Есеп берулермен жұмыс. Есеп берудің негізгі компоненті.

Есеп беру – мәліметтер қорына сұраныс нәтижесінде алынатын мәліметтерді баспадан шығаратын құжат.

Есеп берулердің төмендегідей түрлерін атап өтуге болады:

- Қарапайым есеп беру;

- Мәліметтерді топтастыру арқылы құрылатын есеп беру.

- «Негізгі – бағынышты» байланысындағы кестелердегі мәліметтерден құралған есеп беру;

- әртүрлі есеп берулерді біріктіретін құрама есеп беру.

Delphi-де есеп берулерді құруға мүмкіндік беретін компоненттер жиынынан тұратын QuickReport есеп берулер генераторы қолданылады. QReport компоненттер палитрасында есеп беруде қолданылатын жиырмадан астам компонент орналасқан. Олардың .шіндегі «негізгі» компонент толығымен есеп беру құрылымына жауап беретін TquickRep болып табылады.

TQuickRep компонентінің негізгі қасиеттері, әдістері мен оқиғалары қарастырайық.

Қасиеттері:

property Bands: TQuickRepBands; -төмендегідей мәндерді қабылдайды:

HasColumnHeader – есеп беру бағандарының тақырыптары;

HasDetail – нақты ақпарат;

HasPageFooter – парақтың төменгі бөлігі;

HasPageHeader – парақ тақырыбы;

HasSummary – есеп берудің төменгі бөлігі;

Has Title – есеп беру тақырыбы.

property DataSet: TDataSet; есеп беру құрылатын мәліметтер жиынын көрсетеді.

property Frame: TQRFrame; есеп беру шектерінің параметрлерін анықтайды:

• Color – шектеріндегі сызықтардың түсі;

DrawBottom – төменгі сызықты шығару;

DrawLeft- сол жақ сызықты шығару;

DrawRight- оң жақ сызықты шығару;

Draw Top- жоғарғы сызықты шығару;

Style – сызық стилін анықтау;

Width – пиксель түрінде сызықтың ұзындығы.

property Page: TQRPage; парақ параметрлерін анықтайды.

property PrinterSettings: TQuickRepPrinterSettings; принтер параметрлерін анықтайды.

property PrintIfEmpty: Boolean; егерTrue мәні көрсетілсе, мәліметтер болмаса да парақты баспадан шығаруды орындайды.

Әдістері

procedure NewPage; Жаңа параққа көшуді орындайды; BeforePrini немесе AfterPrint оқиғалар өңдегішінде қолданылады және OnPrint, OnStartPage және OnEndPage оқиғаларында қолданылмайды.

procedure Preview; алдын ала көру режимінде қарау.

procedure Print; принтерде есеп беру құжатын шығарады.

procedure PrinterSetup; принтер параметрлерін баптайды.

Оқиғалар

property AfterPreview : TQRAfterPreviewEvent; есеп беруді алдын ала қарағаннан кейін орындалады.

property AfterPrint: TQRAfterPrintEvent; есеп беру құжатын баспадан шығарғаннан кейін орындалады. property BeforePrint: TQRBeforePrintEvent; есеп беруді генерациялау кезінде орындалады.

property OnEndPage : procedure(Sender : TObject); есеп берудің соңғы парағын генерациялау кезінде орындалады.

property OnStartPage : procedure(Sender : TObject); есеп берудің алғашқы парағын генерациялау кезінде орындалады.








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 3458;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.