Бұрғылау қондырғылары тасушы элементтерiнiң ресурсын есептеуiнiң рәсімделген әдiсiн игерудің қажеттiгi туралы

Бұрғылау жабдықтарын пайдалануда оның қолданудың көп жылдық тәжiрибе негiзделген техникалық күтулер (ТК) мен жоспарлы жөндеу (ЖЖ) жүйесі қабылданған.

ТК мен ЖЖ жүйелерін әдiстемелiк қамтамасыз ету және бұрғылау жабдығын жасау барысында қабылданған әдiстерiді талдау олардың арасындағы өзара байланыстың жоқтығын көрсетедi. Әдеттегiдей, бұрғылау жабдығын жобалаушы ұйымдар ТК мен ЖЖ жүйелерін жасау стратегиясына ат салыспайды. Бір жағынан бұрғылау жабдықтарының кейбір түрлерінің бұрғылау қондырғысының бүкіл қызмет мерзiмi ішіндегі жөндеу аралық циклдерi санын техника-экономикалық негіздеудің болмауы, оның сенiмдiлiгі бойынша жасап шығарушыларға талаптарды қоюға, атап айтқанда күрделі жөндеуге дейінгі ресурсын белгілеуге, мүмкіндік бермейді. Жобалаушы ұйымдарды (КБ) және зауыт-жасап шығарушыларды ТК мен ЖЖ стратегиясын игеруге және қамтамасыз етуге қатыстырмау Мемстандарттың қалыптасқан талаптарына қайшы келедi және бұрғылау жабдығының сапасында терiс әсерін тигізеді.

Сонымен бiрге бұрғылау жабдықтарын жобалау сатысында сенiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн есептеудiң бiртұтас әдiстемелiгiн болмайтын және жобалық шешiмдердiң сенiмдiлiктiң сынбағалары бойынша салыстырмалы бағау әдiстерiнің жоқ болатын да атап өту керек

БҚ ТКК қатысты жоғарыда айтылған кемшiлiктердi жою, БҚ жинақтық бiрлiгін жасап шығаруда және пайдалануда типтік рәсімделген тәртіпті ендірумен, төменде келтiрiлген бағдарламаны iске асырғанда орындалуы мүмкін. Олар:

1) БҚ әрбiр сыныбы үшін белгіленеді:

- БҚ қызмет мерзiмi жылдармен көрсетіледі;

- ұңғыманың типтік құрылымы;

- бұрғылау тізбегінің типтік компановкасы;

- ұңғыманы жүргізу қисығы;

- БҚ қызмет мерзiмі ішінде бұрғыланған типтік ұңғымалардың саны;

- БҚ кешендерін жүктемелеу режимін айқындау, яғни қызмет мерзiмi ішінде типтік ұңғымаларды бұрғылаудағы жүктемелердiң спектрiн анықтау;

- түсіру-көтеру жинақтық бірлігінің күрделі жөндеуге дейінгі ресурсын және жөндеу аралық циклін, сонымен қатар бүкіл бұрғылау қондырғысының қызмет мерзімін бұрғыланған типтік ұңғымалар санымен (сағатпен көрсетілген атқаратын жұмыс көлемінің орнына) бағалау.

2) ЭЕМ-де БҚ жинақтық бірлігінің шыдам мерзімін есептеудің детерминделген әдiстерiнiң алгоритмдері мен бағдарламаларын жасау.

3) Сенiмдiлiк сынбағалары бойынша БҚ жинақтық бірлігінің жобалық шешiмдерiн салыстырмалы бағалау әдiстемесiн жасау.

4) ТКК, СЦК және басқа кешендердің құрылымдық және кинематикалық сұлбаларын оңтайландыру әдістерін жасау.

5) ТКК тиімділігінің техника-экономикалық талдауын және салыстырмалы бағалауының әдістемесін жасау.

6) БҚ жабдықтарына қатысты ТК мен ЖЖ жоспарларын және ТК мен ЖЖ стратегиясын құрастыру әдістемесін жасау.

Жоғарыда көрсетілген бағдарламаның бiрiншi үш пункт орындау рәсімделген әдістер негізінде ЭЕМ-де сенiмдiлiктiң қажетті деңгейі мен сынбағасына сәйкес әртүрлі шектік күйлер бойынша барлық беріктік есептеулерін орындауға мүмкіндік береді. Есептеудiң әдiстерiн рәсімдеу және оларды ЭЕМ-де орындау жобалауда конструктордың есептеулерін қарапайымдандыруға, оның еңбегiн жеңілдетуге мүмкіндік береді және сонымен бiрге есептеулер сапасын жоғарылатуға мүмкiндiк береді.

Жоғарыда көрсетілген рәсімдеу ЭЕМ-нің көмегімен ТКК кинематикалық және компоновкалық шешімдерінің көптеген нұсқаларын қарастыруға, олардың параметроерін оңтайландыруға, ТКК тиімділігінің техника-экономикалық талдауын және салыстырмалы бағалауын жүргізуге, күрделі жөндеулер стратегиясын негіздеуге мүмкіндік береді.

Бұрғылау жабдықтарын пайдалану кезеңдерiне ТКК жабдықтарының шектік күйін есептеулерді рәсімдеу ТК және ЖЖ жоспарларын жасауға және оларға түзетулер енгізуге пайдаланылуы мүмкін.








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1078;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.