Айналым капиталының мәні мен сыныптамасы
Кез келген шаруашылық жүргізуші субъектіге оның қалыпты жұмыс істеп, өнім өндіру және оны өткізу үшін негізгі қорлармен бірге өндірістік айналым капиталдары да қажет. Олар өндіріс сферасына қызмет етеді және өзінің бастапқы нысанын бір өндірістік циклда өзгерте отырып, өзінің құнын дайын өнімнің құнына көшіреді.
Сатып алу – Тауар (ресурстар) -- ....Өндіру... -- Тауар1 – Сату 1
А – Т -- ....Ө... -- Т1 – А 1
1 сурет- Айналым капиталының ауыспалы айналымының сатылары
Айналым капиталының ауыспалы айналымының сатылары сызбада көрсетілген (1 сурет). Өндіріс үдерісінде тұтынылған айналым қорлары өндіріс сферасына тауар нысанында (қоймадағы және жөнелтілген дайын өнім түрінде) енеді, онан кейін ол дайын өнімнің өткізілуіне қарай ақша нысанына (есеп-қисаптағы ақшалай қаражаттар, шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасындағы және банктегі оның шоттарындағы ақшалай қаражаттар) ауысады.
Айналым өндірістік капиталдары деп заттық мазмұны жағынан еңбек құралдары. Айналым өндірістік капиталдары өндіріс сферасына қызмет етеді және өндірістік цикл үдерісінде бастапқы нысанын өзгерте отырып өзінің құнын дайын өнімнің құнына көшіреді.
Айналым капиталы (қаражаттары) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Айналым капиталы - бұл өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз үдерісін қамтамасыз ету мақсатымен айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері мыналар болып табылады: табыс, тұрақты ең аз кредиторлық қарыздар, банк және коммерциялық несие.
Айналым қаржыларының жалпы сомасы тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарының қосындысына тең болады.
Е = Ед + Екфи + Екдз+ Ез+ Етна+ Етдса+ Епта | (11) |
Мұндағы, Е – айналым капиталының жалпы сомасы
Ед –ақша қаражаты
Екфи – қысқа мерзімді қаржы инвестициясы
Екдз- қысқа мерзімді дебиторлық берешек
Ез- қорлар
Етна- ағымдағы салықтық активтер
Етдса – сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
Епта - өзге қысқа мерзімді активтер
Айналымдық қаржыларды ұйымдастыру олардың тиімділігін арттырудың жалпы кешеніндегі ең негізгі боп табылады. Айналым қаржысын ұйымдастыру мынадан тұрады:
- айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын анықтау;
- кәсіпорынның айналым қаржыларды қажет етуін анықтау;
- айналым қаржыларының құрылу көздерін анықтау;
- айналым қаржыларын жұмсау мен ырғақтылығын қамтамасыз ету;
- айналымдық қаржыларының сақталуы мен тиімді пайдалануына жауапкершілік.
Айналым қаржыларының құрамына айналыс қорлары мен айналым өндірістік қорларды құраушы элементтердің жиынтығы жатады, яғни олардың жеке элементтер бойынша берілуі.
Айналым қаржыларының құрамына айналымдық өндірістік қорлардың арақатынасы жатады, яғни айналымдық қаржылардың жалпы сомасындағы әр элементтің үлесін көрсетеді.
Экономиканың әртүрлі салалары мен кішігірім салаларындағы айналымдық қорлардың құрамы мен құрылымы бірдей емес. Ол өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық факторларымен анықталады.
Құрамы жөнінен бөлінуден басқа айналым қаржыларын келесідей белгілер бойынша классификациялауға болады:
1. Өндіру үдерісіндегі орны мен ролі бойынша айналым қаржылары өндіріс саласындағы болып бөлінеді. Айналым қаржыларының құрамы мен құрылымын қалыптастыру айналым қаржысын ұйымдастырудың оларды өндіріс пен айналыс салалары арасында рационалды болу тәрізді маңызды мәселені қорғауға мүмкіндік береді. Өндіріс пен айналымда айналым қаржыларының тиімді арақатынасын орнату өндірістік бағдарламаны орындауды ақшалай қаржымен қамтамасыз ету үшін маңызды сонымен бірге айналым қаржыларын пайдалану тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі болып табылады.
2. Жоспарлау деңгейі жөнінде айналым қаржылары мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді, яғни қордың жоспарлық мөлшері мен нормативтерін айналым қаржысы элементтері бойынша орнатуға оған тиелген тауарлар, ақшалай қаржы мен есептеу қаржылары кірмейді. Мөлшерленбейтін айналым қаржыларының көлемі оперативті тәртіппен анықталады.
3. Қалыптастыру көздері жөнінен айналым қаржылары меншікті, қарыздық және қосымша тартылған болып бөлінеді.
Кәсіпорындардың айналым қаржыларын ұйымдастыруға олардың сақталу мен пайдалану тиімділігін бухгалтерлік және оперативті есеп, статистикалық мәліметтер негізінде міндетті түрде жүйелік бақылау да жатады.
Коммерциялық есеп қағидасымен жұмыс істейтін кәсіпорындар қабылданатын шешімдерге жауапкершілікпен қарап, істі тиімді жүргізу үшін белгілі бір мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы тиіс. Бұл кезде кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуінде басты рөл атқарушы меншікті айналым қаржыларына деген кәсіпорындардың қажеттілігн анықтау керек болады.
Кәсіпорынның меншікті айналым қаржыларын қажет етуін анықтау нормалау үдерісі, яғни айналым қаржыларын нормативтік анықтау кезінде жүзеге асырылады. Нормалау мақсаты айналыс саласы мен өндіріс саласына белгілі бір мерзімге дұмсалатын айналым қаржысының оңтайлы көлемін анықтау болып табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым қаржыларын нормалаудың отандық тәжірибесі бірқатар қағидаларға негізделеді.
Әр елдегі меншікті және қарыздық капиталдардың пайдалануына әр түрлі қатынастар мен нормативтер пайдаланылады. Ресейде – 50/50; АҚШ – 60/40; Жапонияда – 30/70 қатынасы қолданылады.
Кесте 1
Айналым қаражатының өндіріс үдерісіндегі функционалдық рөлі бойынша құрамы мен құрылымы
Айналым қаражаттарының тобы | Енгізілетін қаражаттың құрамы |
1. Өндірістік айналым қорлары. | 1.1. Өндірістік босалқы қорлар: - шикізат - негізгі материалдар - сатып алынған жартылай фабрикаттар - көтекші материалдар - арзан бағалы және тозғыш зат 1.2. Өндірістік үдерістегі құрал -жабдық: - аяқталмаған өндіріс - меншікті өндіріс жартылай фабрикат - болашақ кезең шығыстары |
2. Айналыс қорлары (айналыс қаражаттарының айналымы) | 2.1.Сатылмаған өнім: - кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі төленбеген даяр өнім; - қайта сатуға арналған тауар. 2.2. Ақшалай қаражат: - кассадағы ақша қаражаты -жолдағы ақша қаражаты -ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты -карт-шоттардағы ақша қаражаты -жинақ шоттарындағы ақша қаражаты -өзге ақша қаражаты |
3.Айналым қаражат- тарының жалпы сомасы. | Өндірістік айналым қорларына айналыс қорларын қосу арқылы анықталады. |
Айналым қаражаттарының сыныптамасы оның өтімділік дәрежесі мен серіктестік қаражатының сапасын сипаттайтын қаржылық тәуекелділік дәрежесімен анықталады. Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың тиімділігін көтеру үшін қосымша қаржыландырудың көздерін іздестіру және серіктестік активтерінің тиімді орналасуын қалыптастыру.
Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымының көлемі төмендегі кестелерден көруге болады.
Айналым капиталы жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс үдерісіндегі функционалдық рөліне байланысты - өндірістік айналым қоры және айналыс қоры (5 кесте);
2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты –нормаланатын айналаым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты – меншік айналым капиталы және қарыз айналым капиталы;
4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты (6-кесте) – абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты – салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу тәуекекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) материалдық –мүліктік маңызына байланысты – еңбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.) даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал –жабдық.
Айналым қаражатының өндіріс және айналым үдерісінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.
Айналым қаражаты басқару дәрежесі бойынша нормалатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының қоймасындағы сатылмаған дайын өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері, яғни тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражаттың және есеп айырсудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы айналым қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырсудың қолданылатын тәртібінде мемлекет тарапынан төлемеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалық санкциялар жүйесі қарастырылады. Нормалау прцесінде жеке және жиынтық нормативтер орнатылады. Нормалау үдерісі бірнеше біркелкі кезеңдерден тұрады. Норма – бұл айналым қаржысының әр элементінің қорын көлеміне сәйкес келетін қатысты көлем әдеттегідей, нормалар қор күндерінде белгіленеді және материалдық құндардың берілген түрі мен қамтамасыз етілетін кезең ұзақтығын білдіреді. Мысалы: норма қоры 24 күннен тұрады, яғни өндіріс 24 күн ішінде қанша қормен қамтамасыз етсе сонша болуы тиіс. Қор нормасы белгілі бір базада проценттен, ақшалай түрде белгіленуі мүмкін.
Кәсіпорынның айналымдылығы қаражатының сапасы айналым капиталының өтімділігі мен қаржы тәуекелінің дәрежесі бойынша жіктеледі (6-7 кестелер).
Кесте 6
Айналым активтерінің өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы
Айналым қаражатының топтары | Енгізілетін қаражаттың құрамы |
1. Ең өтімді актив | 1.1. Ақшалай қаражат: - кассадағы ақша қаражаты -жолдағы ақша қаражаты -ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты -карт-шоттардағы ақша қаражаты -жинақ шоттарындағы ақша қаражаты -өзге ақша қаражаты 1.2. Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары: - қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар (ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есеке аланады); - саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері; - өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар; - сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары; - өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары |
2. Жылдам өткізілетін актив | 2.1. Қысқа мерзімді дебиторлық берешек: - сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешек; - еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; -қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; -филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; - қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі; - жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек; - алуға қысқа мерзімді сыйақылар; -өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек; - күмәнді талаптар бойынша резервтер. 2.3. Өзге де айналым капиталы: -берілген қысқа мерзімді аванстар; -алдағы кезеңдердің шығыстары (есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар, атап айтқанда сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықақылар, жалдау ақысы) - өзге қысқа мерзімді активтер |
3. Баяу өткізілетін актив | 3.1. Алдағы кезеңде шығысы шегерілген босалқы қорлар және сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер бойынша айналым қаражаттары |
Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс-жүзінде жоспарланбайтын объект болып табылады.
Кесте 7
Айналым қаражатының капиталды салу тәуекелінің дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы
Айналым қаражатының топтары | Енгізілетін қаражаттың құрамы |
1. Салу тәуекелі барынша аз айналым қаражаты | 1.1. Ақшалай қаражат және олардың баламалары -касса, - есеп айырсу шоты; - валюталық шот; - өзге де ақшалай қаражат. 1.2. Қысқа мерзімді қаржы салымдары. |
2. Салу тәуекелі шамалы айналым қаражаты | 2.1. Дебиторлық қарыздар (күмәндіні шегергенде) 2.2. Өндірістік босалқы қорлар 2.3. Дайын өнім мен тауардың қалдығы (сұранысқа ие еместі шегергенде) |
3. Салу тәуекелі орташа айналым қаражаты | 3.1. Арзан бағалы тез тозатын заттар 3.2. Аяқталмаған құрылыс (нормативтіктен тысты шегергенде) 3.3. Алдағы кезеңнің шығысы |
4. Салу тәуекелі жоғары айналым қаражаты | 4.1 Күмәнді дебиторлық қарыздар 4.2. Өндірістік босалқы қорлар 4.3. Нормативтіктен тыс аяқталмаған құрылыс 4.4. Сұранысқа ие емес дайын өнім мен тауар 4.5. Айналым қаражатының айтылған топтарына енгізілмеген өзге де элементтер |
Айналым қаржысын нормалаудан келесі негізгі әдістерін қолданамыз: тікелей есеп, аналитикалық, коэффиценттік.
Тікелей есеп әдісі былай болады: әуелі айналым қаржысын әр элементке аванстаудың көлемі анықталып, сосын оларды сомалау арқылы нормативтік жалпы сомасы анықталады.
Аналитикалық әдіс алдынғымен салыстырғанды кәсіпорын жұмысы жағдайында едәуір өзгерістер қарастырылмаған кезде қолданылады. Бұл кезде айналым қаржылары нормативінің есебі ірілендірілген түрде өндіріс көлемі өсу ырғағы мен алдыңғы кезеңдегі нормаланған айналым қаржылары көлемі арасындағы қатысты ескере отырып жүзеге асырылады.
Коэффиценттік әдіс кезінде жаңа норматив ескі базада оағн өндіріс, жабдықтау, өнімді (тауар, қызмет) өткізу, есептеу жағдайларын ескере отырып, өзгерістер енгізу арқылы анықталады.
Айналым қаражатын меншікті және қарыз қаражатқа бөлу кәсіпорынға тұрақты немсе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыққан тегі мен оның нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылық капитал, резервтік капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс пассивінің ІІІ – бөлімінің қорытындысы мен баланс активтінің ІІ- бөлімінің қорытындысы арасындағы айырма (меншікті капиталдан айналымнан тыс активтерді шегеру) ретінде анықталады. Шаруашылық қызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталына қажеттілігі жоспарланады және оның қаржы жоспарында көрсетіледі.
Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигация қарыз, кредиторлық қарыздар және өзге де көз нысандарында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы, ал екінші бөлігі –тегін болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес - жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.
Капиталдың ауыспалы айналым үдерісінде айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен –бірі ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе жеделдете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның қаржысының жай-күіне жан –жақты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының табысқа жетуге мүмкіндік берді.
Қай салададағы кәсіпорындар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырсу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар ақшалармен есеп айырсу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
4.2 Айналым капиталын ұйымдастыру қағидалары
Айналым активтерінің ауыспалы айналымы үдерісінде олар қалыптастырлған көздер, әдетте, ажыратылмайды. Алайда айналым активтерін қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделтете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Артық айналым қаражаты кәсіпорын капиталының бөлігі әрекетсіз және табыс әкелмейтініні білдіреді. Сонымен бірге айналым капиталының жетіспеуі кәсіпорын қаражатының шаруашылық айналымының жылдамдығын баяулатып, өндірістік үдерістің жылдамдығын тежейді.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды жағынан алып қарастырайық. Нарық жағдайында үнемі өзгереді, сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына сұранысы да тұрақсыз болады. Іс жүзінде осы қажеттілікті тек меншік көздің есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды. Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз қаражатты пайдалану тиімді екенін растайды.
Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру үдерісін басқарудағы негізгі міндет болып табылады.
Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру үдерісін басқарудағы негізгі міндет болып табылады.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы (8 кесте):
- меншікті көзді;
- қарыздық көзді;
- қосымша тартылған көзді қамтиды.
Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық несие, қарыз, инвестициялық салық несиесі, кәсіпорын қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы, облигациялық қарыз тартылады.
Кесте 8
Айналым қаржыларының қалыптастыру көздері
Меншікті | Қарыздық | Қосымша тартылған |
-Жарғылық капитал -Үстеме капитал -Резервтік капитал - Бөлінбеген табыс - Жинақтау қоры -Мақсатты қаржыландыру, сондай –ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім | -Банктердің несиелері -Ұзақ мерзімді қарыз -Қысқа мерзімдік банктік несиелер -Банктен тыс мекемелердің несиелері -Қысқа мерзімдік қарыздар -Коммерциялық несиелер -Инвестициялық салық несиесі -Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы | 1. Кредиторлық қарыздар: - жеткізушілер мен мердігерлерге - еңбекақы төлеу бойынша - сақтандыру бойынша - бюджетпен - өзге де кредиторлық 2. Тұтыну қоры 3. Алдағы шығыс пен төлемнің резерві 4. Күмәнді борыш бойынша резерв 5. Қысқа мерзімді өзге де міндеттемелер 6. Қайырымдылық және өзге де түсімдер |
Банк несиесі инвестициялық (ұзақ мерзімді) несие немесе қысқа мерзімді несие нысанында беріледі. Банк несиесі негізгі және ағымдағы активті сатып алумен байланысты шығында қаржыландыру, сондай-ақ кәсіпорынның маусым кезіндегі қажеттілігін, тауарлы-материалдық қорларды уақытша ұлғайту, дебиторлық қарыздарды, салық төлемдерін, күрделі шығынды қаржыландыру үшін қажет.
Қысқа мерзімді несиені үкіметтік мекеме, қаржы компаниясы, коммерциялық банктер, факторингтік компания беруі мүмкін.
Инвестициялық несиені үкіметтік мекеме, сақтандыру компаниясы, коммерциялық банктер, андеррайтер, жеке инвестор беруі мүмкін.
Айналым қаражатын қаржыландыру көзіне банк несиесі сияқты басқа кәсіпорын мен ұйымның қарыз, вексель, тауарлық несие мен аванстық төлем түрінде ресімделген коммерциялық несиесі де жатады.
Инвестициялық салық несиесі кәсіпорынға мемлекеттік билік органы кәсіпорынның салық төлемінің уақытын уақытша ұзарту түрінде береді. Кәсіпорын инвестициялық салық несиесін алу үшін өзі тіркелген жердегі салық органдарымен несие келісімін жасасады.
Қызметкерлердің жарнасы (үлесі) – қызметкерлердің экономикалық субъектінің дамуына белгіленген пайызбен салатын ақша жарнасы. Тараптың мүддесі шартпен немесе инвестициялық салым туралы ережемен ресімделеді.
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі айналысқа борыштық бағалы қағаз немсе облигация шығару есебінен де жабылуы мүмкін. Облигация ұстаушы мен құжатты айналысқа шығарушы тұлғаның арасындағы қатынастарды растайды. Қысқа мерзімі бойынша облигация қысқа мерзімдіге (1- 3 жыл), орташа мерзімдіге (3 - 7 жыл), ұзақ мерзімдіге (7 - 30 жыл) жүктеледі. Басқа бағалы қағазбен салыстырғанда кәсіпорын облигациясының, әдетте, сенімділігі төмен болса да ол жоғары табыс әкелетін бағалы қағаз болып табылады.
Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндіріс барысына, сондай – ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан –жақты ықпал етеді.
Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.
Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.
Айналым қаражаты өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне де орай анықталады.
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты:
· өндіріс пен сату мөлшеріне;
· бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына);
· қызмет ауқымына;
· өндірістік кезеңнің ұзақтығына;
· кәсіпорын капиталының құрылымына;
· кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырсу жүйесіне;
· кәсіпорынның шаруашылық қызметін несиелендіру шарттары мен практикасына;
· материалдық- техникалық жабдықтау деңгейіне;
· тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;
· өндірістің және кәсіпорын өнімінің сату мөлшерінің өсу қарқынына;
· менеджерлер мен есепшілердің және т.б. шеберлігіне.
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін дәл есептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өткен факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақытын есептеуден бастау қажет.
2.3 Айналым капиталын экономикалық тиімді пайдалану
Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткішпен анықталады:
1. өндіріс және өнім сату көлемімен;
2. өндіріске, өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен;
3. тауарлы-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым қаражатының қорларының (айналым қаражатының нормасымен) және күнге белгіленген шығынның нормасымен.
Айналым қаражатының жекелеген элементінің нормативін есептейтін жалпы формула:
Норматив эл. сос = Оэл/Тд * Нэл | (12) |
мұнда: Норматив эл. сос – элемент бойынша меншікті айналым қаражатының нормативі;
Оэл – осы элемент бойынша кезеңдегі айналым (шығын, шығарылым);
Нэл - осы элемент бойынша айналым қаражатының нормасы;
Тд - кезеңнің күнмен есептелген ұзақтығы (Оэл/Тд осы элементтің біркүндік шығыны).
Өндірістің тиісті бабы бойынша тоқсан ішіндегі шығынның сомасы 90-ға бөлсе өндірістік қорлардың жекелеген элементінің біркүндік шығыны шығады.
Айналым құрад-л-жабдығының шикізат, негізгі материал, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім сияқты үш ең маңызды элементін нормалаудың негізгі қағидаларын қарастырайық.
1. Материалды нормалау. Материалға арналған меншікті айналым қаражатының нормативі біркүндік шығын құнының және айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Материалға арналған айналым қаражатының күнде есептелген орташа нормасы жалпы материалдың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты қорларының нормасынан орташа өлшенген ретінде есептеледі.
Айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасына:
а) материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жолда болуы;
ә) қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру және зертханада талдау;
б) өндіріске дайындау;
в) ағымдағы қойма қорларының түрінде болуы;
г) кепілді (сақтандыру) қорлары түрінде болатын уақыт кіреді.
2. Аяқталмаған өндірісті нормалау. Аяқталмаған өндірістің меншікті айналым қаражатының нормативін есептеу үшін тауарлық өнім өндірісінің айналым қаражатының нормасын анықтау қажет. Айналым қаражатының нормасы кезеңнің ұзақтығы мен шығынның удеу коэффициенті негізге алынып анықталады.
Өндірістік кезеңнің ұзақтығына:
а) тікелей өңдеу процесі (технологиялық қорлар);
ә) өңделетін бұйым жұмыс орнында жатуы;
б) жабдықтың және т.б. жұмыс серпінінің әр түрлі болуына байланысты өңделетін бұйымның жекелеген операция мен жекелеген цехтың арасында болуы;
в) бұйымның жаппай өндірісте кідіріс жағдайына босалқы қорлар түрінде болу уақыты кіреді.
Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының нормасын анықтау үшін өндірістік кезеңнің ұзақтығы жөніндегі деректен басқа бұйымның даярлық дәрежесін білу қажет. Оны шығынды үдеу коэффициенті білдіреді. Өңдеу шығыны біркелкі жұмсалатын кәсіпорында шығынның үдеу коэффициенті мына формула арқылы анықталады:
Кн = α+0,5β / α + β | (13) |
Мұндағы, Кн – шығынның үдеу коэффициенті;
α - өндіріс үдерісі басталған кездегі біруақыттағы шығын;
β – бұйым шығару аяқталғанға дейін шегілетін шығын
Мысалы, егер жоспар бойынша шығын 46 млн теңгені, оның ішінде біржолғы шығын – 24 млн теңге, ал кейінгі шығын – 22 млн теңгені құраса, онда шығынның үдеу коэффициенті құрайды:
Кн = (24 млн теңге +0,5*22 млн теңге) / (24 млн теңге + 22 млн теңге) =
= 35 млн теңге / 46 млн теңге = 0.76
Егер шығын біркелкі қабаттаспаса, онда шығынның үдеу коэффициенті шығынның негізгі бұйым бойынша үдеу тізбегі кесте бойынша анықталады. Қарастырылатын мысалда аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының өндірістік кезеңінің күнмен есептелетін орташа ұзақтығының және шығынның үдеу коэффициентінің көбейтіндісі ретінде анықталатын нормасы 12,8 күнді (16,8 (өндірістік кезеңнің орташа ұзақтығы) * 0,76 (шығынның үдеу коэффициентіне)) құрайды.
Аяқталмаған өндірістің айналым қаражатының нормативі тауарлық өнім шығару жұмсалатын шығын сметасы бойынша біркүндік шығын құнының және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Егер тоқсандық жоспар бойынша шығын сметасы 46 млн теңгені құраса, онда бір күндік шығын 511 мың теңге (46 млн теңгені / 90 күнге) болады. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс нормативі тең болады:
Ннп = 511 мың теңге * 12,8 күн = 6541 мың теңге
Сонда, аяқталмаған өндірістің айналым қаражаты төмендегі жалпы формуламен анықталды:
Ннп = С/Т* tц* Кн | (14) |
Мұндағы, С – жалпы өнім өндірісіне жұмсалатын шығын;
Т – кезеңнің (тоқсан, жарты жыл және т.б.) ұзақтығы;
tц - өндірістік кезеңнің орташа ұзақтығы;
Кн – аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығынның үдеу коэффициенті.
Ннп = 46 млн теңге / 90 күн * 16,8* 0,76 = 6524 мың теңге |
Өнеркәсіптің жекелеген саласында аяқталмаған өндірістің айналым шығыны нормативі өндіріс ерекшелігіне орай басқа әдіспен есептелуі мүмкін.
3. Дайын өнім нормативі. Дайын өнімнің айналым қаражатының нормасы туарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны бойынша бір күндік айналымның және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Айналым қаражатының нормасы бұйымның жекелеген түрі мен маркісін таңдауға, сондай-ақ тиелген өнімнің топтамасын жинақтауға, бұйымды орап салуға және жеткізуші кәсіпорынның қоймасынан жіберілетін станцияға тасымалдауға қажетті уақытқа және бұйым тиелетін уақытқа орай белгіленеді.
Егер жоспар бойынша тоқсанда 54 млн теңгенің тауарлы өнімін шығару қажет, ал айналым қаражатының нормасы 7,7 күн болса, онда дайын өнімнің меншікті айналым қаражатының нормасы:
Нгп сос= 54 млн теңге/ 90 күн * 7,7 = 4620 мың теңгені құрайды. |
Айналым қаражатын тұтастай сиапттау үшін айналым қаражатының күнмен есептелетін жалпы нормасы есептеледі. Ол айналым қаражатының жалпы нормативін (жекелеген элемент бойынша норматив сомасы) өндірістің шығын сметасы бойынша бір күндік шығынына бөлінген бөліндісіне тең болады.
Айналым капиталының айналымдылығын бағалау үшін мына көрсеткіштер пайдаланылады:
1. айналым капиталының күнмен есептелетін айналымдылығы;
2. тура айналымдылық коэффициенті (айналым саны);
3. кері айналымдылық коэффициенті (сатылған өнімнің 1 теңгесін айналым қаражатымен қамтамасыз ету коэффициенті).
Жоғарыда аталған көрсеткіштерді серіктестіктің мәліметтерін пайдалана отырып есептейміз.
1. Айналым капиталының күнмен есептелген айналымдылығы:
L= E*T/N | (15) |
мұнда: L – айналым капиталының күнмен есептелген айналыс кезеңінің ұзақтығы;
E – айналым активі (капиталы);
T – есепті кезең (күн);
N - өнімнің сату мөлшері.
2. Тура айналымдылық коэффициенті (айналым саны):
Кпр = N/ Е | (16) |
Төмендегілерді табамыз:
2008 жыл бойынша - Кпр = 700669 / 72828 = 9,620 айналым болса,
2009 жыл бойынша - Кпр = 627987 / 108 074 = 5,810 айналымды құрады.
3. Кері айналымдылық коэффициенті (сатылған өнімнің 1 теңгесіне айналым қаражатымен қамтамасыз ету коэффициенті):
Кобр = Е / N | (17) |
Айналым капиталының Е орнына жекелеген құрамдас элемент пайдаланғанда айналымдылықтың жеке көрсеткіштерін анықтауға болады. Айналымдылықтың жекелеген көрсеткіші ерекше айналым бойынша есептелуі мүмкін. Материалдық қорлар үшін оның өндіріске жұмсалған шығыны, ал аяқталмаған өндіріс үшін –тауардың қоймаға түсуі, ал дайын өнім үшін – тиеу, тиелген өнім үшін –оны сату ерекше айналым болып табылады.
Босалқы қорлардың айналымдылығын бағалау үшін де айналым капиталының осы көрсеткіштері пайдаланылады. Бұдан да дәл бағалау үшін формулаларды сату мөлшерінің көрсеткішінің орнына сатылған өнім өндірісінің шығын көрсеткішін пайдалануға болады.
Айналым капиталын пайдалану тиімділігінің көрсеткіші. Капиталдың айналымдылығының өсуіне:
- осы капиталды үнемдеу (айналым капиталына қажеттіліктің қысқаруы);
- өнім мөлшерінің өсуі;
- алынатын пайданың артуына ықпал етеді.
Айналым капиталының салыстырмалы үнемінің (артық жұмсалған) мөлшерін анықтау үшін мына екі тәсілдемені пайдалануға болады.
Бірінші тәсілдемеде осы мөлшер айналым капиталын есепті кезеңдегі мөлшері мен есепті кезеңдегі өндіріс мөлшеріне келтірілген есептінің алдындағы кезеңдегі, оны мөлшерінің арасындағы айырма ретінде болады, ол мына формуламен анықталады:
∆Е = Ео – Еб *КN | (18) |
мұнда: Ео – кәсіпорынның базалық жыл соңындағы айналым қаражатының мөлшері;
Еб – кәсіпорынның есепті жыл соңындағы айналым қаражатының мөлшері;
КN - өнімнің өсу коэффициенті.
Осы формулада Еб - айналым капиталы мөлшерінің мағынасы КN - өнімнің өсу коэффициентінің көмегімен қайта есептеледі. Нәтижесінде өндіріс мөлшері өзгермей сақталған жағдайда, серіктестікке қажет болатын айналым қаражатының мөлшерінің мағынасы алынады. Алынған мағына есепті кезеңдегі осы көрсеткіштің нақты мағынасымен салыстырылады.
Екінші тәсілдеме айналым қаражатының салыстырмалы үнем мөлшерін есептей отырып айналым қаражатының әр түрлі кезеңдегі айналымдылығын салыстыруға негізделеді:
∆Е = N / 360 *( Lо – Lб) | (19) |
мұнда: N / 360 – бір күндік сату;
Lо – айналым капиталының базистік кезеңдегі айналымдылығы;
Lб – айналым капиталының есепті кезеңдегі айналымдылығы.
Осы формулада ( Lо – Lб) айналым қаражаты айналымдылығыдағы айырма бір күндік сату коэффициенті - N / 360 көмегімен сатылған өнім мөлшеріне келтіріледі.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 10101;