқарудың негізгі әдісі болып табылады. Жоспарлауда алдағы кезеңнің шығынын және оның мөлшерінің орынды құрылымын белгілеу басты мақсат ретінде қойылады. Ағымдағы шығынды жоспарлаудың негізгі нысаны бюджеттендіру болып табылады.

Бюджеттендіру – бұл кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудың жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.

Бюджет – кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін операциялық қаржы жоспары.

Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.

Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:

1. Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.

2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудың объективті негізін қалайды.

3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.

4. Бюджет – жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.

5. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.

Бюджет (кірістер мен шығыстар сметасы) – мақсаттары есеп беру көрсеткіштерінде міндеттемелермен, яғни әрбір бөлімшенің осы мақсаттарға қол жеткізудің жауапкершілігімен өзара байланыстағы ақша түрінде көрінетін кәсіпорынның өндірістік қызметімен үндесетін белгілі бір кезеңге арналған қаржы жоспары.

Есептік кезеңнің басында бюджет менеджердің сату, шығын және басталған кезеңдегі басқа да қаржы операцияларына қатысты болжамын қалыптастырушы жоспарды немесе стандартты білдіреді. Есептік кезеңнің соңында бюджет менеджерлерге ауытқуларды басқаруына мүмкіндік беретін өлшеудің ролін атқарады: алынған нәтижелерді жоспарлымен салыстырады әрі одан ары болатын қызметке түзету енгізеді.

Басқарушылық есепте бюджеттер мына белгілер бойынша жіктеледі (10-кесте).

Кесте 10

Басқару есебінде бюджеттердің жіктелуі

 

Белгілері Бюджет түрлері
Мезгілі бойынша Ағымдағы – бір жыл Оперативті – тоқсан, ай Сырғымалы
Тағайындалуы бойынша Операциялық Қаржылық
Әзірлену әдісі бойынша Тұрақты (қатқыл) Икемді
Нақтылау деңгейі бойынша Негізгі – тұтас кәсіпорын бойынша
Жеке – жауапкершілік орталықтары бойынша

 

Жоспарлы бюджет жалпы кәсіпорын бойынша, жекелеген бөлімшелер мен жауапкершілік орталықтарына бөлініп жасалады.

Бюджет – бұл нақты жүзеге асыру мақсатындағы жоспардың сандық көрінісі. Ол тұтас кәсіпорын үшін де, оның бөлімшелері үшін де жасалуы мүмкін.

Бюджет шын мәнінде пайдалы құжат болуы үшін бірнеше әзірлік жұмыстары жүргізілуі керек. Анықтап айтқанда:

● кәсіпорын алдына қандай мақсат қояды;

● жалпы экономикалық және салалық факторлардың, бәсекелестердің ықпалы;

● кәсіпорынның ұйымдық құрылымы;

● қандай қаржы құрылымы қолайлы.

Жоғарыда аталғандармен кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасы қалыптасады, сонан соң функциялық бюджеттерді жасау қолға алынады.

Тактикалық бюджет әдетте өндіру немесе сату (функциялық бюджет терминдері осыдан шыққан) немесе құрылымдық бөлімшелер (мысалы, бөлімдер мен филиалдар) сияқты ұйымның жекелеген функциялары ретінде болатын әрбір бюджеттік орталықтар үшін жасалады. Бюджеттік орталықтарына бөлу ұйымның құрылымымен анықталса да, ол әрдайым менеджерлердің жауапкершілігіндегі салаларға сәйкес келеді. Мәселен, кәсіпорынның өндіріс бөлісінің бастығы әдетте цех басшыларының жауапкершілігіне және өндіріс функцияларының аясындағы қатысушыларға сәйкес келетін өз кезегінде элементтерге бөлінетін өндіріс бюджетінің орындалуына (әзірлеуге жиі қатысып) жауап береді. Мұндай жағдайда бюджеттік орталықтарды жауапты орталықтар деп атайды. Бұл арада мынаны айта кету керек: біз қарастырып отырған функциялық бюджет, қарапайым тілмен айтқанда, ұйымдық құрылымдар мен жылдық деректерге негізделеді. Алайда ұйымды басқару, тиімді жоспарлау және бюджет деректерін бақылау бейінделуі (профиль) керек. өндіріс бюджеті үшін жылдық нәтиже ай бойынша, барлық шығарылған бұйымдардың номеклатурасы бойынша және қор түрлері бойынша бөлшекте нақтыланады. Нақтылау – қызметтердің маусымдық ауытқу параметрлерін көрсетеді және мысал ретінде шикізат сатып алу кестесін айтуға болатын, кәсіпорынның өндіріс функцияларымен шектесуші орындаудың онтайлы кестесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Стратегиялық бюджет те, мысалы, стратегиялық жоспарлаудың барлық мезгілі аясында жыл бойынша бейінделуі ықтимал.

Деректерді бейіндеу ақшалай қаражат бюджетін қалыптастыруға жағдай тудырады. Уақытша тапшылыққа немесе артық ақшалай қаражат ерте бастан дайын болу үшін, ақша ағынының түрленуін қадағалайтын әрбір бюджет кезеңінің аясында кезеңді белгілеу маңызды. Осындай жолмен бюджеттерді бейіндеу кәсіпорын қызметінің тактикалық және операциялық аспектілерінің тығыз байланысын тағы бір мәрте көрсетіп береді.

Бюджетті қалыптастырудың екінші сатысы – капитал шығынының бюджетін (кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыратын), ақшалай қаражат қозғалысының бюджетін (жоспарлы жылдағы кәсіпорынның кіріс және шығыс ақшаларын көрсететін), жоспарлы кезеңнің соңындағы балансты және ақша ағыны туралы есеп беруді қамтитын кәсіпорынның қаржылық бюджетін жасайды.

Бюджеттік кезең. Бюджеттендірудің негізгі мақсаттарының бірініе әр түрлі ұйымдық функцияларды үйлестіруді қамтамасыз ету кіреді. Бұл бюджетті жасаудың тәртібін көрінеді.

Бюджеттендіру жүйесіндегі сату бюджеті ұйымдарда бірінші болып қалыптасады, өйткені өнімді сатудың мүмкін көлемін бағалаусыз және жоспарлаусыз өндіріс бюджетін, шикізат пен материалдарды сатып алу және пайдалану, еңбек шығыны және т.б. бюджеттерін жасау мүмкін емес. Егер барлық осы құжаттарды толық емес (без детально) әзірленген сату бюджетімен әзірлеуді қолға алсақ, ұйымның нақты жағдайындағы қызметінде олардың маңызды орасан үлкен болмайды.

Бюджетті қалыптастырудың шығу нүктесі – сату бюджеті. Кәсіпорын сатылатын тауарлардың қанша екенін біліп отырсы, оларға қанша тауар өндіру керек екенін анықтай алады.

1-қадам. Сату бюджеті өнім түрлері бойынша бюджеттік кезеңнің ішіндегі сату көлемін көрсетеді.

Сату бюджеті кәсіпорын өнімдерін өткізудің өткізу жоспары бөлімнің қызметкерлері мен сарапшыларының, басқарушыларының талқылау нәтижесі болып табылады. Сатуды жоспарлау – көптеген факторларды ескеруге тура келетін күрделі процесс: сату тарихы, экономиканың жалпы жағдайы, баға саясаты, маркетингтік зерттеудің нәтижесі, өндіріс қуаты, бәсекелестік, мемлекет тарапынан болатын шектеулерді есептеу және т.б. Сатуды жоспарлау те өндіріс қуатына ғана емес, сонымен бірге нарықта өткізудің мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сату бюджетін жасау барысында мына ықпалды факторларды ескеру қажет: бәсекелестердің қызметі; жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тұрақтылығы, жарнаманың нәтижелігі, сұраныстың маусымдық ауытқуы, іскерлік саясаты, экономиканың жалпы жағдайы, мемлекет тарапынан шектеулердің болуы және т.б. Сату бюджетінде мына көрсеткіштер көрініс табады: сатылатын өнім түрі, оның саны, бірлік бағасы мен сатуды жүзеге асырудың жоспарындағы сома. Сату бюджетін әзірлеу – бұл бас бюджетті жасау процесінің маңызды тармағы, өйткені сату көлемі мен оның тауарлық құрылымы ұйым қызметінің деңгейін сипаттайды.

Сату жоспарын әзірлеу барысында ішкі және сыртқы факторлардың – осы екі тобы ескерілуі қажет.

Ішкі фактор кәсіпорынның өзіне байланысты шектеуді анықтайды. Оған жататындар, мысалы:

● жаңа өнімді жобалау мүмкіндіктері (сатып алушылар талап ететін өнімді әзірлеудің мүмкін еместігі);

● кәсіпорындағы технологияның деңгейі (ыңғайлы жабдықтың болмауы);

● өндіріс қуатының деңгейі (сатып алушыға қажетті мөлшерде және белгіленген мерзімде өнім өндіре алмау);

● аса қажетті материалдардың (немесе олардың сатып алатын қаражаттың) және т.б. болмауы.

Бұл факторлар кәсіпорынның өзімен байланысты болғандықтан, олардың шамасын анықтау аса қиындық тудырмайды.

Сыртқы фактор сыртқы ортаның жағдайын (кәсіпорынға қатысты) және осы ортадағы кәсіпорынның орнын көрсетеді. Оған, мысалы, мыналар жатуы мүмкін:

● кәсіпорын өндірген өнімге сұраныс деңгейі және оның маусымдық ауытқу деңгейі;

● сұраныстың икемділігі (сұраныстың баға деңгейіне тәуелді болуы);

● сатып алушылардың төлеу қабілеттері және оның өзгеру динамикасы;

● кәсіпорынның нарықтағы үлесі;

● бәсекелестердің саны мен мінез-құлқы;

● елдегі жалпы экономикалық жағдай және т.б..

Әлбетте, аты аталған факторлардың сандық және сапалық мағыналарын нақты анықтау біраз қиындау. Сөйтсе де олар сату жоспарын қалыптастыру кезінде ескерілуі керек

Сату бюджетін әзірлеу үшін ұйым басшылығы барлық сыртқы шектеулер мен оыс қызмет түрінің ерекшелігіне қатысты болжаулы бағалауларды және нарықтық жағдайларды (мысалы, бәсекелестердің ықтимал әрекеттері немесе шығарылған өнім бағасының ауытқуы), сондай-ақ жоспарлы кезеңдегі бизнестің жалпы экономикалық факторларын бағасын (мәселен, тапшылықтың болжаулы қарқыны немесе салықтың саясаттың өзгеруі) назарға алуы керек. Әкімшілік сұраныстың ықтимал ауытқуы, шығарылатын өнімдердің ассортименті мен өзіндік ерекшеліктерінің болжаулы өзгерістерінің болжаулы өзгерістерінің әсері сияқты сапалы факторлар да назарға алу қажет. Өнімнің сатылу көлеміне әсер етуі мүмкін барлық ішкі және сыртқы факторларды мұқият бағалағаннан кейін бюджетті жасауға кірісуі керек.

Сату көлемінің сандық бағалауынан кейін болжаулы сұранысты қанағаттандыру үшін қанша өнім өндіру керектігін анықтауға болады.

Сату бюджетін бекіткеннен соң сату жоспарында қалыптасқан деректердің негізінде өндіріс бюджетін әзірлеуге және нақтылауға кірісуге болады.

2-қадам. Өндіріс бюджеті алдағы бюджеттік (жоспарлы) кезеңде шығарылатын өнімдердің түрі мен санын анықтайды.

Кәсіпорын сату бюджетінде көрініс табатын болжаулы сұранысты және жоспарлы кезеңнің соңындағы (ағымдық жылдағы өнімдердің ақырғы қорын қоса ескерумен) қалаулы қор көлемін назарға алып, өнім өндірудің құрылымы туралы шешімді негіздейді.

Жоспарлы сату көлемін заттай түрде белгіленгеннен кейін жоспарланған деңгейде дайын өнімдердің қорларын өткізу және қолдау бюджетін орындау үшін өндірілетін өнімдердің немесе қызметтердің бірлік санын анықтауға болады.

Өндіріс бюджеті заттай және ақшалай бірліктермен жасалады.

Ендігі жерде өндіріс көлемі туралы деректерді ескере отырып (есте ұстап), еңбек және материалдардың тікелей шығынының бюджетін әзірлеуге кірісе беруге болады.

Өндірістің жалпы шығынын анықтау үшін материал, еңбек шығындары мен үстеме шығыннан пайда болатын өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеу керек. Сондықтан да бас бюджетті әзірлеудің келесі кезеңі жеке бюджеттерді жасау; материалдарды пайдалану бюджеті, еңбек шығынының бюджеті, үстеме шығын бюджеті.

Өндіріс жоспарының деректері негізінде материалдарды пайдалану бюджеті жасалады.

3-қадам. Материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығырылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады.

Материалдарды сатып алуды жоспарлауда жоспарлы кезеңнің басында да, аяғында да материал қорының деңгейін ескеру керек.

Заттай бірлікте материалдардың шығынын есептеу үшін мыналарды білу қажет:

● есептік кезеңнің басындағы материал қорлары;

● өндіріс бюджетінде орындау үшін материалдарға қажеттілік.

Табыстар (1-қадам) шығындарды анықтағаннан кейін жоспарлы жылдың пайдасын есептеуге болады.

4-қадам. Бюджет – кірістер мен шығыстар туралы жоспарлы есеп беру. Кірістер мен шығыстар бюджеті тұтастай кәсіпорынның және алдағы бюджеттік кезеңге алынатын қаржылық нәтижеге жоспарланған оның құрылымы мен шамасын көрсетеді.

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 11194;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.061 сек.