Гидроизоляциялық материалдардың жіктелуі
Гидроизоляциялық материалдарды топқа жіктеуде төмендегі жіктеу белгілеріне көңіл бөледі:
- гидроизоляциялық қабаттағы материалдың функционалдық қолданылуы;
- матералды қолдану кезіндегі оның физикалық күйі мен сыртқы түрі;
- материалды дайындауға қажетті шикізаттың негізгі түрі;
- судан оқшаулаудың өндірістік қоланылуы т.б.
Материалдың функционалды қолданылуы бойынша гидроизоляциялық материалдар грунтовкалық, жағылмалы, шпаклевкалық, оқшаулағыш және жабындық болып жіктеледі.
|
|
|
1 сурет – Гидроизоляциялық материалдардың кешенді жіктелуі
Материалдың қолдану кезіндегі физикалық күйі мен сыртқы түріне байланысты гидроизоляциялық материалдар сұйық, иілгіш-тұтқыр, серпімді-тұтқыр және қатты болып жіктеледі.
Қолданылатын шикізаттың негізгі түріне байланысты гидроизоляциялық материалдар негізгі үш топқа: органикалық, бейорганикалық және аралас болып жіктеледі.
Өндірістік қолдану бағытына байланысты гидроизоляциялық материалдар төмендегі негізгі топтарға жіктеледі: сіңіргіш, инъекциялық, жағылмалы, желімдеуші, тығыздаушы, монтаждық, себілмелі.
Гидроизоляциялық материалдарды жоғарыда көрсетілген белгілеріне сәйкес жіктеудің өзіне тән кемшіліктері де бар, сондықтан көбінесе гидроизоляциялық материалдардың түрлі классификациялық белгілерін біріктіруге мүмкіндік беретін кешенді жіктелуі кеңінен қолданылады (1 - сурет).
БӨЛІМ
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 1141;