Бригадирмен жұмыс.
Оқушылардың сөздік қатынасын белсендендіру бригадамен жұмыс кезінде жүзеге асырылады. Сыныптағы оқушылардың санына, сонымен қатар сабақтың мақсаты мен мазмұнына байланысты оқушылар 2-3 топқа-бригадаға бөлінеді. Бригадамен жұмыстың алғашқы кезінде оны мұғалім басқару керек, ал басқа бригаданың бригадирлері өзінің міндеттерін мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеу арқылы орындау керек.
Дайындық сыныбындағы оқытудың алғашқы кезінде бригадирдің міндеттері «кішкентай мұғалімнің» міндеттері секілді қарапайым болады. Бригадирлер мұғалімге жұмысқа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындауға көмектеседі, бригададағы тәртіпті бақылайды, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс істегенін мұғалімге айтып отырады.
Біртіндеп бригадирдің қызметі кеңейе түседі. Олар өзінің бригадасындағы адамдардың жұмыстарын басқара бастайды, жалпы жұмыс орындауда әрқайсысының міндеттерін бөледі.
Кейде бригадамен жұмыс жолдастарының бригадирге әр түрлі жұмысқа арналған нұсқаулар беруі арқылы да ұйымдастырылуы мүмкін.
Бригадирдің міндетіне өзінің бригадасындағы мүшелерге көмек көрсету кіреді. Жұмыс соңында бригадирлер мұғалімге есеп береді, мүмкіндігінше бригада мүшелерінің жұмысына баға береді.
Мұғалім бригада жұмысын бақылап отырады, сабақ соңында қай бригада жұмысты орындай алады, қайсы бригада жұмысты орындай алмағаны жөнінде айтады.
Бригадамен жұмыстың тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Ол балаларды тәртіпке үйретеді, күшті оқушылардың әлсіздерге көмек көрсетуін ұйымдастырады, достық сезімге тәрбиелейді.
«Кіші мұғаліммен жұмыс» кезінде ол тек сыныппен ғана қарым-қатынаста ы қол еңбегі пәні арнайы және міндеттерді шешумен қатар окушыларды кәсіптік-еңбекке окытуға дайындауға бағытталған.
Еңбекке оқытудың жалпы міндеттері болып мыналар табылады:
- оқушы тұлғасын жағымды қасиеттерге тәрбиелеу (енбек сүйгіштік, ұжымда жұмыс істей алу қабілетін және т.б.), енбек түрлері бойынша қарапайым білімдерді хабарлау, енбек дағдыларын қалыптастыру, еңбектің қарапайым тәсілдерін оқыту, еңбекке дербес болуын дамыту;
- ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру: еңбек сабағына тура уақытысында келу, қол еңбегі сыныбына ұйымдасқан туүрде кіру, тек өзінің ғана жұмыс орнында жұмыс істеу, онда материалдар мен құрал-саймандарды дұрыс жайғастыру, оларды соңына жинастыру, жұмыстың ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздіктерін білу және орындау, сонымен қатар оларға қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптарды ұстану.
Еңбекке оқытудың арнайы міндеті оқушылардың ақыл-ой әрекетінің кемшілігін түзету болып табылады.
Түзету жұмысы еңбек тапсырмаларын орыңдауға арналған кажетті дағдылар қатарының дамуынан көрініс табу қажет: тапсырмаға шоғырлану (бағдарлану), (объектіні талдау, бұрынғы тәжірибені белсендіру); бұйыммен жұмыс істеу кіріспесін алдын ала жоспарлау (өнімді жасап шығарудың логикалык бірізділігін анықтау, жұмыс тәсілдерін және оның орындалуына қажетті құралдарды анықтау, жасалынған жұмыс жайлы есеп беру); өзінің жұмысынқадағалау (іс-әрекет пен олардың нәтижелерінің дұрыстығын анықтау. дайын бұйымдардың сапаларын бағалау).
Қол еңбегін танымдық сферасының кемістіктерін түзетуге мүндетті түрде қолданылуы тиіс. Ең алдымен байқағыштығын, қиялын, сөйлеуін, кеңістікте бағдарлауын түзетуі тиіс. Мұғалімнің зейіні оқушылардың материалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып, келешек бұйымның көрінісін жоспарлы және мақсатқа бағыттап көз алдына елестету қабілетін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
Қол еңбегі сабақтарында «конвейермен» жұмысты ұйымдастыру.Мұғалімнің сыныппен жұмыс істеуі – сыныптық жүйеде оқытуда жұмысты ұйымдастырудың ұлттық формасы. Мұндай жұмысты ұйымдастыруда мұғалім сабақтағы балалардың іс – әрекетін бағыттайтын және ұйымдастыратын негізгі орталық фигура болып табылады. Ол оқушыларды сабақта жұмыс істейтін бұйымдармен таныстырады; керекті материалдармен құралдрды дайындау жөнінде тапсырма береді; оқушылармен бірігіп, жоспар құрып , тақтаға жазады; мұғалім жұмысты орындаудың дұрыстығын бақылап отырады. Оқушылар мұғалімнің алдында жұмыс процесі туралы есеп береді. Мұғалім оқ-ң жұмысына баға береді. Осылайша, жұмысты ұйымдастыру кезінде сабақтағы ең негізгі белсенділік мұғалімге тиесілі болады және оқ-ң қарым – қатынасының дамуына арналғн жағымды жағдай ұйымдастырылады.
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2670;