Табыстардың жіктелуі

Түсім-ақша – бұл өнім өткізуден, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтен шаруашылық жүргізуші субъектінің шотына түскен ақша. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табуымен анықталады. Түсім-ақшаны пайдалану бөлгіштік процестің алғашқы сатысын сипаттайды. Түсім-ақшадан шаруашылық жүргізуші субъектілер шикізатқа, материалдарға, отынға, электр қуатына және басқа еңбек заттарына жұмсалған материалдық шығындарының орнын толтырады.

Түсім ақшаны одан әрі бөлу негізгі капиталдар мен материалдық емес активтерді ұдайы өндірістің көзі ретіндегі амортизациялық аударымды қалыптастырумен байланысты. Түсім ақшаның қалған бөлігі жалпы табыс немесе жасалған құн болып саналады, ол жалақыны төлеуге және кәсіпорынның таза табысын қалыптастыруға бағытталады. Таза табыстың бір бөлігі өнімнің өзіндік құнына салықтар мен алымдар, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар және басқалары түрінде есепке алынады. Қалған бөлігі кәсіпорынның пайдасы болып табылады.

Кәсіпорынның пайдасы дегеніміз- өнімді өткізуден түскен түсім мен жалпы шығын арасындағы айырма. Ол баланстық пайда, жалпы пайда, салық салынатын пайды және таза пайда түрлеріне бөлінеді. Кәсіпорындар пайдасы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің басты нәтижесі ғана емес, сонымен бірге оның даму, инновациялық және инвестициялық жобаларды қаржыландыру, осы еңбек ұжымының мүшелері мен меншік иесінің де жалпы қоғамның да материалдық қажеттерін қанағаттандыру көзі болып табылады. Сондықтан оны бөлу жүйесінде кәсіпорынның, жалпы қоғамның мүдделерін ұштастыру негізгі принцип болып табылады. Кәсіпорын түрлі салық түрлерін төлейді, олардың бірін жалпы табыс есебінен, екіншілерін тікелей пайдадан төлейді.

Салық салынатын пайданың салықтарды және бюджетпен бюджеттен тыс қорларға түсетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған, табыстан алынған пайдаға көбейтілген және табысқа салынатын салық сомасына азайтылған қалдығы кәсіпорынның таза пайдасын құрайды. Ол кәсіпорынның иелігене түсіп, қаржы резервтерін, қорлану мен тұтыну , дивиденд қорларын құрау үшін пайдаланады, сондай-ақ кәсіпорынның жарғысында басқа жағдайлар көзделмесе, еңбек ұжымы мүшелерінің меншігіне берілуі мүмкін. Егер қызметкерлерге тиесілі пайда сомасы өндірісті дамытуға салым ретінде жұмсалса, онда кәсіпорын осы сомаға дивиденд есептейді.

Өнімді өткізуден түскен түсім ақша мен өзіндік құн арасындағы теріс нәтиже- залал болып есептеледі.

Өнім өткізуден түскен табыстың көлеміне мына факторлар әсер етеді:

§ Өндіріс сферасында: өндіріс ауқымы, өнім сапасы, өнімнің ассортименті, өнім шығарудың ырғақтығы және басқалар;

§ Айналыс сферасында: жөнелтудің ырғақтығы, көлік және есеп –қисап құжаттарын дер кезінде дайындау, құжат айналымының мезгілдері, келісім – шарттардың сақталуы, есеп айырсудың тиімді нысандары, баға деңгейі;

§ Кәсіпорын қызметіне байланысты емес факторлар: материалдық техникалық ресурстар мен жабдықтаушылардың келісім-шарттарды бұзуы, көлік жұмысындағы кемшіліктер, сатып алушының қаражатынынң болмауынан өнімнің тұрып қалуы.

Табысты оны алумен байланысты шығынмен салыстыру кәсіпорынның жұмысының тиімділігін сипаттайды.

Табыстардың мынадай түрлері бар:

§ Пайда дегеніміз- табыс шығыстан асып түсетін ақшалай қаражат сомасы.

§ Баланстық пайда – кәсіпорынның кіріс пен шығыс балансында көрсетілетін пайда. Баланстық пайдада мыналар қамтылып көрсетіледі: өнімді басқа да материалдық құндылықтарды өткізуден түскен пайда және өткізуден тыс операциялардан алынған табыс.

§ Жалпы табыс- кәсіпорынның, фирманың өндірілген өнімді, орындаған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден түскен ақшалай тұлғадағы жылдық жиынтық табыс. Жалпы табыс тауарларды сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріске жұмсалған материалдақ шығынның арасындағы ретінде айқындалады.

§ Жиынтық табыс дегеніміз- негізгі қызметке және негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынатын табыс.

Таза пайда – кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын пайда. Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді (2 сурет).

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше төмендету-шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғүрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты-еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.

Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады, яғни өндірістің және айналымның қаржы қорытындысын білдіретін кәсіпорын жұмысының нәтижелі көрсеткіші. Сонымен пайда дегеніміз- өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалынған шығындардың айырмасы.

Пайда өндіріс және таза табыс бөлу, экономикалық ынталандыру қорын жасау және пайдалану үдерсі кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелеренің арасында, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді.

Кәсіпорынның дамуында пайданы бөлуді жоспарлау үлкен мағына береді.

Кәсіпорынның таза пайдасын бөлу мен қолдану мемлекеттік жанама әдістер арқылы қолданылады. Таза пайда кәсіпорынның шаруашылық жүргізуші субъектінің қарауында болады .

Таза пайданы бөлуді жоспарлау бухгалтерлік есеп бойынша жүргізіледі. Оның сызбасы 6 суретте көрсетілген.

Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым - қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша - оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.

Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әрекеттер қаржылық нәтижелер түрінде байқалады.

Сонымен, таза пайда - бұл кәсіпорынның дамуының негізгі қайнар көзі. Оның жеткілікті болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 4645;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.