Корпорациялар қызметіндегі меншікті капиталдың ролі, оның құрамы мен құрылымы
Меншікті капитал - корпорация капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөлігі немесе кәсіпорынның активтерінен барлық міндеттемелерін шегеріп тастағандағы бөлігі.
Корпорацияның қаржы әлеуетінің негізін меншікті капитал құрайды. Кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қолда бары мен орналастыру көздерін куәлайтын келесі баптар қарастырылған:
• жарғылық капитал;
•төленбеген капитал;
•сатып алынған меншікті үлес құралдары;
•эмиссиялық кіріс;
•резервтер;
•бөлінбеген пайда (жабылмаған залал);
•азшылықтар үлесі.
Жарғылық капиталда мына көрсеткіштер артықшылықтары акциялар, қарапайым акциялар, салымдар мен пайлар шоттарында есепке алынған акционерлік кәсіпорынның төленген, эмиссияланған, артықшылықты және қарапайым акциялардың жиынтық атаулы құны және серіктестіктердің капиталына салымдардың құны көрсетіледі.
Төленбеген капитал эмиссиялық акцияларды төлеу, корпорациялардың жарғылық капиталына салымдар енгізу, сондай-ақ жеке тұлғалардың және кәсіпорындардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі құрылтайшылардың мекемелердің жарғылық капиталына салымдарды енгізу жөніндегі берешектер көрсетіледі.
Сатып алынған меншікті үлес құралдарында есепке алынған өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде кәсіпорынға келтірілген шығындар сомасы көрсетіледі.
Эмиссиялық кіріс шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен олардың іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) сомасы көрсетіледі.
Резервтер құрамында құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал, негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв, материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв, сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв, шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв, өзге резервтер халықаралық қаржы есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес есепке алынған, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және корпорацияның есеп саясатына сәйкес белгіленген резервтік капитал, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв, монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмалары және өзге резервтер көрсетіледі.
Барлық авансталған (салынған) капитал өзінің қалыптасу көздері бойынша екі құрамнан тұрады: меншікті және қарыздық қаражаттар. Баланс пассивінің құрылымын талдау барысында олардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері арқылы көрінеді (3 сурет)
Меншікті қаражаттарды қалыптастыру көздеріне меншік иесі немесе қатысшылардың жарғылық капиталы, бөлінбеген пайдасы және меншікті қаражаттардың қорлары түрінде; қарыз қаражаттары банктермен басқа да инвесторлардың займдары мен несиелері; уақытша тартылған қаражаттарға-кредиторлардың ресурстары жатады.
Капиталды пайдалану ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімді (перманенттік) және қысқа мерзімді деп бөлеміз. Қаражаттардың қалыптасу құрылымын талдау барысында тиімді және тиімсіз жақтарын көруге болады.
Жоғарыдағы 2-3суреттен көріп отырғанымыздай меншікті капиталдың құрамына кіретін негізгі элементтерді көреміз [1, 289 бет].
Меншікті капиталға талдау жүргізу үдерісінде мына негізгі тапсырмаларға көңіл бөлген жөн:
- меншікті қаражаттарды қалыптастыру көздерін анықтау және ұйымдардың қаржылық тұрақтылығының серпініне әсерін бағалау;
- анықталған тенденцияларды сақтау жағдайында ұйымдардың перспективасын бағалау.
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) құрамында «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» кәсіпорынның есепті жылдың және өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.
«Өткен жылдардың бөлінбеген пайда (жабылмаған залалы)» бабы бойынша өткен жыл жұмыс нәтижелері бойынша акционерлік кәсіпорын қарамағында қалған пайда қалдығын көрсетеді.
Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын пайдалану оның сомасын келесі мақсаттарға бағыттау арқылы жүргізіледі:
- резервті капиталды толықтыру;
- жарғылық капиталды ұлғайту;
- құрылтай құжаттарымен сәйкес құрылған арнайы мақсаттағы қорларды ұлғайту;
- акционерлік кәсіпорын құрылтайшыларына кірістер төлеу;
Өткен жылдардың жабылмаған залалын есептеу, шығару оны өтеуге бағыттаумен жүзеге асырылады:
- есепті жыл табысы;
- резервті капитал қаражаты;
- құрылтайшылардың мақсатты жарналары.
«Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы» бабы бойынша оның сомасын кәдімгі қызметпен табыс және төтенше кірістер мен шығыстар сальдо арасындағы айырма ретінде көрсетеді (№2 нысан ). Бухгалтерлік баланста (№1 нысан) есепті жылдың бөлінбеген пайдасы түпкі қаржы нәтижесі мен пайда есебінен Қазақстан Республикасы бюджет жүйесіне міндетті төлемдер және салықтар төлеуге тиісті сома арасындағы айырманы көрсетеді.
Азшылық үлесі бабы бойынша еншілес ұйымның пайдасы мен залалының және таза активтерінің бөлігі, ол негізгі ұйым еншілес ұйым арқылы тікелей немесе жанама түрде меңгермейтін капиталдың қатысуы үлесі көрсетіледі.
Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және корпорацияның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның жыл бойы тұрақты төлем қабілетін қолдау үшін қажет. Актив пен пасив балансы бойынша алдағы кезеңнің (тоқсан, жылдың) соңында меншікті айналым қаражатының жоспарлы мөлшері анықталады, яғни кәсіпорынның келешектегі төлем қабілеттілігі, сондай-ақ осы қаражаттың өсімінің мөлшері болжанады.
Меншікті қаражаттың құрылымы оның жалпы мөлшеріндегі әрбір баптың өзіндік салмағын сипаттайды. Меншікті капиталдың құрылымына ішкі де, сондай-ақ сыртқы да факторлар ықпал етеді. Корпорация басшылығы ішкі факторларды (менджменттің, маркетингтің жай-күйін, қаржының тұрақтылығы) бақылайды. Сыртқы факторларды меншікті капиталдың мақсатты құрылымын қалыптастырған кезде ескерген орынды. Сыртқы факторға қаржы нарығының жай-күйі, мемлекеттің салық және ақша-несие саясаты жатады.
Меншікті капиталдың құрылымы бірқатар есепті кезең бойынша зерттеледі және зерттеу нәтижесі бойынша келешекке болжам жасалады.
Акционерлік кәсіпорында резервтегі капитал оның жарғысында қарастырылған мөлшерде құрылады. Резервтегі капитал таза кірістен жарғыда қарастырылған мөлшерге жеткенге дейін ай сайын аударылатын аударым есебінен қалыптастырылады. Жыл сайынғы аударымның мөлшері жарғыда тіркеледі. Резервтегі капитал залалдың орнын толтыруға, сондай-ақ кәсіпорынның облигациясын өтеуге және өзге ақшалай қаражат болмаған жағдайда оның акциясын сатып алуға арналған.
Резервтегі капитал мақсатты пайдалану нәтижесінде азайған жағдайда, келесі есепті кезеңде оны қосымша есептеу қажет.
Бухгалтерлік есепте есепті жылдың таза пайда сомасын «Бөлінбеген пайда» шот кредитіне желтоқсанның қорытынды айналымымен есеппен шығарылады. Есепті жылдың таза пайда бөлігі кәсіпорын құрылтайшыларына кірістер төлеуге бағытталады.
Есепті жыл залалын өтеуге резервті және қосымша капитал қаражаттары, құрылтайшылардың мақсатты жарналары бағытталады.
Егер жабылмаған залалды келешек есепті кезеңде есеппен шығару үшін бухгалтерлік баланста қалдыруға шешім қабылданса, онда мұндай залал сомасын «өткен жылдың бөлінбеген пайдасы» бабына көшіреді.
«Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)» шоты бойынша аналитикалық есепті қаражат пайдалану бағытымен ақпарат жинауды қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады.
1.Бөлінбеген пайда күрделі қаржы салымдарын қаржыландыру көзі болады.
2. Есепті кезең соңына балансты бөлінбеген пайда болуын кәсіпорынның айналым қаражатын толтыру көзі ретінде қарастыруға болады.
3. Меншікті капитал үлесін кез –келген аталған көздер есебінен ұлғайту сыртқы қаржы көздерінен кәсіпорынның қаржы тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес құрылатын құжатқа және қабылданған есептік саясатқа сәйкес пайда болған арнайы қордың қалдығы нәтиже бойынша жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдалануын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа тіркелетін түсіндірмеде және табыстар мен шығыстар туралы есепте, сондай-ақ меншікті капиталдағы өзгеріс туралы есепте көрсетіледі.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 5140;