Бұрғылау жабдығының сенімділік көрсеткіштерінің атаулары
Бұрғылау жабыдығының сенімділік көрсеткіштерінің атаулары Гостандарттың 05.12.85 жылғы № 143 қаулысымен бекітілген. Бұрғылау жабдықтары комплектісінің және бұрғылау қондырғысының сенімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- белгіленген қызмет мерзімі, жыл;
- толық орташа қызмет мерзімі, жыл;
- жабдықтың және құраушы бөліктердің сенімділік көрсеткіштерімен.
Бұрғылау жабдығының және оның құраушы бөліктерінің сенімділік көрсеткіштерінің атаулары 6.12-кестеде көрсетілген.
Белгіленген істен шықпай атқарған жұмыс көлемі (Ту) – бұйымды жасаушы регламентеген техникалық күтім мен жөндеу жүйесін сақтағанда, бұйымның істен шықпай атқаратын жұмыс көлеміне кепілдік берілетін, істен шықпай атқарған жұмыс көлемінің минималь мәні.
Белгіленген ресурс (қызмет мерзімі) (Тру) – регламенттелген техникалық күтім мен жөндеу жүйесін сақтағанда, бұйымның жұмыс қабілеттілігіне кепілдік берілетін, бұйым ресурсының (қызметмерзімінің) минималь мәні.
Белгіленген Ту және Тру пайызбен өрнектелген берілген ықтимал-дылығымен (сенімділік деңгейімен) өзінің шектік күйіне жетпейтін, атқаратын жұмыс көлемі (қызмет мерзімі) ретінде қолданылатын, гамма-пайыздық көрсеткіштері болып табылады.
Ротор, ұршық, шығыр, тәл жүйесінің түйіндері үшін сенімділік көрсеткіштері болып келесілер табылады:
- күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген ресурсы, Тру;
- белгіленген істен шықпай атқарған жұмыс көлемі, Ту;
- күрделі жөндеуге дейінгі орташа ресурсы, Тр;
- толық орташа ресурсы, Тсл;
- істен шыққанға дейінгі орташа атқарған жұмыс көлемі (*, Тср;
(* ұршық және шығыр үшін – негізгі құраушы бөліктер арналған Тср. Істен шыққанға дейінгі орташа атқарған жұмыс көлемі ұршықтың негізгі тірегі, қарқындық құбырлары, жоғары қысым тығыздаулары үшін белгіленеді.
Істен шыққанға дейінгі орташа атқарған жұмыс көлемі бұрғылау шығырының тежеуіші шкиві үшін белгіленеді.
Бұрғылау сорабы үшін сенімділік көрсеткіштері болып келесілер табылады (6.13-кесте):
жеке көрсеткіштері:
- белгіленген істен шықпай атқарған жұмыс көлемі, бұдан кем емес, сағ.;
- күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген ресурсы, бұдан кем емес, сағ.;
- толық орташа ресурсы, бұдан кем емес, сағ.
Кесте
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1138;