Жарғылық капитал - корпорацияның меншікті қаражатының негізгі алғашқы көзі
Жарғылық капитал – мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда, өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым қаражаттарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен бұрын айтылғандай кәсіпкерік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым мен негізгі капиталдарды) өндіріс үдерісінің натуралдық – заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.
Акционерлік кәсіпорынның жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарнасы есебінен немесе жарналарды құрылтайшылар мен қатысушылардың акцияларына айырбастау жолымен құрылады. Жарғылық капитал – құрылатын кәсіпорынның активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы, ол кәсіпорынның жарғысына айналдырады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады.
Жарғылық қор – кәсіпорынның негізгі қорлары мен айналым қаражатының, меншік иелері мен акционерлік кәсіпорындарға қатысушылар салымдарының жарғыда тіркелетін және тұрақты пайдалануы мен иеленуінде болатын сомасы. Өндірістік шаруашылық және басқа қызметі барысында оның мөлшері одайы өзгеріп отырады. Қордың барлық өзгерістері бухгалтерлік есеп шоттарында есепке алынады, ал жалпы сомасы бухгалтерлік баланыстың «Жарғылық капитал» бабы бойынша көрінеді, ол оның белгілі бір күнгі мөлшерін де айқындайды.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын күрделі жұмсалым, пайда есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы нәтижесінде көбейеді, негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар – материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен көшеді.
Жарғылық капитал корпорация кредиторларының мүдделеріне кепілдік беретін, оның мүлкінің минималды мөлшерін анықтайды. Ол негізгі құралдар, басқа мүлік, материалдық активтері жиынтығынан тұрады. Олар корпорацияға оның құрылтайшылары және қатысушылары салған, құрылтай құжаттармен анықталған үлестерге қатысты болып келеді.
Жарғылық капиталдың құрылуы Қазақстан Респуликасы Азаматтық кодекс ережелерімен реттеледі.
Акционерлік кәсіпорын акционерлеріне сатып алуға артықшылық құқық іске асыру жағдайында қосымша акциялар сатып алуға құқық береді . Сондай – ақ оларды біріктіруде акционерлермен акцияның бүтін санын сатып алу мүмкін емес. Нәтижесінде акциялар бөлігі – бөлшек акциалар құралады. Бөлшек акция акционерге бүтін акцияның эквивалентті бөлігі көлемінде сәйкес типі акциясымен анықталған құқықтар береді. Кәсіпорын жарғысында орналасқан акциялардың жалпы саны және бөлшек акциялары жинақталады. Егер мұндай операция нәтижесінде бөлшек сан шықса, онда кәсіпорын жарғысында орналасқан акциялардың жалпы саны бөлшек санмен көрсетеді. Бөлшек акциялар қор нарығында бүтін акциялармен тең айналады. Егер бір адам бір санаттың екі не одан көп бөлшек акциясын сатып алса, онда бұл акциялар бір бүтін және бөлшек акциясын құрайды. Кәсіпорынның барлық акциялары атаулы болып табылады .
Акция төлеу нысаны кәсіпорын құру туралы шартпен не оның құрамы мен анықталады, ал қосымша акциялар оларды орналастыру туралы шешімімен. Кәсіпорын жарғысымен кәсіпорын қосымша орналастыруға құқылы акция санын, номинал құнын салатын және осы акциялармен берілетін құқықтарды анықтайды. Кәсіпорын жарғысында бұл қағйдалар болмаса кәсіпорынның қосымша акцияларын орналастыруға құқығы жоқ. Кәсіпорынның жарғылық капиталы акцияның номинал құнын арттыру не қосымша санын орналастыру арқылы ұлғайтылады.
Акцияның номинал құнын жоғарылату туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды. Қосымша акция орналастыру арқылы кәсіпорынның жарғылық капиталын арттыру туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы немесе директорлар кеңесі қабылдайды.
Қосымша акциялар орналастыру арқылы кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешіммен келесі шарттар белгіленеді:
- қосымша орналасқан жәй және артықшылықты акциялар саны, жарияланған акция саны шегінде;
- Қосымша акциялар орналастыру тәсілі және бағасы;
- Жазылу арқылы орналастырылған қосымша акциялар төлеу нысаны;
- Орналастырудың өзге де шарттары.
Кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайту қосымша акциялар орналастыру немесе олардың номиналды құнын ұлғайту оның мүлкі есебінен ғана жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталын акция бөлігін өтеу не сатып алу арқылы жол беріледі, егер мұндай мүмкіндік оның жарғысымен қарастырылса. Жай акцияларды артықшылықты акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздарға конвертациялау Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңмен көзделмеген.
Жарғылық капитал акционерлік кәсіпорынның меншікті капиталының ең тұрақты бөлігіне жатады. Оның мөлшері, әдетте, өз меншік нысанын өзгертпеген кәсіпорында жыл бойы өзгертілмейді.
Меншікті акциялар (үлестер) кәсіпорынның акционерлерден оларды кейін қайта сатуға не жоюға сатып алған меншікті акциялар қозғалысы туралы деректерді қамтиды.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 4955;