Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігі белгілі баға көрсеткіштерімен сипаттайды, олар ақшалай серіктестіктің негізгі құралдарының өндірістік қайтарымын көрсетеді. Мұндай көрсеткіштер болып табылатындар:
- қор қайтарымы;
- қор сыйымдылығы;
- қормен жасақталу.
Негізгі құралдардың тартылған көздері:
- банк несиелері;
- басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың заем құралдары;
- бағалы қағаздар эмиссиясы,заңды және жеке тұлғалардың пай және өзге жарналарынан алынған ақша қаражаттары;
- концерндер және басқа бірлестіктердің орталықтандырылған инвестициялық қорлардан қайта бөлу тәртібімен түскен ақша қаражаттары;
- бюджеттен тыс қорлар құралдары;
- әр түрлі деңгейінде бюджеттерден қайтарымды және қайтарымсыз негізде берілген ассигнациялар;
- шетел инвесторлары қаражаттары.
Негізгі құралдарды ұдайы өндіруге құрал көздерінің жеткілігінің кәсіпорынның қаржы жағдайына шешуші маңызы бар.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп кәсіпорын қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандарға, кәсіпорын өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептеудің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуелділіктерін және берілген қоғамның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент табыс пен залал қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау қоғамның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.
Негізгі өндірістік қорлардың баланстық көрсеткіштері (өндірістік қорлардың жаңару процесін бағалау мен талдау) мына формуламен анықталады:
ҒОП КГ = ҒОП НГ + ҒОП НОВ -ҒОП ВЫБ | (1) |
Мұндағы: ҒОП КГ – жыл аяғындағы өндірістік қорлар
ҒОП НГ- жыл басындағы өндірістік қорлар
ҒОП НОВ- есепті кезеңде енгізілген өндірістік қорлар
ҒОП ВЫБ- есепті кезеңде шығарылған өндірістік қорлар
Жоғарыда қарастырылған теңдік негізінде көрсеткіштерді есептейміз:
1. Негізгі өндірістік қорлардың өсу индиксі
К 1 =ҒОП КГ / ҒОП НГ | (2) |
Бұл қарапайым есептеу түрі болып табылады.
2. Негізгі өндірістік қорлардың жаңару коэффициенті қабылданған методолгиямен есептеледі:
К 2 =ҒОП НОВ / ҒОП КГ | (3) |
Бұл көрсеткішті негізгі өндірістік қорлардың жаңашылдық коэффициенті деп атайды, өйткені ол жыл аяғындағы барлық қорлардың құрамындағы жаңа негізгі құралдардың үлесін сипаттайды. Жаңартылған негізгі қорлардың дұрыс есептелуін сипаттау үшін төмендегі формула қолданылады:
К 3 =ҒОП НОВ / ҒОП ВЫБ | (4) |
3. Негізгі өндірістік қорлардың интенсивті жаңару коэффициенті мына теңдікпен анықталады:
К 4 =ҒОП ВЫБ / ҒОП НОВ | (5) |
Бұл техникалық прогрестің өсуін сипаттайтын маңызды көрсеткіш.
4. Негізгі өндірістік қорларды жаңартудың ауқымдылық коэффициенті мына теңдікпен есептеледі:
К 5 =ҒОП НОВ / ҒОП НГ | (6) |
Экономикалық талдау мақсаты ретінде осыған қарама-қарсы коэффициент, негізгі өндірістік қорлардың жаңару мерзімі төмендегідей сипатталады:
ТОП ОБН= 1/К 5= ҒОП НГ / ҒОП НОВ | (7) |
5. Негізгі өндірістік қорлардың тұрақтылық коэффициенті, бұл қорлардың одан әрі пайдалануын сипаттайды:
К 6 =ҒОП НГ - ҒОП ВЫБ/ ҒОП НГ | (8) |
6. Негізгі өндірістік қорларды істен шығару коэффициенті мына теңдікпен есептеледі:
К 7 =ҒОП ВЫБ / ҒОП НГ | (9) |
Өндірістік қорлардың пайдалану мерзімінің кері қатынасы мына теңдікпен анықталады:
К 8 = 1/К 7= ҒОП НГ / ҒОП ВЫБ | (10) |
Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері мыналармен сиаптталады: қор қайтарымы, қор сиымдылығы, табыстылық, қорларды салыстырмалы үнемдеу, өнімнің көлемін көтеру, негізгі өндірістік қорлардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін шығындар мен өнімнің өзіндік құнын төмендету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін көтеру, еңбек құралдарының қызмет ету мерзімін ұзарту
Көрнекілік материалдары:
1. Құнды бір қалыпты (тура жолмен) есептеп шығару әдісі.
2. Құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс).
3. Қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту әдісі) әдісі.
4. Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (коммулятивтік әдіс).
Бақылау сұрақтары:
1. Ұзақ мерзімді активтер түсінігі және оның корпорациялар қаржысын ұйымдастырудағы ролі қандай?
2. Амортизация, оны есептеу әдістері және негізгі капиталды жаңартудағы орны қандай?
3. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері қалай есептеледі?
4. Құнды бір қалыпты (тура жолмен) есептеп шығару әдісі қалай анықталады?
5. Құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс) қалай есептеледі?
6. Қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту әдісі) әдісі қалай есептеледі?
7. Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (коммулятивтік әдіс).
8. Негізгі құралдардың құрамына нелер жатады?
9. Материалдық емес активтердің түсінігі және құрамы қандай?
10. Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын атаңыз?
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 13785;