Корпорацияның қаржылық қорлары, олардың қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары
Кәсіпорынның табыстары мемлекеттік қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорларын, салалық қорларды және кәсіпорындардың ақша қорларын қалыптастырудың көзі болып табылады. Оның едәуір бөлігі бюджетке алынады. Салалық ауқымда кәсіпорындардың қаражаттары есебінен инвеститциялық және басқа арнайы қорлар құрылады. Кәсіпорындарда алынған табыс есебінен белгілі бірмақсаттарға арналған қаржы қорлары құрылып, пайдаланады, олар кешенді түрде өндірістік және өндірістік емес қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Қорлардағы ақша үнемі қозғалыста болады: түседі, жиналады, жұмсалады.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкі бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, мақсатын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінде бейнеленіп, есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы: кәсіпорындардың тұтыну қорының белгілі бір мезгілде жұмсау мөлшері, оның материалдық және әлеуметтік қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, қорлану, тұтыну, еңбекке ақы төлеу, валюта, жөндеу қорлары. Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін. Мысалы: медециналық сақтау, жекешелендіру, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысудың үлестік қоры және басқалар.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттар негізінде, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады. Тұтыну қорлары – ұйымдық құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың қызыметтеріне тікелей және жанама түрде төленетін төлемдердің жиынтығы. Оган барлық қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге есептелген сома, еңбек ұжымы мүшелерінің акциалары және кәсіпорын мүлкіне салымдар бойынша алынатын табыс (дивиденд, пайыздар), кәсіпорын беретін еңбек жеңілдіктері мен әлеуметтік жеңілдіктерінің сомасы енгізіледі.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
- бүкіл персоналдық (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
- ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қортындысы бойынша сыйақы мен төлемдер;
- еңбегі үшін көтермелеудің ақша және заттай нысандағы басқа түрлеріне жіберілген қаражаттар;
- еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
- еңбек ұжымдарының акциялары мен ұжым мүшелерінің кәсіпорындарының мүлкіне қосқан салымдарына қарай төленетін табыстар (девиденттер, пайыздар) ;
- басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбек ақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық көтермелеу және әртүрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын пайданың (табыстың) бір бөлігі есебінен құрылады.
Қорлану қоры - өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды молайту үшін, сондай босалқы сақтау қорлары мен резервтерін жасау үшін пайдаланатын ұлттық табыстың бөлігі. Оның негізгі бөлігі материалдық өндіріс саласының негізгі қорлары және айналым қаражатын ұлғайтуға және салалық жағынан жетілдіруге жұмсалады, өндірістік қорлану қорын құрайды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құруға және жаңаларын салуға, өндірістік апаратты жаңғыртуға мен жаңартуға пайдаланады: екінші бөлігі - өндірістік емес мақсаттағы қорды құрайды, ол негізгі өндірістік емес қорларды ұлғайту, саудадағы айналым қаражатын, тұтыну игіліктерін молайту арқылы халықтың тұрмыс деңгеиіне тікелей ықпал жасайды [3. 216 б.].
Қорлану қоры мыналардың есебінен қалыптасады:
- негізгі капиталы қалыпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
- істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім ақша;
- банктердің несиесі;
- басқа да көздер.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға:
- негізгі және айналым капиталдарын толықтыруға;
- ғылыми – техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
- табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
- өндірістік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға (автомобиль жолдары, жөндеу, құрылыс);
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке – жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен көздерден қалыптасады.
1. Экспорттық – валюталық түсім ақша.
2. Жарғылық капиталға түсетін жарналар.
3. Банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық несиелері.
4. Ішкі валюта нарығында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу.
5. Резидент еместер көрсететін көмегі (гранттар).
Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңының шеңберінде өз бетімен пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен ұжымдардың өндірістік, әлеуметтік – мәдени дамуына жұмсалады:валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатыншетел тауарларын, дәрі – дәрмектерді және медециналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайрымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін.
Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін өнімді өткізіп берушілерге де бере алады: бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шышіледі.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резерв қоры, тәуекл қоры, сақтық қоры,) маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативті аудармалар негізінде) мамандандырылған сақтандыру ұйымдары (сақтық әдісі арқылы) және мемлекет (әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) негізінде жасай алады. Оның мақсаты қаржы шаруашылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорында жарғылық капитал көлемінің 25 пайызынан аспауы тиіс. Қаржы резервінің қаражатын өндірістік және әлеуметтік даму жөніндегі қосымша шығынға, жаңа техниканы әзірлеп, енгізуге, меншікті айналым қаржысын толтыруға жұмсалады [4. 136 б.].
Олардың мөлшері негізгі қорлардың тозуына қарай анықталады. Жөндеу шығындары ішінара алдағы кезеңдердің шығындары есебінен жабылуы мүмкін. Табысты бөлудің негізге алынатын қағидаттардың бірі – ол, біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді алғашқы кезекте орындау; екіншіден, меншікті ұлғаймалы өндірістің қажеттіліктерін тиісті қаражаттармен қамтамасыз ету; үшіншіден, кәсіпорынның резервтерін қалыптастыруға бағыттау; төртіншіден, кәсіпкерлік тәуекел едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.
Табыстың (пайданың) санқырлы мәні, маңызы экономиканың нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшие түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдарды төлегеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқы бар.
Еңбекке ақы төлеу қоры қаржыландыру көзіне қарамастан еңбекке ақы төлеу үшін кәсіпорын есептеген барлық сома, ынталандырушы және өтемдік төлемдер, соның ішінде бағаның өсуіне және табысты заңдарда көзделген нормалар шегінде индекстеуге байланысты өтемдік төлемдер, сондай- ақ жұмысшыларға жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген ақшалай қаражат.
Жалақы қоры – белгілі бір уақыт кезеңінде қызыметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін қарастырылатын ақшалай қаражаттың жалпы сомасы. Негізгі және қосымша жалақыдан тұрады. Сондай-ақ кәсіпорынның штатына жататындығына қарай тізімдік құрам қорына және штатынан тыс құрам қорына бөлінеді.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3979;