SQL тілі туралы түсінік. SQL функциялары.
Мәліметтерге ену мүмкіндігінің реляциялық тәсілі жазбалар тобының амалдарына негізделген. Амалдарды орындауға SQL (Structured Query Language) құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Delphi қосымшаларында BDE механизмін қолдану барысында мәліметтер жиыны ретінде SQL-сұранысты орындауды беретін Query немесе StoredProc компоненттері қолданылады. SQL құралдарын жергілікті және қашықтағы мәліметтер қорымен амалдар орындауға қолдануға болады.
Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу/шығару құралдары жоқ.
Microsift Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты МҚБЖ, SQL-де сұраныстарды программалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды, мысалы Query By Example (QBE) – үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді.
SQL программалау тілінің толық функционалдық мүмкіндіктерін қамтымағанмен, ол мәліметтерге ену мүмкіндігіне арналған, және оны программаны жасау құралына қосады. Және Delphi жүйесіне ендірілген.
Сонымен қатар, SQL командаларымен жұмыс істеу үшін сәйкес құралдар және компоненттер бар.
SQL - құрылымды сұранымдар тілі көмегімен мәліметтер қорына күрделі сұраныстарды құруға болады. Сұраныс – бұл белгілі ақпараттарды алуға талап болып табылады. SQL-сұраныстардың көмегімен:
1. Қосымшаның орындалу барысында мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;
2. Бірнеше кестеден өрістер немесе жазбалар алуға болады;
3. Күрделі шарттар бойынша мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;
4. Мәліметтер жиынтығының кез-келген өрісі бойынша сұрыптауға болады;
5. Мәліметтерді іздеуді ұйымдастыруға болады;
SQL тілінің әртүрлі жүйеге негізделген көптеген диалектілері бар. SQL-ді қолдануға қандай жүйеде жұмыс жасасаңыз, соның сәйкес құжаттарын қараған жөн.
DELPHI тіліндегі қосымшаға SQL көмегімен:
- Paradox және dBase кестелерінің – локальді SQL тілі қолданылады;
- InterBase локальді серверінің – толығымен сәйкес синтаксис қолданылады;
- SQL қашықтықтағы серверінің, SQL Links драйверлері арқылы
- мәліметтерін қолдануға мүмкіндік береді;
SQL сұраныстың екі түрі бар: статикалық және динамикалық.
Статикалық SQL сұраныстар қосымшаны құру барысында жазылады.
Динамикалық SQL сұраныстар коды қосымша орындалу барысында құрылады немесе өзгертіледі.
SQL тілінің операторлары мынадай топқа бөлінеді:
1. Мәліметтерді анықтау тобы ( жаңа кесте құру, өшіру);
2. Мәліметтерді басқару тобы ( таңдау, топтастыру );
SQL тілінде қолданылатын негізгі функциялар:
- Статистикалық функциялар:
• AVG() – орташа мән;
• MAX() – ең үлкен мән;
• MIN() – ең кіші мән;
• SUM() – қосынды;
• COUNT() – мәндердің саны;
• COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;
- Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:
• UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;
• LOWER(Str) – Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;
• TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;
• SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі симводардан тұратын, n1 жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;
• CAST(<Expression> AS <Type>) – Expression өрнегін Type типіне келтіру;
- Дата және уақытпен жұмыс істейтін функция:
• EXTRACT(<Элемент> FROM <Өрнек>) – дата және уақыт мәндерінен тұратын өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу; дата және уақыт элементі ретінде YEAR, MONTH. MINUTE және SECOND элементтерін көрсетуге болады.
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 18312;